Биологиядан орындалатын сыныптан тыс жұмыстар.
І.Топпен орындалатын жұмыстар
|
Жас табиғатшылар үйірмесі.
|
ІІ.Көпшілікпен орындалатын жұмыстар
|
Табиғатта жасалатын таным-жорықтар мен топсеруендер, Ғылыми конференциялар мен кештер, оқушылардың жасаған жұмыстарының көрмесі. Журналдар, қабырға газеттерін шығару. Кампаниялар: сабан той, Бақ аптасы, құстар күні, Биология аптасы т.б.
|
ІІІ.Жөкеше
орындалатын жұмыстар
|
Тірі табиғат мүйісіндө орындалатын жұмыстар.
Оқу-тәжірибие учаскесінде орындалатын жұмыстар. Сыныптан тыс оқу. Ғылыми зерттеу жұмыстары.
|
А) Жас табиғатшылар үйірмесі.
Биологиядан орындалатын сыныптан тыс жұмыстардың ішінде, негізгі орынды алатын жас табиғатшылар үйірмесі. Жас табиғатшылар үйірмесінің негізгі мақсаты - оқушылардың пәнгө қызығушылығын арттырып, білім деңгейлерін көтеру, ғылыми көзқарастарын қалыптастыру және бақылау, зерттеу, эксперимент жұмыстарын орындау икемдағдыларын қалыптастыру.
Жас табиғатшылар үйірмесінің жұмысы жүйелі түрде, нақты құрылған жоспармен жүргізіледі. Оқушылар саны тұрақты, өз еріктерімен қатысады.
Мектеп тәжірибесінде әр сыныптарда жас ерекшеліктеріне байланысты арнайы үйірмелер болады:
• 6-7 сыныптарда "жас ботаниктер" үйірмесі.
• 7-8 сыныптарда "жас физиолог" үйірмесі.
• 10-11 сыныптарда "жас биолог" үйірмесі.
Бұлардың барлығы "жас табиғатшылар" үйірмесі деп аталады. Барлық топтағы үйірмелердің бір-бірімен тығыз байланыста болуы, көпшілік іс-шаралар мен пайдалы жұмыстар жүргізген кезде жеңілдік туғызады.
Үйірмеде орындалатын жұмыстарды сабақ кезінде пайдалануға болады. Үйірме жұмыстарын дайындауда оқушылар еңбек етуге, этикалық тәрбиеге дайындалады. Ұжымдық еңбек етуге үйренеді.
Үйірмедегі әрбір оқушының жеке жұмысын, ұжымдық, көпшілік жұмыстармен сәйкестендіру, оқушылардың көпшілік сезімін дамытады. Орта буын оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, үйірме жұмысының алуан түрлі болуын, оқушылардың қызғушылығын дамытып, шығармашылықтарын көтеретіндей болуын көздеу керек./10/
Үйірме жұмыстары қатысатын оқушылар саны 15-20-дан жоғары болмауы көрек. Одан асса екінші топ ұйымдастырған жөн. Үйірме жұмысы аптасына 1 рет немесе айына 2 рет ұйымдастырылады. Үйірме жұмыстары жалпы тақырыпты қамтиды, әдебиеттермен танысу, эксперимент жұмыстары жекеше және ұжымдық жұмыстар жүргізудің әртүрлі тәсілдерін қамтып орындалады.
Өсімдіктану пәнінен үйірме жұмыстарында мына тақырыптар бойынша жұмыс жүгізуге болады: "Орман байлықтары" (қазан айы), "Терезе алдындағы бақ" (қараша, желтоқсан айлары), "Жасыл құрылыс" (наурыз, сәуір, мамыр), "Мәдени өсімдіктер" (қыркүйек, қазан), "Көзге көрінбейтін тасадағы әлем" (желтоқсан, қаңтар).
Жануар пәнінен: "Бір тамшы судағы тіршілік", "Ауру жануралар", "Теңіз түбіндегі тіршілік", "Тоғандағы тіршілік", "Қауіпті бауырымен жорғалаушылар", "Жойылған ғажаптар", "Қанатты достарды қорғау", "Біздің құстар", "Тамаша зоология жаңалықтары" "Жануарлардың мінез-қылықтарын басқару құпиясы" тақырыптарын қарастырамыз.
Тәнтану пәнінен үйірме жұмыстарында қарастырылатын тақырыптар: "Адам денсаулығы және өмірі үшін күрес" (Қан құю, жүрекке жасалатын ота, иммунитет туралы, мүшелерді алмастыру, ағзаны тірілту, эмбриондарды тасымалдау т.б.). "Адам миының құпиялары" (ұйқы және гипноз, инстинкт және сана, тежелу процесінің адам және жануар тіршілігі үшін маңызы), "Ғылымның даму тарихы" (Ұлы физиолог ғалымдар И.М.Сөчөнов, И.П.Павлов т.б.)
Тіршіліктану пәнінен үйірме жұмыстарының жоспарында жоғарғы сынып оқушыларының дүниеге көзқарасын, ғылымға, табиғатқа, қоғамға қарым-қатынастары мен көзқарастарын тәрбиелейтін тақырыптарды біріктіру керек. Мысалы, "Жер және адамның өткендегі дәуіріне саяхат", "Табиғат зерттеуші - үлы ғалымдар", "Тірі жасушаның тіршілігі", "Мендель заңдары", "Табиғаттағы қоректік тізбек", "Биология және келешек", "Космостық биология", "Биосфераны қорғау", "Дүниежүзілік мұхиттарды зерттеу".
Ә) Танымжорықтар
Оқушыларға экологиялық тәрбие беру мақсатында сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың ішінде танымжорықтық (экскурсия) өзіндік орны бар.
Танымжорық ол орыс тілінде "экскурсия", латынша "excurcion" (сапар, серуен) ғылыми, білім беру, мәдени ағарту мақсатында белгілі орындарға ұйымдастырылған ұжымдық сапар және жорық.
Танымжорық оқушылардың табиғатқа жауапкершілік сезімін, дүниетанымын, көзқарасын қалыптастыруы, табиғаттың даму заңдарын жеңіл түрде ұғындырумен қатар, идеялық тәрбие жұмысының біршама дербес формасы, ол адамның рухани байлықты игеруіне көмегін тигізеді және көзделген мақсатқа жету үшін қолданылатын көмекші иллюстриялық құрал рөлін атқарады. Танымжорық арқылы оқушылардың ой-өрісінің кеңеюін айналамызды қоршаған дүниө жайлы олардың құбылыстардың өзара байланысы мен өзара шарттылығы туралы білімдерінің молаюы, танымдық мүдделердің дамытылуы сияқты дидактикалық міндеттерді шешуге болады.
Танымжорық әлеуметтік психологиялық - педагогикалық тәрбие береді. Олар эстетикалық, этикалық, адамгершілік, денешынықтыру, еңбекке баулу, экологиялық тәрбие берумен қатар оқушылардың белгілі бір пәннен сабақ үстінде алған білімін толықтырып, тереңдетуге мүмкіндік береді. Баланы қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас жасай беруге үйретеді.
Танымжорық мақсаты - оқушылардың сана-сезімін толықтырып, ой-өрісін кеңейту үшін арналған қосымша сабақ ретінде мектеп бағдарламасында міндетті түрде өту, яғни оқушылардың сана-сезімін толықтыру, келесі сабақтарда осы өткізілген танымжорықтар жөнінде әңгімелесу арқылы олардың есте сақтау қабілетін байқау.
Белгілі педагог, әдіскер К.Г.Ягодовский XX ғасырдың басында танымжорық жүгізіудің негізгі ұстанымдарын ұсынды, ол "Танымжорықтың негізгі мақсаты оқушыларға тірі заттардың аттарын жаттату емес, табиғатты бақылауға (көруге) үйрету",- деді. А.А.Коменскийдің пікірі бойынша "адам баласы мүмкіндігінше білімді кітаптан емөс, аспаннан, жерден, еменнен, үйеңкідөн т.б. білетін болу керек. Заттар туралы бөгде біреудің байқаулары мен куәландіруінен емес, тікелей заттың өзінен үйренетін болуы тиіс".
Табиғатқа жасалған танымжорықтың маңызды міндеттерінің бірі - табиғатты қорғау, табиғат байлықтарына ұқыптылықпен қарау мәселелерін барынша насихаттау. Мысалы, жануларлар дүниесіне саяхат жасалатын болса, онда танымжорыққа шығар алдында аңшылардың ережесі, броконьерлермен күрес жолдары, жануарлардың, құс пен балықтардың "Қызыл кітапқа" жазылған, құрып бара жатқан түрлері таныстырылады. Мысалы, зоопаркке барған кезде оқушылар өздерін қалай ұстауға, оларды мазалауға болмайтыны айтылады. Ал өсімдіктанудан танымжорық кезінде өсімдіктердің жағдайын мысалы, ағаштардың құрал қалғаны, гүлді өсімдіктердің солуы жөнінде балаларға түсіндіріп, оған адамдардың кінәлі екенін өсімдіктерді қорғау керектігін түсіндіріп беру тиімді болады.
Танымжорыққа шығар алдында оқушыларға нені бақылау екрегі, яғни бақылауға алынған объөктіні таңдап алуды, жинақтамаға нені жинайтыны, табиғат аясында өзін-өзі ұстауға ескөртіледі. Оқушыларды бақылауға, зерттеуге үйрету үшін олардың көзіне айқын түсетін ең жақын, ең таныс жергілікті объектілердеы бастаған жөн. Оқушылар табиғат құбылыстарының өзгеру, даму ерекшеліктерін өздері қатысып байқау, бақылау нәтижесінде түсінетін болса, кейін бүкіл табиғат заңдылықтарын түсіну дәрежесіне көтеріледі. өздеріне белгілі тіршілік пен құбылысты таныстырудан бастап, соған негізден оқыту оқушылар ойының саналы түрде дамуына жағдай жасайды.
Оқушыларды төңіректегі әлеммен таныстыруды олар үшін белгілі де түсінікті және таныс мәселелерден бастау керек. Танымжорық кезінде балалар әртүрлі сұрақтарға жауап табады. Оқушының ойлау, көз алдына елестету қабілетін, сезімдерін дамытуға табиғаттың әсері өте күшті. Оқушы табиғатты алғашқыда өте сезімталдықпен қабылдайды. Оның көз алдында төңіректегі сұлулығы ашылады. Танымжорық бүкіл оқу жылы бойына өткізіліп тұрады, олар оқушыларды айнала қоршаған ортамен таныстырады. Танымжорық жылдың кез-келген мезгілінде өткізіле береді. Қысқы жылдың кез-келген мезгілінде оқушылар өздері күзде болған таныс жерлерін аралайды. Орман ішінде болған өзгерістерді байқайды. Неліктен қар жауатынын, шырша мен қарағайдың қыста нөліктен бұрынғысынша жап-жасыл болып тұратыны жөніндегі сұрақтарға мұғаліммен бірге жауап іздестіріп табады.
Қысқы танымжорық кезінде оқушылар өсімдіктерді, қыста қалатын құстарды бақылайды. Оқушылар мынадай тапсырма алады. Қысқы орман қандай болатынын бақылау және танымжорықтан кейін алған өз әсерлерін бейнелеу.
Көктемде бақ ішіне танымжорыққа шығуға болады. Мұнда оқушылар көктемнің май айында гүлдеп тұрған алма, шие, алмұрт, қызыл шие ағаштарын көреді, көктемнің белгілерін байқайды. Олардың назарын қаулап өсе бастаған шөпке, оның ашық жасыл түсіне аудару қажет. Орман ішіндегі ағаштар көктемгі сәніне енеді. Көктемгі орманның үнін, құстардың сайрағанын тыңдауға болады.
Күзгі орманға жасалатын танымжорық тапсырмалары мынадай болуы мүмкін. Күзгі букет, гербарий үшін ағаштар мен бұталардың жапырақтарын жинау, танымжорықта алған өз әсерлерін жазу, өсімдік түрлерін бақылау, материал жинау және көркемдеу үшін оқушылар топтарға бөлінеді.
Танымжорыққа қорытынды жасай отырып, мұғалім табиғат байлықтары жөнінде білім қалыптастырады. Оқушылардың білім жетістіктерінен биология мұғалімінің өз білімін оқушыларға бере білуі тәрбиесіндегілерді пәнге қызықтыра білудегі үлкен еңбегі көрінеді.
Б) Экологиялық соқпақтар.
Оқушылардың экологиялық тәрбие беру жұмысында экологиялық соқпақтың да өзіндік орны бар. Экологиялық соқпақтың танымдық, тәрбиелік және ұйымдастырушылық маңызы ерекше. Баланы табиғи ортамен дұрыс қарым-қатынас жасай білуге үйретеді. Экологиялық соқпақ ұйымдастыратын аймақ алдын-ала тексеріліп, ондағы табиғи жағдайлар ескеріледі, оған қатысқан әрбір оқушының бойында табиғатқа аяушылық сүйіспеншілік сезім, дүниетанымы қалыптасады, сол арқылы өз құрбыларына ерекше ықпал жасайды. Оқушылардың экологиялық білімін тереңдете түсуде табиғат аясының рөлі өте зор. Өйткені, табиғат аясында білімдерін практикамен ұштастыра түседі. Сыныптарда оқыған, көрген өсімдіктер мен жануарлар дүниесін өз көздөрімен көріп, олардың биологиялық және экологиялық тәрбие берудің мұндай түрлеріне мектеп жанындағы тәжірибе участоктері, ботаникалық бақ, зоопарк, ұлттық парктер, қорықтар, табиғат ескерткіштері, тарихи ескерткіштер т.б. жатады.
Оқушылар далалық саяхат барысында табиғат объектілерімен бетпе-бөт кездесе отырып, оның өзгеру себептерімен, организмдердің көптүрлігімен, қорғауды ұйымдастыру, табиғатты тиімді пайдалану, табиғатты аялау сияқты т.б. адам мен табиғат расындағы қарым-қатынасты терең сезініп оларға деген аяушылық сезімі мен жауапкершілігі арта түседі. Оның үстіне өзін табиғатта қалай ұстау керектігін, табиғат қорғау белгілері туралы, табиғатты пайдалану тәртібін, табиғат қорғау құқықтарын сезінеді.
Экологиялық соқпақты мұғалімдер ұжымы бірлесіп ұйымдастыруы қажет. Оның алдын-ала жоспары жасалып, картасымен танысып, оның бойындағы табиғат объектілері зерттелінеді. Экологиялық соқпаққа география, биология, экология, химия, тарих пәндерінің мұғалімдері қатысса, ол өте жоғары деңгейде өтеді./12/
Экологиялық соқпақтың негізгі мақсаты оқушылардың табиғат ортадағы мінез-құлқын, этикасы мен экологиялық мәдениетін қалыптастыру болғандықтан оның жауапкершілігі жоғары болады.
Экологиялық соқпақ негізінен саяхатшылардың 3 категориясын қамтиды:
1. Педагогтар мен тәлімгер;
2. Оқушылар;
3. Табиғатты сүюші көпшілік қауым.
Әрбір экологиялық соқпақ оқушының қызығатын, әрі қимайтын орнына айналуы тиіс, Экологиялық соқпақтың ұзындығы 1,5-2 шақырымнан аспағаны жөн, егер одан ұзақ болса, оқушыларды жалықтырып жібереді. Экологиялық соқпақтың мектеп маңында болғаны жөн. Экологиялық соқпақ өтетін табиғат алқабында әр түрлі ландшафтар қамтылып, онда сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар түрлері болуы тиіс. Сонымен бірге эколгиялық соқпақ өтетін жер антропогендік әсерлерге ұшыраған алқаптарды да қамтығаны жөн, ластанған су айдыны, қоқыс-қалдықтар, эрозияға ұшыраған жер, карьер, өртенген орман алқабы немесе дала т.б. жерлер болса, сол арқылы адамдардың табиғатқа әсеріне оқушылардың көзін жеткізуге болады.
Экологиялық соқпақ ететін жер алдын-ала тексеріліп, жергілікті шаруашылық иелерімен келісіп, шарт жасасып, заңдастырылады. Экологиялық соқпақтың ашылуына ерекше көңіл бөлу керек, әрбір оқушының есінде өмір бойы ұмытылмайтын әсер қалдыратындай салтанатты түрде өткізілсе ғана оқушы табиғат алдында жауапкершілігін сезіне алады. Экологиялық соқпақтың оқушыларға пайдасы:
• Пәннен алған табиғат туралы білімін толықтыруға әсер етеді;
• Табиғатқа деген сүйіспеншілік артып, тек сабақ үрдісінде алған біліміне сүйенбей, оқушы экологиялық соқпақ кезіндегі алған іс-тәжірибелеріне сүйенуіне мүмкіндік алады;
• Табиғатпен, айналадағы ортамен тікелей қарым-қатынастың нәтижесінде оқушылардың табиғатқа сүйіспеншілігі, жанашырлығы, аяушылық сезімі, экологиялық санасы қалыптасады;
• Оқушылардың табиғат байлықтарын күтіп-баптау жөнінде, оларды ұқыпты, үнемді пайдалану туралы түсініктері қалыптасады.
Экологиялық соқпақтан келгеннен кейін өз көрген білгендері, атқарған жұмыстары жөнінде шығарма жаздырып, оқушылардың табиғатқа қары-қатынасын білуге болады.
ІІ-тарау. Туризм-табиғатты тану
2.1. Туристік саяхат түрлері және оның адам өміріндегі маңызы.
Туризм біздің елімізде қазіргі кезде өте қарқынмен дамып келеді. Ғалымдардың айтуынша туризмге деген қызығушылық бұдан әрі дами береді. Көпшілік адамдар үшін туризм туған өлкені және шөт мемлекеттерді тану құрамы ғана емес, сонымен бірге ол дене шынықтыру мәдениетінің негізгі, құраушы бөлімі болып табылады.
Қазақстан туризмнің дамуына, өркендеуіне үлкен үлес қосатын мемлекет. Басқа мемлекеттермен салыстырғанда Қазақстанның жер бедері, климаты, географиялық белдеудің көптүрлілігі көз тартады. Осының барлығы туристерге демалыс түрлерін (теңізге шомылу, шаңғымен сырғанау, тауға жорықтар) таңдауына мүмкіндік береді.
Қазақстан территориясында көптеген ежелгі мәдени ескерткіштер, архитектуралық және тарихи ескерткіштер, қазіргі салынған Медеу мұз айдыны, Екібастұз энергетикалық кешені, Айша-бибі мавзолейі бар. Адам қолынан туындаған осы ғажайып туындылар біздің мемлекетке келушілерді өзінің қайталанбастығымен таң қалдырады.
Атақты орыс жазушысы А.М.Горький отан тануды туризмнің рекреациялық түріне жатқызды. Біз үшін, Қазақстан халықтары үшін ең бастысы - Отанды танып білу, оның тарихымен таныс болу, оның әсемдігін құдіретін, байлығын танып білу. Туристік жорықтар, саяхаттар, экскурсияларсыз еліміздің ұлылығы мен әсемдігін көріп білу, түсіну мүмкін емес. /19/
Туризм - демалыс күндері және мереке күндері өтілетін белсенді және танымдық демалыстың біріне жатады. Әрқайсымыздың бос уақытымыз - қоғамның игілігі болып табылады. Оны өзің үшін және қоғам үшін ұқыпты пайдалану керек. Автомобильдің гуілі, магнитофон, гитараның шуылы адамның көңіл күйіне зиян әсер етеді. Австриялық оқымыстылардың айтуынша, шуылдар адам өмірін 8-12 жылға қысқартады екен. Осы шуылдардан құтылу үшін барлық кезде уақыт жете бермейді. Әлеуметтанушылардың мәліметі бойынша ұйқыға, тамақ ішуге жұмсалғаннан басқа жылына 300 сағат бос уақытымыз бар екен. Ал біз 1 жылда 58 сағатты ғана табиғатты тамашалауға жұмсаймыз. Оп бір күнге шаққанда 4-ақ минутты құрайды екен. Дәрігерлер туризммен айналысатын адамдардың 1,5 есе аз ауыратынын мақұлдап отыр.
Аристотельдің айтуынша, әрекетсіздіктен сорақы ешнәрсе жоқ. Осыдан жүз жыл бұрын әр адам дене жұмысының 90 пайызын өзі атқарған. Ал техниканың дамуына байланысты бұл көрсеткіш едәуір төмендеген. Осы орайда XVIII ғасырда өмір сүргөн француз дәрігері Тиссоның сөздері еріксіз еске түседі:
Қозғалыс кез-келген дәрі-дәрмектің әсерін алмастыра алады, ал барлық дәрі-дәрмек қозғалыстың орнын басуға дәрменсіз. Демалыс еңбек тәрізді белсөнді болуы керек. Ал қазіргі туризм осыған сәйкес келеді.
Туризмнің өзі - қозғалыс. Ол барлық адам орындай алатын жүктеме береді. Әр адам өзіне қаншалықты жүктеме қажет екенін өзі мөлшерлеу керек немесе дәрігердің көмегімен анықтау керек.
Туризмнің бұдан басқа танымдық қызметі бар. Туризм адамның ішкі жан дүниесін байытады, мінез-құлқын тәрбиелеуге әсерін тигізеді.
Туризм - француз тілінен аударғанда серуендеу, қыдыру яғни адамның бос уақытындағы демалыстың қандай да түріндегі әрекеті.
Туризм - адамдардың қарым-қатынасын байланыстырады, әлеуметтік шындықты ойлау қабілетін арттырып қоршаған ортаның өркендеуіне, мәдениет пен өнердің дамуына жол береді.
Қазіргі кездегі туризм түрлерін толық жіктеу үшін туризмнің түрін сипаттайтын өң маңызды белгілерді атап өтуге болады, яғни туризмнің ұлттық мәнділіг, қанғаттандырылуы туристік саяхатқа пайдаланатын негізгі қозғалыс құралдары; сяхаттың ұзақтығы, топ құрамы; ұйымдастыру түрлері, туристік өнім бағасының негізгі принциптері және т.б.
Туризм келесі түрлерге бөлінеді:
1 Рекреациялық туризм.
Туризмнің бұл түрінің негізінде адамның күш-қуатын қалпына келтіру қажеттілігі жатыр. Туризмнің бұл түрі үлкен жан-жақтылық арқылы ерекшеленеді. Мысалы, реакреациялық туризм құрамында төмендегі бағдарламалар болуы керек:
А) көріп тамашалау, көңіл көтеру (театр және кино, жәрмеңке, қала күндері, фестивальдар және т.б.);
Ә) қызығушылық іс-әрекет (аңға шығу, табиғатты тамашалау, сурет, музыка және т.б.);
Б) "этникалық" және тұрмытық (ұлттық мәдениет пен дәстүрлі емес тұрмысты зерттеумен байланысты);
Г) туристік- сауықтандыру (қозғалыстың белсенді тәсілдері бар бағыттарды қоса, шомылу, шаңғы, атқа міну және т.б.);
2. Діни туризм.
Туризмнің бұл түрі әртүрлі діндегі адамдардың діни қажеттілігіне негізделгөн. Діни туризм екіге бөлінеді:
А) діни мерекелерде мешіттерге, шіркеулерге бару; ғ,
Б) әулие жерлерге бару;
3. Транзитті туризм. Бұл туризмнің негізінде басқа елге бару мақсатынада келесі елдің аймағын басып өту қажеттілігі жатыр.
4.Конгресті туризм.
Ол түрлі шараларға, оның ішінде конференцияларға, симпозиумдарға, съездерге, конгрестерге және т.б. қатысу мақстындағы туристік сапарлар қатысуға байланысты ұйымдастырылады.
Туризмнің осы түрінің интенсивті дамуы толығымен халықаралық іскерлік және ғылыми шараларды өткізуге маманданған халықаралық ұйымдарды құруға әкөледі.
5. Өткенді аңсау мақсатындағы туризм.
Тарихи өмір сүру аясында осы орындарға адамдардың бару қажеттілігіне негізделген.
6. Өз бетінше ұйымдастырылған туризм.
Саяхаттың бұл түрі шаңғы, тау, атқа міну, су туризмімен және т.б. айналысатын активті демалуды сүйетіндерді біріктіреді. Туризмнің бұл түрінің айрықша ерекшелігі оған қатысушылардың өз бетінше ұйымдастырылуын қажет ететіндігінде. Турларды ұйымдастырумен фирмалар емес, туристердің өздері туристік-спорт клубтармен және бірлестіктермен бірге отырып ұйымдастырады.
7. Іскерлік мақсаттағы туризм.
Туризмнің бұл саласына әр түрлі серіктестермен іскерлік қатынастарды бекіту немесе қалыптастыру мақсатындағы сапарлар жатады.
8.Танымдық туризм.
Туризмнің бұл түрінің негізін әр түрлі бағыттарда білімді арттыруға деген қажеттілікті қанағаттандыру құрайды. Туризмнің бұл түріне экологиялық туризмді де жатқызуға болады. Экологиялық туризм бағдарламасы қорғауға алынған табиғи аймақтарға баруды ұсынады.
9. Спорттық туризм.
Туризмнің бұл түрінің негізінде екі түрлі қажеттілік жатыр, осыған байланысты: активті және пассивті түрге бөлінеді.
Активті спорт туризміне спорттық белгілі түрімөн айналысу қажеттілігі, ал пассивті туризмге - белгілі бір спорт түріне қызығушылық, яғни сайыстар мен спорт ойындарын көру мақсатында саяхатқа шығу жатады.
10. Емдеу медицина туризмі.
Туризмнің бұл түрінің негізінде әр түрлі аурулардан емделу қажеттілігі жатыр. Емдеу туризмі адам организміне табиғи құралдармен әсер ету арқылы сипатталатын түрлерге бөлінеді, мысалы, климат арқылы емдеу, теңіз арқылы, батпақ арқылы, жеміс- жидек арқылы, сүт арқылы емдеу және т.б.
Қозғалыс құралдарына байланысты туризм келөсі түрлкрге бөлінеді.
1. Автокөлік туризмі. Туризмнің бұл түрі XX ғасырдың екінші жартысынан бастап дамыды. Қазіргі кезде ол кеңінен таралуда.
2. Теміржол туризмі. Туризмнің бұл түрі ХІХ-ғасырдың 40 жылдарынан бастап дамыды. Теміржол билеттерінің салыстырмалы арзан болуы оны тұрғындардың аз қамтамасыз етілген бөлігіне қолайлы болады. Қазіргі кезде теміржол мен транспорттың басқа түрлері арасында бәсекелестік те болып тұрады.
3. Әуе жолы туризмі.Туризмнің осы түрінің болашағы зор, өйткені туристерді баратын жерлеріне тасымалдау уақытын үнемдейді. Мысалы, 1960 -1980 жылға дөйіннің өзінде туризмде қолданылатын әуе жолы транспортының үлес салмағы үш есе өскен. Әуе жолдары турлары ұшақтағы жолаушылар орнының белгілі бөлігін пайдаланатын топтық турларға және арнайы туристік тасымалдауға арналған әуе сапарларына бөлінеді.
4. Теплоход туризмі. Туризмнің бұл түрінде бағыттар өзен және теңіз теплоходтарында ұйымдастырылады. Теңіз бойынша бағыттар круизді (ұзақтығы бір тәуліктен аса жалға алынған кемедегі саяхат) болады. Олар порттарға тоқтауы және тоқтамауы да мүмкін.
Өзен бағыттары - өзен пароходтары кемесін пайдалану арқылы ұйымдастырылады. Оларға: бір тәуліктен ұзаққа өзен су қайығын жалға алып саяхаттау мен ұзақтығы бір тәуліктен аспайтын, тарихи орындармен танысу мақсатындағы экскурсиялық серуендер жатады.
Круизді және туристік - экскурсиялық сапарларды ұйымдастыру үшін негізінен барлық жағдайы жасалған теплоходтар қолданылады.
Барлық жағдайы жасалған теплоходтағы су туризмнің артықшылығы туристердің орналастыру құралдарымен, тамақпен, спортпен, көңіл көтерумен қамтамасыз етілуінде. /17/
5.Автобус туризмі. Туризмнің бұл түрінде саяхат автобусты қозғалыс құралы ретінде пайдалану арқылы ұйымдастырылады. Автобустық турлар туристік- экскурсиялық (транспорт туры, ұсынатын қызметтің барлық түрін, яғни тамақтану, экскурсиялық қызметті ұсынумен) және "денсаулық автобусы" деп аталатын - серуендік туры болуы мүмкін (бір күндік автобус).
6. Велосипед туризмі.Туризмнің бұл түрін туристердің шектеулі контингенттері ғана пайдалана алады.
7. Жаяу туризм Туризмнің бұл түрі ішкі туризмде кеңінен таралған.
Саяхаттың ұзақтығына байланысты туризм: ұзақ және қысқа мерзімді, саяхаттау ұзақтығына байланысты маусымдық және маусымдық емес болып бөлінеді. Топ құрамы бойынша:
1. Жаппай туризм (туристердің топ құрамында саяхаттауы);
2. Жеке туризм. Туризмнің көбінесе іскерлік, ғылыми және сауықтандыру туризмі шеңберінде жүргізіледі. Соңғы кезде жеке туризм туыстық байланыста, шақырулар бойынша баруда кеңінен таралуда.
3. Жанұялық туризм, Туристердің жанұя мүшелерімен бірге саяхаттауы. Туризмнің бұл түрі соңғы жылдары туристік фирмалардың балалармен саяхаттайтын тұлғаларға ұсынатын жеңілдіктері есебінен дамуда.
4. Жастар (студенттік) туризмі.
5. Балалар туризмі. Жастар және балалар туризмі елдің ішіндегі және әртүрлі елдер арасындағы туристік айырбас есебінен кеңінен таралуда. Балалар және жастар саяхатына туристік қызмет көрсету бағаларына біршама жеңілдіктер бар.
2.2. Туристік жарыстың оқушылардың экологиялық білімін тереңдетудегі рөлі.
Сабақта берілетін білім мазмұны мектеп бағдарламасында шектеулі болуына байланысты күнделікті өмірде болып жатқан ғылыми техникалық, экологиялық өзгерістерді кеңінен қамти алмайды. Сондықтан тек қана іскерлікпен ұйымдастырлыған сыныптан тыс кешенді жұмыстарда қосымша жаңа мазмұндағы материалдарды кең қолдануға болады. Оқушылардың экологиялық біліктіліктерін қалыптастыруға бағытталған сыныптан тыс жұмыстар. Оқушылардың танымдылық белсенділіктерін аттырады, табиғатқа жауапкершілік сезімін тәрбиелейді.
Мен өз жұмысымда оқушыларға экологиялық білім берудегі орындалатын сыныптан тыс жұмыстарға туристік жарысты жатқыздым. Туристік жарыс - ол оқушыларды табиғатқа саяхат жасату барысында екі топқа бөліп жарыстыру. Жарыс ұйымдастыру үшін нақты жоспар құрылады. Жоспарға мыналар кіреді:
• Әдебиеттерге ізденіс жасап, көректі мәліметтерді іріктеп алу.
• Туристік жарысқа ат қойып оның бағдарламасын жасау.
• Жарысқа қатысатын оқушыларды іріктеп алу.
• Жарыс өтілетін жерімен танысып, картасын жасау.
• Оқушыларды жарысқа апару үшін олармен алдын-ала дайындық жұмыстарын жүргізу.
• Туристік жарыс өткізу.
Табиғат жайындағы ұғымдарды тек оқулықтағы тақырыпты ауызша оқыту арқылы жоғары нәтижеге жете алмаймыз. Ол үшін пәндегі оқылатын әрбір тақырып оқушылардың жарыс кезінде өзін қоршаған табиғатта байқағандарымен, өмір тәжірибелерімен, табиғи материалдарды қолға ұстап көріп, иісін сезіп, даусын естіп оларды қорғау арқылы табиғатқа жауапкершілік сезімімен ұштастыруға мүмкіндік туады. Табиғатқа саяхатқа шығып жарысу арқылы осы нәтижелерге қол жеткізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |