Меббм қазақстан-ресей нуо казахстанско



бет4/4
Дата11.02.2023
өлшемі163.09 Kb.
#469423
1   2   3   4
8.9.10

10 билет.





  1. Балалардағы асқорытудың түрлері.

Балалардағы ас қорыту ерекшеліктері
 Жаңа туылған нәрестелерде ас қорыту жолдарының барлық функциялары сүтті өңдеуге бейімделген. Салыстырмалы түрде төмен ферментативті белсенділік - Төмен қышқылдық.
Пепсин казеинді жақсы ыдыратады, альбуминдер мен глобулиндер нашар. Асқазан сөлінің ас қорыту қабілеті химозинмен анықталады, ол сілтілі ортада да белсенді. Энтерокиназаның төмен өндірілуіне байланысты ұйқы безі сөлінің төмен белсенділігі.  Ішекте париетальды ас қорыту басым болады. Гуморальды реттеу басым болады. Көбінесе асқазан-ішек жолдарының моторлық функциясының бұзылуы, сондықтан регургитация, құсу, диарея оңай пайда болады.



  1. Балалардағы жедел лейкоздың клиникалық синдромы.
    Көп жағдайда бейспецификалық симптомдармен көрініс береді: шаршағыштық, ұйқы бұзылысы, тәбеттің төмендеуі, оссалгия және артралгия, дене температурасының жоғарылауы байқалады. Кейде лейкоз оқыс пайда болып интоксикациялық немесе геморрагиялық синдроммен көрініс береді.
    Лейкозы бар балаларда тері жабындылары және шырышты қабаттары боз, ал кейде сары немесе жер түстес болады. Шырышты қабаттардың лейкемиялық инфильтрациясына байланысты гингивит, стоматит, тонзилит дамиды. Лимфа түйіндерінің лейкемиялық гиперплазиясы лимфаденопатия арқылы, ал сілекей бездері – сиаладенопатия; бауыр және көкбауыр – гепатоспленомегалиямен көрініс береді.
    Жедел лейкоз кезінде геморрагиялық синдром дамиды, тері мен шырышты қабаттарға қан кету арқылы және гематурия, мұрын, жатыр, асқазан – ішек, өкпелік қан кетулермен көрініс береді. Балаларда жедел лейкоз серігі анемиялық лейкоз болып табылады. Балаларда анемия көрінісі сүйек кемігіндегі бластты жасушалардың пролиферациясына байланысты болып келеді.

Кардиоваскулярлы бұзылыстар тахикардия, аритмия,өкпе шекараларының кеңеюімен, лақтыру фракциясының төмендеуімен жүреді.
Интоксикациялық синдром әліздік, қызба,терлегіштік, анорексия, жүрек айну, құсу, гипотрофия арқылы көрініс береді. Иммунды тапшылық синдромы инфекциялық – қабынулы синдром қосылуына әкеледі. Лейкозбен ауыратын адамдар үшін өлім себебі сепсис немесе пневмония болып табылады.
Балалардағы лейкоздың асқынуы лейкемиялық мидың және ми қабаттарының инфильтрациясы болып табылады. Нейролейкоз бас айналу, бас ауруы, жүрек айну, диплопия, желке бұлшықеттерінің регидтілігімен көрініс береді. Жұлынның инфильтрациясы кезінде аяқтың парапарезі, сезімталдықтың төмендеуі байқалады.

10 есеп


Б., 5 жасар науқас. Дене қызуының 38-39С дейін жоғарылауына, әлсіздікке, бас айналуына, тәбетінің төмендеуіне, балтыр сүйектерінің ауыруына шағымданады. Бұл шағымдар екі аптадан бері мазалайды. Бұл уақытқа дейін ешқандай аурумен ауырмаған.
Қарағанда баланың жағдайы ауыр, салмағы төмен, терісі мен көзге көрінетін кілегей қабықтары өте боз. Барлық топтағы лимфа түйіндері пальпацияланады, 2см*3см. Балтыр терісінде өлшемдері 1,5 см болатын бірен саран көгерулер бар. Жүрек шекарлары солға қарай аздап кеңейген, үндері біршама кереңделген, тахикардия. Жүрек ұшында 5-ші нүктеде ұзақ систолалық шу бар. Тыныс ағзалары өзгеріссіз. Бауыры қабырға доғасынан 2,5 – 3,5 – 4,5 см шығып тұр, тығыз, серпімді, ауырмайды, қырлары үшкір. Көкбауыры қабырға доғасынан 2 см шығып тұр, ауырмайды.
Қан талдауы: эритроцит– 1,5*10 12/л, Hb – 47г/л, ТК – 0,8, тромбоцит – 25*10 9/л, лейкоцит – 3,2*10 9/л, эозинофил -1%, т/я – 1%, с/я – 22%, лимфоцит – 62%, моноцит - 2%, лимфоцит – 12%, бласт жасушалары – 12%, ЭТЖ – 33 мм/сағ.
Сұрақтар:
1. Науқаста қан жасау жүйесінің зақымдануының қандай клиникалық синдромдары бар?
2. Қандай ауру туралы ойлауға болады?
Бауырдың қақпа венасына зақым келген и из за этого кнш көкбауырғада зақым келеді. Гепатит сияқты.

  1. Қан талдауындағы патологиялық өзгерістерді атаңыз.

ЭТЖ-33. Бұл өоте жоғары.Балада қандайда бір инфекционды процесс болған.Гепатомегалия-көкбауыры қабырға доғасынан шығып тұр. Спленомегалия.

  1. Диагнозды нақтылау үшін науқасқа қандай қосымша тексеру әдістерін тағайындаған жөн?

Бауыр қызметін тексеруге арналған сынақтардың ішінде биохимиялық және вирусологиялық көрсеткіштер негізгі болып табылады:
• Бауыр ферменттері – АСТ, АЛТ талдауы.....
• ГГТП ферменттері, сілтілі фосфатаза. ...
• Жалпы билирубин, тура, жанама. ...
• Вирусты гепатитке скрининг. ...
• Клиникалық қан сынағы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет