Мазмұны
Кіріспе...................................................................................................................... 3
І Тарау. Мазасыздану феноменінің теориялық қалануы.
1.1. Мазасыздану мәселелерінің Oтандық психологияда зерттелінуі................ 7
1.2. Mазасыздану феноменін шет елдердің ғылыми мектептерінде қарастырылуы......................................................................................................... 11
1.3. Мектептегі мазасыздану мәселелерін қарастыру......................................... 17
ІІ Тарау. Бастауыш сынып жастағы балалардың құрбыларымен өзара
іс - әрекет ерекшеліктері
2.1. Өзара іс - әрекет стратегиялары және олардың біріккен әрекеттің белсенділігіне әсері.................................................................................................................... .…25
2.2. Коммуникативті компeтенттілік................................................................... 31
2.3. Коммуникативті компетенттіліктің байланыс және құрбылас топтағы
орнына қанағаттанбауы......................................................................................... 37
ІІІ Тарау. «Бала - бала» жүйесінің әсер етуімен мазасыздану деңгейін төмендетуге бағытталған, арнайы ұйымдасқан коррекциялық жаттығулардың, бастауыш сынып оқушыларының коммуникативті үйренулерінің қалыптасуына әсер ететін эксперименттік зерттеулер.
3.1. Бастауыш сынып жастағы балалардың мазасыздану деңгейінің көрінісіне бағытталған психодиагностикалық зерттеу (белгілеу эксперименті)............... 41
3.2. Бастауыш сынып оқушыларының мазасыздануларының төмендеуіне бағытталған, коррекциялық – дамытушылық сабақтар жүйесі
(қалыптастырушы эксперименті).......................................................................... 46
3.3. Коррекциялық – дамытушылық жұмыстың анализі
(бақылау эксперименті).......................................................................................... 56
Қорытынды............................................................................................................ 59
Пайдаланылған әдебиеттер................................................................................. 61
Қосымшалар........................................................................................................... 66
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі.
Қазіргі кезде эмоциялық тұрақсыздықпен, сенбеушілікпен, жоғары алаңдаушылықпен ерекшеленетін мазасыз балалар саны едәуір көп ұлғайған. Мазасызданудың пайда болуы және орнығуы баланың жас кезеңіндегі қажеттіліктерінің қанағаттанбауымен байланысты. Мазасызданудың тұрақты бейнесі, көбіне жеткіншек жас кезеңінде көрініс табады. Ал, оған дейін, бұзылыстардың кең шеңберін өндіруші болып табылады.
Мектептегі оқыту (жаңаны тану, алынған дағдылар мен үйренулерді тексеру) әрдайым балалардың мазасыздануының жоғарылауымен байланысты екенін психологтар байқады және де кейбір мазасыздану деңгейінің жоғары шегіне жетуі оқытуды белсендіріп, оны тиімді етеді. Мұндағы мазасыздану зейін , ес, интеллектуалдық қабілетті жасаушы фактор. Бірақ егер де мазасыздану деңгейі осы шегінен асып кетсе, адамды байбалам (паника) жаулайды. Сәтсіздікке ұрынбауға тырысып, ол қызметіне көңіл аудармай кетеді. Немесе нақты жағдайдағы жеттістікке жетуге түгелімен беріліп кеткендігі соншалық, басқа ситуацияларда ол жеңіліс табады. Осының барлығы сәтсіздік қорқынышын күшейтеді, мазасыздану жоғарылап, күнделікті кедергіге айналады.
Мазасыз балалар үшін оқу жылдарының қаншалықты ауыр өтетінін, ата – аналар да, мұғалім де жақсы біледі. Ал мектептік кезең негізгі және балалық шақтың негізін қалаушы: бұл тұлғалық қалыптасу уақыты, өмірлік жолды таңдау, әлеуметтік нормалар мен ережелерді иемдену, бойға сіңіру. Егер де оқушы уайымының себебі өз - өзіне сенімсіздік болса, онда жеке тұлға да «күмәншіл» болып қалыптасады. Мамандық таңдау бұл адам үшін өзін сәтсіздікке ұшырауға сақтану бағытына негізделген, құрдастары және мұғалімдермен қатынас жасау – қуаныш емес, ауыртпашылық..., және де мазасыздық бойын алып тұрған оқушының интеллектуалдық дамуы, оның ойлау бірегейлінімен, құмарлығымен, шығармашылық қабілеттерінің дамуымен сәйкес келмейді, өйткені шығармашыл адам - ол ерікті және тәуелділікке бел буатын адам. Ол жаңа қалыптаспаған көзқарас пен шешімді ұсынуға қорықпайды, өз жолымен жүргісі келеді, көпшіліктің мақұлдағанына қарсы келеді. Ал мазасызданғыш адамдар - қашаннан қабылданған, ескірген, бірақ көптеп тексерілген өмір нұсқаларының құлы.
Әр жас кезеңдері үшін, мазасызданудың тұрақты көрінісі немесе шынайы қатерсіз – ақ, көптеген балаларда жоғары үрейді тудыратын белгілі бір аймақтар, ақиқат объекттер болады. Бала өзінің күшінен, қабілеттілігінен күмандана бастайды. Бірақ мазасыздану сабақтағы әрекет қана емес, жекелеген құрылымды да бұза бастайды. Сондықтан жоғарылаған мазасызданудың пайда болуы себептерін білу, бастауыш сынып жастағы балалардың адекватты құлығының қалыптасуы және мазасызданудың төмендеуіне септігін тигізетін, корекциялық – дамытушылық жұмысты жасап шығаруға және уақытында жүргізілуге әкеледі.
Зерттеудің мақсаты. Бастауыш сынып оқушыларының мазасыздану ерекшеліктерінің деңгейін анықтау.
Зерттеудің обьектісі. Бастауыш сынып оқушыларының мазасыздану деңгейінің көрінісі.
Зерттеудің пәні. Бастауыш сынып оқушыларының мазасыздануларының пайда болу себептері.
Зерттеудің негізгі жорамалы. Бастауыш сынып жастағы балардың жоғары мазасыздануының белгілі бір себептерін анықтау – бастауыш сынып жастағы балалардың мінез-құлығыдағы мазасыздануларының төмендеуіне әкелетін, бағытталған коррекциялық - дамытуышылық бағдарламаны жүргізуге септігін тигізеді.
Негізгі жорамал төмендегі жанама жорамалдармен нақтыланады:
- қарастырылып отырған мәселе бойынша теориялық бастауларды талдау және жүйелеу.
- бастауыш сынып жастағы балалардың мазасыздану деңгейінің көріну ерекшеліктерін зерттеу және жоғары мазасызданудың себебін орнату;
- бастауыш сынып жастағы оқушылардың мазасыздануының төмендеуіне бағытталған, арнайы ұйымдастырылған коррекциялық - дамытушылық жаттығулардың әсер етуін қарастыру.
Зерттеудің әдістері мен әдістемелері :
- Тейлордың «Мектептегі мазасыздану деңгейін анықтауға арналған әдістемесі»;
- Филлипстің «Оқушылардың мектепке мазасыздану деңгейін анықтау тесті»;
- сыныптағы оқушылардың өзара қарым-қатынасын анықтауға арналған социометрия әдісі;
- белгілеу эксперименті ( екінші сынып оқушыларымен коррекциялық - дамытушылық жаттығулар формасында және педагогикалық ұжыммен жұмыс);
- мазасыздану деңгейінің көрінісіне бағытталған құрылымдық және бақылау эксперименттерінің және де жүргізілген коррекциялық- дамытушылық жаттығулардан кейінгі алынған нәтижелерді белгілеу.
- зерттеу әдістері мен әдістемелері зерттеуге қойылған мақсаттарды шешу мен болжамдарды тексеруде бір – бірін толықтауышы және бірін – бірі тексеруші әдістері қолданылды: мазасыздану деңгейін анықтау мәселесі бойынша еліміздегі және шет елдердегі әдебиеттерге теориялық талдау әдісі зерттеудің ұйымдастырушылық әдісі ретінде салыстырмалы әдіс, мазасыздану деңгейін анықтауға арналған әдістері.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізі қарастырылып отырған мәселеге байланысты теориялық бастауларды жүйелеу мүмкіндігі жасалынды, бастауыш сынып жастағы құрбы топтарындағы мәртебелік орындарына қанағаттанбауы мен мазасыздану арасындағы байланыс анықталды. Бастауыш сынып жастағы балалар қылығындағы мазасызданудың төмендеуіне әсер ететін, жалпы білім беру сабақтар жүйесіне қосылған коррекциялық - дамытушылық жаттығулар жүйесін құру талпынысы жасалынды.
Зерттеуге әдістемелік өзек болған еңбектер – А.М Прихожан, Р.С.Немов, Л.А.Китаев - Смык, А.В. Петровский, Г.Г. Аракелов, Н.Е. Лысенко, Е.Е. Шотт, М.З. Нейаерк, В.А. Бакеев, А. Адлер, Э.Фромм.
Зерттеу кезеңдері.
Бірінші кезең – ізденіс кезеңінде зерттеу проблемасы бойынша педагогикалық, психологиялық әдебиеттерді жинақтау және оларды оқып-үйрену ,зерттеу мәселесінің қазіргі кездегі хал-ахуалын анықтау істері жүргізілді, оқу-әдістемелік әдебиеттерге теориялық - әдіснамалық талдау жасалды, архив материалдарын жинастыру, қорытындылау.
Екінші кезеңде -тақырып бойынша деректі материалдар жинау жалғастырылды. Жинақталған материалдарға құрылымдық талдау жүргізілді.
Үшінші кезеңде -алынған материалдары сұрыптап өңделді. Мазсыздану деңгейін төмендетудің динамикасы көрсетілді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы.
- бастауыш сынып жастағы балалардың мазасыздану деңгейінің ерекшелігін зерттейтін арнайы бейімделген әдістемелер қолданысқа негізделді;
- бастауыш сынып жастағы балалардың мазасыздану деңгейінің төмендеуіне бағытталған коррекциялық - дамытушылық бағдарламаның әсері анықталды;
- бастауыш сынып жастағы балалардың мазасыздануы мен құрбы топтарындағы өз орнына қанағаттанбаушылық арасындағы байланыстың бар екені орнатылды.
Зерттеудің теориялық маңызы.
«Мазасыздануы бар бала» ғылыми ұғымның мәнін аша отырып, оның дамуы мен қалыптасуының механизмдері сипатталынды. Зерттеу барысында алынған мәліметтер бастауыш мектеп жасындағы балардың мазасыздану дейңгейін төмендетуге байланысты психологиялық білімнің теориялық ұғымдарын толықтарыды, зерттеу мәселесіне байланысты жас ерекшеліктер және педагогикалық - психологиялық мәні мен мазмұнын ашады. Қазақ шәкірттерінің мазасыздануы мен құрбы топтарында өзінің орнына қанағаттанбаушылық арасындағы тәуелділік көрсетілді.
Зерттеудің практикалық құндылығы.
Зерттеуден алынған нәтижелерді психологиялық тәжірибеде қолдану «Бастауыш сынып оқушыларының, мазасыздану деңгейін төмендетудің психологиялық негізі» тақырыбында дайындалған арнайы бағдарламасын жоғары оқу орындарындағы педагогикалық мамандықтарға әсересе психолог студенттеріне қолдануға болады.
Зерттеу жұмысының базасы.
Зерттеудің ғылыми тәжірибе - эксперименттік базасы Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы №65 гуманитарлық- эстетикалық гимназия- мектебінің бірінші, екінші және үшінші сынып оқушылары алынды.
Зерттеу нәтижесінің сенімділігі мен дәлелділігі.
Балаларда мазасыздану деңгейін төмендету мәселесі бойынша теориялық талдаудың тереңдігі және көлемімен, эксперименттік – психологияның әдістемелер жиынтығын таңдауды негіздеумен, алынған мәліметтердің сандық және саналық талдау жүйесімен қамтамасыз етілді
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Зерттеу жұмысы кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған 95 әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.Жұмыстың жалпы көлемі 74 бет.
І Тарау. Мазасыздану феноменінің теориялық қалануы.
1.1 Мазасыздану мәселелерінің Отандық психологияда зерттелінуі.
Психологиялық әдебиеттерде, мазасыздану түсінігінің түрлі анықтамаларын кездестіруге болады, бірақ зерттеушілердің көпшілігі оны ситуативтік құбылыс және өтпелі күй мен оның динамикасын білдіретін жекелік мінез ретінде қарастыруды жөн көреді.
Сонымен, А.М.Прихожан: «Мазасыздану – бұл төніп келе жатқан қауіпті алдын ала сезінумен, сәтсіздікті күтумен байланысты, эмоционалдық дискомфортты уайымдау» - дейді (Макшанцева 1998)/.
Мазасыздануды эмоционалдық күй ретінде және жекелік кескін немесе темпераменттің тұрақты қасиеті ретінде де айырып көрсетеді.
Р.С. Немовтың анықтамасы бойынша: «Мазасыздану - әлеуметтік құрылымдағы жағдайда қорқыныш пен үрейді сезіну, жоғарғы алаңдаушылық күйіне әкелетін адамның тұрақты немесе ситуативті көрініс табатын қасиеті».
Л.А. Китаев-Смык, өз кезегінде мынаны белгілейді, «психологиялық зерттеулерде мазасызданудың екі түрінің анықтамасы соңғы жылдары кеңінен тарала бастады». «Мінездің мазасыздануы» және ситуативтік мазасыздану, Спилбергтің ұсынуымен.
А.В.Петровскийдің анықтамасы бойынша: «Мазасыздану – үрейдің реакциясының туындауының төменгі сатысын сипаттайтын индивидтін қатерді уайымдауға бейім болуы жекелік ерекшеліктердің негізгі параметрінің бірі. Мазасыздану, әдетте, жүйкелік психикалық және ауыр соматикалық ауруларда жоғары болады, сонымен қатар психотравма салдарын өткізіп жатқан сау адамдарда көптеген топ мүшелерінде жекелік сәтсіздіктің субъективті көрінісінің бұзылуы». Мазасызданудың қазіргі зерттеулері жеке тұлғаның тұрақты қасиеті болып табылатын, жекелік мазасыздану және нақты сыртқы ситуациямен байланысқан ситуативтік мазасызданудың айырмашылықтарына бағытталған және де жеке тұлға және оны қоршаған ортаның өзара әрекеті ретіндегі мазасыздану анализінің әдістерін өңдеуге бағытталған (Петровекий, 1990).
Г.Г. Аракелов, Н.Е.Лысенко, Е.Е. Шотт, өз кезектерінде мынаны айтады, мазасыздану – бұл кез – келген адамның тұрақты қасиеті, шектеулі уақыттағы адамның анықталған күйі ретінде суреттелетін көп мәнді психологиялық термин. Соңғы жылдардағы әдебиеттер анализінде мазасыздану түрліше көзқараста қарастырылған. Онда адамға әртүрлі стрестерден әсер етуден туындайтын, қиын өзара когнитивтік, аффективтік және құлықтық реакция нәтижесінен пайда болатын жоғары мазасыздану туралы айтылған.
Мазасыздану - жеке тұлғаның кескіні сияқты, күнделікті үрей эмоциясымен, эмоционалды қозу сезімінің жоғарылауымен қаланатын, адам миының генетикалық детерминистік қасиетімен байланысты (Аракелов, 1997).
Зерттеулерде жеткіншектердің тартылыс деңгейінде М.З. Неймарк анықтады: олардың сәттілікке тартылуына қанағаттанбаудан келіп шыққан, агрессия, қорқыныш, алаңдаушылық түрінде кері эмоциялық күй. Соған қоса, мазасыздану түріндегі эмоционалды сәтсіздік өздерін жоғары бағалайтын балаларда байқалады. Олар «ең жақсы» оқушы болуға немесе ұжымда ең жақсы орында болуға, және де белгілі салада жоғары тартылыстарға үміттенеді, бірақ олардың өз тартылыстарына шынайы мүмкіншілігі болады (Неймарк, 1963).
Отандық психологтар, баладағы адекватты емес өзін жоғары бағалау, дұрыс емес тәрбие нәтижесінде, ересектердің бала жетістіктерін жоғары бағалаудан, яғни мақтау, оның жетістіктерін асыра сілтеуден деп есептейді.
Айналадағылардың берген жоғары бағасы және соған негізделінген өзін - өзі бағалаушылық баланы толығымен қанағаттандырады. Жаңа талаптар және қиындықтармен соқтығысқанда оның тұрақсыздығы байқалады. Бірақ бала бар күшімен өзінің жоғары бағасын сақтап қалуға тырысады, өйткені ол өзін құрметтеуге өзіне деген жақсы қатынасты қамтамасыз етеді. Дегенмен де, бұл баланың әрдайым қолынан келе бермейді. Сыныптағы құрбыларының арасында қалаулы орынға ие болуға оның кері сапалары мен мінез бітістері әсер етіп жеткізбеуі мүмкін, ал оқудағы жоғары жетістіктер деңгейіне жетуге оның толық емес білім сапасы септігін тигізеді. Осылайша жоғарғы ұмтылыстар мен шынайы мүмкіндіктер арасындағы қайшылық күрделі эмоционалды күйге әкелуі мүмкін.
Қажеттіліктерді қанағаттандырмаудан бала санасына сәтсіздік сенімсіздік және өзін сыйлауды жоғалтуды мойындауды жібермейтін қорғаныс механизмі өңделеді. Ол өзінің сәтсіздіктерінің себептерін басқа адамдардан іздеуге тырысады: ата –ана, мұғалім, достары. Сәтсіздік себептері өзінде екенін мойындаудан бас тартып жетіспеушіліктерін айтқандардың барлығымен конфликтіге түсіп, сескену, қапа болу, ашуланшақтықты байқатады.
М.С. Неймарк «оны адекватты емес деп айтады» - өзіндік әлсіздіктерінен өзін қорғайтын мықты эмоционалды қорғаныс, кез-келген тәсілдерімен санасына өзіне сенбеушілікті жібермеу, шындықты итермелеу, барлығына және бәріне қарсы сескену және ашу- ыза. Бұл күй өмірлік болып, айлап, жылдап созылуы мүмкін.
Өзіне сенімділіктің қатты қажеттілігіне бола қызығуларының өзіне ғана бағытталуына әкеледі. Мұндай күй баланың үрейленуді уайымдамауды туғызбай қоймайды. Алғашында үрей баланың алдында тұрған шынайы қиындықтардан туындап, содан соң баланың әлемге, адамдарға, өзінің мүмкіндіктеріне, өзіне деген қатынасының адекватты емес болуынан ол тұрақты кескінге ие болады. Мұның бәрі балаға кері әсерін тигізіп, бала кез-келген жағдайдан сәтсіздікті күтеді, бұдан шынайы үрей мазасыздануға айналады.
Аффект жеке тұлғаның дұрыс қалыптасуына кедергі болады, сондықтан оны жеңу өте маңызды екенін Т.В. Драгунов, Л.С. Славина, Е.С. Макслак, М.С. Неймарк атап өткен.
Бұл авторлардың жұмыстарында, адекватты емес аффектті жеңу өте қиын екені көрсетілген. Басты міндет бұл бала мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін сәйкестендіруге әкелу, немесе оның шынайы мүмкіндіктерін өзіндік бағалау деңгейіне көтеруге көмектесу, немесе өзіндік бағалауын түсіру. Бірақ ең шынайы жолы – бұл баланың қызығушылықтары мен ұмтылыстарын баланың шамасы жететін, жетістікке жетіп өзіне дәлелдей алатын салаға қарай аудару болып табылады.
Сонымен балалардағы күрделі эмоционалды уайымдаулар адекватты емес аффектпен байланысты екенін, Славинаның аффективті құлықтағы балаларды зерттеген зерттеулерінде көрсетіледі.
Бұған қоса, отандық психологтардың зерттеулерінде көрсетілгендей, балалар құлығын қиындықтарға әкелетін кері уайымдаулар тума агрессивтік инстингтердің салдары болып табылмайды.
Бұл зертеулерді мазасыздануды түсіну үшін теориялық база ретінде қарастыруға болады: бала өміріндегі белгілі бір жағымсыз жағдайлардан тындайтын шынайы үрейдің нәтижесі ретінде оның қызметі мен қтынасы барысында туындайтын білімі ретінде. Басқаша айтқанда бұл биологиялық емес әлеуметтік құбылыс.
Мазасыздану мәселесі басқа да аспектті қамтиды – психофизиологиялық алаңдаушылық пен үрейді зерттеудің екінші бағыты осы кездегі күйдің деңгейіне негізделетін, жеке тұлғаның физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін зертеу жолымен бағытталуда.
Көптеген авторлар, үрейленуді қатты психологиялық қысымдағы күй – «стресстің» құрамды бөлігі деп есептейді. Стресс күйін зерттеген, отандық психологтар, оның анықтмасына түрлі дәлелдеулер енгізді.
Сонымен, А.А. Суворова лабораториялық жағдайда алынған стресті зерттеді. Ол стресті, адамға қиын және жағымсыз эксперимент жағдайында туындайтын, күй ретінде анықтайды.
В.С. Мерлин стресті «өте қиын ситуацияда» туындатын жүйкелік қысым емес психологиялық деп табады. «Стресс» түсінігінің түрлі талқылауында барлық авторлар мынамен келіседі, стресс - бұл өте қиын ситуацияларда туындайтын қатты қысымдағы жүйке-жүйесі. Стрессті мазасызданумен сәйкестендіруге болмайды, өйткені стресс әр уақытта да шынайы қиындықтардан негізделген, ал мазасыздану олар болмаған кезде де көрінуі мүмкін. Күші жағынан да стресс пен мазасыздану күйлері түрліше. Егер стресс –жүйке - жүйесінің өте қатты қысымы болса, ал мазасыздану үшін мұндай қысымның күші тән емес.
Осыдан стресс кезіндегі үрейді қатер немесе сәтсіздікті күтуден, оны алдын ала сезінуден туындайды деп есептеуге болады. Күй ретіндегі мазасыздану - сәтсізідікті күтушілік. Бірақ үрей субъект сәтсіздікті кімнен күтуіне байланысты соған тәуелді әртүрлі болуы мүмкін: өзінен (өзінің шамасы жетпеуінен) объективті жағдайлардан немесе басқа адамдардан.
Авторлар фрустрация, стресс кезіндегі үрей, алаңдаушылық, салбыраңқылық, қорқыныш, сенімсіздік түрінде көрінетін субъектің эмоциональді сәтсіздіктерін атап өтетіндігі маңызды факт болып табылады. Бірақ бұл үрей шынайы қиындықтармен байланысып негізделген. Сонымен И.В. Имедадзе үрейді фрустрацияны алдын ала сезінумен тікелей байланыстырады.
Осыдан кез-келген түсініктегі стресс пен фрусктрация өзіне үрейді қосады.
Жүке – жүйесі қасиетінің физиологиялық қасиеті тұрғысынан алып қарасақ, біз үрейге бағытталушылық түсінігін отандық психологтардан табамыз. Сонымен, И.П.Павловтың лабораториясында сыртқы қоздырғыштар әсерінен ең алдымен әлсіз типте, содан соң қозғыш және ең азы жақсы қимылдайтын мықты тұрақты типтегі жануарларда болатыны анықталған.
Б.М. Тепловтың берілгеніне қарасақ, үрей күйі жүйке жүйесі күшіне байланысты. В.Д. Небылиц жүйке жүйесінің әлсіз типтегі мазасызданудың одан да жоғары деңгейін зерттеулерінде ұсынады.
Мазасызданудың симптомокомплексі мәсілісін қарастырған В.С. Мерлиннің жұмыстарына тоқталған да жөн. Мазасызданудың В.В. Белоус екі жолмен тексерді – физиологиялық және психологиялық.
Мазасыздануды сендірудің психологиялық механизмдерін зерттеуге қолданатын, А.В.Петровскийдің жетегіндегі В.А.Бакеевтің зерттеуі ерекше қызықты болып табылады (Бакеев 1970). Зерттелінушілердің мазасыздану деңгейлері В.В.Белоусовтың қолданған әдістерімен өлшенеді. Осыдан мынадай қорытынды шығаруға болады: эмоциональді уайымдау, жаны жай таппау, жайсыздық және мазасызданудың көрінісі ретінде қарастырылатын алдағы сәттілікке сенімсіздік, бұның бәрі құлықтың кері формаларының негізі болып табылады.
1.2 Мазасыздану феноменін шет елдердің ғылыми мектептерінде қарастырылуы.
Мазасыздану түсінігін психологияға психоаналитиктер және психиаторлар енгізді. Психоанализдің көптеген өкілдері мазасыздануды жеке тұлғаның тума қасиеті және ол адамға о бастан-ақ тән күй ретінде қарастырды. Психоанализдің негізін қалаған З.Фрейд адамның бірнеше тума әуестік инстингтер болады деді. Олар оның көңіл күйін анықтайды, адам құлығының қозғаушы күші болып табылады. З.Фрейд биологиялық құмарлық пен әлеуметтік тыйымдардың ұштасуын невроз бен мазасыздандыруды тудырады деп есептеді. Алғашқыдағы инстингтер дамның есеюіне байланысты көріністің жаңа формаларына ие болады (Фрейд 1989). Жаңа формада олар өркениеттің тыйымдарына кездесіп, адам өз құмарлығын жасырып көрсетпей, қысып ұстауға мәжбүр ие болады. Индивид өмірінің психикалық драммасы туылғанна басталады және бүкіл өмірінде жалғасады.
Жекелік психологияда А.Адлер невроздардың туындауына жаңа көзқарас ұсынады. Адлердің пікірі бойынша невроздың негізінде қорқыныш, қиындықтардан қорқыныш сияқты механизмдер жатыр. Сонымен қатар белгілі бір позицияға ұмтылған топта индивид кез-келген жекелік ерекшеліктер мен әлеуметтік жағдайларға жете алмаған, бұдан анық көрініп тұр. Дәл осы немесе басқа жағдайда осынша немесе басқа мөлшерде үрей сезімін сезінеді.
Толық еместік сезімі физикалық әлсіздікті субъективті сезінуден немесе кез-келген организмнің жетіспеушіліктерін немесе, қатынастағы қажеттілікті қанағаттандыруға кедергі болатын жеке тұлғаның сапасы мен психикалық қасиетінен. Қатынастағы қажеттілік бұл – сол уақытта топпен бірге болу, топта болу қажеттілігі де. Бір нәрсені істей алмаушылық, толық еместік сезімі адамды белгілі бір күйзеліске ұшыратады. Сөйтіп, ол қалауларынан бас тартып, капитуляция немесе компенсация жолымен құтылуға тырысады. Мұнда индивид толмаған жеріне бар энергиясын бағыттайды. Өзінің қиындықтарын түсінбегендер және энергиялары өздеріне бағытталғандар сәтсіздіке ұшырайды. Биіктікке ұмтылып, индивид «өмір тәсілін», өмір жолын және құлықты өңдейді. 4-5 жаста-ақ балада сәтсіздік, бейімделмегендік, қанағаттанбаушылық, толық еместік сезімі туып, ал олар болашақта сәтсіздікті кешуіне әкелуі мүмкін.
Адлер балада дұрыс емес ұстаным мен өмір стилінің пайда болуына әкеліп соқтыратын үш шартты айтады:
1. Ағзаның органикалық, физикалық толық еместігі. Мұндай жетіспеушіліктегі балалардың көңілін аулап, басқа адамдармен қызықтырмаса олар толығымен өздерімен босамауы мүмкін. Өзін басқа балалармен салыстыру, бұндай балаларды толық еместік, пәс түсу, күйзелу сезіміне әкеледі. Бұл сезім таныстарының кекетуінен күшеюі мүмкін. Әсірсе, бала өзін кәдімгі балаға қарағанда, нашар сезінетін қиын ситуацияларда бұл сезім ұлғаяды. Бірақ толық еместік өз-өзімен патогендік болып табылмайды. Ауру баланың өзі де ситуацияны өзгеруге қабілеттілікті сезінеді. Нәтижесі, барлық уақытта белгілі мақсаты бар, түрлі күші бар және түрліше көрінетін, индивидтің шығармашылық күшіне байланысты.
Ағзаның жетіспеушілігімен байланысты баланың үрейін және қиыншылықтарын суреттеген, оны жеңу жолдарын табуға тырысқан алғашқы – Адлер болды.
2. Тым ерке болу да осындай нәтижелерге әкелуі мүмкін. Орнына еш нәрсе бермей барлығын ала беру әдетінің пайда болуы. Қиындықтарды жеңумен байланысты емес, оңай алынған жақсылық өмір стилі бола бастайды. Бұл жағдайда да барлық қызығушылықтар мен қамқорлықтар өзіне бағытталып, адамдармен қатынас жасау, көмек беру, оларға қамқор болу тәжірибесі болмайды. Қиындықтарға деген жалғыз реакция тәсілі – басқа адамдарға талап ету. Мұндай балалар үшін қоғам жау сияқты көрінеді.
3. Елеусіз қалған бала. Елеусіз қалған бала махаббаттың және достық қарым – қатынастың не екенін білмейді. Ол доспенен қатысып жатқанын көрмейді. Қиындықтармен кездескенде қиындықтарды бағалайды, ол басқалардың көмегімен оларды жеңуге болатынына сенбегендіктен, өз күшіне де сенбейді. Ол махаббатқа және жоғары бағалаушылыққа адамдарға пайдалы әрекет жасау арқлы қол жеткзуге болатынына сенбейді. Сондықтан да ол күдікті және ешкімге сенбейді. Оның басқаларға деген махаббаттан тәжірибесі жоқ, өйткені оны жақсы көрмейді және оның құны өшпенділік. Осыдан – тұйықтық, қарым – қатынасқа түспеушілік, қызметтестікке бейімдемеушілік.
Басқаларды жақсы көре алушылық дамыту мен жаттықтыруды қажет етеді. Бұдан Адлер отбасы мүшелерінің ролін, және де бірінші анасын және әкесін көреді. Сонымен, Адлерде жеке тұлға конфликті негізінде, мазасыздану мен невроздың негізінде артықшылыққа ұмтылудан шығатын «қалу» (мықтылыққа еріктік) және «құнсыз» арасындағы қайшылық. Осы қайшылықтың қалай шешіліп жатқанына байланысты жеке тұлғаның ары қарай дамуы жүріп жатады. Қуаттылыққа ұмтылу бастапқы күш сияқты дегенді айтқанда, А.Адлер артықшылыққа, басымдылыққа ұмтылу топ адамдарынсыз іске асуы мүмкін емес деген қарым – қатынас мәселесіне жалғасады.
Бәсеке, арпалыс, қорқыныш осы арпалыстан туындайтын, және осыдан шығатын барлық жеке конфликттері, Адлер сияқты өткір психологтың жанынан өтпейтін еді. Ол құлық түрткісінің негізі сияқты үстемдікке ұмтылудың неге пайда болғанын түсінбеді. Сондықтан ол 20-шы жылдардағы осы батыс қауымның нақты – тарихы құбылысын қателікпен қабылдап және оны тума биологилық инстинкт деп есептеді, ал осыдан өз мүмкіндіктері үстемдікке ұмтылумен іске аспаумен байланысты мазасыздану, қорқыныш, алаңдаушылық және басқа құбылыстар пайда болады. Адлер тұжырымдамасының кемшілігі адекватты алаңдаушылық және адекватты еместің арасындағы айырмашылық емес, сондықтан мазасызданудың құрылымдық күй ретінде нақты бейнесі басқа ұқсас күйлерден ерекшеленеді.
Мазасыздану мәселесі нейрофридистердің арнайы зерттеулерінің пәні болды және ең алдымен К.Хорнидің. Хорнидің теориясында жеке тұлғаның үрей және мазасызданудың қайнар көзі биологиялық құштарлық пен әлеуметтік тыйымдардың арасындағы конфликт емес, ол – дұрыс емес адамдық қарым – қатынастар.
«Невротическая личность нашего времени» кітабында Хорни 11 жүйелік қажеттіліктерді атап етеді (К.Хорни, 1997).
-
Сүйкімді болуға, басқаларға ұнауға байланысты жүйкелік қажеттілігі.
-
Жалғыздықта қалуға қорқыныш, барлық күтулері мен армандарын орындайтын «серіктестікке» деген жүйкелік қажеттілік.
-
Өз өмірін шектеуге, көзге түспей, елеусіз қалуға деген жүйкелік қажеттілік.
-
Болжам жасап ,басқаларды ойлары арқылы басқаруға деген жүйкелік қажеттілік.
-
Басқаларды қанау арқылы олардан жақсыны алуға деген жүйкелік қажеттілік.
-
Абырой немесе әлеуметтік қадірлеушілікке, тануға деген қажеттілік.
-
Жеке тұлғалық яғни өзінің өсіріп көрсетілген бейнесіне қажеттілік.
-
Басқаларды озуға деген қажеттілік, жекелік жетістіктерге жүйкелік ұмтылушылық.
-
Өзіндік қанағаттану мен тәуелсіздікке деген жүйкелік қажеттілік, ешкімге мұқтаж болмауға қажеттілік.
-
Махаббатқа деген жүйкелік қажеттілік.
-
Артық, кемел, қол жеткізуге деген жүйкелік қажеттілік.
Осы қажеттіліктерді қанағаттандыру көмегімен адам үрейден құтылуға тырысады, бірақ жүйкелік қажеттіліктер тойымсыз, оларды қанағаттандыру мүмкін емес, ал бұдан шығатыны үрейден құтылудың жолы жоқ деп есептеді К.Хорни. Көп деңгейде К.Хорни С.Салливенмен жақын,ол «жеке тұлға арасындағы теорияны» құраушы ретінде танымал. Жеке адам басқа адамдардан, жеке адамдар арасындағы ситуациялардан бөлектенуі мүмкін емес. Сәби өзінің туылған алғашқы күнінен бастап–ақ адамдармен өзара қарым – қатынасқа түседі және бірінші кезекте анасымен. Индивидтің ары қарай дамуы мен әрекеті жеке тұлға арасындағы қарым қатынастың өнімі болып саналатын бастапқы алаңдаушылық, үрей бар деп есептейді Салливен.
Салливен организмдерді кернеудің энергиялық жүйесі ретінде қарастырды. Ол белгілі бір шектердің арасында айнып тұрады – босаңсу, тыныштық күйі және кернеудің ең үлкен дәрежесі. Кернеудің бастаулары үрей және организм қауіптілігі болып табылады. Үрей адам қауіпсіздігіне шынайы немесе жалған қатерден туындайды.
Салливен, Хорни сияқты мазасыздануды тек қана жеке тұлғаның негізгі қажеттіліктерінің бірі ретінде қарастырмай, оның дамуын анықтайтын фактор ретінде де қарастырады. Жақсы емес әлеуметтік ортаға жақындау нәтижесінде, ерте жастық шақта пайда болған мазасыздану, күнделікті және әрдайым адамның бүкіл өмірінде болады. Алаңдаушылық сезімінен құтылу индивид үшін «орталық қажеттілікке» айналады және оның әрекетін анықтайтын күш болып табылады.
Адам қорқыныш пен үрейден, құтылу тәсілі болып табылатын түрлі әрекеттерді өңдеп шығарады. Мазасыздану түсінігіне Э.Фромм басқаша келеді (Фромм 1990). Хорни мен Салливенге қарағанда, Фромм психикалық дискомфорт мәселесіне қоғам дамуының тарихи тұрғысынан қарастырады.
Э.Фромм ортағасыр қоғамдық кезеңінде оның өндіріс тәсілдері мен топтық құрлымында адам еркін болған жоқ, бірақ ол жалғыз және бөлектенген жоқ, өзін осындай қауіп – қатерде сезінген жоқ және капитализмдегідей үрейді сезінген жоқ, сондықтан ол заттардан, табиғаттан, адамдардан, «жатырқаған» жоқ. Адам әлеммен бастапқы бастаумен байланысты болды. Фромм оларды алғашқы қауым болатын “табиғи әлеуметтік байланыстар” деп атады. Капиталзмнің өсуімен бастапқы бастаулар айырылып ерікті индивид пайда болады, табиғаттан, адамдардан, айырылған, нәтижесінде ол терең сенімсіздік, дәрменсіздік, күманданғыш, жалғыздық және үрей сезімдерін сезінеді. Үрейден құтылу үшін “жағымсыз еркіндікпен” туылған, адам осы еркіндіктің өзінен құтылуға тырысады. Жалғыз жолды ол еркіндіктен қашу деп табады. Яғни өзінен - өзі қашу, ұмытуға тырысады және жаман өзіндегі үрей күйін басып жаныштайды. Фромм, Хорни және Салливен үрейден құтылудың түрлі механизмдерін көрсетуге талпынады.
Фромм, бұл механизмдер сонымен қатар, “өзіне қашу” да, тек қана үрей сезімін үстіртін ғана жабады, ол толығымен индивидті одан құтқармайды. Керісінше бөлектенгендік сезімі күшейіп, өз «менің» жоғалтуда ең ауру күйі құралады. Еркіндіктен қашудың психикалық механизмдері иррационалды болып келеді. Фроммның пікірі бойынша, олар қоршаған шарттарға жауап беру реакциясы емес, сондықтан үрей мен күйзелу себептерін жоюға шамасы келмейді. Осы орайда, мынадай қортындыға келуге болады, мазасыздану қорқыныш реакциясына негізделген, ал қорқыныш ағзаның бүтіндігін сақтаумен байланысты, белгілі бір ситуацияларға жауап беретін тума реакция болып табылады.
Авторлар алаңдаушылық пен мазасыздану арасын айырмайды. Екеуі де, бір кезде балада қорқынышты тудыратын, жағымсыздықты күту ретінде көрінеді.
Үрейдің көмегімен бала қорқыныштан құтылуы мүмкін, қарастырылған теорияларды анализдеп, және жүйелеп, авторлар өздерінің жұмыстарныда белгіленген, үрейдің бірнеше бастауларын, бөліп көрсетуге болады:
1. Потенциальді физикалық зияннан үрей бұл алаңдаушлық түрі ауыртпашылық, қауіп – қатер, физикалық сәтсіздік стимулдарымен байланысудың нәтижесінде пайда болады.
2. Махаббатты жоғалтып алудан үрей (ана махаббаты, құрбыларының сенімі).
3. Үрей әдетте төрт жастан кем емес кезде байқалатын кінә сезімінен туындауы мүмкін. Біраз үлкен жастағы балалардың кінә сезімдері өзін кемсіту, өзіне деген ыза, өзін лайықсыз ретінде ойлап уайымдау, сезімдерімен сипатталады.
4. Қоршаған ортаны меңгеріп алуға қабілетсіздіктен тындайтын үрей. Ол қоршаған орта бөліп шығаратын мәселелерді адам шеше алмайтынын сезінсе көрінеді. Үрей толық еместік сезімімен байланысты бірақ онымен пара – пар емес.
5. Үрей фрустрация күйінде де пайда болуы мүмкін. Фрустрация қатты қажеттілік немесе қалаулы мақсатқа жетуде кедергі пайджа болғанда, уайым ретінде анықталады. Үрей күйін әкелетін (ата-ана махаббатынан айырылу және т.с.с) және фрустрацияны туғызатын ситуациялар арасында толық тәуелсіздік жоқ және авторлар да осы түсініктердің арасын нақты айырып көрсетпейді.
6. Үрей әр адамға сол немесе басқа дәрежеде тән. Болмашы үрей мақсатқа жетуге жұмылдыра әрекеттендіреді. Үрейдің мықты сезімі эмоциональді бұзылған болуы мүмкін және ол қайғы әкеледі. Үрей адамға міндетті түрде шешілуі керек, мәселелерді ұсынады. Осы мақсатта түрлі қорғаныс механизмдері (тәсілдері) қолданады.
7. Үрейдің пайда болуында үлкен мән отбасылық тәрбиеге беріледі, ананың роліне, бала мен ананың өзара қарым – қатынасына. Жастық шақ кезеңі жеке тұлғаның келесі дамуын болжайтын кез болып табылады.
Осы орайда Массер, Корнер және Каган үрейді, бір жағынан, әр жеке адамға тән, қауіп –қатерге тума реакция ретінде қарастырса, екінші жағынан адам қоршаған ортамен өзара іс - әрекетте кездесетін, жағдайлардың (стимулдардың) өсімталдық деңгейіне тәуелді адамның мазасыздану деңгейін бөліп көрсетуге болады. lersild A, қорқыныш күйін алаңдаушылық және үрейді қоршаған ортада болып тұратын субъект жағдайға реакция ретінде қарастырады. Бұл екі құбылыстың арасында айырым жасалмайды. Алаңдаушлық кішкентай сәбиге тән болып келеді, ол қатты дыбысты естігенде кездейсоқ орын ауыстыруды сезінген немесе сүйенішін жоғалтқанда, сонымен қатар, ағза әлі дайын емес, басқа да кездейсоқ тітіркендіргіштер кезінде. Бірақ кішкентай бала оның кейінгі есейген шағында мазасын алуы мүмкін көптеген стимулдарға сезімсіз қалады. Роджерс эмоционалдық өзін-өзі сезінуді басқаша қарастырады (Роджерс К, 1980). Ол жеке тұлғаны адам тәжірибесінің өнімі ретінде немесе құлықтың және сананың қоғамдық формаларын меңгеру нәтижесі ретінде қарастырады.
Қоршаған ортамен өзара іс-әрекет нәтижесінде балада өзі туралы, өзін бағалаушылық туралы сипаттама пайда болады. Бағалаушылық тек, қоршаған ортамен үнемі қатынасу тәжірибесінен ғана емес, сонымен қатар, басқа адамдардан алынып, пайдаланылып, индивидтің өзі өңдеп жасаған сияқты болып қабылдануы мүмкін.
Роджерс мазасызданудың басқа бастауын мынада деп көреді, сана деңгейінің астында жатқан құбылыстар бар және де егер олар жеке тұлға үшін қауіпті сипатта болса, онда оларды саналы тұрғыдан ұғынғанға дейінгі бейсана астында қабылдап қоюы мүмкін. Бұл адам алаңдаушылықтық себептерін бағалай алмау күйіне, толқу үрей ретінде саналы қабылданатын, жүрек соғуы өсуінің реакциясының тудыруы мүмкін. Үрей оған себепсіз болып көрінеді.
Негізгі үрей және жеке тұлғаның негізгі конфликтін Роджерс жеке тұлғаның екі – саналы және санасыз жүйесінің қатынасынан шығарып қарастырады. Егер осы екі жүйенің арасында толық келісім болса, онда адамның көңіл күйі жақсы болып, ол сабырлы өзіне қанағат болады. Және керісінше екі жүйе арасындағы келісім бұзылса түрлі уайымдау алаңдау, үрей пайда болады. Бұл эмоционалдық күйлерді ескертудің басты шарты тез арада, адам өзінің бағалаушылығын қарастыра алуы және жаңа өмір шарттары талап ететін болса, өзін өзгерту болып табылады. Сонымен Роджерс теориясының шиеленіс драммасы, ол өткен тәжірибесі нәтижесінде құрылған өзі туралы түсінігі мен қазіргі алынып жатқан тәжірибесі арасындағы индивид өмірінің процесінде пайда болады. Осы қарама – қайшылық мазасызданудың негізгі қайнар көзі.
Негізгі жұмыстардың анализі көрсеткендей шет елдердегі авторлар мазасыздану табиғаты түсінігін екі жақтан қарастырады. Мазасыздану түсінігі адамға о бастан-ақ берілген қасиет ретінде және мазасыздану түсінігін адамға дұшпан сыртқы әлемге реакциясы ретінде, яғни мазасыздану өмірдің әлеуметтік шарттарынан шыққан.
Бірақ, осыған қарамастан мазасыздану түсінігін биологиялық және әлеуметтік деп бөлу принципті болар еді. Бірақ біз авторларды осы принцип бойынша бөле алмаймыз. Бұл екі көзқарас әрдайым көптеген авторларда қиылысып, араласады. Сонымен, Хорни немесе Салливен үрейді негізгі үрейдің бастапқы қасиеті деп есептейді. Бірақ оның әлеуметтік шығуын оның ерте балалық шақтағы қалыптасу жағдайына байланысты екенін белгілеп кетеді.
Фромм, басқа әлеуметтік ұстанымдардан тұратын сияқты, керсінше мазасыздануды табиғи әлеуметтік байланыстардың «алғашқы бастаулардың» бұзылуының нәтижесінде пайда болады деп есептеді. Ал табиғи әлеуметтік бастаулар дегеніміз не? - ол табиғи яғни әлеуметтік емес. Онда үрей әлеуметтіктің биологиялыққа басып енуінен пайда болады. Осыны Фрейд те қарастырады, бірақ табиғи құштарлықтардың бұзылысы орнына, оның пікірінше, «табиғи байланыстардың» бұзылысы болып жатады.
Мазасыздану түсінігіндегі осындай биологиялық және әлеуметтік араласуларды біз басқа авторлардан байқаймыз. Мазасыздану табиғаты түсінігінің нақты еместігіне, түрлі бітпейтін айырмашылықтарға қарамастан барлығына ортақ бір бейне бар. Ешкім объективті негізделген мазасыздану мен адекватты емес мазасыздану арасын бөліп айырмайды.
Осы орайда, үрейді немесе мазасыздануды уайымдау күйі немесе азды көпті жеке тұлғаның ерекшелігі ретінде қарастырсақ, онда оның ситуацияға қаншалықты адекватты екені мардымсыз. Үрейге негізделген уайым – қайғы, қарастырылғандай, негізделмеген уайым – қайғыдан ерекшеленбейді. Субъективті жағынан бұл күйлер тең. Бірақ объективті жағынан айырмашылық өте үлкен. Субъект үшін объективті мазасыз ситуациядағы үрей уайымдаулары – бұл қалыпты адекватты реакция. Бұл жеке тұлғаның дұрыс қалыптасуын және жақсы әлеуметтенуін әлемді қалыпты адекватты сипаттайтын реакция болып табылады. Мұндай уайымдау субъекттің мазасыздану көрсеткіші болып табылмайды. Үрейді жеткілікті негізсіз уайымдау, бұл әлемді бұрмалап, қате адекватты емес, қабылдау болып табылады. Бұл жағдайда мазасыздану адамның ерекше қасиеті ретінде ерекше адекватты емес түрі ретінде сөз болады.
Достарыңызбен бөлісу: |