ДІРІСТЕР ЖИНАҒЫ
Дәріс- 1
Тақырыбы: Ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау.
1.Кіріспе: Қазіргі заманғы ғылымның ролі
2.ҒЗЖ ұйымдастыру және жоспарлау мәселелері.
3.ҒЗЖ түрлері
Ғылыми жұмыс, зерттеу дегеніміз – адамның еңбектену іс-әрекетінің ерекше түрі. Бұл іс-әрекет адамнан еңбекқорлық, мақсаттану, уақытша туындаған сөтсіздікті жеңе білу қабілетін, оның интеллектуальды мүмкіндіктерін барынша пайдалануды қажет етеді. Ғылыми еңбектің мақсаты адамзатқа осы уақытқа дейін беймәлім ақиқатгы ашу, табиғат жұмбақтарына тереңірек үңілу, адамзат игілігіне пайдаланатын табиғи күштерді қолданудың жаңа жолдарын, адамды, оның ішкі, яғни дене күштерін жане рухани қайратын зерттеу. Ғыльм аясында еңбек ету әрқашанда құрметті және мәртебелі болып саналған. Өздерін ғылымға арнаған адамзат баласының ең жақсы өкілдерінің есімдері халық жүрегінде мәңгі сақталуда.
Жыл сайын ғылымға құштар адамдардың қатарына жаңа мүшелер кіріп жатыр. Ғылым саласында еңбек етуге ниет білдірген әрбір жас адам әлем білімінің қорына өз үлесін қосуды армандайды, ал жүрегінің ең түбінде өзінің есімі ғылым тарихында сақталғанын қалайды.
Ғылымда бір нәрсе жасау үшін жас ғалым сол салада терең білімге, еңбекқорлыққа ие болу керек, өз таным іс-әрекетінде қомақты нәтижеге жету үшін басқа да қажетті талаптарға сай болу керек. Бұл кітап мектеп бітіргелі отырған. жоғары оқу орнына түсіп, келешекте ғылыми іс-әрекетпен айналысуды көздеген жастарға көмектесу мақсатымен жазылды. Мүндай ғылыми іс әрекеттің бастапқы кезеңде жас интеллектуалдарға пайдасы тиетін кейбір жағдайлары берілген. Кітаптың мақсаты ғылыми жұмыстың әдістері жайында жалпы түсінік беру, жас зерттеушінің таным іс-әрекетіне алғашқы түрткі болу, кейбір қателіктер мен адасудан сақтау. Авторлар алғашкы ғылыми зерттеулерді бастаған жас азаматтарға кішкене болса да, қажетті көмек көрсетсек деп үміттенеді: зерттеудің жалпы әдістерін игеруде, ғылымның қай саласында болса да өзін көрсете білуге бағыттауда, қандай ғылыми жұмыс оған қанағат пен ләззат әкелетінін, жақсылықты ғылыми табыстардан алуын жақындатады және оның ақпарат мәдениетінің негіздерін қалыптастыруға ықпал етуін таңдауда..
XXI ғасыр басталды, біз соның куәгеріміз. XXI ғасыр ғылыми жетістіктердің, үлкен өзгерістер мен үміттердің ғасыры. Өткен ғасыр - ғылыми-техникалық төңкеріс ғасыры. Бұл кезде адам баласы өзін және табиғат жұмбақтарын түсінуде көп ілгері жылжыды: атом құрылысын зерттеді, ашық Ғарышқа шықты, Айға қонды, ген құпиясына енді, компьютер құрастырды, Мұхит тереңіне түсті. Барлық жаңалықтарға адам ақыл-ойын, білімін дамыта келе, қоршаған ортаны, өзін тереңірек тану барысында, алыс Ғарыштың кеңістігіне жете, ғылым саласында еңбектену арқасында жетті.
Ғылыми білім негізінде соңғы жүз жыл ішінде адам баласы өз ғаламшарын өзгертті, тұрмысын көп есе жеңілдеткен және үдеткен үлкен енеркәсіп, көптеген машиналар мен жабдықтар ойлап тапты, тіпті күнделікті тұрмыс жағдайын да өзгертті. Адам техногендік өркениетті жасады. Мұның бәрі жаңа машина, жабдықтар, құралдар ойлап тапқан жүздеген-мыңдаған ғалымдар еңбегі арқасында өмірге келді.
Ғылым адамзат дамуының қозғаушы күшіне айналды. Адам жасайтын жұмыстың басым көпшілігін машиналар мен құралдар орындайтын болды. Адам жер бетінің бір бұрышынан екінші басқа нүктеге мұхит пен құрлықтарды аттап лезде жеткізетін көлік құралдарын ойлап тапты.
Адам жасаған ақпарат және коммуникация технологиялық кұралдар арқылы тез арада мыңдаған километр қашықтықта болған оқиғалардан хабардар болып отырады.
Қазіргі өнеркәсіптің бірде бір саласы ғылым, білім мен жетістіктерді қолданбай жұмыс істей алмайды. Әлемде гүлденген мемлекеттер қатарына тек кана ғылыми зерттеулері қатты дамыған, өнеркәсіпте жаңа ғылыми технологиялар мен ізденістерді қолдануға мүмкіндігі бар мемлекеттер жатады. Соңғы он жылдықтарда осындай жылдам көтерілген елдердің ішіне АҚШ, Батыс Германия, Жапония, Оңтүстік Корея, Тайваньның кіруіне себеп болғаны, олардың ғылыми зерттеулерге аса зор маңыз бергені және өндіріске шапшаң түрде ғылыми жаңалықтарды енгізгені. Қазіргі кезде ғылым саласында табиғат пен ғаламның шешілмеген жұмбақтарына жауап табуға талпынған он миллиондаған кісі еңбектенуде. Ғылыми іс-әрекет мейлінше маңызды да кызықты. Көптеген жас азаматтар тура осы іс-әрекетпен айналысуға ниет білдіруде.
Соңғы кезде ғылым аясында іс-әрекет жасауда сөзсіз керемет жетістіктермен қатар келеңсіз жағдайлар да орын алып отыр. Ғылыми және өндірістік іс-әрекет арқасында адам қолымен жасалған "екінші табиғат" пайда болды, яғни адам іс-әрекетінің нәтижесін бүкіл ғаламшарға қатыстырып айтуға болады. Адамзат жылына миллиардтаған тонна қоқыс, пластик, улы газдар, металдар, химиялық заттар т.б. ендіреді, екінші жағынан жер қойнауында жатқан пайдалы қазбаларды көмір, мұнай, табиғи қорды шектен тыс пайдаланып, оларды түбегейлі жоюға бағытталған, өз дегеніне жету жолында жануарлар, өсімдіктер, жәндіктер әлемінің көптеген түрлерін жойып келеді. Адамның мұндай іс-әрекеті климаттың езгеруіне, әлемдік мүхиттың ластануына, теңіздер мен көлдердің құрғауына, жердің әлсізденуіне, жаңа аурулардың пайда болуына т.б. әкеліп соғады. Адамзат планетаның бүкіл тіршілігін кас-қағым сәтге жоқ қылатын ядролық, химиялық, бактериялық қаруды ойлап тапты.
Соңғы кезде адам іс-әрекетінде ғылым жетістіктерін пайдаланған себепті адам өзіне, жер бетію биологиялық түр ретінде тікелей зиян келтіре бастады. Табиғатты аяламағаны үшін, ол қатал жаза алады. "Адам табиғаттың мүсіркеуін күтпеуі керек, оны тартып алу - парыз, "- деген ұранның орасан зияндылығы енді білініп жатыр. Адам табиғат билеушісі бола алмайды, себебі ол өзі табиғаттың етене бөлшегі. Адамның өзін табиғат миллион жылдар бойы мәпелеп жасап келген, ал соңғы 100 жыл ішінде адам әліне қарамай өз өмір салтын, табиғи ортаны өзгертуге тырысады.
Соңғы жылдары туындаған экологиялық мәселелерді шешуге көп көңіл бөлінеді. Көптеген мемлекеттерде экология саласындағы жойқын ғылыми зерттеулерге ерекше назар аударылады, жер шарының экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында орасан зор ұйьмдастыру жұмысы жүргізілуде.
Барлық планета халықтары үшін бұл мәселенің маңызы аса зор болып табылады. Себебі оны бірнеше мемлекеттердің күшімен шешуге болмайды. Осы мәселені шешуде алғашқы әлемдік маңызды кадам ретінде 1997 жылында Киот протоколы саналады..Бұл құжатқа қол қойған мемлекеттер жақын жылдар ағымында атмосфераға шығатын қышкыл газдарының қалдықтарын 8% азайту жолдарын қарастыруда. Бірақ ең ірі мемлекеттер АҚШ пен Ресей, атмосфераны ластаушылардың негізгі елдер протоколына қол қоюдан бас тартты. Дегенмен, ғаламдық ластану мәселелерін әлемдік жалпы міндеттер пайдасына шешу үшін, оларды ұлттық мүдделерінен бас тартуға мойындатады.
Таяу жылдарда адамзат табылған ғылыми білімдерді қолдану арқасында пайда болған ғаламдық экологиялық мәселелерді шешу жолдарын табуы керек.
Ғылым ролінің артуы әсіресе ғаламдану көрінісінде байқалады. Өндіріс, байланыс құралдары, көлік жүйесі, сауданың қарқынды дамуы барысында мемлекеттер бір бірімен жақындасып, тіпті қосылуға дейін барды. Мысалға, Еуропа халықтары Еуропа одағын құрап, мемлекет арасындағы шекараларды жойып, ортақ валюта, парламент, сот, т.б. қызметті пайдаланады. Әрине, мұндай жақындасу халықтарға үлкен пайда әкеледі, себебі адамдардың, тауар, қызмет, финанс алмасуы әлдеқайда жеңілденеді. Бірақ, басқа жағынан қарағанда, ғаламдану көрінісі халықтарды біріктіруге, барлық нәрсені стандарттауға апарады. Қазірдің өзінде көп кісілерді бұл құбылыс мемлекеттердің үлттық ерекшеліктерін, халықтардың колоритін, бір біріне ұқсамауын жойып әкетеді деп көңілін алаңдатып отыр. Ірі де күшті халықтар ездерінен өмір тұрмысы кіші елдерге үстем көрсетіп, олардың экономикасын өз бойына сіңіріп алуда. Ғылым бұл мәселені шешудің оңтайлы вариантын табу керек.
Алынған ғылыми білімді адам үлкен сақтықпен қолдануы керек, себебі әртүрлі қолда олар не үлкен пайда, не орасан зор зиян әкеледі. Шынымен, ғылым мүмкіндігі, оның жетістіктері қазір соншалықты деңгейде тіпті адам, табиғат тіршілігіне үлкен әсер ету деңгейіне жетіп отыр. Мысалға, гендік инженерия жетістіктерін алайық. Бір жағынан, геннің өзгеруі адамға пайдалы жануарлар мен өсімдіктердін жаңа түрлерін әкеледі, екінші жағынан, адамның қарсы тұруға күші жетпейтін тіршіліктің жаңа түрлері, жаңа вирус, бактерия. құбыжық жануарлар, әсіресе, ең қауіптісі, құбыжық адамдар пайда болуы мүмкін. Ғылымның жауапкершілік мәселесі әрқашанда адамдарды толғандырған, ал соңғы уакьтта өз өткірлігін тіптен үдетіп отыр. Г. Уэлс "Доктор Моро аралы" романында ғалым тәжірибе жүргізіп, құбыжық жартылай адам, жартылай жануарлар жасайды да, ақыры солардың қолдарынан өзі өлім табады. Адамзаттың сол ғалымның қателігін қайталаудан сақтануы керек.
Ғылыми қозғалыс прогресін тоқтату мүмкін емес, сондықтан ғылыми жұмыстарды адамзатқа пайдалы білімдер беретін арнаға салу қажет, ал зиян әкелетін ғылыми зерттеулерге тосқ ауыл қою керек. Ғылыми-зерттеулердің этикалық мәсееслері таза ғылыми міндеттермен қатар тұру керек. Нағыз ғалым адам әрқашанда өзіне есеп беру керек, қоғамға кандай пайда әкеледі, оларды қалай қолданады дегендей, есеп беріп отыруы керек. Өз жетістіктерінің адамға зиянын келтірмеуін қарастыруға міндетті. Ғалым әрқашанда өз елінің, өз халқының Азаматы болу керек. Ж. Керннің "Туға түзеліңдер" романында ғалым-француз профессор Рок, ең бастысы ғылыми жаңалық ашып, сонымен ақша табу керек деп есептейді. Сол үшін ол өзінің ойлап тапқан күшті торпеданың жаңа түрін қылмыскерлерге сатады. Ал, олар онымен бүкіл жерді қорқытады. Бірақ соңғы сәтте бандиттер басып алған аралға жақындаған әскери кемелердің бірінде өз Отанының - Францияның желбіреген туын көреді. Сол сәтте ғана ол осы кемелер, ондағы адамдардың бәрі қазір өзі ойлап шығарған қарудың күшімен жойылатынын түсінеді. Оның көкірегінде азаматтық ар-ұят, ғалым жауапкершілігі оянады. Сонғы сәтте ол өзін де, бүкіл аралды да өз қаруымен жарады.
Ғалымның ролі, оның азаматтық позициясы бірнеше белгілі көркем суретті әдебиеттерде көрсетілген: мысалға, С. Мұқановтың "Жанып кеткен метеор", қазақтың ұлы ғалымы мен азаматы Ш. Уалиханов тағдыры туралы, С. Льюистің "М.Эроусмит", В. Кавериннің "Ашық кітабында'", ғалым - микробиологтардың жұмысы туралы және т.б.
Курстың мақсаты ҒЗЖ орындаудың негізгі принциптерін оқып үйрену. ҒЗЖ тақырыбын таңдар алудан, жұмыстың мақсаты мен міндеттерін, зерттеу әдістері мен әдістемелерін, алған эксперимент нәтижелерін талдау жолдарын құрастыру.
Пәннің негізгі міндеті – ҒЗЖ ұйымдастыру мен жоспарлау принциптерін игеру.
Барлық орындалатын жұмыстар негізінен корпаивтік құжаттар талабына сай жүргізу қажеттігін ескеру керек.
ҒЗЖ орынду барысында жалпыға міндеті талаптарды оқып үйренуден басталады, ғылыми жұмыстың құрылымынан бастап ғылыми жұмысты көркемдеу ережелерін игеру.
Практикалық сабақтарда студент өзіндік қабілетін жетілдіріп, ҒЗЖ орындауға және алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді заманауй ғылым мен техника жетістіктерін қолдана және пайдала білуі, кәсіптік дайындығын ҒЗЖ және болашақ кәсіби мамандығында пайдалана отырып шешуге үйрету.
ҒЗЖ – ұйымдастыру түрі екі түрде жүргізіледі:
ҒЗЖ орындаудың жеке түрі – ең кең тараған түрі, ол зерттеушінің оң қабілетін көрсету көрсеткіші есебінде. ҒЗЖ бұл түрі негізінен бакалаврлық, магистрлік, докторлық, диссертация жұмыстарын орындауға қолданады.
Зерттеуші – бұл ғылым саласының белгілі бір облысында ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге, ұйымдастыруға және жоспарлауға мүмкіншілігі бар.
Зерттеу – белгілі бір ғылыми бағыты бойынша орындалатын ғылыми жұмысты құбылыстар, заңдылықтарды, өзгерістер зерттей отырып алынған жаңа білім мен нәтижелерге жету.
Топтық ғылыми зерттеу жұмысы бірнеше 3-7 адамның бірігіп жүргізілетін белгілі бір тапсырыс бойынша орындалады. Топ мүшелері орындалатын бағыттарын өзара келісім бойынша жүргізеді. Алынған нәтижелерін тапсырыс берген мекеме, ғылыми орталық немесе жетекші оқытушыға.
Топтық жұмыстың ерекшілігі орындалушылардың мәлімет алуы және беруі орындаушы топтың қарым-қатынасын байланысты; екінші – жаңа пікірлерді және оның шешу жолдарына топ мүшелерінің ой пікірінің ұсыныстары.
Бұндай мүмкіндік топ мүшелерінің бір – бірін таныстыру.
ҒЗ тобын ұйымдастырудың бес негізгі талабын орындалуы қажет:
1.Ең негізгі – білікті мамандарды жинақтау.
2.Барлық топ мүшесі жұмыс жоспарын түзу қажет.
3.Алынған барлық мәліметтер топ мүшелерінің танысу,пайдалану мүмкін болуы.
4.Орындалатын жұмысқа көп уақыт жұмсалуына дайын болу керек .
5.ҒЗ жұмысын орындау жіне талдау барысында көп сұрақ туындаса соғұрлым жұмыс нәтижелі болуы мүмкін.
Топтық жұмысты орындау барысында сайлау арқылы жауапты орындаушыны таңдар алу қажет.
Топтық жұмыс орындау барысында әр бір орындаушы жұмыс журналын арнап, орындалған ҒЖ барысын, нәтижесін, зерттеу әдістерін, әс-тәжірибе т.б мәліметтер толтырып отыруы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |