Мазмұны нормативтік сілтемелер



бет26/32
Дата08.11.2023
өлшемі162.44 Kb.
#482647
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32
арысбаева салтанат

Топтау сан есімдері
Есептік сан есімдер нольдік тұлғада жұмсалумен бірге септік жалғауда тұрып та сөйлемді тиянақтай алады. Роман-эпопеяда шығыс септігі арқылы жасалған сан есімді есімді сөйлемдер жиі кездеседі.
Септік жалғаулы сан есімдер:
Үлкен астың күресі де үлкен. Балуандар бәйгесі де сондайлық тоғыз-тоғыздан.
Жиынын Байдалы санатқанда жүз елу ат бопты. Соның ішінен он атқа бәйге аталыпты. Бәйгенің бәрі де тоғыз-тоғыздан. Бас жасысы Қоқан керуенінен алған жүз қойлық жібек кілемнен басталса, содан ары, ішік жиырма бес, сырмақ, сандық, жиырма бестен.
Күрделі болжалдық сан есімдер: Базаралының туыс, дос көршілерінен құралған аулы көп үйлі кедей ауыл, он бес шамасындай.
2.4. Есімдікті есімді сөйлемдер
М. Әуезовтің «Абай жолы» романының тілі өзі қатарлас жазушылардың тіліне қарағанда ерекшелеу. Мысалы: С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин шығармаларының сөйлемдері ықшамды, олардың шығармаларында көбіне жай сөйлем басым да, құрмалас сөйлемдер аз. Сондықтан олардың шығармаларындағы ойды тез түсінуге болады. «М. Әуезов тілінің синтаксистік құрылысы күрделі, алуан түрлі болып келеді. Ол білдіретін ойының кеңдігіне, тереңдігіне қарай сөйлем құрылысын да құбылтып, өзгертіп отырады. Жазушы күрделі синтаксиске, құрмалас сөйлемге көп ұмтылады. Бұл оның өмір шындығын, құбылысты, геройлардың психологиясын терең толық күйінде суреттеп беру тілегінен туады» [87,138].
М. Әуезовтің біз алып отырған шығармасының сөйлемдерінде жоғарыдағыларға қарағанда жай сөйлем аздау да, керісінше, ұзақ құрылған сөйлемдер арқылы ойды беруі мол. Міне осы ұзақ құрылған сөйлемдерді морфологиялық талдау қиындық тудырмағанымен, ал ол сөйлемдерді синтаксистік талдау жағынан аса білгір мамандар болмаса, оңай бола бермейді.
Біз, әрине, автордың есімді сөйлемдер түрлерін сөз етеміз. Бұрынғы бөлімдерімізде зат есімді, сын есімді, сан есімді сөйлемдерді сөз етсек, бұл жерде есімдікті сөйлемді ғана объектіге алып отырмыз.
Жалпы қазақ тіл білімінде есімді сөйлемдер тек 2000 жылдан кейін ғана қолға алына бастады. Егер К. Оңалбаева қазақ тіліндегі жай сөйлем арқылы құралған есімді сөйлемдерді сөз етсе, енді тіпті Б. Елікбаев есімді құрмалас сөйлемдерді жеке зерттеу етіп жүргені белгілі. Әрине бұл авторлар есімді жай, құрмалас сөйлемдерді жалпы сөз етсе, біз ондай сөйлемдерді бір ғана шығарма төңірегінде сөз етеміз.
Жалпы алғанда М. Әуезов романында есімді сөйлемдердің мол екенін жоғарыда айтқанбыз. Зерттеу барысында осы шығармада есімді жай сөйлем де, есімді құрмалас сөйлем де жетерлік. Бірақ біздің пайымдауымызша, есімді құрмалас сөйлем көбірек сияқты. Өйткені М. Әуезовтің ол романындағы ой жеткізуі көбіне құрмалас сөйлем арқылы іске асатыны анық көрініс тапқан.
Есімдердің ішінде кез келген сөйлемнің баяндауышы қызметінде есімдік аздау жұмсалатыны белгілі. Оның өзі есімдіктердің көбіне бастауыш, анықтауыш, толықтауыш болуымен байланысты сияқты. Дегенмен есімдіктер де сөйлемнің соңында келіп, баяндауыш қызметнде есімді сөйлем құрауы баршылық. Әрине, есімдіктердің есімді жай сөйлемге қарағанда есімдікті құрмалас сөйлем түрі көп сияқты. Есімдіктердің баяндауыш қызметінде жұмсалуында да өзіндік ерекшеліктер бар.
Есімдіктік жіктеу, өздік, сілтеу, сұрау, белгісіздік, жалпылау, болымсыздық түрлері басты анық. Міне осы есімдіктің осы түрлерінің қайсысы көп жұмсалады деген мәселе де ойландырады.
Бұл жерде есімді жай сөйлем де бар. Дегенмен есімді жай сөйлемдерді құрайтын есімдіктер де әр түрлі.
Оның үстіне романда есімді сөйлемдер Б. Елікбаев көрсеткендей, үш түрлі құрамда келеді.
– Біріншіден, бағыныңқы сөйлемді есімді құрмалас,
– Екіншіден, басыңқы сөйлемді есімді құрмалас,
– Үшінші, екі сыңары да құрмалас. Романда есімді осы құрмалас сөйлемдер көп кездеседі.
– Тіпті романда көп бағыныңқы құрмалас та баршылық.
Осыдан барып біз романдағы есімді есімдікті сөйлемдерді есімді жай, есімді құрмалас сөйлемдер деп бөліп көрсетуге тырыстық.
Есімдіктер жай сөйлемде немесе құрмалас сөйлемде болсын олар әр түрлі тұрғыда келеді. Ондай кезде есімдіктер баяндауыш қызметінде көбіне
– нольдік тұрғыда
– көптік тұлғада
– септік тұлғада
– -нікі, -дікі қосымшалар арқылы да келеді.
Сол сияқты есімдіктер ондай сөйлемдердің баяндауышы қызметінде құрама баяндауыш түрінде де келеді.
Сонымен М. Әуезовтің романындағы есімді сөйлемдерді былайша танытуға болады.
І Жай сөйлем.
– жіктеу есімдіктері арқылы,
– өздік есімдіктері арқылы,
сілтеу есімдіктері арқылы,
– сұрау,
– жалпылау,
– белгісіздік есімдіктері арқылы,
– болымсыздық есімдіктері арқылы [87].
Баяндауыш есімдіктерден де болады. Олардың бастауышқа деген қатысы қай сөз табының орнына жүретініне қарай мәнденеді: Сонда есімдіктері баяндауыш бастауыштың не заттық, не сындық, не сандық сапада, мезгілдік, мекендік қатынасын да айқындайды. Бұл - өздері баяндауыш болып келген сөйлем арқылы емес, оның алдындағы сөйлемдер арқылы білінеді.
Баяндауыштың есімдіктермен байланысы тәсілі басқа есім баяндауыштағылардай. Әйтсе де, баяндауыш есімдіктің барлық түрінен және барлық жақта бірдей жасала бермейді.
Баяндауыш жіктеу есімдігінен тек ІІІ жақ мағынада жұмсалады: осыған орай, бастауыштар да адам мәнінде айтылатын сөздер болады. Мұның өзі ол есімдіктердің семантикалық ерекшеліктерімен бір-бірімен қатысты мәнде жаратылысымен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет