Мазмұны Кіріспе


Өлкеде алғашқы кітап басу ісі



бет2/4
Дата25.02.2016
өлшемі0.59 Mb.
#19501
1   2   3   4

1.2.Өлкеде алғашқы кітап басу ісі
Түркістанда Ресей құрамына кіргенге дейін, кейбір шығыс литографияларын санамағанда бірде-бір типография болған жоқ. Кітап басу ісі Шығыста, Батыс Еуропа елдеріне қарағанда анағұрлым кеш басталды. Шығыста баспа стоногы тек қана ХYIII-ХIХ ғасырларда пайда болды.

Ресейде мұсылман тіліндегі кітап бастыру В.Пятницкийдің мәлімдеуі бойынша ХYIII ғасырдың 70-жылдары басталды. 1723 жылы Астраханда алғашқы араб шрифтімен орыс типографиясы негізі қаланды. Кейінірек мұндай баспалар Петербург, Москва, Қазан, Кавказ және Қырым жерлерінде болды. Түркістанда кітап басып шығару ісі тек ХIХ ғасырдың 60-жылдарында басталды. Кітап басу ісінің бұлай кешігіп шығуын көбіне Түркістан өлкесінің экономикалық және техниканың дамуының артта қалуынан түсіндіреді.

Түркістанда 1880 жылы баспахана өнеркәсібі саны бесеуге жетті, олардың 4-еуі типография және 1-еуі литография. [19] Орта Азияда алғашқы литография 1874жылы Хиуада, кейін 70-жылдардың соңына таман Бұхара, Самарқант, Андижан т.б Түркістан қалаларында пайда болды [20]. Литографиялық баспаның кең тарауы ең алдымен кететін шығының аз болумен қатар, литографиялық техниканың қиын еместігі еді. Мұнда тәжірибелі- кәсіпқой жазбашылар мен баспа ісінің өкілдері жұмыс істеді. Түркістандағы жергілікті халықтың арасынан ең алғашқы литографтардың бірі Атажан Абдалов (1856-1927 жж) еді. Ол бастауыш білімін орыс мектебінен алып,орыс тілін жетік меңгерген болатын, жас кезінен бастап орыс мәдениетіне, ғылымы мен техникасының даму жетістіктеріне сүйсінді. Сондықтан болар ол орыстар арқылы баспа, яғни кітап басу ісі туралы алғашқы мәліметтер алып, кейін солардың күшімен 1874 ж Хиуада өз баспасын ұйымдастырып, бұл 1910жылға дейін өмір сүрді.

А.Абдалов литографиясынан классикалық өзбек және шығыс әдебиеті классиктерінің еңбектерімен қатар, тарихи шығармаларда басылды. Кейінгі кездегі деректер боцынша хивалық 40 жуық литографияның жұмыс жасағаны белгілі. Келесі бір жекеменшік өзбек басапасының иесі Исанбай Хусейнбаев болды.Ол 1883 жылы Ташкентте Ресейден әкелген құрал-жабдықтармен өз литографиясын ашты. Кітапқа деген қызығушылығы мол Исанбай орыс және өзбек тілдерінде кітап басып шығарды.

Литографиялық баспалардан небір керемет дүниелер мәселен: Әлишер Навоиның «Хамса» баспасынан («Бес поэмасы») 1880 жылы, 1893 жылы Ташкентте «Диван» (өлеңдер жинағы) басылып шығарылса, ХIХ ғасырдың 80-жылдары Мунис Хорезм ақынның «Девони Мунис» және «Девони Раджи» атты өлеңдер жинағы мен 1892жылы атақты философ, ақын Мирза Абдукадыр Бедилдің Ташкентте «Таңдамалы шығармалары», 1893 жылы литографиялық жолмен Машраб ақынынң өлеңдері жарық көрді. [21]

Литографиялық жолмен әсіресе діни мазмұндағы кітаптар шығарылды. Мұнымен қатар 80-жылдары медреседе білім алу үшін мұсылман балаларын оқытуға арналған кітаптар мен басқада әдеби шығармалар, әсіресе «Хафтияк» (құран үзінділері), Шоркитаб (мұсылман әдет-ғұрыптары), «Суфи-Аллаяр» (діни-мистикалық өлеңдер жинағы), т.б. көп сұранысқа ие болды. Бұл кітаптардың барлығы отарлаушыларға өлкеде өз монархиялық билігін орнатуда көмегін тигізді. Мұны: Энгельс - «догматы церкви были одновременно и политическими аксиомами, а библейские тексты имели во всяком суде силу закона» - деп көрсетсе, атақты шығыстанушы ғалым В.В.Бартольд былай дейді: [22] - « Мусульмане без колебания заимствовали у европейцев огнестерльное оружие, но для заимствования другого изобретения «неверных» - книгопечатания - потребовалось постановление богословных авторитетов, так как пользование печатными книгами вносило полный переворот в школьную жизнь, тесно связанную с религией».

1888 жылдың соңында Ташкентте С.А.Порцевтың типографиясы құрылды. [23] Алқашқы баспа бетінен шыққан кітаптар орыс ғалымдарының Түркістан өлкесінінің табиғат жағдайы мен байлықтарын, экономикасы мен өндіріс қуатын, жергілікті халықтың әдет-ғұрыпын зерттеген еңбектері болды. Солардың бірі 1868 жылы ташкенттік әскери типографиядан алғаш шыққан орыс ғалымы Н.А.Северцев еңбегі. Орыс тіліндегі еңбектермен қатар ХIХ ғасырдың 70жылдарында жергілікті халықтың өз тіліндегі еңбектер: Шахмардан Ибрагимовтың - «Календарь» (1872ж) 500 данамен басылып [24] бүгінгі таңда бұл еңбектің нұсқасы Ә.Навои мемлекеттік кітапханасының сирек кездестін бөлімінде сақтаулы. Бұл еңбек «Туркестанских ведомостей» мәліметтеріне қарағанда оқушылар арасында үлкен сұранысқа ие болған. Ш. Ибрагимовтың. «Календарь» еңбегінде –жәрмеңкелер туралы анықтама мен көптеген мағұлматтар, Түркістан мен ресейлік қалалардың маршруттары мен арақашықтығы, Мембанк бөлімдерінің мәліметтері мен орналасуын, почта жөн-жобасы, орыс тілінде араб қаріпімен сандардардың өзбекше аудармасы берілген.

Шығыс литографиялық басылым еуропалық басылымдарға қарағанда өзінің орындалуымен ерекшеленеді. «Окраина» газеті осы бір ерекшелікке тоқатала кетіп, Ташкентте литографиялық жолмен басылған кітаптар өте ұқыптылықпен орындалғанын және шетел басылымдарына қарағанда әлдеқайда арзан түсетіндігін хабарлайды. [25] Бірақта литографиялық басылымдар қоғамның даму талаптары мен күнделікті саяси жағдайларға, ағарту саласы мен мәдениеттің дамуына лайықты жауап бере алмайтындықтан, мерзімдік баспасөз басылымының қажеттігі туды. ХIХ ғасырдың соңына қарай Орталық Азия қалаларында көптеп жеке меншік типографиялар ашыла бастады. Бұл типографияларда жеке меншік газеттер мен орыс буржуазиясының газеттері шығып тұрды.



II-ТАРАУ. ТҮРКІСТАН ӨЛКЕСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ БАСПАСӨЗ ДАМУЫНЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ.

2.1.Қазақ тілінде шыққан алғашқы басылымдар.

Қазақ баспасөзінің көшбасшысы «Түркістан уәлаятының газетінің» дүниеге келуі халқымыздың рухани және саяси-қоғамдық өміріне тың өзгерістер әкелді. Ол алғашқы ұлт зиялыларының публицистика саласын игере бастауына бағыт-бағдар беріп, ХIХ ғасырдың соңына қарай қазақ баспасөзінің толық қалыптасуына негіз болды.Алайда, басылымның жарыққа шығуының саяси астары да жоқ емес. Газеттің басылуы патшалық Ресейдің қазақ жерін түгел иеленіп, ендігі уақытта отарлау бұғауын Кіндік Азиядағы Түркімен, Хиуа, Қоқан хандықтарына, Қытай еліне бағынышты Шығыс Түркістанға салған, тіпті, ауған-ағылшын соғысына да араласып, ол жерден де өз үлесін дәметкен саяси ахуалға 1868 жылы қазақ елін толық билгеп келген Орынбор, Батыс Сібір генерал-губернаторлығына Сырдария, Жетісу облыстарын қамтыған Түркістан уаляаты қосылды. Түркістан генерал-губернаторының қолына әскери, азаматтық билікпен қоса Қытай, Иран сияқты елдермен дипломатиялық келіссөз жүргізуге құқық берілді. «Түркістан уалаятының газеті»-қазақтар «жарты патша», атап кеткен сол Түркістан генерал-губернаторының (фон Кауфман) ресми газеті. [26]

Сондықтан, 1870 жылдан бастап «Туркестанские ведомостидың» қосымшасы ретінде 13 жыл бойы шыққан газеттің алғашқы жылдарындағы сандарында көбінше жарлық, үкім, қаулы, бұйрық, сот шешімдері сияқты құжаттар жиі жарияланған. Идеология құралы болғандықтан, газетте алыс, жақын шет елдердегі шапқыншылықтар, отаршылдық соғыстар туралы хабарлармен қосажер, мал, егін шаруашылығы, өнеркәсіп, сауда мәселелері мен оқу, білім салаларына да тоқталды. Сонымен бұл газет жалпы Орта Азия халықтарының тұңғыш баспасөзі болып табылады. Газет қазақ және өзбек тілдерінде шығып отырды. [27] Ішкі істер министрлігі газеттің шығуына рұқсат беріп, оның бағдарламасын тек қана патша үкіметінің бұйрық-жарлықтары, салтанатты жиналыстары төңірегіне ғана лайықтап, көбінесе ресми хабарларды басуға ұйғарған еді. Ресми хабарлардың ішінде «жергілікті халықтарға қатысты Түркістан генерал-губернаторы мен әскери губернаторлардың бұйрықтары, сот орындарының үкімдері, Түркістан өлкесіне тиеселі жалпы үкімет бұйрықтары жиі жарияланды. Ғылым, білімнен қосқаны-орыс патшаларының өмірнен қысқаша әңгіме, жергілікті қызықтыратын орыс халқының өмірінде және басқа да мемлекеттердің өмірінде кездесетін қызықты оқиғалар,өнеркәсіп мен ауыл шаруашылығна байланысты жергілікті хабарлар, әр түрлі мәліметтер» Бірақ газеттің бас редакторы Н.П.Остроумов ғылыми-зерттеу ісімен шұғылданған кісі болғандықтан, бұл бағдарды кеңейтіп, газеттің ресми емес бөлімінде жергіілікті халықтардың тарихына, әдебиетіне, мәдениетіне жанасты материалдарды көп бастырған. «Түркістан уалаятының газетінде» басылған тарихи, саяси, мәдени мәселелердің деректемелік құндылығы өз мәнін әлі де жойған жоқ.

1923 жылы „Ак жол" газеті туралы Б.Майлин; „Осы декабрь жүлдызынын 7 күні Ташкентте шығатын Түркістан үкіметінің тілі "Ақ жол" жарыққа шығуына үш жыл толды, Сол күннің қүрметіне „Ақ жол" Қазақстанда көп тараған газет екенін айта келіп; Ол Түркістан үкіметінің қолдаған шараларын қазақ халқына жеткізіп тұрды", - деп атап көрсетті [28]

Шындығында 1920 жылдың 18 сәуірінен шілденің 27-не дейін Ташкент қаласыңда қазақ тілінде “Жаңа өріс” газеті шығып тұрған болатын. Ал “Ақ жол” болса сол басылымның заңды жалғасы еді. Алдымен “Жаңа өріс” газеті жөнінде бір-екі ауыз мәлімет бере кетелік. „Ол Кырғыз-қазақша жетісне екі рет шығатын сыпайы тілдегі саяси әрі шаруашылық газет” деп аталады, [29] Басылым материалдары халықты негізінен еңбекке, игі тіршілікке шақырады. Ал, сол жылдың 7 желтоқсанынан бастап оның орнына „Ақ жол газеті Қырғыз газеті" деген атпен шыға бастады. Орташа таралу тиражы І800. Алғашқы редакторы С.Қожанов, Басылымның Ішкі хабарлар, сыртқы хабарлар, сауатсыздықты жоғалту жайынан, әйел теңдігі, ресми бөлім, бұйрық-жарлықтар, жастар арасыңда, жарнама партия тіршілігі, партия талаптары, шаруашылық жайынан деген бөлімдерді болды. Ақжол қазақ, қырғыз халықтарының жер-суы қайтарылатынын дәйекті жазып отырды. Еңбекшілерді жерге орналастыру,оны отырықшылыққа айналдыру мәселесі Ақжолда Әулеиатадағы Қазақ, қырғыз сьезінің есебін беруден басталып жазылады. 1921 жылдың көктемінде Түркістанда басталған жер-су реформасы 1922 жылдың жазында Жетісу мен Сырдария облыстарында жер-су реформасы аяқталды. Бұл реформа бойынша Әулиеатада - 80мың, Шымкентте - 16 Ташкентте - 6мың танап жер кедейлерге қайтарылғандығы айтылады. [30] „Ақ жолдың 1921жылы 29-нөмірінде Кедейлер теңсіздігі деген макала жарияланды. Онда Орта Азия халықтарынын патшалы Ресей дәуіріндегі саркыншақтарға қарсы күресі туралы айтылады. Автор байлардың кедейлерге жасаған зорлық-зомбылықтары, олардың жиі-жиі кедейлердің малын тартып алуы, кедейлердің көтеріліске шығып, жаңа өмір орнатуына алып келді деп туйіндеуіне негіз береді. Сондай-ақ газеттің осы нөмірінде, Түркістанда өткізілетін кедейлер конференциясына Рахимов, Барашов, Сафаров, Арызбаев, Оразов, Каримов сияқты барлығы 25 елдің тіркелгенін, мұнда „Мұсылмаи интернатының" ашылып, қазір барлығы 11З ұл мен 13 қыз бала оқып жатқаңдығы және 14 наурыздан Ташкентте "Мұсылман партия школасы" іске кіріскенін қысқаша хабарлайды. „Ақ жол» газетінде әйел теңдігі мәселесі де кең түрде камтылған. Осыған орай Жұмабек Қыстаубаев деген автордың „Қалың малұрлығы”- деп аталатын мақаласындағы „Шымкент уезі Қошқар ата болысындағы Бөртебайүлы 17 жасар қызды 15 кара малға сатып алған” Қыздың әкесі Таңқы 15 қараны алып, қызын әйел үстіне берген" дейтін жолдарға нақты жауап ретінде газеттің 1924 жылғы 13нөмірінде „Қазақ-қырғыз арасында қызды мал орнына сатуға тиым салынғалы бері бұл әдет жойылып та келді. Сонда да бұл туралы шығарылған заң-закон қағаз жүзінде ғана қалып, іс жүзінде шыға алмай, қала ішінде онша-мұнша орындап, даладағы қара халық арасыңда әлі жойылмай тұр. Осы жылы Жизақ уезі Атақорған болысында Оспантөс Бекұлы деген кедейлерге жол болып, жаман әдет жойылар ма екен деген оймен өз қызын малсыз Оңғарбек Қаратайұлына беріп отыр. Бұған қарағанда қазақ-қырғыз ішінде қалың мал жойылар деген үмітіміз де бар, — деп редакциялық мақала жариялады. [31]

"Ақ жол" газетінің тағы да бір ерекше көңіл бөліп, жан-жақты проблема көтерген мәселелсрі шаруалар жағдайы. Мысалы, газеттің 1921 жьшы 52-нөмірінде „Жерсіз һәм аз жерлі дихандар ұйымынын жобасы” жариялаңды. Онда, ұйым мүшелерінің ақша жөніндегі міндеттері, істері көрсетілді, яғни әр айға кіріс салығы 50 сом айлык, салығы да 50 сом. Одан әрі ұйымның құрылыс реті көрсетіледі де, дихандар ұйымының әр ауылда ашылу керектігін айтады. Сондай-ақ газетте „Шарушылық жайынан" деген айдармен „Түркістандағы жер байлығы” атты мақала да жарияланыпты, Онда, „Мухин деген бір профессор Ташкенттен Ленинградқа қайтып барып, баяңдама қылған. Баяндамада Түркістан уезіндегі Қаратау таусылмастай көп тас көмір таптым деген, Тас көмір жатқан жердің ұзындагы 200 шақырымдай дейді” [32]- деп оны тез арада кәдеге асыру жайын сөз етеді.



Ақ жолда" жиі жазылып, халықтан тиісті бағасын алған тақырыптардың бірі әдебиет, мәдениет және білім мәселесі. Мысалы, басылым өзінің “Сауық кеші" ("Ак жол газеті, N71, 1921 жыл) деген мақаласында; „1921 жылғы 20 майда Түркістан қаласындағы жастар ұйымы атынан сауық кеш жасалды. Бұл тамашада "Болыс" атты 3 перделі драма қойылды" - десе, газеттің 1924 жылғы 402-і нөміріңде „Жаңа шыққан жеті азамат қырғыз-қазақ мәдениетін көркейтуге мұрындық болыңдар" атты мақаласын авторы Үсенұлы; «Қай жұрттың болса да жұртшылық санына қосылып, мәдениет сатысына қосылып аяқ басу сол жұрттын әдебиетінің өркендеуімен табылмақ -деп жазды. Ал редакция ұжымы болса Темірбай деген автордың „Тұңғыш жетеу" мақаласы арқылы Үсенұлының осы ойын әрі дамытып, былай деп нақтылай түседі: «Ташкентегі қазақ-қырғыз институтын тауысып, жеті азамат бүгін майданға шығайын деп тұр, Институт өзініқ қысқа, тайғақ өмірінде тәрбиелеп, өсіріп тұңғыш жеті балапан ұшырып отыр. Қазақ-қырғыздың тіршілігінің шарттарына қарағада, бұл жеті күш, әрйне аз, жетпіс те аз, жеті жүз болу керек еді, бірақ барымыз осы.

Қазақ еліңің даласы осы күңде мәдени басшыға мұқтаж, мәдени басшы деп кімді айтамыз? Қай жұртта, қай заманда болса да оқусыз мәдеинет жоқ. Алдымен оқу керек. Судья, дәрігер, инженер, т.б. мәдениет басшысы емес.

Қазақ-қырғыз надаңдығана, қараңғылығына қарағанда бұл арада мәдениет басшы муғалім. Сондықтан қазақ-қырғыздың мәдениет тарихында дәрігер, инженер т.б. оқытушы мүғалімдер айрықша орын алдьы. Институның тұтқан бағыты қазақ-қырғыз оқытушы муғалімдер шығармақ.

Институт бұл бағытынан айнымаған болса, мынау жеті азамат инсгитуттың бағытынан жаза баспауы үлкен мәдениет. Халықтың білім алуы, көркеюі сіздерге қарап тұр. Институтта оқитын тұңғыш жетеуі Оспанқұл Әлиұлы, Базарқұл Даниярұлы, Әлжан Бұқарбайұлы, Жұмабек Нұрбекұлы, Сәдуақас Баймақанұлы, Насыр Қожақұлы, Шынәлі Мұсақұлы деп бүкіл иісі қазақ халқына жар салады, ой салады. [33]

1924 жылдын соңында Түркістан Совет республикасы таратылып қайта құрылды. Осыған байланысты бұрын оның қарамағында болып келген Жетісу меп Сырдария облыстары Қазақ АССР-іне қосылды. Осыдан кейін „Ақ жол" газеті 1925-1927 жылдары Қазақстаннын Сырдария облыстық партия, кеңес мекемелерінің органы болып Шымкентте шығып тұрды.

„Шолпан" журналы Түркістан Орталық партия комитетінің органы болып Ташкентте шығарылды. Қазақ тілінде айына бір рет шығатын саясат, шаруашылық, білім, әдебиет журналы" деп аталды. Ол 1922 жылдың қазанынан 1923 жылдың мамыр айына дейін шығарылып тұрды. Журналдың өнер-білім, шаруашылық бөлімдерінде көптеген танымды материалдар жарияланды. Мәселен, Қазақ тілндегі сингармонизм заңы", „Орхон жазуы туралы бірнеше сөз” „Жер сілкіну", „Ғылым не береді?" т.б. мақалалардыц ғылымдық, тәрбиелік, үгіт-насихаттық мәні зор болды, Журналы жұмысына О.Жаңдосов, Ә.Диваев қатысты. [34] Ал, енді „Шолпанның" бетінде сол кезеңнің көкейкесті мәселелерне арналған қандай басты материалдар жарияланды деген сауалға келетін болсақ онда ең алдымен „Абыр-сабыр заманда сақтану керек" атты мақалаға тоқталамыз. Себебі, бұл еңбекті көптеген зерттеушілер соңғы кезге дейін ұлтшылдык, сарында ескіні көксеумен жазылған дүние деп бағалап келді. Керісінше, біздің ойымызша оның ешбір шектен тыс асып бара жатқан ұлтшылдығы жоқ сияқты. Оған мақала тексін оқу арқылы көз жеткізуге болады: „Төнкерістен бұрын қырғыз-қазақ кедейлері ылғи өгейлік көріп келді. Басынан тоқпақ кетпеді. Жақсылықтың сәулесі тимеді. Көргені зорлық-зомбылық, жауыздық еді.

Түркістанда патшалық өкімет басқарып келген жергілікті жұрттың қамқорлықтарыменен, патша өкіметіне арқа сүйеп, аштан келген келімсектердің қулық-сұмдығына шыдағандары қырғыз-қазак, болып еді. Өзін санға алмай қырғыз-қазақты билеп, жер-суы үшін ақы алды.

Бұдан басқа мақсаттары да жоқ емес еді. Сондықтан революцияның алғашқы күндері қырғыз-қазақ жұрты төңкерістің ниеттеріне сенімсіз кезбен қарады. Төңкерістің әуелгі дәуірінде төңкеріс жемісін жалғыз орыстар пайдаланады деген пікірден кейін төңкеріс ісіне тіпті араласпады".

Сондай-ақ журнал халық арасында өкіметтің түрлі саяси-экономикалык, мәселелерін түсіндіруден де бас тартқан емес. Мәселен, салык, жайы, редакция ұжымы халыққа оны былай деп түсіндіреді: -„әрбір өкімет өзінің істейтін шығындарын көтеру үшін халқына әр түрлі салықтар салады. Өкімет шығындары көп болған сайын соғүрлым халықка да салықтар көп түседі.

Салықты аз салатын өкімет халқына жақсы қарап һәм аз салык, халықтың шаруашылығына жеңіл тиеді. Сондықтан екіге бөлінеді һәм түрлі жолмен өкімет пайдасына халықтан жиналады. Кейбір салықтар ашык салық, деп аталып, баскалары жасырын салық, делінеді. Ашық салық жер, су, аяқты мал, фабрика-завод (салынып) Һәм солар сиякты мүліктердің иелеріне ашык, салынып жиналады, жасырын салык халыққа білдірілмей, көрсетілмей, байқатпай салынып жиналатын сияқты. Енді екітүрлі салықтың қалай жиналуын түсінуіміз үшін мынадай мысалдар алайық. "Өкімет жүз уақ малы һәм 15-20 ірі қарасы бар орта шаруаға иесі өкіметке бір жыл ішінде 8-10 сомнан басқа алатын ақша есебіне басқа шығын төлемеймін деп жүрсе де тағы да әртүрлі жолменен өзі байқамай бірнеше шығындарды төлейді".

Әрине, бұл жерде редакцияның жасырын салық туралы айтып, халықтың арасында кері пікір туындатқанын жасырмай көрсетуіміз керек. Бірақ баспасөз бетінде шындықты жазып, соңына дейін адал болғанға не жетсін.

„Шолпан" журналында мұнымен бірге өнер-білім мәселесі де үзбей жарияланып тұрды Мысалы; белгілі шығыс зерттеушісі Ә.Диваев өзінің «Қазак-қырғыз білім комиссиясы жайынан қысқаша баяндама деген мақаласында: Мектеп кітаптарын даярлауға комиссия өте назар салды. Бірнеше жиылыс жасады.Қазақ азаматтарын оку кітаптарын жазуға шақырды. 1922 жылдың аяғында азаматтар мынадай оқу кітаптарын жазып бермекші болып уәде борді:



  1. С.Қожанов» Арифметиканын бір бөлімін.

  2. Қ.Жолманов. Арифметиканың екінші бөлімін.

  3. А.Дәнебаев. Педагогиканы

  4. Ф.Ғалимжанов. Абсолютті арифметиканы

  5. Ғ.Досмұхаметов. Жануарлар жайынан

  6. С.Оспанов.Қазақ-қырғыз тіліндегі сөздерді түзуді Бұл кітаптардан жануарлардан басқа комиссияға кітап тапсырылған жоқ -деп дабыл кағып, алаңдаушылық, білдірді.

Егер журнал бетінде жазылған әдебиет мәселесі туралы сөз козғасақ онда „Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі" деген тарихи әдеби сынның қысқаша мазмұнымен де таныс болғанымыз жөн сияқты: «Қазақ әдебиетінің осы күнгі халі мен бағытына оқырмандар түрлі пікір айтады. Орыс зсрттеулері әсіресе қазак, ауыз әдебиетінің жалпы түркі әдебиетінің ішінен алар орны зор деп бағалауда әрі осы жазулардың айтуына карағанда жазба әдебиетіміз әлі іргесі қатаймаған, беті анықталып ашылмаған, белгілі түрге түсіп калыптаспаған, майысқан-сынған әдебиет деп саналғандай жасырын мазақ, ащы мысқыл сезіледі", — деп ой қозғайды автор. Ал, халыққа білім беру, өнер жайы туралы жазылған материалдар болса „Оқу бөлімінен" шығып тұрды. Соның бірі Ташкентегі қазақ-қырғыз институты туралы жарияланған көлемді мақала. Журналда осы мақалаға қосымша институттың корпусы, оқытушылары, студенттердің оқу залындағы сурет беріліп, бұл оку орнының қазак өмірінен алатын орны былай деп түсіндіріледі.

«Қай халықтың болсын мәдениетін тудыруға, күшейтуге себеп болған мәдениет көсемдерінің өткен еңбегін бағасын шамаласақ алдыменен бәйге алатын еңбек. Ал халык, арасында мәдениет ұрығын шашатын кілең оқушылар ғана. Сондықтан қай мемлекет болсын мәдениетке алғаш аяқ басқанда бар күшін сарп қылып даярлайтыны оқушылар ғана болады".[35]

Енді „Шолпан" журналында әдебиет, мәдениет, өнер мәселелеріне арналған қандай дүниелер болды, олардың авторлары кімдер еді десек, онда М.Жұмабаевтың „Қорқыт", „Батыр Баян" поэмаларын, М.Әуезовтің „Оқыған азамат" әңгімесі мен „Заман еркесі" романын, Б.Серкебаевтың «Қонай құлаған тас», Ш. Қүдайбердиевтің „Ләйлі — Мәжнүн" поэмаларын атауымызға болады. Ал редакция жұмысына үнемі араласып, туған халқына жанашырлык, танытып, материалдар жариялап отырғандар: Н.Төреқұлы, С,Қожанов, САспандияров, Т.Рысқұлов. О.Жандосов, А.Оразаев сынды азаматтар болды.

Қазақ шаруаларының арасында түсінік, ұйымдастыру жүргізуде журналдың „Шаруашылық бөлімі" белсенді қызмет атқарғаны байқалады. Мысалы, Темірбек дегеи автордың „Көшпелі қазақ халқын отырықшылдандыру дегендер туралы″ макаласын оқып көрейікші: «Соңғы жылдары қазақты тегіс жерге отырғызу деген мәселелер туып жүр. Өнімді түрі табиғаттың күшін өзіне қаратып, бағындырып алса болғаны. Сондықтан табиғаттың күшін мол пайдалану үшін мәдени кәсіптермен айналысу керек. Ол үшін жер иелену керек, тіршілікті тұрақты түрге салып, боран соқпайтын жем жемейтуғын орнықты кәсіппен айналысу керек. Көшпелінің қонысы оң болып, малының аман шығуы жүрген жерінің отына, қарына, суығына байланысты болады. Қалың қар, жұт, мұз болса, боран соқса қазақтың күні қара, малынан айырылғаны, байлығынан айрылғаны, барлық көрген түсіндей болып көзінен бірақ ұшады. Көшпелілер малым бар деп жыл шыққан соң көктемде ғана айта алады. Сондықтан бірте-бірте отырықшылыққа ауысқан қазақ халқына жөн болады".

„Шолпанның" келесі санында отырықшылдықтың пайдасы туралы „Қыстақтардағы су мәселелері" деген бір шағын мақала жарияланды. Онда, өмірінде пара алып көрмеген бір мұғалім мұраптыққа сайланады. Байлардың берген парасын алмай, парақорлықпен күресу жолына түседі. Байлар мен кедейлер су пайдалану жұмысын тексеріле бастады. Сондықтан байлардың артық жерлеріне су жетпей, құрғауға айналды. Су аздықтан екпейтін жерлерін кедейлер гүлдендіре бастады деген мәселе айтылып, әділдік, ауызбірлік болса мұратқа жетуге болады деген ой түйіндейді.

«Шолпаның» басқа журналдармен салыстырғанда, „Саясат бөлімі" болды, Бұл бөлімнің жұмысы кезінде жақсы жолға қойылғандығы байқалады. Мысалы, онда „Саясат дүниесінде", „Жалпы Россия кеңестерің бірінші съезі", „Еуропаның саяси халі" сияқты мақалалар жарияланып оқырмандарын дүииенің жер-жерінде болып жатқан оқиғаларымен таныстырып отырған. Осы мақалалардың бірі „Орта Азия бірлігі" деп аталады. Онда: „Март айының басында Ташкентте Орта Азиядағы, Бұхара, Хорезм һәм Туркістан республикаларының конференциясы болып өтті. Бұл жөнінен конференцияиың жұмысы жақсы болып шықты. Ескі заманда да, революциядаң бері қарай да жоғарыда айтқан аймақтардың шаруасы бір жерден басқарылып келген емес. Әбден ауданға бөлу мәселесі Мәскеуден қаралып жатады. Мәскеудің ұйғаруьша қарағанда Түркістан, Хорезм һәм Бұхара республикалары бір шаруа ауданы болып саналатын көрінеді" [36] деп түсіндірілді. Міне, „Шолпан" журналында тоғыз айдың ішінде жарияланған материалдардың мән-мазмұн, сын-сипаты негізінен осындай болып келеді. Әрине, редакция тарапынан адасушылық, бұрмалаушылық мүлде болған жоқ дей алмаймыз. Бірақ бүгінгідей егемендік, демократиялық пен жариялылық кезінде өткенімізді саралап, жақсы мен жаманның арасын айырып алғанымыз жөн сияқты. Кезінде басылымда „ұлтшыл" материалдар жарияланған екен деп өз халқымыздың тарихынан бас тартқанымыз азаматтыққа, адамгершілікке жата қоймас. Осы орайда Ташкентте „Шолпанмен" қатар „Сана", „Кедей айнасы" журналдарының да шығып тұрғанын білеміз. Енді осы басылымдарға қысқаша тоқталып өтелік. Қысқаша деу себебіміз „Сананың" 3, ал „Кедей айнасынық" 5-ақ саны шыкқан. [37] Әсіресе, „Сана" журналы (1923, қаңтар) бетінде білім, ғылым, тарихи материалдар жарияланғанымен, оған І. Жансүгіров, М.Әуезов жанашырлық білдіргенмен 1,5 жылдан астам уақыттан кейін „Саясат" бөлімі болмағандықтан, сол күннің, сол таңның көкейкесті әлеуметтік, саяси мәселелерін көтеріп, жаңаны насихаттамағаны және ескіні, өткенді сөз еткені үшін деген айып тағылып, 1924 жылдың , қараша айында жабылды.

Әйтседе, „Сана" журналын ауызға алар болсақ, ең алдымен ойымызға Х.Досмұхамедов ағамыздың есімі оралады. Себебі, Халел 1920 жылы Ташкент қаласында Халық ағарту институтында оқытушылық, қызмет атқарумен қатар, ғылыми-педагогикалық жұмыстармен де айналысқан. Осы ретте ол қазак-қырғыз білім комиссиясының төрағасы ретінде қазақ мектептері мен жоғары оқу орындарында оқытылатын пәндердің бағдарламасын жасауға, түрлі саладағы оқулық кітаптарды жазуға, ғылыми терминологияны қалыптастыру існе белсене кіріседі.

Осы қызметте жүріп Х.Досмұхамедов жаңа бағыттағы ғылыми-көпшілік „Сана" деген журнал шығарып, басылымның мақсат-мүддесін: „Заманымыз мәдениет заманы, мәдениетке білім жеткізеді. Білім оңайлықпен қолға түспейді, Білім алуға көп еңбек, асқан сабырлык, керек, "Сақшы" шығарғандағы мақсатымыз аз да болса, кемшіліктерімізді жойып, елгс мүғалімдерге, жасөспірім шәкірттерге түсінікті сөз болу. Бұл өте ауыр жүмыс. Дегенмен, кіріспеске амал жоқ, - деп айқындап берді [38]

Х.Досмұхамедов „Қазақ-кырғыз тарихына көзқарас" деген екінші бір мақаласында: «Тіл жұрттың жаны». Өз тілін өзі білмеген ел болмайды. Мәдениетке ұмтылған жұрттың алдымен тілі өзгермекші, тілі бұзылмақшы. Тілінен айырылғаи жұрт - жойылған жүрт. Тілімізді бұзбай ұстарту шарттарын қарастыру, жұрт әдебиетінен, көркем әдебиеттсн үлгілер көрсетіп, өрнекті түрлерімен таныстыру"[39], — дсп қазақ тіліне төнгеп кауіпті алдын ала сезгендей болды.

„Сана" журналын шығарушылар, әу бастан-ақ, өз оқырмандарына тарихи мәселелерді көбірек түсіндіруге күш салғандықтары байқалады. Сондықтан да онда «Түрік-монғол тарихы", „Ескі заманнан Шыңғыс ханға шейін" деп аталатын әүрлі тарихи материалдар жарияланып, адамдардың өз халқының өткені мен болашақ тарихын 6ілуіге деген құштарлығына жол ашқандығы сезіледі. Ал, Н.Жаленовтың „Химия аңыздары" атты мақаласында адам баласы табиғаттың төл перзенті болғандықтан оның қыр-сырын жақсы білу керектігін, әсіресе судың қадыр-қасиетін тәптіштей окырмандарға жан-жақты түсінік беруге тырысқан. Сондай-ак археология мен тарихқа, қатысты бұрынғы заттарды қалай һәм кайдан іздеген жөн", қазақ халқының демографиялық өсіп- өну процесіне арналған „Қазақстан, Түркістан жері һәм халқының саны", Әдебиет мәселесіне байланысты „Бесік жыры" атты зерттеу еңбектер берілген.

"Сана" журналының кейінгі сандарында „Тобықты, Арғын, Қоңырат, Сапақ бидің қағысқаны, Бола бидің бір сөзі" деген және „Қарауыл Арғын Қанай ауылы. деген өлсңдері жарияланған.Бұл басылымның екінші, үшінші сандары кешігіп, қараша айында ғана шыққан. Онда негізінен бала тәрбиесіне арналған материалдар жарияланған. Олардың бастылары «Қазақ мектептері үшін қосымша жоба» жәие «Әдет, заңы» деп аталады. Осымен қатар, мұнда Ақылбайдың „Зұлыс" поэмасын, Абайдың бұрын баспа жүзін көрмеген «Сап-сап, көңілім» өлеңі жарияланыпты. М.Әуезовтің «Қорғансыздар» әңгімесін, Мұрат Мөңкеұлының сөздерін, „Адай Абыл ақынның сөздерінен қалған бір жұрнақ," сияқты ел аузынан жиналған әңгімелерді де осы саннан оқуға болады.Газет не журнал белгілі бір мерзімділікпен өткенді өз бетінде бейнелейді.Сондықтан олар қоғам өмірінің өткені жазылған өзіндік күнделік міндетін атқарады. Қазақ тілінде пайда болған газеттерден қазақ тарихын зерттеушілер ХIХ ғасырдың соңғы үшінші бөлігінен бастап бүгінге дейінгі ел өміріне қатысты сан-алуан мағұлматтар ала алады. Бейнелеп айтсақ, ХIХ ғасырдың соңғы ширегіндегі қазақ жерінің отарлану тарихынана бастап бүгінгі тәуелсіз мемлекет құру тарихына дейінгі қазақ халқының жүріп өткен жолын сарғайған газеттер беттерінен көруге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет