пікірі бойынша, мəдени тұлғаның рухани-шығармашыл қазынасын қауымдық тылсым
құрастырады. Осы көмескі сананың, тылсымның құрылымдық бөліктерін архетиптер деп атайды.
Оларға адамның рухани өмірін априорлы (тəжірибеге дейін) қалыптастыратын жəне
оның іс-
əрекетін, мінез-құлық жүйесін жалпылама анықтайтын құндылықтар қисыны жатады. Осының
негізінде адамда «мендік» сезім, этноста ортақ уақыттық кеңістіктік өріс пайда болады. Архетип
ұғымының ең басты белгілеріне уақыт пен кеңістік жатады. Өйткені оның тікелей хронотоптық
сипаты бар жəне ол — уақыт пен кеңістіктегі мəдени əлемді адамның игеруінің негізгі
шарттарының бірі. Əрбір халық өз мəдениетін еркін дамытуға мүмкіндік алған кезде
архетиптеріне жиі оралады. Архетиптік таным мифологиялық дүниетаныммен біте қайнасқан,
мифтің өзі архетип болады. Қазіргі таңда жазушылар мифтік, фольклорлық шығармалардың
идеялық желісін, я болмаса
мифологиялық кейіпкерлерді, архетиптік сарындарды көркемдік
мүддеге сай кеңінен пайдаланып отырады. Архетип жаңа мазмұнда дамып, мəңгілік рухани бағдар
ретінде «халықтың рухын» бейнелейтін, универсум туралы шынайы жəне тұтас түсінік
қалыптастыратын образ түрі ретіндеқабылданады.
Достарыңызбен бөлісу: