Мазмұны кіріспе технологиялық БӨлім


Техникалық құралдар кешенінің құрылымдық схемасының сипаты



бет4/4
Дата12.06.2016
өлшемі0.88 Mb.
#131026
1   2   3   4

Техникалық құралдар кешенінің құрылымдық схемасының сипаты

Техникалық құралдар кешенінің құрылымының үш деңгейлі иерархиясы бар:

  • операторлық станция (ОР27) және жергілікті пульт (РР17);

  • бағдарламаланатын контроллерлер (SIMATIC S7-300 және ЕТ150-2);

  • датчиктер, өлшеу түрлендіргіштер, орындағыш механизмдерді жергілікті басқару жүйелері, өртті сигнализацияның жүйесі.

Шартты түрде, иерархияның бірінші деңгейінің техникалық құралдары жоғары деңгейдің техникалық құралдарына, ал екінші мен үшінші – төменгі деңгейдің техникалық құралдарына жатқызылады.

Берілген жобада ОР27 және РР17 жалпы және арнайы бағдарламалық қамтамасыздандыруды орындаудың техникалық қолдауын, сақтауын және сонымен қатар төмендегілерді қамтамасыз ететін технологиялық үрдістерді басқару кезінде оператордың құралы болып табылады:



  • ақпаратты типті өңдеу;

  • мнемосхемалар, графиктер, текстік хабарламалар түрінде технологиялық үрдістің жүрісі туралы ақпаратты визуалдау;

  • басқарылатын әсерлерді оператордан қабылдау және беру;

  • протоколдау және құжаттау;

  • жүйе конфигурациясын сақтау және енгізу;

  • құрылғылар күйін бақылау мен диагностика;

  • жұмыс кезінде пайда болатын барлық штаттық емес жағдайлар мен сигнализация;

  • ПК-дан бақыланатын объектілер күйі туралы ақпаратты қабылдауын және ПК-ға командаларды беруін жүзеге асыра отырып, бағдарламаланатын контроллерлердің жұмыс істеуі арқылы координерлеу;

  • Жүйеге рұқсатты бақылау.

Бағдарламалық контроллер (ПК) микропроцессорлы құрылғы болып табылады, және оның архитектурасы объектті-бағытталған қағида бойынша құралған және нақты уақыт масштабында басқарудың таратылған жүйеде жұмыс істеу мен келесі есептерді шешу үшін оптималданған:

  • БТО датчиктерінен (түрлендіргіштерінен) ақпаратты алу;

  • Ақпаратты біріншілік өңдеу;

  • өлшенетін каналдар күйін бақылау;

  • ОР27 мен РР17-ден алмасуларды қолдау;

  • Басқару алгоритмдерін орындау және технологиялық буындардың жетегіне басқарылатын әсерлерді беру.

ПК-ның құрамына басқарудың техникалық құралдары, ақпаратты жинау, сақтау жіне өңдеу креді:

  • орталық процессор мәліметтерді басқару мен жинау бойынша ПК-ға жүктелген алгоритмдерді жүзеге асырады, ПК-ң техникалық құралдары арасындағы мәліметтер алмасуын ұйымдастырады және жоғары деңгейдің техникалық құралдармен байланысты қолдайды;

  • сандық немесе аналогты модельдер датчиктерден (түрлендіргіштерден) ақпаратты санды түрде түрлендіреді немесе тікелей орындаушы механизмдерге басқарылатын әсерлерді беруін жүзеге асырады.

Бағдарламаланатын контроллерлердің ОР27 және РР17-мен байланысты PROFIBUS-DP желісі арқылы ұйымдасқан.



      1. Автоматтандыру жүйесінің құралдары

Жүйе апаратты түрде екі бөлімге бөлінуі мүмкін:

  • Процессорлы бөлім,

  • Қосымша бөлім.

Екі бөлім бірімен-бірі PROFIBUS-DP интерфейсті шинамен байланысқан.

Процессорлы бөлімнің құрамына кіретіндер:



  • Оператор панелі ОР27,

  • Қорек блогі PS 307,

  • Орталық процессор CPU 315-2DP,

  • Аналогты сигналдарды енгізу блогы, оптикалық оқшаулағыш, 2 кіріс, кернеу/тоқ түші/термопаралар/ кедергі сигналдарын өлшеу, тоқтаулар, диагностика, рұқсат 9/12/14 бит, кернеу астында орнату/ауыстыру;

  • Аналогты сигналдарды шығару модулі, оптикалық оқшаулағыш, 2 шығыс, кернеу/тоқ күшінің шығыс сигналдары, рұқсат 11/12 бит, кернеу астында орнату/жою;

  • Дискретті сигналдардың кіріс-шығыс модулі, оптикалық оқшаулағыш, 16 кіріс және 16 шығыс.

Қосымша бөлімнің құрамы:

  • Деортақталған периферия құрылғысы ЕТ 150-2;

  • Кнопкалы понель РР17;

  • Кернеу блогы PS 307;

  • Интерфейсті модуль ІМ 365;

  • Аналогты сигналдарды енгізу блогы, оптикалық оқшаулағыш, 8 кіріс, кернеу/тоқ түші/термопаралар/ кедергі сигналдарын өлшеу, тоқтаулар, диагностика, рұқсат 9/12/14 бит, кернеу астында орнату/ауыстыру;

  • Аналогты сигналдарды енгізу модулі, оптикалық оқшаулағыш, 8 шығыс, Pt1006, Pt200, Pt500, Pt1000, Cu10, Ni100, Ni120, Ni200, Ni500, Ni1000, 0…150 Ом, 0…300Ом, 0…600Ом, 16 бит (50мс) сигналдарын өлшеу, 2 кірістен 4 топ;

  • Аналогты сигналдарды енгізудің 2 модулі, 8 кіріс, кернеу/тоқ түші/термопаралар/ кедергі сигналдарын өлшеу, тоқтаулар, диагностика, рұқсат 9/12/14 бит, кернеу астында орнату/ауыстыру;

  • Дискретті сигналдардың кіріс модулі, оптикалық оқшаулағыш, 32 кіріс = 24В;

  • Дискретті сигналдардың шығыс модулі, оптикалық оқшаулағыш, 32 шығыс = 24В;

  • Дискретті сигналдардың шығыс модулі, оптикалық оқшаулағыш, 8 шығыс = 24В;

Төменгі деңгейдің техникалық құралдары технологиялық құрылғының күйі туралы ақпаратты жинау мен өңдеу, басқару есептерін шешу мен басқарылатын әсерлерді беру үшін арналған және оның құрамына физикалық шамаларды жүйенің осы деңгейімен қабылданатын электрлі сигналдарға түрлендіру үшін арналған жүйенің барлық апаратты құралдары кіреді.

Техникалық құралдардаң төменгі деңгейінің құрамына датчиктер, нормалауыш түрлендіргіштер, мультипрексорлар, орындаушы механизмдер басқару жүйесі, бақылаудың автономды жүйесі, өртті сигнализация жүйесі, қорек көздері, бағдарламаланатын контроллерлер, төменгі деңгейдің локалді желісінің адаптерлері, объектімен байланыс құрылғысының модульдері, бағдарламаланатын контроллерлердің шкафтары, аспапты құрылғылардың шкафтары кіреді.

ПК-ның ТҚ-н таңдау келесі қағидаларға негізделеді:


  • нақты уақыттағы таратылған басқару жүйесінде жұмыс (иерархия деңгейі бойынша жоғары және төмен тұрған техникалық құралдармен алмасуын апаратты қолдау, жылдам жұмыс істеуі және т.б.);

  • бағдарламалық қамтамасыздандырумен және объектімен басқару алгоритмдерін орындау бойынша үйлесімділік;

  • ашық архитектура;

  • адамы жоқ технологиялардың талаптарына сай келетін сенімділіктің жоғары дәрежесі;

  • объектті-бағытталған компоновка;

  • стандарттау мен унифицирлеу қағидаларын ескере отырып, жаңа микропроцессорлы техниканы қолдану.

ПК-ны жобалаған кезде, жоғарыда айтылып кеткен қағидалардың жүзеге асырылуы, модульді компоновка, бағдарламалық қамтамасыздандырумен үйлесімді есептеу техникасының жаңа құралдарын қолдану, стандартты интерфейстерді қолдану арқылы орындалады.

ПК SIEMENS (Германия) фирмасының SIMATIC топтарының техникалық құралдарымен жүзеге асады.

Бұл фирманың бұйымдары ISO 9001 талаптарына сай және нақты уақытта жұмыс істейтін өндірістік басқару жүйелеріндегі жұмыс үшін арналған.

ПК келесі түрдегі аналогты және дискретті (немесе екіншілік түрлендіргіштер сигналдары) датчигін сұрау арқылы НПС-тің технологиялық жабдықтар буынының (немесе ішкі жүйенің) жұмысы туралы ақпаратты жинайды:



  • тоқтың унифицирленген сигналдары 4 – 20 мА;

  • дискретті сигналдар “құрғақ” контакт 24 В;

  • айнымалы кернеу сигналдары ±10mB;

  • кедергі термометрдің сигналдары Pt 100.

      1. Периферийлік техникалық құралдар

Берілген жобада периферийлік техникалық құралдарға біріншілік (датчиктер) және екіншілік сигналдар түрлендіргіштері, автономды типтік аспаптар және бақылау жүйелері, хабарландыру аппаратурасы, және БТП-10М-Э пештер құрылғыларын жергілікті басқару буындары жатады.

Біріншілік түрлендіргіштерді таңдау критерийлері келесі қағидаларға негізделген:



  • климаттық факторлар әсеріне тұрақтылығы МЕСТ 15150-69 бойынша ТС1 пайдалану тобына сәйкес болу керек, бұл температураның –40-тан +600С диапазонында, температура 250С кезінде ауа ылғалдылығы 100% болғанда жұмыс істеу қабілеттілігін сақтап тұруын қамтамасыз етеді;

  • механикалық әсерлерге тұрақтылығы МЕСТ 12997-84 бойынша Ғ2 пайдалану тобына сәйкес келу керек, бұл жиілігі 10-нан 50 Гц-ке дейін және орын ығысуы 0,15 мм-ге дейін болатын синусойдалы вибрация кезінде жұмыс істеу қабілеттілігін сақтап тұруын қамтамасыз етеді;

  • түрлендіргіш диапазонының реттелінетін параметрдің диапазонына сәйкес келуі;

  • “жарылыс өтпейтін қабат” немесе “ұшқынға қаіпсіз электр тізбесі” типті қорғаныштың болуы;

  • датчиктің құрамында екіншілік түрлендіргіштердің болуы;

  • қажетті дәлдік.

Біріншілік түрлендіргіштердің негізгі келтірілген қатесі келесі мәндерден аспауы керек:

  • сұйықтық температурасы, 0,5%

  • құбырдағы мұнай қысымы, 0,6%

  • мұнай шығыны, 1,5%

  • тоқ күші, кернеу, қуат, 0,6%

    1. Бағдарламалық қамтамасыздандырудың сипаты

Бағдарламалық қамтамасыздандыру пакеті STEP7 конфигурлеу, коммуникацияларды анықтау, бағдарламалау, тестілеу мен қызмет ету, бағдарламаланатын логикалық контроллерлер SIMATIC S7, M7, C7 үшін жасалған жобаларды құжаттау мен архивтеу үшін арналған. Берілген пакет стандартты сайманды құралдар бөлігі болып табылады,ол орындаушыға күрделі жобаларды жасау жұмысын жеңілдететін инжинирингті пакеттермен толықтырылуы мүмкін. STEP7 дегеніміз – SIMATIC S7 / М7 / С7 бағдарламаланатын контроллерге арналған негізгі бағдарламалық қамтама пакет. STEP7 –де автоматтандыру жүйесін жобалаудың барлық фазалары үшін үйлесімді интерфейс бар. сонымен қатар, STEP7 бұған дейін “қолмен” орындалып келген көптеген есептерді шығарады. STEP7 – PG 720/720С, PG 740, және PG 760 программаторларға орнатылған стандартты бағдарламалық қамтаманың бөлігі болып табылады. Ол, бұдан басқа, ПК-ға арналған (Windows 95/ NT) бағдарламалар пакеті ретінде де қолданылады.

Негізгі пакет STEP7 орындаушыға жобасын жүзеге асыру үшін іртүрлі саймандарды береді:



  • SIMATIC Manager – SIMATIC S7, SIMATIC C7 мен SIMATIC M7 үшін барлық сайманды құралдарды және берілгендерді жеңіл шолумен ұжымдық (коллективное) басқару үшін. Барлық инструменттер автоматты түрде SIMATIC Manager-ден шақырылады.

  • Symbol Editor – символдық белгіленулерді, мәліметтердің типтерін, және глобалды айнымалылар үшінкомметарийлерді анықтау үшін. Символды белгіленулер барлық қосымшаларда бар.

  • Hardware Configuration – автоматтандыру жүйелерінің аппаратты қамтамасыздандырудың бағдарламалық конфигурирлеу және барлық модульдерді параметрлеу үшін. Барлық енгізілетін параметрлер рұқсатқа тексеріледі.

  • Communication – автоматтандыру компоненттері арасындағы мәліметтерді уақыт бойынша басқарылатын циклді берілісті MPI арқылы немесе жағдайлармен басқарылатын мәліметтерді MPI, PROFIBUS немесе Industrial Ethernet арқылы беру үшін.

  • System diagnosis – қолданушыға контроллер күйін шолуын көрсетеді.

  • Information functions – CPU мәліметтерін тез шолу және қолданушымен жазылған бағдарламаның әрекеті үшін.

  • Құжаттау – қолданушыға барлық жобаның құжаттау функцияларын келтіреді.

  • Бағдарламалар редакторы – қолданушының бағдарламасын жасау үшін STEP7 EN 61131-3 стандартын қанағаттандыратын келесідей бағдарламалау тілдері бар бағдарламалар редакторын ұсынады: Statemtnt List (STL); Ladder Diagram (LAD); Function Block Diagram (FBD). Бұдан басқа, арнайы есептер үшін жоғары деңгейлі немесе технологияға бағытталған қосымша бағдарламалау тілдері қолданылуы мүмкін. STEP7-де барлық қолданбалы бағдарламалар және блоктар түріндегі барлық мәліметтер бар. Бір блоктың ішіндегі басқа блоктарды, егер олар жүйе ішінде болса, шақыру мүмкіншілігі – қолданушы бағдарламасын құрылымдау мүмкіндігін береді. Бұл ПЛК бағдарламаларының ұйымдық нақтылығын, түсінуін және сүйемелдеу жеңілдігін едәуір жоғарылатады.

STEP7-нің STEPS-қа ұқсайтын негізгі командалар жиыны бар. Бұл күрделі функцияларды жеңіл және тез бағдарламалауға мүмкіндік береді:

  • Екілік логика, ығысулар, сөздермен жасалатын операциялар

  • Таймерлер/счётчиктер; Салыстыру, түрлендіру опреациялары

  • Математикалық функциялар (тригонометрриялықтарды, дәрежеліктерді, логарифмдіктерді қоса)

  • Бағдарламаны басқару (жақшалар, өтулер, шақырулар)

  • Үзу нүктелерін орнату, Кіріс/шығыстарды орнату; көп процессорлы жұмысты қолдау (тек S7-400)

ОР27 оператор панелін бағдарламалау үшін лицензиялы бағдарламалар пакеті Pro Toll/Pro қолданылады.

Автоматтандырудың жаңа концепциялары үрдістердің визуалдауына маңызды талаптарды тудырады. Үрдістің берілгендері тез, нақты және түсінікті формада көрсетілуі керек. Бұдан басқа, мәліметтерді архивтеуге қойылатын талаптар көбейеді. Сондықтан үрдістің мәліметтерін машиналық деңгейде архивтеу қажет.

Жаңа, адам-машиналық интерфейсте негізделген РС-бағытталған SIMATIC Pro Toll/Pro жүйесі осы талаптарды қанағаттандырады. Ол Microsoft Windows 95/98 және Windows NT 4.0 операциялық жүйелер ортасында жұмыс істейді. Pro Toll/Pro қуатты бағдарламалық қамтама Runtime-нан (нақты уақытта) және SIMATIC Pro Toll/Pro Configuration конфигурирлеу пакетінен тұрады.

SIMATIC Pro Toll/Pro Runtime келесілерді қамтамасыз етеді: кіріс-шығыс стандартты жолдарын, аудандарды, графиктерді, векторлы графиктерді және динамикалық атрибуттарды таңдауын визуалды үрдісі.



  • Хабарларды ауыстыруының интегралданған жүйесі.

  • Хабарларды және үрдістің берілгендерін архивтеу.

  • Visual Basic пайдаланушы функицялары үшін.

  • Simatic S5/S7-ге және оптикалық интерфейспен қоса, басқа өндірілушілердің контроллерларына стандартты интерфейстар.

SIMATIC Pro Toll/Pro Configuration арқылы текстті дисплейлер, операторлар панельдері, РС үшін SIMATIC және Pro Toll/Pro Runtime сенсорлы панелдер, басқару объектісінің адам-машиналық интерфейсінің функциялары жасалуы мүмкін.


SIMATIC C7.

Негізгі сипаттамалар:



  • Windows – оператордың қосарланған интерфейсі.

  • Тышқан және функционалды клавишалар арқылы басқару.

  • 256 бояу, векторлы графика, Windows шрифттерін қолдану.

  • Элементтер кітапханасы.

  • Объектілерді динамикалық позициялау.

  • Үрдістің берілгендері мен хабарларының архивтелуінің әртүрлі түрлері.

  • Ұлғайту мен көру функциялары бар диаграммалр арқылы үрдістің архивтелінген мәндерін интерактивті бейнелеу.

  • Стандартты құралдар арқылы мәндердің сырқты бейнелеуі.

  • Visual Basic арқылы қажетті қосымша функцияларды жүзеге асыру.

  • Контроллерге немесе үрдіске анық түрде қоспай мәліметтерді өңдеуді моделдеу.



  1. Экономикалық бөлім

    1. БТП -10М-Э мұнай қыздыру пешін автоматтандыру жүйесін енгізу үшін технико-экономикалық негіздеме.

Өндірістің автоматтандыру жүйелері кез-келген өнеркәсіпке эффекиілі болу мүмкін, себебі басқаруды автоматтандыру көлемі өнеркәсіптің спецификациясына байланысты талаптарымен өлшеуге болады.

Басқару жүйесін пайдаланған кездегі экономикалық эффект ең алдымен басқарудың сапасы мен сенімділігінің жоғарлауымен және т.б көрсеткіштермен анықталатын автоматтандырылған өндірістің эффектілігінің жоғарлауына байланысты болады.

Басқару жүйесін құрғандағы экономияның негіздері келесідей болады:



  1. Мұнай қыздыру пешінің жұмысын басқару тиімділігі ;

  2. Есептеу техникасы құралдарын қолдану нәтежесінде жаңа технологиялық үрдістерді жасау мерзімдерін қысқарту;

  3. Басқару сапасын және өндірістің жалпы ұйымдастыру деңгейін жоғарлату;

  4. Басқарудың күрделілігін төмендету, станция жұмысшыларының еңбек өнімділігін жоғарлату;

  5. Цех пен бөлімшелердің негізгі технико-экономикалық көрсеткіштерін оперативті есептеу;

  6. Жабдықтарды ең жақсы қолдану, оның жұмыс істеу мерзімін ұлғайту, апттар мен жоспар бойынша тоқтауларды жою;

  7. Жабдықты қуаты мен уақыты бойынша жүктелуін ұлғайту, соған байланысты өндіріс көлемін де ұлғайту;

  8. Өндірістік емес шығындарды қысқарту.

Басқару жүйесі барлық өтулер мен стадияларында өнімді өндіру үрдісінің ең тиімді жағдайларын жасау үшін арналған, және ол осы үрдістің параметрлерін алдын ала берілген деңгейде немесе тиімді табу арқылы анықталады.



3.2 Басқару жүйесін құруға кететін капиталды шығындар

Басқару жүйені құруға кететін капиталды шығындар келесідей құралады:

А) құрастырушылардың жалақысы )әлеуметтік қажеттілікке аударылмайтынмен қоса);

В)автоматтандыру құралдарын сатып алуға кететін шығындар ;

С) монтажға кететін шығындар
3.2.1 Құрастырушылардың жалақысы

Басқару жүйесін жасау мен ендіру үшін келесідей персонал қажет:


3.1 кесте – Жалақыға кететін шығындар


Мамандығы

Саны, адам

Ендіру мерзімі, ай

Еңбек ақы мөлшері,

Барлығы, мың теңге

Инженер-жобалаушы

1

2

25000

50000

Инженер – системотехник

1

1

25000

25000

Инженер – программист

1

1

30000

30000

Құрастырушы – слесарь

1

1

22000

22000

КИПиА













Барлығы (Пжал.):










127000

Мәліметтерді жинау күштік басқару модулін зерттеумен жасауға кеткен шығындарды есептеу.


Жобалаушының жалақысы келесі өрнек бойынша есептеледі:
Пжобжоб *t
Мұндағы Ажоб - жобалаушының орташа айлық жалақысы, теңге;

t -жасауға кеткен уақыт (t =2 ай).



Пжоб=25000*2=50000 тенге

Системотехниктің жалақысы келесі өрнек бойынша есептеледі :


П сис= А сис * t
Мұндағы А сис - системотехниктің орташа айлық жалақысы , тенге;

t -жасауға кеткен уақыт (t=1 ай)



П сис=25000*1=25000 тенге

Программисттің жалақысы келесі өрнек бойынша есептеледі:


П пр= А пр * t (3.3)
мұндағы А пр - программисттің орташа айлық жалақысы, тенге;

t -жасауға кеткен уақыт (t=1 ай)



П пр= 30000*1=30000 тенге

Құрастырушы слесарьдің жалақысы келесі өрнек бойынша есептеледі:


П сл= А сл * t (3.4)

Мұндағы А сл – құрастырушы слесарьдің орташа айлық жалақысы, тенге;

t -жасауға кеткен уақыт (t=1 ай)

П сл= 25000*1=25000 тенге
Жалапыға кеткен жалпы шығын :
Пжал = Пжоб + Псис + Ппр сл
Пжал =50000 +25000+30000+22000=127000 тенге
Әр қызметкер үшін әлеуметтік қорға кеткен аударым есептеу үшін бізге қызметкердің орташа айлық жалақысын А j алып , оның бастапқы 15 еселенген АЕК-не түсетін 20 % -ын есептеп аламыз, егер қызметкердің орташа айлық жалақысы А j 15 еселенген АЕК-тен көп болған жағдайда, яғни 15450 (15 * АЕК 1030*15450) тенгеден көп болса, онда А j-дан 14565 тенгені алып және сол шыққан саннан 10 % пайыздық үлесін айырамыз шықан нәтеженің 15 % үлесін тауып, есептелген АЕК –тің 20% пайыздық үлесіне қосамыз, яғни: 20% пайыздық үлес үшін (15*АЕК –АЕК -0,1*15*АЕК ) *0,2= (15*1030-1030-0,1*15*1030)-0,2=2575 . Шыққан теңге барлық жұмыскерлерге ортақ болып келеді. Ал енді орташа

айлық жалақысы Аj = 25000 теңгеге тең жобалаушы инжинер үшін төмендегідей

есеп жүргізіледі:

Qжоб = (Ажоб – 15 · АЕК – (Ажоб - 15 · АЕК) · 10%) · 15%
Qжоб = (25000 – 15450 – (25000 – 15450) · 0,1) · 0,15 = 1289,25
Пэк,жоб = 2575 + 1289,25 = 3864,25 теңге

Системотехник инженер үшін:


Qc = (Ас – 15 · АЕК – (Ас – 15 · АЕК) · 10%) · 15%
Qc = (25000 – 15450 – (25000 - 15450) · 0,1) · 0,15 = 1289,25
Пэк,с = 2575 + 1289,25 = 3864,25 теңге
Программист үшін:
Qпр = (Апр – 12 · АЕК – (Апр -12 · АЕК) · 10%) · 15%
Qпр = (30000 – 15450 – (30000 – 15450) · 0,1) · 0,15 = 1964,25
Пэк,пр = 2381,4 + 1964,25 = 4345,65 теңге
Құрастырушы слесарь үшін:
Qсл = (Асл – 15 · АЕК – (Асл - 15 · АЕК) · 10%) · 15%
Qсл = (22000 – 15450 – (22000 – 15450) · 0,1) · 0,15 = 884,25
Пэк,сл = 2575 + 884,25 = 1690,75 теңге
Әлеуметтік қорға кететін жалпы шығын:
Пэк = 2 · Пэк,жоб + Пэк,с + Пэк,пр + Пэк,сл (3.6)
Пэк ғқ = 2 · 3864,25 + 3864,25 + 4345,65 + 1690,75 = 27529,8 теңге
3.2.2 Аспаптар мен автоматтандыру құралдарын сатып алуға кететін шығындар
3.2 кесте – басқару жүйелері кететін шығындар


Аталуы

Типі

Саны

Бағасы, тенге

Жалпы бағасы, мың тенге

Коректену блогы

PS 307.5F

1

26000

26000

Коректену блогы бар орталық процессор

CPU 315-2DP

1

45500

45500

Дискретті сигналдарды енгізу модулі

Simatic S7 SM 321

2

19500

39000

Дискретті сигналдарды шығару модулі

Simatic S7 SM 322

1

25000

25000

Дискретті сигналдарды енгізу және шығару модулі

Simatic S7 SM 322

1

52000

52000

Аналогты сигналдарды енгізу модулі

Simatic S7 SM 331

2

52000

104000

Аналогты шығару модулі

Simatic S7 SM 332

1

65000

65000

Буферлік батарея

Simatic S7 5BB00

1

13000

13000

Кеңейтүдің интерфейсті модулі

Simatic DP,ЕТ 200М

1

41500

41500

Оператор панелі

Simatic ОР 27

1

208000

208000

Кнопкалы панель

Simatic РР 17-1

1

120000

120000


Есептеу техникасына кететін жалпы шығындар :




Үздіксіз коректену болгы

MASTERGUA RD A700

1

38000

38000

Газоанализ жүйесі

SIEMENS

КОМПЛЕКТІСІ

1

190000

190000

Қысымға арналған өлшеу түрлендіргіші

SITRANS

P DS III

1

34100

34100

Артық қысымға арналған өлшеу түрлендіргіші

SITRANS

P DS III

2

35000

70000

Анубар типті Зонды

POC – 601

1

160000

160000

Жоғарғы қысымды кедергі термометрі

TCПУ

МЕТРАН -206

2

16000

16000

Төменгі қысымды кедергі термометрі

ТСП МЕТРАН -206

3

16000

48000

Тіке темопара

3FC01-ZK10Y11

2

50100

100200

Электромагнитті газды клапан

ЕМКГ – 8

1

78000

78000

Автоматтандыруды құрайтын құралдарға кететін жалпы шығындар (Пмш):

1473300

Материалды шығындардың жалпы қосындысы:


Пмш = 1473300 тенге

Монтажға кеткен шығындаp:



Пмонт = Пжал · 0,1

Пмонт = 127000 · 0,1 = 12700 тенге

Басқаға да шығындар:



Ппр = Пжал · 0,05 = 6350 тенге
Мұнай қыздыру пеші автоматика саласындағы қауыпсыздік және экономикалық маңызы зор мәліметтерді жинау және күштік басқару модульін дайындау және енгізу кезінде кеткен шығындардың жалпы қосындысы: (3.7)

Кс = Пжал + Пэк + Ппр + Пмш + Пмонт

Кc =127000 + 27529,8 +6350 + 1473300 + 12700 = 1646879,8 тенге

Жоғарда келтірілген шығындарды ескргендегі модульді ендіруге кеткен капиталды салымдар1638801 тенгені құрайды.

3.3 Автоматтандыру жұйесін ендірудің экономикалық үнемдеуін есптеу.

Электр тоғының шығындар өз уақытында жоюға қауіпсіздік саласында электр тоғының 5% үнемдеуге мүмкіндік береді.



Э =8736· Рэ· 0,05· Цэ, (3.8)

Мұндағы Рэ-үнемделген электр тоғының қуаты; ЦЭ-электр тоғының 1

кВт/сағ бағасы, тенге, 8736(бір жылғы сағат саны).

Э = 8736 · 416 · 0,05 · 4,6 = 843128.8 тенге

Жылдық үнемдеу:



Э = 843128,8 тенге

Тйімділіктің жылдық үнемделу:



Эж = Э - Е н * К с (3.9)
Мұндағы Е –тимділіктің нормативті коэффиценті , 0,32
Эж = 843128,8 – 0,32 * 1646879,8 = 316127,264

Капиталды салымдарды қайтару уақыты :



Кс 316127,264

Ток = Э = 843128,8 ≈0,374945397

Мұнай қыздыру пешін автоматтандыру жүйесі 316127,264 тенге көлеміндегі жылдық экономикалық эффектісімен жиырма бір ай пайдаланған кезде өзін-өзі өтейді, бұл нормативті өзін-өзі өтеу мерзімінен аз, демек, ендірілетін жүйені пайдалануға ұсынуға болады.



4. ЕҢБЕК ҚОРҒАУ
4.1 Мұнай өндірісіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша айрықша шарттар
Мұнай өндірісінің ерекшеліктері ең алдымен мұнай мен мұнай газының физикалық және химиялық қасиеттерімен, белгілі жағдаәларда олардың улығуымен де шартталады.

Бұдан басқа , мұнай өнеркәсіптерінде улы жіне ащы заттарды (ртуть, қышқылдар, цемент және басқалар), жарылғыш заттарды және радиоактивті изотоптарды қолданады.

Көптеген жұмыстар далада жүргізіледі және келесілермен байланысты:

ауыр және үлкен жабдықтар мен саймандардың қолдануы;

жоғары қысымның пайда болуымен бірге жүретін технологиялық үрдістердің болуы ; үлкен жүктемелердің астында болатын жабдықтардың болуы.

Егер белгілі қауіпсіздік шараларын қолданбаса, осы барлық ерекшеліктер қауғылы жағдайдың себепкері болуы ықтимал.


4.2 Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардық анализі
Шикі мұнайдың бір-екі жеңіл фракциялары белгілі концентрацияда ауамен қосылған кезде жарылысқа қауіпті қоспалар түзітіндіктен, шикі мұнай жарылысқа қауіпті болып табылады.

Шикі мұнайдың отқа қауіптілігі мұнайдың әр түрлі сорттарына байланысты – 35 – тен +34 0 С-қа дейін жану температурасымен сипатталады.

Мұнай өнеркәсібінде жарылысқа қауіпті концентрациялардың түзілуінің алдын алу үшін ғимараттардағы және басқа жабық жерлеріндегі жабдықтарды және басқа жабық жерлердегі жабдықтарды және мұнай мен газ жүретін барлық жолдарды герметикалайды, бөлмелердің қарқынды желдендіруін жасайды, жарылысқа қауіпті жерлерде оттың пайда болмауы бойынша шаралар өткізеді.

Өндірістік шарттарда технологияның ақауы немесе үрдісті өткізу үшін қажетті шарттардың әсер етуі нәтежесінде қызмет ету персоналына қауіп туатын жағдайлардың пайда болуын ескертуқажет. БТП-М-Э мұнай қыздыру пеші өзінің санитарлы – гигиеналық параметрлері (вибрация, зиянды заттар, дыбыстық қысым, шу) бойынша қауіпсіз. Операторлық орын бөлек бөлмеде орналасқан-агрегаттан 100 метр қашықтықта.

Есептеу және өлшеу техника құралдарымен жабдықталған бөлмелер қауіптілігі жоғары категориясы жатады. Мұнда, адамның бір жағынан – электрқұрылғылардың металдан жасалған корпустарына бірдей тиіп кету мүмкіндігі бар.
Адам денсаулығына әсер ететін негізгі факторларға мынадар жатады:


  1. конвектевті жылу, ол пештің жылытылған бетінен шығады;

  2. жұмыс орнын күндізгі және түнгі уақыттарда жарықтандыру;

  3. жылдың жазғы уақытында бөлме ішінде артық жылу;

  4. адамның электр тогымен зақымдану мүмкіндігі;

  5. өрт шыққан кезде күю және уланып қалу мүмкіндігі;

  6. адамға зиянды механикалық әсер етуі;

  7. шу, зиянды заттар.

Оператор бөлмесіндегі шудың деңгейі 70-75 Дб шамасына дейін жетеді, бұл СН-245-71 талаптарын қанағаттандырады. Қауіпті зоналар-ашық ток өткізетін бөліктер. Техникалық құралдардың кернеуі – 220В, қысқа тұйықталу тогы 60 А.




4.3 Ұйымдастыру шаралары
Тиімді еңбек шарттарын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастыру шаралары қарасытрылады.

Біздің құрылғы ашық аспанның астында орналасқандықтан, жұмыстың қауіпсіздігі құрылғының басшысына, яғни басты операторға міндет артылады. Басты мехнаник электрлік қондырғылардың, бақылау аппратураның ақаусыз жұмыс істеуіне жауап береді. Қондырғының басшысы жұмысшыларға жұмыстың қауіпсіз әдістерін сақтау жөнінде инструктаж жүргізеді, жұмысшылардың ҚТ бойынша ережелер мен нұсқауларды және өндірістік санитарияны орындаудың, арнайы киім мен қорғау айлабұйымдарын қолдауын бақылайды. Сонымен қатар басшы жазатайым оқиға мен кәсіби улану себептерін тергеуде, жазатайым оқиғалардың себептерін жою мен алдын алу шараларын құрастырған кезде қатысады.

Барлық ИТЖ-лар МЕСТ ГОСТ 12.0.00-90 сәйкесінше жұмысқа қабылдануы алдында аттестациялық комиссияда аттестацияны өтеді, аттестациялық комиссиялық құрамына басты инженер , ҚТ бойынша басты инженерлнрдің орынбасары, ҚТ бөлімінің басшысы басты механик, басты энергетик, құқытық бөлімше мен кадрлар бөлімшесінің өкілдері кіреді.

Жұмысшылар персоналын нұсқауларының келесіндей түрлері бар : кіріспелік, жұмыс орнындағы нұақаулау, ағымды нұсқаулау, қайталап және оперативті. ҚТ бойынша бөлімшесінің басшысы және ҚТ бойынша инжененр өткізеді.



4.4 Техникалық шаралар
Еңбек қорғау мүддесінен цехте келесі техникалық шаралар қарастырылады: электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар.
4.4.1 Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Электр тогын кең қолданғандықтан, ол қауіпсіздік мәселелеріне маңызды мән келтіреді, себебі электр тогының организмге әсері қауіп төндіруі мүмкін, кейде өлімге де әкелуі ықтимал.

Адамдардың элекр тогынан сақтау үшін диэлектрикалық аяқ киім,қолғаптар,төсеніштер ескеріледі.Электрлі агреаттарды жөндеу тек оған құқы бар адамдарға рұқсат етіледі

Электр тогымен зақымдау жұмысшылар үшін қауіпті фактор болып табылады.Участкіде кернеуі 220В20, жиілігі 502 Гц, қолданылатын ток 40А болатын үш фазалы айнымалы ток жүйесі қолданылады.Барлық электр жабдықтар мен барлық металлдан жасалған конструкциялар міндетті түрде жермеленеді.Жермелеген объктілер магистральды жермеге парарллельді қосылады.Жерме магистралі станцияның территориясы бойынша барлық белгілерде жүргізілген және цех подстанциясының жерме контурларымен екі жерден қосылған.Операторлық бөлмеде электр тогымен зақымдалуын төмендету үшін едендер резиналы диэлектрикалы төсенішпен төселген.Қысқа тұйықталудан қорғау үшін электр тізбегіне қатысты талаптар мен пайдалану ережелерін сақтаудан бөлек, артық жүктелу мен қысқа тұйықталу кезінде, жабдықты сенімді түрде сөндіретін автоматты сөндіргіштер қолданылады.Автоматтыбасқару жүйелерін қолданғанда ПТЭ және ПТБ ережелеріне сәйкес электр тогымен зақымдалмау үшін арнайы қорғаныш құралдары пайдаланады.
4.4.2 Қорғаныш жермені есептеу

Байқаусыз кернеуі бар электр қондырғысының металдан жасалған бөліктеріне жұмысшының тиіп кеткен жағдайында қорғаныш жермені қолданады – ол қалыпты жағдайда кернеуі жоқ, бірақ электр қондырғысының изоляциясы бұзылған жағдайда кернеулі болып қалған жабдықтың металдан жасалған бөліктерін жермен әдейі электрлі түйісуі.Жермен түйістіру үшін жерме құрылғылары қолданылады.

Қорғаныш жерменің қызметі ол – метал конструкциялары немесе электр құрылғысының корпусы мен жердің арасында жеткілікті аз кедергілі электрлі түйісуді қамтамасыз ету, себебі адам тиіп кеткен кездегі жерге түйықталған жағдайда, оның денесі арқылы организмге қауіпсіз шамасы аз ток өту керек.

Жерме құрылғысы-жерме мен жермелейтін өткізгіштердің қосындысы.

Жерме – міндеті түрде жермен түйіскен металдан жасалған өткізгіш немесе өткізгіштер жиынтығы.

Жермелегіш өткізгіштер – электр қондырғысының жермелейтін бөлігін жерменен қосатын металдан жасалған өткізгіштер .

Жермені есептеудің мақсаты – қосатын шиналардың вертикальды және горизонтальды элементтердің саны мен ұзындығын тауып, жерменің мүмкін болатын кедергісінің және түйісудің мүмкін болатын кернеуінің ережелерімен регламенттелген өлшемінен шыға отырып электр қондырғылардың жоспарында жермені орналастыру.

1000В-қа дейінгі нық жермеленген нейтралі немесе нық жермеленген бір текті ток көзінің шығысы бар электр қондырғыларында зануление орындалу керек, ал қосымша қорғаныш жерме қолдануы тиіс.


Жәрменің есептелуі:


  1. ПУЭ бойынша қажетті жермелейтін құрылғының мүмкін болатын кедергісі орнатылады Rзм

Rзм=4 Ом

  1. параллельді қосылған табиғи жермелегіштердің пайдалануы ескеріліп, жасанды жермелегіштердің қажетті кедергісі анықталады.

мұндағы Rзм – жермелегіш құрылғының мүмкін болатын кедергісі ;

Re – табиғи жермелегіштердің кедергісі ;

Ru – жасанды жермелегіштің кедергісі .

Табиғи жермелегіштер – металлдан жасалған конструкциялар, железобетондардың арматуралары / ПУЭ – рұқсат етілген жағдайда), құбырлар және жермен сенімді түйісілген жабдық. Мүмкін болатын кедергі – 10 Ом.

Жасанды жермелегіштер ретінде вертикалды орналасқан болаттан жасалған құбырларды, бұрыштық болатты, металл стержендерді, сонымен қатар горизонтальды орналасқан болат жолақтарды және т.б. қолданылады.


Ru = 10*4 = 6.6 Ом

10-4
Жердің меншікті кедергісін жер қасиеттерінің негізінде р һ 100 Ом * м деп аламыз.

3. Электродтық вертикальды пластинасының ұзындығын ескере отырып кедергісінтабамыз:
а = 2м

b = 2м
Rв.о≈ Ррасч { Ln 4a + a }

2 Па b 2 t0
4. Климаттық зонасын ескере отырып жердің кедергісі келесі формула бойынша анықталады:

Ррасч = ρ * n = 4.5 * 100 = 450 Ом*м,

мұндағы n = 4.5÷7,0- жатыстың тереңдігі 0,8 м юолғандағы берілген климаттық зонадағы жердің меншікті кедергісінің коэффиценті.
Rв.о≈ 450 { Ln 4*2 * 2 } = 56 Ом

2*3,14*2 2 2*1

5. пайдалану коэффиценті Кu =0,9 болғандағы вертикалды жермелегіштердің жуық санын есептейміз.

h= Rв.о/ Кu* Ru =56/ (0,9*6,6)=9,42 дана.

Вертикальды жермелегіштердің санын 9 данаға тең деп аламыз.
6. ұзындықтарын ескере отырып, горизонтальды қосылыстырғыш элементтердің кедергісін анықтаймыз.

Болаттан жасалған горизонтальды жолақтардың өлшемдері:


Rr = hhpcч 2L2 , Ln 2*L = 2.5

2ПL * d*f d*f

(4.4)
мұндағы b-пластинаның ені;

L-пластинаның ұзындығы ;

F – қосылыстырғыш пластиналардың ұзындығы . b=0,2 м, L=4М, f=0,8М

Rr = 450 * Ln 2*42 = 95,94

2*3,14*4 0,2*0,8

Горизонтальды пластиналардың кедергісін ескере отырып, вертикальды электродтардың қажетті кедергісін нақтылаймыз.


Rв = Rг *Ru = 95.94 *6.6 = 633.204 =7.08 Ом

Rг – Ru 95.94 *6.6 89.34




  1. Пайдалану коэффиценті ескере отырып вертикальды электродтардың санын нақтылаймыз.

Rв = Rв.о = 56 = 8,23

RuвRв 0,9 * 7,56
Есептерден электродтардың қажетті саны-8 данаға тең екендігі шығады.
Қорытынды : Берілген бөлімдегі есептелген жермелегіш талаптарға сай және эффектілі түрде жұмыс істей алады.


4.5 Санитарлы-гигиеналық шаралар
Цехте жұмыс істеу кезінде өзіндік гигиена,қорғаудың бөлек құралдарын пайдалану және профилактика ережелерін сақтау қажет.Жаңадан келген жұмысшылар мен ИТЖ-лар алдын-ала дәрігерлік қаралудан өтеді де,ал кейін-жыл сайын өтіп тұрады.

Жұмысшылармен өзіндік гигиена ережелері туралы инструктаж жүргізіледі. Сонымен қатар жарықтандыруды ұйымдастыру бойынша шаралар өткізіледі


4.5.1 Бөлек қорғау құралдарымен қамтамасыз ету
Станциялардың барлық жұмысшыламен каскалар ескеріледі.

Электр персоналдарына,сантехниктерге,механиктерге және т.б.арнайы киім ретінде мақталықағаз матадан жасалған кастюмдер,бәтинкелер немесе етіктер беріледі.

Арнайы киімді жуып,тазалап,жөндеп тұрады.Арнайы киім мерзімді тексеруден жане сынақтардан өткізіліп тұрады.

Ескі киімді жаңалау мерзімдері сақталып тұрады.

Агрессиялы заттардан аяқты қорғау үшін резинадан жасалған етіктерді,ал электр тогынан-диэлектрлік бәтинкелерді қолданады

Дем алу органдары қорғау үшін противогаздарды, «Лепесток ,

БКФ(М немесе В) типті респираторларды (шаңға қарсы,газға қарсы қолданады.Газға қауіпты жұмыстарды орындау кезінде иыққа бекітетін баулары және жіпті байлауға арналған арқада орналасқан сақиналары бар сақтау белдіктерді қолданады.

СИЗ-ді мерзімді тексеруден өткізіп тұрады, ал газдан қорғайтын аппараттарды әрбір қолданғанна кейін және қолданудың алдында тексеріп тұрады.Тексеруді актпен ресімдейді немесе арнайы журналға тіркейді.


4.5.2 Жарықты ұйымдастыру

Аспаптарды және басқару органдарын жақсы көруді , сонымен қатар жөндеу, монтаждау және басқа жұмыстарды орындалуын қамтамасыз ететін рационалды жарықтандыру еңбектің қолайлы жағдайын жасау үшін қажет. Норма бойынша жеткіліксіз жарық болса түнгі уақытта жұмыс істеуге тыйым салынады, себебі пеш жұмысын визиалды бақылауы нашарлайды. Біздің автоматтандырылған жүйеге жарықтандырудың құрама қондырғысы қолданылған:

А) тәуліктің күндізгі уақытындағы жарықтандыру- табиғи жарықпен

Е1

Ет = Ес

Е1 = жұмыс орнындағы жарықталыну , ג к

Ес =жазықтықтағы сыртқы жарықтың деңгейі, ג к


Б) тәуліктің түнгі уақытындағы жарықтандыру – жасанда жарықпен .

Қауіпсіздік ережелерінің талабымен жасанды жарықталыну мөлшері, ג к :




  1. Жазық даярлау кенжарларында -15




  1. Тік кен қазбалар кенжарларында -10




  1. Жазық қазбалардың төменгі едендерінің жазықтығында -5




  1. Атылғыш заттардың қоймалардың едендердің жазықтығында-30




  1. Басқа жазық жазбаларында-2




  1. Медпункттерде -0,8 м биіктік деңгейде -100

Жарық беретін светильниктер түрлері РН-60, РН-100, РН-200, РВЛ-15. Бұларды қамтамасыз ететін ток кернеуі 127В-тан аспау керек.
4.6 Метерологиялық шарттар
Метерологиялық шарттарды зерттеу температураның, ылғалдылықтың, ауа қозғалыстың жылдамдығын өлшеу және жылудың сәулелену интенсивтілігімен қортындаланады. Метерологиялық шарттар қызметкерлер сияқты техника үшін де қолайлы болуы керек.

Ауа температурасы – уақыты автоматты реттеуішпен өзгертпейтін термометрмен немесе термографпен өлшенеді. Температруа тұрақты 20-25 0 С-та болу керек.

Ауа ылғалдылығын термометрден, салыстырмалы ылғалдылық пирометімен және психрометрмен өлшенеді. Уақыт бойынша ауа ылғалдылығының ауытқуын жазу үшін, автоматикалық аспаптар, мысалы: гидрографтар және психрографтар қызмет етеді. Ауа ылғалдығы 40-60 %ек. Ауаның қозғалу жылдамдығы 0,2 м/с – тен аспау керек. Бұл үшін ауаны желдеттіру қолданылады, онда температуралар, ылғалдылықтар, қозғалыс жылдамдықтар және ауа тазару деңгейлер сипаттамаларының тұрақтылығымен ұйымдасқан ауа берілісі. Ауа жетілдіру қондырғысында келтірілген параметрлер автоматты түрде реттеледі.

Ауа желдеткіші жүйесінің уақыт әрекеті бойынша , оларды тәулік бойына , жыл бойына және мерзімділік әрекет қондырғыларына бөледі. Қыста қалыпты температураны ұстау үшін жылу жүйесі қолданылады. Санитарлы – гигиеналық қатынастарда тиімділіктің артықшылығы сумен жылыту жүйесі болады.



4.7 Өртке қарсы шаралар

Объектіде (БТП-10М-Э мұнай қыздыру пеші) ПУЭ п.7.3.43 сәйкес В-1 г класына жататын жарлысқа қауіпті зоналар бар-ЛВЖ немесе горючий газдары бар сыртқы технологиялық қондырғылардағы кеңістіктер. Бұл зоналар – мұнайды қыздыратын табиғи ғазды беретін құбырлардың фланцілі қосылыстары мен қорғаныш арматурадан вертикалі мен горизонталі бойынша 3 метр аралығындағы зоналар


болып табылады. Электр жабдықтың ақауы кезіндегі қысқа тұйықталу, технологиялық үрдістегі

Қысымның жоғарлауы, реттелінбейтін температура және т.б. қондырғыдағы өрттің пайда болуының себепкері болуы мүмкін. өртке қарсы шараларға байланысты келесі шаралар қарастырылады:

- электр жабдық жермеленген және керекті жерлерде металдан жасалған былғарымен қорғалған.

- БТП- 10 М- Э пеші далада жұмыс ісейтіндіктен сәйкесінше далалық шарттарға байланысты найза шегіндіргішті орналастыру ( молниеотвот)

- мұнайы бар құбырлар орналасқан жердегі конденсация жүйесінде, және статикалық электричествоның жиналуы мүмкін болатын токты шегіндіргіштер (токоотводы) орнатылған;


  • өрт пайда болған жағдайдағы тез арада шараларды қолдану: кернеуді түсіру, отынның берілуін тоқтату;

  • жұмыс бөліктерінде “НЕ КУРИТЬ” белгісі орнатылған;

  • кешенді жарықтандыру үшін факелдерді, шықпаларды, бағаналарды, керосиндерді фонарьларды, отындарды және басқа отын көздерін пайдалануға тыйым салынады;

  • құмы бар жәшіктер орнатылған

  • өртке қарсы саймандары бар (кесте 4.1) өрттік щит жақын жерде орнатылған.

Кесте 4.1 Өртке қарсы саймандар




-10






Ұнтақты өрт сөндіргіш ОП-10


6

Кошма немесе асбестілік полотно 2х2 м


1




Сайманның атауы, белгіленуі

Жеткізуге құжаттың белгіленуі


Саны

Өрттік шелек 177-00-00

ТУ 32 ЦШ-Ш-76


1

Күрек ЛКО-4-1300

Мест 19526-87


1

Көмірқышқыл өрт сөндіргіш ОУ


1
Газды оттыққа әкелетін жүйе “ Газшаруашылығындағы қауіпсіздік ережелеріне” сәйкесінше

сынақталуы тиіс.




ӘДЕБИЕТТЕР TI3IMI

1. Клюев А.С, Глазов Б.В., Дубровский А.Х., Клюев А.А. Проектирование систем автоматизации технологических процессов. М., Энергоатомиздат, 1990



2. Емельянов А.И., Кстник О.В. Проектирование систем автоматизации технологических процессов. М., Энергоатомиздат, 1983

3. Касаткин А.Г. Основные процессы и аппараты химической технологии. 1973

4. Трубчатые печи (Сборник статей). Под ред. Ц.А. Бахшияна. М., Химия, 1969

5. Ентус И.Р., Шарихин В.В. Трубчатые печи в нефтеперерабатывающей и нефтехимической промышленности. М., Химия, 1987

6. Барабаш Ю.В и др. Синтез системы управления процессом нагрева нефти в трубчатой печи

7. Арефьев Б.А. Оптимизация инерционных процессов. Л., Машиностроение, 1969

8. Морозовский В.Т. Многосвязанные системы автоматического регулирования. М., Энергия, 1970

9. Хасмамедов Ф.И. Автоматизация управления трубчатыми печами. М., Химия, 1980

10. Исламов М.Ш. Печи химической промышленности. Л., Химия, 1975

11. Климовицкгш М.Д. Оптимизация работы нагревательных печей. М., Металлургия, 1965



12. Защитные устройства. Безопасность труда на производстве. Под ред. Злобинского Б.М. М., Металлургия, 1979

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет