«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



Pdf көрінісі
бет227/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

Шыңғыс хан—моңғол ханы. ХІІІ ғасырдың басында 
Қазақстан, орта Азия елдеріне шапқыншылық соғысын бас-
тайды. Жолында кездескен ұлыстар мен ру-тайпаларды жау-
лап алып, өз әскерлерінің қатарын толықтыра отырып, олар-
ды кезекті жорығына пайдаланады. Ғалымдардың зерттеулері 
Шыңғыс әскерінің басым көпшілігі осы түркі тектес ру-тай-
палардан құралғанын көрсетті. Тіпті, ол орта Азияны жау-
лап алып, енді Солтүстік Африкаға қол сұға бастайды, осы ке-
зеңде Мысыр елін (Египет) басқарып отырған Бейбарыс сұл тан 
Шыңғыс хан жорығының бетін қайтарып, Мысыр еліне аяқ 
бастырмай қояды. Шыңғыс хан жаулап алған жерлерін төрт 
ұлына (Жошы, Төле, Шағатай, үгедей) бөліп беріп, олар өздері 
жаулап алған елдерде хандық құрады.


372
күй аңыздар
Үгедей, Өгедей /1186-1241/—Шыңғыс ханның үшінші 
ұлы, әрі мирасқоры. Жас кезінен бастап әкесінің жорықтарына 
қатысқан. Шыңғыс хан империясының 1229-1241 жылдар ара-
лығындағы «ұлы ханы» болған. Ағалары Жошы мен Шағатай 
арасында үнемі дау туа бергендіктен Шыңғыс хан үгедейді алға 
шығарып, екі ағасын оған бағынуға міндеттеді. үгедей білімді 
әрі ақылды адам болған. Мемлекет іргесін нығайту мақсатын-
да ел астанасы Қарақорымды салып, халық санағын жүргіз ді. 
Жылдам хабар алу үшін пошта қызметі ұйымдастырылды. 
Ықылас Дүкенұлы /1843-1916/—күйші, қобызшы, компо-
зитор. ықыластың атасы Алтынбек айтулы зергер, ұста болған 
адам, ағаштан қобыз, домбыра жасап, өзі сол аспаптарды жақ-
сы тарта білген. ықыластың күйшілік дарыны ерте ашылып
7-8 жасынан бастап-ақ қобыз ұстап, әкесі тартқан күйлерді 
тез игеріп алған. оның күйлерінің ырғағы өзінен бұрынғы 
күй шілерге ұқсамай, адам көңілінің тоқсан толғаулы сырын 
жыр етті, уақытты, замана тынысын, өмір шындығын шертті. 
оның «Қорқыт», «Кертолғау», «Қоңыр», «ықылас», «Қазан», 
«Қамбар—Назым», «Жезкиік», «Шыңырау», «Аққу», «Ер-
ден», «Жарым патша», «Бес төре», «Жалғыз аяқ» т.б. толғау 
күй лері бар.


372


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет