Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мен және қауіпсіз интернет» Тәрбие сағатының мақсаты



бет1/2
Дата04.01.2024
өлшемі22.59 Kb.
#488492
  1   2

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мен және қауіпсіз интернет»
Тәрбие сағатының мақсаты: Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты ақпарат білу, Оқушылардың интернеттің зияны мен пайдалы жағын білу.
Тәрбие сағатының міндеті:Оқушылар интернет туралы пайдалы ақпарат біледі, зияның және пайдасын ажырата алады.
Тәрбие сағатының ұйымдастыру формасы түрі: Дебат
Әдіс-тәсілі:түсіндіру, бейнематериал, сұрақ-жауап,
Техникалық жабдықталуы: телефон, ноутбук
Көрнекілік: суреттер,
Қажетті жабдықтар: маркет, стикер, А4 форматтағы қағаз,т.б.
Тәрбие сағатының құрылымы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу « Шаттық шеңбері»
Ақпаратты түсіндіру
ІІ. Негізгі кезең
Бейнематериал
«Кім біледі»
«Мақал-сөздің мәйегі»
«Жағдаят шешу».
ІІІ. Қорытынды кезең
Тәрбие сағатының барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлеметсіздерме оқушылар ! Қалдарыңыз қалай ? Көңіл күйлерің қалай ? Сіздермен тәрбие сағатын Дебат түрінде өткіземін.
Бүгінгі күнге барлықтарыңызға көтеріңкі көңіл күй және сәттілік тілеймін. Алдымен, ортаға шығып, « Шаттық шеңберін» жасап, бір-бірімізге жақсы тілек айтайық.
Тақырыбымыз « Қауіпсіз интернет» сынып екіге бөлініп, «Google» жақтаушы және «Yandex» даттаушы деп аталып, әр кезеңде пікіралмасып, сайысады.
Мен сіздере тақырып бойынша ақпарат айтып, түсіндіріп кетейін.
Бұл әлемде интернетке кірмейтін адам мыңның бірінде ғана шығар. Бүкіл дүние жүзіндегі адамдардың 90%-ға жуығы интернетке кіреді. Яғни интернеттің маңызы зор. Интернетсіз адам өмірін елестету өте қиын. Күн өткен сайын адамдар интернетке тәуелді болып барады. Адамзат баласы кем дегенде күніне 1 сағатын Интернетте өткізетіні белгілі.
Өзара байланыстырылған миллиондаған компьютерден құралған біртұтас ақпараттық кеңістікті Интернет деп атайды. Интернет – ағылшынша Internet – желі аралық байланыс дегенді білдіреді. Ол бүкіл жер шары бойынша ақпарат ағынын таратуды қамтамасыз ететін желілер жиынтығы.
Интернеттің қызметтері:
1. Интернет поштасы.
2. Телеконференциялар.
3. Web (WWW ) қызметі.
Интернет бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір–бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі. Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол – бүкілғаламдық желі – Интернет деп санар едім.Оның өзі шығу тарихы да қызық. «1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды жер серігін ғарышқа ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс министрлігі «егер соғыс бола қалған жағдайда Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады» деп есептеген. Ондай жүйені АҚШ – тың Орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан .ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы 29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін телефон арқылы байланыстырады.
Содан соң ARPANET дамып – жетіліп, оны түрлі сала ғалымдары пайдалана бастайды. 1983 жылы бұл атау «Интернет» деген ұғыммен алмастырылды». Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1, 5 млрд адамнан асыпты. Бұл – жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз.
1970 жылдары Internet (желілер желісі) – желілерді біріктіру термині пайда болды.Негізінде Интернеттің нағыз Интернетке айналуы 1982 ж. Желілердің физикалық негізі болып табылатын TCP/IP протоколы (хаттамасы) бекітілген соң ғана жүзеге асырылды.2001 ж. деректерге сүйенсек, желілер географиясы дүниедегі 230 елді қамтиды екен.1993 - 1996 жылдар аралы-ғында жыл сайын Интернет-ке қосылушылар саны 3 есе өсіп отырды. 1997 ж. бастап бұл көрсеткіш жыл сайын – 1,5 есеге өсіп келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет