2.4.1.Ацетосірке эфирінің оргаликалық синтезде қолданылуы.
Ацетосірке эфирін қолданып әр түрлі кетондар, қышқылдар, дикетондар және екі негізді қышқылдар алуға болады. Сондай синтездерге мысалдар келтірелік.
Метилпроиилкетонын немесе май қышқылын алу:
Дикетондарды немесе екі негізді қышқылдарды алу:
Сонымен, натрийацетосірке эфирі С және О-туындыларын түзе отырып реакцияласады.
Бұл жағдайда таутомерлік емес, екі жацты реакциялаушылық қабілеттілікпен кездесіп отырмыз (А. Н. Несмеянов, М. И. Кабачник). Жағдайға қарай натрийацетосірке эфирі реакциялық орталықты жылжытып та, жылжытпай да реакцияласа алады. Ол тәрізді реакциялардың осы кездегі физика-химиялық теориясын жасаған және негіздеген М. И. Қабачник.
Несмеянов Алексаңдр Николаевич
(1899-1980)
Профессор жәме көп жылдар Мәскеу Университетінің ректоры, академик болды. Элементорганикалық қосылыстар химиясы ғылыми мектебінің негізін қалаушы. Көптеген химияпық реакцияларды ашты және зерттеді. Қалайы, қорғасын, сурьма, сынап және басқа металдардың органикалық қосылыстарын, сонымен қатар фосфорорганикалық және фторорганикалық қосылыстарды синтездеді. Металдың периодтық жүйедегі орны мен металлорганикалық қосылыс түзу қасиеті арасындағы заңды байланысты анықтады. Синтетикалық тағамдық өнімдерді алуды химиялық зерттеудің жаңа бағытын жасады
Қорытынды
Оксиқышқылдарды сұйық көбінесе кристалды заттар. Гидроксилі жоқ өздеріне сәйкес карбонқышқылдарына қарағанда бұлар суда жақсы ериді. Жеңіл оксиқышқылдар сумен кез-келген мөлшерде араласа алады. Бір негізді екі атомды оксиқышқылдардың ең маңызды өкілдерінің бірі сүт қышқылы СН3- СНОН-СООН. Сүт қышқылын сүт қышқылының нитрилінен (ацетальдегидтің циан гидридінен) қантты заттарды сүт қышқылынан ашытып, моно қанттардың судағы ерітінділерін сілтілермен әрекеттестіріп алады. Ашыту арқылы алынған сүт қышқылы техникада қолданылады. Мысалы басытқылап бояуда, былғары өндірісінде және т.б. Екі негізді төрт атомды оксиқышқылдарының ең маңызды өкілі шарап қышқылы НООС- СНОН-СНОН-СООН болып табылады. Шарап қышқылының және оның тұздарының қолданылу орындары әр түрлі. Шарап қышқылы ас-тағам индустриясында және бояу жұмыстарында шарап қышқылының тұздары, мысалы сегнет тұзы С4Н4О6КNa ∙ H2O радио техникада, анализ жасауда қолданылады. Мысалы фелинг сұйықтығы түрінде. Дәл сол анализдегідей қышқылдардың натрий тұзыда қолданылады. Медицинада және басытқылы бояу жұмыстарында құстырыш тас 2С4Н4О6К2(SbO)2 ∙ H2O деген атпен калий мен антимонилдің қос тұзы белгілі. Үш негізді төрт атомды оксиқышқылдар өкілі лимон қышқылы болып табылады. Табиғатта лимон қышқылы кең тараған. Мысалы, қызылша, таңқурай, тұшала, жүзім, лимондарда оның қышқылы 6-7% болады. Лимон қышқылы тамақ өнеркәсібін және бояу жұмысында, медицинада және басқада салаларда кең қолданылады. Көмір қышқылдардың өкілі фосген әдеттегі жағдайларда, бұл газ. Фосген тұншықтыратындай әсері бар, күйдіріп жіберетін уландырғыш зат. Осы кездегі техникада фосген өте кең қолданылады. Оның қатысуымен көптеген бояулар, мочевина және де басқа да заттар алынады. (СОСl2). Көмірқышқылдарына екі амид шығаруға болады. 1. Карбамин қышқылы.
2. Мочевина (карбамид). Карбамин қышқылы уретандар деп аталады, яғни уретандар түссіз кристалды заттар, сумен ұзақ уақыт қайнатқанда гидролизденеді. Уретандар медицинада ұйықтатқыш ретінде қолданылады. Сонымен қатар мочевинаны ацилдегіш заттармен әрекеттестіргенде уреидтер алынады.
Уреидтер ұйықтатқыштар ретінде қолданылады. Мысалы, бормизовалериан қышқылының уреиді ұйықтатқыш ретінде бромурал деген атпен белгілі.
Мочевина техникада құнарландырғыш пласмассалар синтезінде пайдаланылады. Мал азығына мочевина қосылса, азықтың құнарлығы артады.
Универсалды апельсинді крем – клетканың бұзылған қатпарларын жоғары дәрежеде тазалайды. Тері клеткаларының қайта қалпына келуін жақсартады, метабализмді жоғарлаьады. Ұзақ уақыт қолдану нәтижесі күйік, тырық дақтарын жояды. Теріні қоректендіреді және жұмсартады. Өзіңіздің нағыз аппақ теріңізді қайтарады, әжімді азайтады. Құрамы апельсин майы, табиғи аминқышқылы, протеин, жәрумендер жинағы, -оксиқышқылы. Қолданылуы. Аздаған бөлігін алып, беттерісіне жағыңыз, 1-2 минут шеңбер жасай массаж жасаңыз, содан соң жылу сумен жуыңыз.
Универсалды лимонды крем.
Құрамы- Калифорниялық лимон ЕТА-дан бөлініп алынған, табиғи аминқышқылы, протеин дәрумендер қоспасы, -оксиқышқылы.
Универсалды сүтті крем.
Қан айналым жүйесін және зат алмасу процесін жақсартады. Терінің табиғи түсі мен жұмсақтығын қайтарады қайтарады, шаршағанын басады, әжімді азайтады. Құрамы: табиғи сүт, протеин, дәрумендер жинағы,
-оксиқышқылы.
Солицильді эксфолиатор 30%.
Солициль қышқылы үздік терең тазартқыш. Ол майды ерітіп, тесіктердегі қара дақтарды кетіреді. Беттегі безеуді азайтып, жаңалары шықпауын қадағалайды. Бұл 3-4 минуттық керемет процедура жасарту эфектінде береді. Тері жұмсақ тетіс пигментті болады. Құрамына құрғақ, қатты теріден, мазольдан қорғайтын табиғи қант кристалдары, жасушалық алмасуды тұратандыратын кофеин кіреді. Жеміс тік -оксиқышқылдар теріні берік және жібектей қылады.
Крем майда әжімдерді тегістейді және басқаларының пайда болуын баяулатады. Құрамында -оксиқышқылдар, нәрлендіргіш заттар мен Е дәрумені бар.
Advanced AHA Skincare encTherary- -оксиқышқылдарымен дамытылған формуласы. Әсері: бет терісін сергітіп балғындық береді, табиғи жұмсақтықты қайта қалпына келтіреді, әжімдердің азаюына көмектеседі. Құрамы:
-алма--оксиқышқылдарының бай табиғи көзі, ол теріні нәрлендіреді, жасартады.
- қияр- микроптарға қарсы және сергіткіш қасиеті бар.
- папая – сепкілдердің кетуіне және теріні тегістеуге әсерін тигізеді.
-инжир-Е дәрумені, магний-калийдің бай көзі.
Бұл крем терінің өлген клеткаларын өзінің биологиялық күші арқылы жұмсақ жояды. 5 минуттың ішінде теріні тегістейді, беттің әуелгі түсін қайтарады. Оның құрамындағы -оксиқышқылы- тері қабатын жұмсақ түрде жақсартады.
Дене арналған майлы емес ласьон. Теріге терең сіңіп, ылғалдылықты қайта келтіреді. Осы арқылы тері нәзік және жұмсақ болады. Құрамында алма, бидай сығындысының майы бар. Алма құрамындағы -оксиқышқылының әсерімен теріні тегістеп, жұмсартып балғындық береді.
Дене арналған скраб
Шыққан отаны Италия.
Косметикалық бағыты: Korff Perlessence Anti-Age System.
Қолданылуы:Дене арналған түйіршіктері бар скраб.
Құрамы: -оксиқышқылдар, жібек протеиндері, майлар, микроскопиялық маржандар.
Қолданылған әдебиеттер
1. И.А.Артеменко «Органическая химия»-М., Высшая школа, 2003г
2. под ред. Н.А.Тюкавкиной, «Органическая химия», М., Дрофа, 2002г,
3. А.В.Перакалин, С.А.Зонис «Органическая химия»- М., Просвешение,
1966г
4. М.Е.Есқайыров, Е.Н.Әзірбаев «Органикалық химия» А., Мектеп, 1981ж,
5. В.Г. Иванов, В.А.Горленко, О.Н.Гева «Органическая химия» -М.,
Мастерство, 2003г,
6. О.А.Реутов, А.Л.Курц, К.П.Бутин «Органическая химия» Ч.2: Учебник.-
М.: изд.-МГУ, 1999г
7. А.А.Петров, Х.В.Бальян, А.Т.Трощенко «Органикалық химия»-А.,
Мектеп, 1975ж,
8. Л.Физер, М.Физер «Органическая химия», углубленный курс ІІ, М.,
Химия, 1966г
9. И.И.Гранберг «Органическая химия»-5-изд.стереотип, М., Дрофа, 2002г
10.В.Г.Дрюк, М.С.Малиновский «Курс органической химии»-Киев, Вища шк. Главное изд-во, 1987г
Web сайттар
1.ru.wikipedia.org
2.rushim.ru
3.www.krugosvet.ru
4.www.oval.ru
5.www.chemistru.ssu
6.www.cultinfo
Ұсыныстар
Оксиқышқылдарды құрамына гидроксил тобын енгізіп, қышқылдардан немесе құрамына карбоксил тобын енгізіп, спирттерден алуға болады.
Оксиқышқылдарды галогеналмасқан қышқылдарды гидролздендіріп алу әдісі. Бұл әдіс әсіресе -оксиқышқылдарды синтездеу үшін қолайлы: -галогеналмасқан қышқылдар карбон қышқылдарын галогендендірсе оңай алынады, суға араластырып қыздырғанның өзінде ешқандай қосалқы процессіз-ақ қышқылдың галогені судың гидроксилімен оңай алмасады:
СН3—CHC1—СООН+НОН↔ СН3—СНОН—СООН+НСl
Алкоголяттармен -галогеналмасқан қышқылдардың эфирлеріне әрекет жасап оксиқышқылдардың жай эфирлері алынады.
Екі негізді төрт атомды окси қышқылдарының жеке өкілінің бірі шарап қышқылдарын синтездік әдіспен табиғи заттардан алады.Шарап қышқылының және оның тұздарының қолданылу орындары әртүрлі.Шарап қышқылдары ас-тағам индустриясында және бояу жұмыстарында шарап қышқылының тұздары сегнет тұзы- радиотехникада анализ жасауда қолданған тиімді.
Шарап қышқылдарын синтездік әдіспен табиғи заттардан алу ең тиімді әдісінің бірі бұл малеин және фумар қышқылдарына сутектін, асқын тотығының элементтері қосылып: алғашқысы мезошарап қышқылын, екіншісі жүзім қышқылын беру әдісі.
Достарыңызбен бөлісу: |