Мазмұны Кіріспе І бөлім. Атақұлдық туралы ой-пікірлер


Қазақ зиялы қауымының патриоттық тәрбие туралы ой-пікірлері



бет4/4
Дата29.06.2016
өлшемі375 Kb.
#165049
1   2   3   4

2.2 Қазақ зиялы қауымының патриоттық тәрбие туралы ой-пікірлері

Қазақ зиялылары М. Дулатов пен С.Асфендияровтың патриоттық мәселелер туралы ой-пікірлеріне тоқталып көрейік.

Қоғамда болып жатқан тарихи-әлеуметтік өзгерістер бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне жаңа көзқараспен қарауды талап етеді. Жылдар бойы саяси идеологияның ықпалынан мұрағат қорында сақтаулы жатқан рухани мұраларға ғылыми талдаулар жасалып, өзінің ұрпағына табыс етілуі қоғамдық дамудың демократиялығын айқындай түседі. Қазақстан Республикасының Президентінің халыққа жолдауында халықтың, экомомикалық жағдайын жақсарту, білім беру және мәдениет саласында ұлттық тәжірибелер мен мұраларды бүгінгі жас ұрпақ тәрбиесіне пайдалану негізі орын алып отыр. Сонымен қатар Қазақсган Республикасы 2010 жылға дейінгі білім мемлекеттік бағдарламасында да ұлттық мұраларға деген көзқарастарды қалыптастыру барысында, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан мұраларды пайдалану білім беру мекемелерінің алдында тұрған негізгі міндеттер болып табылады деп атап көрсетеді.

20 ғасырдың басында өмір сүрген ғұламалардың еңбектеріне зерттеу жасау барысында байқағанымыз олардың көзқарастары бір-бірімен өзара сабақтасып жатқанын байқаймыз. Жастарды ұлттық мұраларымызға деген қызығушылығы және бүгінгі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан құндылықтар арқылы тәрбиелеуде М.Дулатов мұраларының тәрбиелік-тәлімдік маңызы зор. Біз М.Дулатов мұраларындагы адамгершілік құндылықтарды саралағанда жас ұрпақ бойындағы патриотгық сезімді қалыптастыруға мүмкіндік мол екнін айқын аңғара білдік. МДулатаов ұлттық мәдениет, білім беру ісінің, баспасөздің дамуына үлкен үлес қосумен қатар ұлттық патриоттық рухтағы еңбектер жазып артына мұра еткені белгілі.

Ол «Алаш» партиясының негізін қалауы, ұлттық баспасөздің дамуына іргелі үлес қосуы оның тұлғалық қасиеттерін айқындай түссе, ал еңбектері егемен еліміздің тәуелсіздігі мен егемемендігін сақтайтын азамат тәрбиелеуге негіз болып отыр.

ХХІ ғасыр әлемдік жаһандандыру кезеңінде бабаларымыз негізін қалаған патриоттық рух жас ұрпақ бойындағы патриоттық сезімді қалыптастыруда негізгі күш болып табылады. Әр тарихи кезеңге зер салатын болсақ патриоттық тәрбие өзіндік қайталанбас ерекшелігімен сараланады.

Біз зерттеуімізге нысана етіп отырған 20 ғасырдың басындағы ұлттық тәрбие бүгінгі жас ұрпақ тәрбиесінің негізгі құралы болып табылады. Ал соның ішінде М.Дулатов шығармалары, іс-әрекеті бүгінгі ұрпаққа таптырмас негізгі тәрбие көзі болып отыр. Оның еңбектерінде тәрбиенің барлық салаларына арналған мөселслер көптеп көтеріледі. Әсіресс патриоттық тәрбиеге байланысты еңбектері: «Қазақ халқының бұрынғы һәм бүгінгі халі», «Қазақ халқының бұрынғы мәғишаты», «Қазақ-қырғыздың ата-тегі туралы», «Оян қазақ», «Елім-ай» т.б.

«Қазақ-қырғыздың ата-тегі туралы» атты еңбегі қазақ халқымың шығу тегі, қалыптасу жағдайы, қазақ деген атаудың мөні мен маңызына жан-жақты тоқталады. «Қазақ» деген ұғым ерлік деген мағынаны берсе, «қаз» деген ер деген мағынаны береді.

«Хан Абылай» мақаласы арқылы Абылай ханның қызметіне тоқтала отырып, қазақ халқының ерлік істерін атын көрсетеді.

«Алаш ұраны», «Алаш маршы», «Алашқа» деген еңбектері қазақ жұртын білім мен мәдениетке тарта отырып, тәуелсіздік пен еркіндікке шақырады.

Патриотгық тақырыптағы еңбектерінің бірі - «Оян қазақ». Бұл еңбегінің негізгі мақсаты қазақ халқын білімге, мәдениетке бірлікке және тұрмыстарын жақсарту үшін күреске шақырған аса маңызды, құнды еңбек. Әсіресе қазақ халқының болашағының күңгірт екенін жаза отырын, жақсартуға шақырады.

«Оян қазақ» еңбегі тек қазақ халқының ұлы жаршысы емес, сонымен қатар басқа елдердің де рухын көтеруге әсері болды. Жапон елінің ғалымы Улмо Томихиконың «Оян қазақ» еңбегіндегі патриотизм туралы ғылыми еңбек жазып, қорғады М.Дулатов еңбегінің тағы бір қырын көрсетеді.

М.Дулатов өз халқының патриот азаматы болды. Ол тек қазақтың рухын жақындыратын шығармалармен қоса, ұлттық баспасөз, ұлттық «Алаш» партиясының, алғаш рет қазақ тілінде библиографиялық еңбектің негізін қалады.

Оның шығармалары патриоттық рухта болса, ал ісі нағыз патриот —азаматтық ісі деп бағалауға болады.

М.Дулатов өз негізін салған ұлттық «Алаш» партиясының бағдарламасы арқылы және «Қазақ» газеті арқылы өз идеясын жариялай білді. Халықтың дамуына игі ықпал етті.

«Түркі халқы-батыр халық. Түрік халқы — арыстан ер халық, деп Мұстафа Шоқай бабамыз айтқандай түркі жұртының жалғасы М.Дулатов бойында батырлық, ерлік қасиеттері толығымен қам».

М.Дулатов бойындағы барлық күш-қуатын, білімін игілігі мен мүддесіне жұмсау арқылы мәңгі халық жадында сақтаулы.

Енді С. Асфендияровтың патриоттық тәрбие туралы ой-пікірлерін қарастырайық. Асфендияров патриоттық мәселесін елжандылық тұрғысында қарастырады. Сондықтан патриоттық терминін мұнан былай елжандылық деп алынады. Білім мен тәрбие берудің 1997 жылы қабылданған жаңа тұжырымдамасы XXI ғасыр қарсаңында республикамыздың білім саласындағы саясатында көптен күткен оң өзгерістерге жол ашты. Тұжырымдамада білім берудің басты стратегиялық міндеті - рухани және әлеуметтік-адамгершіліқ дүниесі бай, жаңашыл, шығармашылық ойлау қабілеті мен дүниетанымдық мәдениеті жетілген зерделі тұлға қалыптастыру болып белгіленді.

Сонымен бірге, Қазақстан мектептерінде оқу-тәрбие ісін ізгілендіруге, яғни оны гуманизм, азаматтық интернационализм, «Қазақстандыфқ елжандылық» идеялары негізінде құру бүгінгі білім беру ісінің ең өзекті міндеттерінің біріне айналуда. Өйткені, кеңестік жүйенің ыдырауы, бұған дейін берік қалыптасқан «отан» деген ұғымының абстрактылы мәнде болып, патриоттық сезім тек коммунистік саясатпен байланыстырылғанын дәлелдеді.

Қазіргі тәуелсіз Қазакстан Республикасы - көп ұлтты, іргелі мемлекет. Сондықтан, көп ұлтты халықтардың этностық ерекшеліктерін қамти отырып, оларды ортақ Отанының болашақ дамуына үлес қосатын қазақстандық елжандылыққа тәрбиелеу идеологиясының алғышарттарын түзіп, оны жүзеге асыру - мемлекеттік маңызды ұстаным.

Дей тұрғанмен, Қазақстан халқын патриотизм, Отанды сүю, еңбекшілердің қолымен жасалған игіліктің бәрін сенімді түрде қорғау рухында тәрбиелеу бағытындағы жұмыстар көңіл қуантарлық емес.

Осыған орай, жас ұрпақтың патриоттық санасын қалыптастыру үрдісіндегі іс - әрекетіне қажетті төмендегідей саяси – педагогикалық категориялар мен тұжырымдардың мәнін тереңірек анықұтауға ой жүгірткен дұрыс:

— елжандылық - қоғамдық құбылыс, тарихи ұғым;

— елжандылық дегеніміз, әр адамның өзінің араласқан белгілі бір саяси, мәдени және әлеуметтік ортасына — Отанына деген аса терең сезімі;

— қазақстандық елжандылық — Қазақстан Республикасын біртұтас Отаны ретінде қабылдап, өзін республика халқының құрамдас бөлігі сезінетін азаматтық парыз бен намысын тәрбиелеу.

Елжандылық тәрбие, ең алдымен, азаматтық тәрбиемен тығыз байланысты болғандықтан, мұнда өзара қатынастар мен заңдылықтар жүзеге асырылады. Жеке оқушының азаматтық сапасын қалыптастыру үшін тәрбие барысындағы кез келген іс-әрекет осы бағытта жүргізілуі тиіс.

Бүгін, бұл бағытта Қазақстан мектептері жүйесі алдында оқушылардың саяси білім негіздерін жетілдіру қажеттілігі, оларды өз азаматтық құқықтары мен міндеттерін білуге тәрбиелеу, сондай-ақ сыни ойлау мен азаматтық көзқарастарын қалыптастыру сияқты өткір мәселелер тұр.

Азаматтық сана — әлемтанушылық көзқарас, ниет тазалығы, еңбексүйгіштік, дене шыңдалуының жетілуі оқушыларға мектеп қабырғасында беріледі. Бұған қоса, өскелең ұрпақтың парасаты биік әрі жан-жақты сауатты, жауапкершілік сезімі қалыптасқан болуы үшін және олардың Отан алдындағы азаматтық борышын өтеу сияқты асыл қасиеттерді бойларына сіңіру мақсатында Қазақстан мектептерінде кешенді шаралар жүргізілуі тиіс.

Атап айтқанда, қоғамдық-саяси және гуманитарлық пәндердің мазмұнына терең көңіл бөлу. Оқушылардың қоғамдық өмірге белсене қатысуы үшін сыныптан және мектептен тыс жұмыстар ұйымдастыру, т.б.

Міне, осы орайда XX ғасырдың басында-ақ «Қазақстандық елжандылық» идеясына аса зор мән берген педагогтердің қатарында С.Асфендияров есімін атауға болады.

Республикадағы қоғамдық ғылымдардың көш бастаушысы, белгілі тарихшы ғалым ретінде профессор Асфендияров Санжар, өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен білім берудегі қоғамдық пәндердің маңызына ерекше тоқталады. «... Болашақ жастар өмір сүріп отырған мемлекеттің өткені мен келешегі, оның алдында тұрган жоспарларын жақсы білуі қажет,—дейді С.Асфендияров, сонымен бірге, оқушы өз елінің басынан кешкен қиындықтарымен танысып қана қоймай, сондай қиындықтан елін, халқын алып шығуға белсене қатысып, оған өзінің үлесін қосатындай болып тәрбиеленуі керек». Қазақстан сияқты көп тілді, түрлі дінді ұлт пен ұлыс өкілдері шоғырланған іргелі мемлекеттің бала тәрбиесінде ұлы державалық шовинизм мен ұлтшылдықтың көлеңкесі де болмауы тиіс деп тұжырым жасаған С.Асфендияровтың бұл ойлары бүгінде өз маңызын жойған жоқ.

Елжандылық, азаматтық тәрбиені біріктіре отырып, оны оқушылар бойына сіңіруде 30-жылдары қалыптасқан оқу-тәрбие үрдісінің кешенді саласы - өлкетану ісі айтарлықтай нәтижеге қол жеткізгені белгілі. Республикамызда өлкетану ісінің қарыштап дамуына өзіндік үлес қосып, оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі орнын жоғары бағалаған педагог- ғалымдарымыздың бірі - профессор С.Асфендияров.

Профессор С. Асфендияров еліміздің 20 - 30 жылдары қоғамдық-саяси өміріне белсене атсалысқан белгілі мемлекет қайраткері, Қазақстандағы жоғары мектеп пен ағарту ісінің көрнекті ұйымдастырушыларының бірі және шығыстанушы ірі ғалым ретінде сан-саналы істерді атқаруымен қатар, оның, педагогикалық бай мұрасының ішінде мектептердегі Өлкетану ісін дамытуға қосқан үлесі ерекше.

Кеңес үкіметінің білім беру мен ағарту саласында атқарған игі істерінің қатарына мектептегі өлкетану жұмысын да жатқызуға болады. Үкімет өлкетану ісіне халық ағарту саласының маңызды бір бөлігі ретінде қарап; мемлекеттік деңгейде көңіл бөлінуін қадағалады. Өйткені, өлкетану оқушылардың дүниетанымының қалыптасып, білім деңгейінің артуына, сонымен бірге жан-жақты дамуына ықпалын тигізетін білім беру мен тәрбие ісінің негізгі бөліктерінің бірі болып табылады деп есептелді. Сол себепті, 1920 жылы қазан айында құрылған Қазақстанды Зерттеу Қоғамы республиканың этнографиясына, тарихына, фольклоры мен музыкасына, сондай-ақ табиғатына байланысты үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген болатын. Қоғам, екі жаратылыстану-география және тарих-археология секциясынан тұрады. 30-жылдары Зерттеу Қоғамы Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің жанында, Өлкетану Бюросы деген атпен жұмыс істеп, халықты өлкетану ісіне жұмылдыруға атсалысқан. Бірақ сауатсыздық толық жойылып бітпеген шақта бұқараның бұл іске араласуы тым сылбыр болды. Соған қарамастан Өлкетану Бюросы өз отырыстарында бірқатар қаулы қарарлар қабылдап, алдағы мақсаттарын айқындады. Негізінен, ол мақсаттар төмендегідей сипат алды.

1. Қысқа мерзімді курстар ұйымдастыру арқылы өлкетану мамандарын тез арада даярлау.

2. Мектептер мен техникумдарда және жоғары оқу орындарында өлкетану ұйымдарын ұйымдастыру, сол арқылы мұғалімдер мен студенттердің, әсіресе мектеп оқушыларының бұл іске деген қызығуын арттыру. Міне, осы және басқа да міндеттерді жүзеге асыру, белгілі бір кезеңде, Қазақстан Орталық Өлкетану Бюросының төрағасы болған Асфендияров Санжар есімімен тығыз байланысты. Тарихы ғасырлар қойнауына кететін Қазақстан Республикасы үшін аса маңызды өлкетану қозғалысын ұйымдастыруда С. Асфендияров қызметінің өзіндік мәні зор болды. Ол кең байтақ Қазақстанның ауданының табиғи ерекшеліктерін, экономикасының дамуын зерттеп жинақтау, сонымен бірге тарихи ескерткіштер туралы мәліметтерді жинау өлкетанушылардың алдындағы үлкен әрі жауапты міндет деп білді.

Осындай тынымсыз істердің арқасында Өлкетану Бюросы 1930 жылдың сәуір айында өзінің алғашқы бүкіл қазақтық өлкетанушылар сиезін шақырады. Айтулы сиезді ұйымдастыру жұмысы Жандосов Ораздың төрағалығымен және мүшелері: Шавров, Иванов, Манаев, С. Асфендияров, Абрамович, Астромович сияқты көрнекті ғалымдардың қатысуымен жүргізілді.

Аталған сиезд, студенттер мен мектеп оқушыларының арасында өлкетану ісін жандандыру мәселесіне ден қойып, қаулылар шығарады. Өз өлкесінің табиғи өндіргіш күштерін, тарихын, климатын, өсімдіктер әлемін, т.б. білу тек қана біліп қоймай, Қазақстанды дамытуға пайдалана білу аса қажетті элемент болып табылғандықтан, өлкені танып-білу жұмыстары студенттердің арасында әлі де шектеулі дәрежеде деген сиезд шешімі жоғары оқу орындарында өлкетану үйірмелерін ашуды ұсынды.

Республика үкіметінің арнайы шешімімен, еліміздің педагогикалық оқу орындарының, оқу жоспарларына өлкетанудың арнайы пән ретінде енгізілуі мектептердегі өлкетану ісінің жандануына себеп болды. Бірақ, өлкетану мәселесінде ғалымдар ортақ пікірде болмады. Географтар өлкетануды географияның бір бөлігі деп қарастырса, біреулері - өлкетануды ғылым емес, тәрбиелеу әдісі, яғни жас өспірімдерді туған өлкеге деген ыстық сезімге тәрбиелеу деп есептеді.

Ал, профессор С. Асфендияров өлкетану ісінің оқушылар танымын арттырудағы маңызын жоғары бағалап, олардың өз Отанын, ұлтын сүюге, оның табиғи байлықтарын игеруге әрі сақтауға көмектесетін бірлен – бір пән деп есептеді. Ғалым педагог өлкетанушы туған өлкенің тарихын, этнографиясын, әдебиетін, мәдениетін, табиғатын, халық шаруашылығын оқып-үйренуді, бірлестіретін, яғни оқыту мен тәрбиелеудің маңызды бір педагогикалық құрамы ретінде кешенді пән деп қарастырды. «Өз өлкеңді барлық жағынан: геологиялық, этнографиялық, фолъклор, география және гидрологиялық білуде өлкетану ісі түсінікті әрі қарапайым мектеп болып табылады» - деп жазды С. Асфендияров. Ол сонымен бірге, мектептегі өлкетану ісі дұрыс жолға қойылған жағдайда оқушылардың Отанына, ұлтына деген патриоттық мақтаныш сезімін арттыруға нәтижелі үлес қосады деген пікірде болды.

Әрбір халықтың рухани азығының қайнар бұлағы оның халықтық педагогикасы мен ұлттық салт-дәстүрлері болып табылатыны баршаға аян. Ұрпақ тәрбиесінде тән азығы мен жан азығының тепе-теңдігін сақтап, әсіресе жан азығына басым көңіл бөлген халқымыздың дүниеге келген нәрестені бесік жыры арқылы тербетуінің үлкен пәлсапалық мәні бар.

Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі - қазақтар ғасырлар бойында жаз мәдениеті болмаса да, ауыз әдебиеті негізінде өзіне тән бай рухани мұра жасай білді.

Сондықтан ауыз әдебиеті өте жоғары дамыған қазақ халқының бала тәрбиесінде бейнеленген эпостық жырларға ерекше көңіл аударуы да тегін емес. Өйткені, олар халқын, жерін, Отанын жаудан қорғаған батырларды мадақтап жырға қосу арқылы жас ұрпақты ерлікке, өрлікке, мәрттікке елжандылыкка үйретуге тырысқан. Сондықтан, дәстүрлі қазақ эпосын ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығының айқын айғағы ретінде бүгінгі күні халықтың жадында сақталып, ғасырдан — ғасырға, ұрпақтан — ұрпаққа асыл мұра болып жетіп отыр.

Осы асыл мұраны, яғни эпостық жырларды профессор С. Асфендияров алғашқылардың бірі болып тарихи деректанудың ең маңызды қайнар көзі деп тауып, оны ғылыми түрде жан-жақты зерттеу ісін қолға алуды ұсынды. Сонымен бірге ол жоғары бағалап, «Қазақ эпосы туралы» деген мақала жазды. Аталған мақалада С. Асфендияров «Ер тағдыры», «Ер көкше», «Едіге батыр» т.б. жырларының тарихына үңіліп, өзіндік ойларын білдірген.

Осылайша С. Асфендияров жас ұрпақтың бойында адамгершілік, имандылық, мейірімділік, т.б. сияқты халқымыздың асыл да абыройлы қасиеттерін егумен қатар елжандылық, отансүйгіштік сезімді қалыптастыруда, ең алдымен, халықтың рухани азығының қайнар бұлағы, оның халықтық педагогикасы — ұлттық салт-дәстүрін терең сіңіру керек деп есептейді.

«Қоршаған ортаны аялай білу өзінің туған елін сүюдің белгісі», - деп кезінде жазушы К. Паустовский айтқандай, елжандылық тәрбиенің бір бағыты - өскелең ұрпақтың бойында туған жердің, өскен елдің табиғаттың аялай білу сезімін қалыптастыру болып табылады. Бүгінгі таңда келешек ұрпақка экологиялық білім мен тәрбие беру жұмысы - өмірдің өзі алға қойып отырған үлкен міндет. Себебі, XX ғасыр ғылыми-техникалық прогрестің тез қарқынмен дамып, ғарыш ғасыры атануымен қатар табиғи ресурстарға орасан зор нұқсан келтіріп, қоршаған ортаның адамзат өміріне қауіп төндірерлік апатқа ұшырауьша әкеліп отыр. Бұл жағдай адам балаларының алдында түрған кезек күттірмейтін әлемдік деңгейдегі күрделі мәселеге айналуда.

Сондықтан да, дәл қазіргі оқыту мен тәрбие үрдісіндегі көкейкесті мәселелердің бірі — жастарға экологиялық блім беру арқылы табиғатқа жауапкершілікпен қарайтын ұрпақ тәрбиелеу.

Оқыту үрдісінде отызыншы жылдардың өзінде табиғатты қорғау ісін жандандыруда біршама алға жылжу байқалды. Мәселен, өсімдіктану, география, жануартану пәндерінің оқу бағдарламаларына экологиялық білім беру мен табиғатты қорғау ісіне тәрбиелеу жөнінде қосымша материалдар енгізіле бастады.

Профессор С. Асфендияров оқушылардың табиғатқа қатынасы, яғни экологиялық тәрбиені өлкетану ісімен тығыз байланыстырады. Олар өз өлкесінің табиғаты туралы нақты мәліметтер жинай отырып, табиғат жағдайындағы өзара байланыс пен қарым-қатынасты игеруге дағдыланған жағдайда қоршаған ортаның үйлесімін бұзбай ұстау көзқарасы қалыптасады деп пайымдады С. Асфендияров. Ұлан-байтақ жерін қорғап, елдігін сақтаудың басты шарттарының бірі - сол елдің тілін сақтау екені даусыз. Сондықтан, ұлт мәселесінің жанды тұсы - тіл тағдыры кеше де, бүгін де талай қазақ зиялысын толғандырған.



«Тілінен айырылыған жұрт – жойылған жұрт. Мектеп пен баспаның тілі дұрыс болса, елдің тілін көркейтіп, байытып, гулдендіреді, мектеп пен баспада қолданудан қалған тіл— бақытсыз тіл», — деген X.Досмұхамедовтың сөзі бір маңызын жойған жоқ. Керісінше, қазақ халкының, қазақ тілі мен әдебиетінің, мәдениетінің күрделі де қайшылықты даму жолын көрсетіп тұрғандай.

Бұрын да, бүгін де күн тәртібінен түспей, ұлттық проблемаға айналып отырған қазақ тілі мәселесіне С. Асфендияров та бей-жай қарамаған. Профессор С. Асфендияров отызыншы жылдардың өзінде-ақ қазақ тілінің техника, ғылым тіліне айналуына барынша ден қойған. Сондықтан, қазақ тілінің болашағын латын графикасымен байланыстырып, оны ең прогрессивті бағыт деп қараған ғалымдардың ортасында болды.

С. Асфендияров «жаңа әліп-би үшін күрес - жаңа мәдениет үшін күрес деген көзқарасты ұстанып латын әліп – биін қазақ халқы үшін дүниежүзілік тарихи маңызы бар оқиға ретінде қарастырды. Сонымен бірге, қазақ мәдениетінің жаңаша дамуына тікелей үлес қосады деген сенімде болды.

Асфендияров Санжар Бүкілодақтық Жаңа Түрік әліп-биі Орталық Комитетінің құрамында белгілі ғалымдар, мемлекет қайраткерлері: Агамалы-Оглы, Айтақов, Ахунбабаев, Икрамов, Комчи-Бек, О. Жандосов, Б. Досов, Кульбешеров, Н. Нұрмақов, Ғ. Тоғжанов, Т. Шонанов, Т. Рысқұловтармен бірлесіп жұмыс істеп, Алматыда 1930 ж. жаңа түрік әліп-биі Комитетінің IV пленумын ұйымдастыруға қатысып, баяндама жасады. Бірақ, екпіні қатты болғанымен жаңа әліп-биге көшу көп қиыншылықтарға кездесіп, Ахмет Байтұрсынов бастаған топтың қарсылықтарына ұшырағаны да белгілі. Дегенмен, соңғы жылдары ғасыр басында көтерілген латын алфавитіне көшу қайта жанданып, тіпті көрші республикалардың біртіндеп осы алфавитке көше бастауы, кезіндегі Санжар Асфендияров сынды латыншылардың еңбегін ақтағандай болып отыр.



С. Асфендияровтың жас ұрпаққа елжандылық тәрбие берудегі басты ұстанымы: туған өлкенің тарихын, этнографиясын, әдебиетін, мәдениетін, табиғатын оқып-үйретуді бірлестіретін кешенді пән - өлкетануды дұрыс жолға қою. Сондықтан, ғасыр басында көтерілтен бұл мәселені тәуелсіз Қазақстан жастарын патриотизмге, елжандылыққа тәрбиелеу ісіне пайдаланудың маңызы артпаса кеміген жоқ деп ойлаймыз.

Пайдаланылған әдебиеттер.


  1. Асфендияров С. Об очередных задачах школы и учительство. Всеказахский съезд просвещенцев. А.-М., 1934, 32 стр.

  2. Культурное строительство в Казахстане (1918 - 1932) сб. док. А., 1965, Т.1. 352 стр.

  3. Бұл да сонда. 334-б.

  4. Асфендияров С. О развитий школьного краеведения.// Советское краеведение. 1934, № 9.

  5. Әубәкіров С. Экологиятану. А., 1995, 50-6.

  6. Көшербаев Қ. Қазақ тілі мен әдебиеті - ұлт мәдениетінің тірегі. // Қазақ тілі мен әдебиеті. 2000, № 7, 3-6.

  7. КРОМА 740-қ 1-т 18-іс, 82-б.

  8. Білім берудегі менеджмент. №1. 2005. 81-83б. «М. Дулатов мұраларындағы патриотизм мәселелері».




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет