Форма өрістерін пайдалануды жеңілдету үшін, this нұсқауын - объектінің ағымдағы данасын көрсетуді және this.form нұсқауын - ағымдағы форма үшін тұрғызылған объектіге нұсқауды пайдаланамыз:
Бұл мысалда форма атын көрсету қажет болмады. Форма ішіндегі оның синонимі ретінде this.form конструкциясы қолданылды.
Ал екінші тәгінде де оның атын жазбай-ақ, орнына оның синонимі this жазылды.
Енгізу жолы
тәгіндегі type атрибутының text және password мәндері енгізу жолын экранға шығарады:
text – қарапайым енгізу қатары; password – құпия сөз енгізу қатары.
Қосымша атрибуттар:
value атрибуты үнсіз келісім бойынша орнатылған енгізу өрісін береді (осы мән reset батырмасын шерткенде орнатылады: );
size атрибуты өріс енін символмен береді. Егер атрибут көрсетілмесе, ол оның (value) мәні ретінде берілген сөздің ұзындығымен анықталады;
maxlength атрибуты осы өріске енгізілетін сөздің максималды енін символмен береді. Егер ол атрибут көрсетілмесе, ұзындығы шектелмейді;
readonly атрибуты «тек оқылатын» сөз тіркесін анықтайды. Мұндай жол түзетілмейді.
size=10 maxlength=30>
password - «құпия сөз» енгізу жолы. Ол енгізу кезінде көрінбей, жұлдызшалармен бейнеленеді. Құпия сөз буферге де көшірілмейді.
Браузердегі (немесе ) тәгі үшін тұрғызылған объектінің мынадай қасиеттері болады:
value – енгізу жолының ағымдағы мәні;
defaultValue – value атрибутының соған сәйкес тәгінде көрсетілген мәні.