222
күй аңыздар
бергенің мақұл, өйткені бір кесірі тиер,—дейді. Төлемұрат бір
күні Құрманғазыны шақырып алып:
—Ал, шырағым, сен қайдан жүрген кісісің, жөніңді айт-
шы?—дегенде:—Менің атым Құрманғазы. отыз орысты өлті-
ріп, қылмысты болып қашып жүрмін. Хан «ұсталсын» деген
еді, соған қашып жүрмін.
Сізге паналап келдім,—дейді.
—ол айтқаның дұрыс. Мен сені қолымнан келгенше па-
налатамын, бірақ ханға күшім жетпейді. Әлім деген руда екі
батыр бар. ... Сол екеуі осы күнге дейін ханға дұрыс бағынған
жоқ. Хан да оларға бата алмайды. Сол екі батырға бар, солар
паналар,—дейді.
Құрманғазы күрең атына мініп, сол екі батырға келіп:
«Сіздерге қызметке жүрейін деп едім»,—дейді. Батырлар
келісіп жылқы бағуға жұмысқа алады. Құрманғазыға «арық
қара» деп ат қояды. Сөйтіп жүргенде Кіші жүзде бір той болып,
соған сауын айтады. Соған екі батыр екі көк мойнақ ат жарата-
ды. Және Құрманғазыға:
—Арық қара, мына күрең атыңның мүшесі тәуір екен,
бәйгіге қоспайсың ба?—дейді. Сонда Құрманғазы:
—Қоссам қосармын,—дейді де жүре береді.
Айтылған
уақытында той болады. Екі батыр жаратқан екі атын алып
барады. Хан да жүйрік екі-үш атын жаратып әкелген екен
Құрманғазы да күрең атын алып келеді. Аттарды бәйгіге де
жібергенде Құрманғазыға:
—Е, арық қара, атыңды бәйгіге қосасың ба?—дейді әзілдеп.
—Қосамын,—дейді.
—Е, қалай қоспақшысың, жаратқан жоқсың ғой, терін алған
жоқсың. Тоқ ат шаба ма?
—ой, терін ауырлаған ат бола ма?—дейді де, күреңнің
үстіне қырық
жастағы бір адамды мінгізіп, аттың сырын ай-
тып, бәйгіге жібереді. Бәйгі он көштік жерден болады. Күрең
ат бәйгінің алдында жалғыз, үстіндегі кісі басын тарта алмай
өкпесі қысылып, әрең келеді. Күрең ат бірінші бас бәйгіні ала-
ды. Енді балуан күресі болғанда хан «түйе балуан» деген, денесі
адамға бітпеген бір зор адамды шығарады. Бай екі батырға:
—Ал, батырлар, балуаныңды шығарың,—дейді.
Батырдың
балуандарынан бірі де шықпайды. Сөйтіп тұрғанда бір батыр
Құрманғазыға:
222
223
күй және күйшілер туралы аңыздар
—Қалай, арық қара, күресіп көресің бе мына балуанмен?—
дейді. Құрманғазы:
—Жарайды,—деп ортаға қарай шығып, шешінбестен үстін-
дегі күпісімен жүре береді. Батырлар:
—Тоқта, қайда барасың? Шешінсейші,—дейді. Құрманғазы:
—Ей, киімін ауырлаған балуан балуан бола ма?—дейді де
күреседі. Күресте ханның түйе балуанын жығады. Сол уақытта
екі батыр қуанып «арық қараны» құшақтап:
—Әй, сен Құрманғазы емессің бе?—дегенде:
—Ай, ағайлар, мені өлтірдіңіз ғой, мына хан мені ұстап ала-
ды ғой,—дейді. Сонда екі батыр:
—Жоқ, шырағым, енді екеуіміздің біреуіміз өлмей сені ұстап
бермейміз,—дегенше болмайды,
ханның әскерлері қоршап ала-
ды. Екі батыр ұрысып алдыртпай кетеді. Артынан екі батырға
кісі салады. «Құрманғазыны бізге ұрыссыз бер, егер ұстап
бермесең, ұрыс болады» деп келген кісіні кейін қайтарады.
—Беретін кісіміз жоқ, ұрысса ұрысқанша, төбелессе төбе-
лескенше тұрамыз,—дейді. Артынан екі мыңға жуық әскері-
мен
екі батыр ұрысып, тағы жеңеді. Бірақ бірі ауыр жарала нып
қайтады. Содан кейін қалған бір батыр Құрманғазыға:
—Ал, шырақ, екеуіміздің біреуіміз өлмей ұстап бермеймін
деп едім, әлде де өзім өлмей сені ұстап бермеймін. Бірақ,
енді сен басқа жерге кеткенің тәуір болар еді. Жалғыз күшім
жетпес,—дейді. Құрманғазы «мақұл» деп күрең атына мініп
қашқындық жолмен кете барады. Сөйтіп, жүргенде көптеген
жылдар өткесін, Құрманғазыны ұстап түрмеге салады. Арты-
нан шешесі іздеп барғанда, ауыз-ауыз жолықтырмайды. Сонда
жатып «Қайран шешем» деген күйді шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: