Жіктік жалғаулы жіктеу есімдігі арқылы: – Ой, бұ кім? – деп, еді.
– Сескенбе, менмін! - деген үн есітті. - Өй, Абай, сенбісің?.. Бұл сөйлемдердегі мен, сен жіктеу есімдіктері І, II жақ жіктік жалғаулары арқылы жасалған.
Бәрі – сенен, Абай! Бұл жердегі сен жіктеу есімдігі шығыс жалғауында келуі арқылы есімді жай сөйлем жасалған.
Бұл сөйлемдердің баяндауыштары І, ІІ жақтық жіктеу есімдіктерінен бастауыш арқылы сөйлем аяғына жұмсалуы арқылы қалыптасқан; бөгде жақ бастауышты сөйлеуші, тыңдаушы адам есімдігі жағынан сипаттайды.
Жатыс жалғаулы жіктеу есімдігі: Бар елдің күтімі де, шығыны да бізде. Мезгілдес салалас сөйлемнің екінші сыңарының баяндауышы бізде сөйлемді тиянақтап тұр.
Баяндауыштары –нікі, -дікі қосымшалары арқылы жасалған жіктеу есімдігі: - Ел де сенікі, ел ішіндегі тентек те сенікі. Бұл сөйлемнің екі сыңарының баяндауышы да жіктеу есімдігі арқылы жасалып, мезгілдес салалас сөйлем құрып тұр. – Ой, не дейсіңдер? Шөжікеңнің түскен үйі біздікі!.. – Алыңдар! Көрімдік сендердікі!... –Базаралы болса қайтуші еді! Ет бауыр туыс оныкі! Жер болса, тағы оныкі.
Баяндауыштары өздік есімдіктен синтаксистік тәсілмен жасалған сөйлемдер. Тәуелдік жалғаулы өздік есімдігі арқылы:
1 Мынау үйге Құнанбаймен ілесе, осы үйдің иесі Тінібек кірді. Құнанбайдың көп уақыттан бергі сыйлас құдасы да, досы да өзі.
2 Қалың Көтібақтың ішінде Байсалға анық сенімді серік болған, білікті жігіттің өзі.
3 Ол бейілді алдымен білдіріп, баласының бетінен иіскеп, күліп қарсы алған Ұлжан өзі. Бұл сөйлемдерде баяндауыш қызметінде өздік есімдігі тәуелдік жалғауының ІІІ жағында келуі арқылы есімді сөйлем жасалған.
4 Нақ сүйерің - өзіммін. Бұл сөйлемде тәуелдік жалғауының І жағындағы өз есімдігінің жіктелуі арқылы жай есімді сөйлем жасалған.
Өздік есімдігінің жіктік жалғауының екінші жағында келіп, сөйлемді тиянақтауы: Борсақтың бір шалы: ...Қарыздарым – бір құдай, содан соңғы - өзіңсің! – деді.
Барыс жалғаулы өздік есімдігі арқылы:
«Өз обалың өзіңе».
Тәуелденіп келген өздік есімдігіне жатыс септігінің жалғануы арқылы: Бас киімі – пұшпақ тымағы да өзінде.
Баяндауышы –дікі қосымшасы арқылы жасалған өздік есімдігі арқылы: -Е, өзіміздікі, енді кімдікі болсын!
Баяндауыш кейде кейбір сілтеу есімдіктері арқылы жасалған есімді сөйлемдер
Нольдік тұлғадағы сілтеу есімдіктері арқылы жасалған:
1 Балағаз бен Найман жігіттерінің бір мекені сол.
2 Бірақ облыс сотының тілмәші осы.
3.Бөкеншіден Сүгір баласы Әлімқожа – мынау.
4. Көптен білсем де, бүгін сенен ірке алмадым. Білдірдім міні!
Жатыс жалғаулы сілтеу есімдігі арқылы: Көздері де, көңілдері де сонда. Ал Сүйіндік сол сөзді оп-оңай, бір айналмай айтып салса ертеңгі тауқымет бұнда. Оралбай үшін күйетін ел жоқ мұнда. Абайдың бұрыннан жақсы білетін бір танысы Жиренше де осында.
Көптік жалғаулы сілтеу есімдігі арқылы:
Абайдың бас алмай оқығандары осылар. Жолшыбай Байдалы мен Қараша, Қаумен, Үркімбайды да атқа мінгізіп, асықтырып ерткен солар. Бұл сөйлемнің басыңқы сыңарының баяндауышы солар қимыл-сын бағыныңқылы сөйлемді тиянақтап тұр.
Шығыс жалғаулы сілтеу есімдігі арқылы: «Түрт сайтан!» деп, Оспан мұрасының әңгімесіне Оразбайдың ынтыққаны осыдан.
Екі сыңары да есімді салалас сөйлем: Жылаған ел, жылатқан бұл. Бұл сөйлемнің бірінші сыңарының баяндауышы ел жалпы есім арқылы жасалса, екінші сыңарының баяндауышы бұл сілтеу есімдігі арқылы жасалып сөйлемді тиянақтап тұр.
Баяндауышы жекеше, көпше ІІ, ІІІ жақта сұрау есімдіктерінен жасалған сөйлемдер, мысалы: Оны қуар дәмем кәні, дәрменім кәні? Қайдан жүрген немелер? – деп еді. Бұлары кімдер? – деп еді. Ғылым атынан тағылым айтады десе, топастыққа топастық, жауыздыққа жамандық қоса түскені несі? – деді. Абай:
Бұл сөйлемдерде кәні, кімдер? немелер? несі? Сұрау есімдіктері сөйлемді аяқтап, есімдікті жай сөйлем жасалған. Енді осылардың тұлғалық ерекшеліктеріне назар аударалық.
– кімдер? нелер? немелер? Көптеліп келсе, бірі, несі баяндауышты тәуелдік жалғаудың ІІІ жағында келген. Бұл сөйлемдердің бәрі де есімдікті есімді жай сөйлемдер. Олар көбіне айтылу мақсатына қарай сөйлемдердің кейде хабарлы, сұраулы сөйлемдер.
Есімдіктер есімді сөйлемді немесе құрмалас сөйлемді құрауда жеті түрлі есімдіктің бәрі бірдей қатыса бермейді. Біреуі көп қолданса, біреуі аздау. Дегенмен ондай баяндауышты есімді сөйлемдер романда баршылық.
– Молла, сіздің бұныңыз не?
– Е-е, бұ кім? Кімсіңдер? – дегенде, көшіп тез жауап қатты:
– Аш, мен Баймағамбет.
– Әрине, әрине! … көпті айтсаң амал қані…
11. Кеткен өмір, өткен бейнет жемісі қайсы?
Баяндауышы белгісіздік есімдіктерден жасалған есімді сөйлемдер:
Иығына шекпен жамылған сақалды біреу.
Мұхаметжан – Абайдың туысқандарының бірі.
-Мас көзіңді, мас! – деп, әзірейілдей төніп келе жатқан бірдеме.
Достарыңызбен бөлісу: |