Мазмұны кіріспе І тарау. ҚАзақстан республикасы экономикалық-географиялық дамуына сипаттама


КІРІСПЕ Диплом жұмысының өзектілігі



бет3/14
Дата02.01.2022
өлшемі140.39 Kb.
#452541
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Санду диплом

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының өзектілігі: Қазіргі кезде әлемдік нарықтық экономикаға көшу ел экономикасын дамытуда барынша маңызды болып саналады. Еліміз бүгінгі ашық нарықтық ұстанымды қолға алған аз уақыт ішінде Орталық Азия аймағында, ТМД елдері арасында қара озып алға шығып келеді. Еліміздің осы жетістіктерінің себебі оның жан жақтылы әлеуетінде болып отыр. Дипломдық жұмыста Қазақстанның нарықтық экономика жағдайындағы әлеуеттері жан жақтылы ортаға салынып талдау жасалады, сол арқылы еліміздің жеткен жетістіктеріне нақтылы ғылыми деректер мен дәйектер негізінде талдау жасалып дәлелденеді.

 Жалпы Қазақстан аумағын, оның географиясын зерттеуге үлес қосқан саяхатшылар, ғалымдар, оның ішінде географ-ғалымдар: Қазақстанның табиғаты мен этнографиясын зерттеуде Ш.Уәлиханов, пайдалы қазбалар мен кен орындарын зерттеуде Қ.И.Сәтпаев, Қазақстанды экономикалық аудандастыруда Н.Н.Баранский және Б.Я.Двоскин үлкен үлес қосты.

Сондай ақ, 1920 жылы аяғында Қазақстанның қоғамдық-әлеуметтік географиясы пайда болды. Қазіргі кездегі оның көрнекті өкілдері С.Р. Ердәулетов, Ш.М. Нәдіров, Е.А.Ахметов, М.Ш.Ярмухамедов, М.Тәтімов және тағы да баска ірі географ ғалымдар Қазақстанның халқы мен шаруашылығын зерттеуге үлкен үлес қосуда.

Экономика – өте терең және күрделі құбылыс. Оның заңдарын, тетіктерін біліп, оларды жақсы игермей, бір жүйеден екінші жүйеге көшу өте қиын да қауіпті қадам. Елу жылда – ел жаңа деуші еді бабаларымыз. Егемендікке қол жеткізгеннен бері елімізде жаңа саяси-әлеуметтік, жаңа экономика, әлем өркениетінің өктем талабынан туған жаңа жүйелер дүниеге келді. Бүгінгі Қазақстанның бет-әлпеті демократия мен нарық экономикасының барынша дамуы.

Бүгінде Қазақстан әлемнің анағұрлым бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіріп, өзінің нарық экономикасын өте қарқынды дамытып жатқандығын дәлелдеуде. Болашақта осындай бәсеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылу міндетін қойып отыр. Әлбетте, мұндай міндеттерді шешуде кадрлар дайындауды әлемдік стандарттар деңгейіне жеткізу аса маңызды. Осы мақсатта инновациялық салада жұмыс істейтін эзірлеудің қолда бар жүйелері жетілдіріліп, жаңа механизмдер енгізілуде. Жыл сайын еліміздің мыңдаған жас өрендері әлемнің беделді жоғарғы оқу орындарында «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алу мүмкіндігін иеленуде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет