Медициналық және фармацевтикалық қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы



Дата23.02.2016
өлшемі88.49 Kb.
#9364
Медициналық және фармацевтикалық қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2301 Қаулысы


"Егемен Қазақстан" газетi 15.01.2010 ж., № 10-11 (25857); "Казахстанская правда" от 27.01.2010 г., № 17 (26078); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., N 4, 51-құжат


      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.12.05 N 1452 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегi Кодексiне және «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:


      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) медициналық қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары;
      2) фармацевтикалық қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары;
      3) алып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2011.12.05 N 1452 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.12.05 N 1452 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      2. Күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн жиырма бiр күнтiзбектiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                               К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы 


Үкiметiнiң      
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2301 қаулысымен  
бекiтiлген     

Медициналық қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк
талаптары

      Ескерту. Бiлiктiлiк талаптарына өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.05.25 № 682 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      Медициналық қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары (бұдан әрi - бiлiктiлiк талаптары) мыналардың болуын қамтиды:
      1) үй-жайға немесе ғимаратқа меншiк немесе жалға алу немесе мемлекеттiк мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару құқығын куәландыратын құжаттармен расталған (салыстыру үшiн түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған) меншiк немесе жалға алу немесе мемлекеттiк мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару құқығындағы үй-жай немесе ғимарат және көрсетiлген үй-жайдың немесе ғимараттың қабаттық жоспары;
      2) мәлiмделетiн медициналық қызметтiң кiшi түрлерiне сәйкес медициналық және (немесе) арнайы жабдықтар, аппаратуралар мен құрал-саймандар, аспаптар, жиhаздар, мүкәммал, көлiк және басқа құралдар;
      3) осы бiлiктiлiк талаптарына қосымшаға сәйкес медицина қызметкерлерi туралы мәлiметтермен расталатын медицина қызметкерлерiнiң штаты;
      4) мәлiмделетiн медициналық қызметтiң кiшi түрлерiне сәйкес тиiстi бiлiм;
      5) мәлiмделетiн медициналық қызметтiң кiшi түрлерi бойынша соңғы 5 жылда мамандануы немесе жетiлдiрiлуi және бiлiктiлiгiн арттырудың басқа түрлерi;
      6) жеке тұлғаларда мәлiмделетiн медициналық қызметтiң кiшi түрлерi бойынша мамандығы бойынша кемiнде 5 жыл жұмыс өтiлi;
      7) маманның тиiстi сертификаты.

Медициналық қызметтi   


лицензиялау кезiнде қойылатын
бiлiктiлiк талаптарына 
қосымша        

Медицина қызметкерлерi туралы мәлiметтер

____________________________________________


(денсаулық сақтау субъектiсiнiң атауы)
(2009 жылғы «___» __________ жағдай бойынша)

р/с


Тегi, аты, әкесiнiң аты

Атқарып отырған лауазымы

Бiлiмi

Мамандығы бойынша өтiлi

Соңғы бес жылдың iшiнде бiлiктiлiгiн арттыру туралы құжаты

Бiлiктiлiк санаты берiлмеген және бiлiктiлiк санаты берiлген маман сертификатының болуы

1

2

3

4

5

6

7

      Басшы __________________________________________________
                        (қолы, Т.А.Ә.)
      М.О.
      Кадр бөлiмiнiң бастығы (кадр жөнiндегi маман) _______________
                                                     (қолы, Т.Ә.А.)

Қазақстан Республикасы 


Үкiметiнiң      
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2301 қаулысымен   
бекiтiлген     

Фармацевтикалық қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын
бiлiктiлiк талаптары

      Фармацевтикалық қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары (бұдан әрi - бiлiктiлiк талаптары) мыналардың болуын қамтиды:


      1. үй-жайға немесе ғимаратқа меншiк немесе жалға алу немесе мемлекеттiк мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару құқығын куәландыратын құжаттармен расталған (салыстыру үшiн түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған) меншiк немесе жалға алу немесе мемлекеттiк мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару құқығындағы үй-жай немесе ғимарат және көрсетiлген үй-жайдың немесе ғимараттың қабаттық жоспары.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.05.25 № 682 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      2. санитариялық-гигиеналық киiм, өртке қарсы мүкәммал және персоналды қауiпсiздiк техникасы мен өрт қауiпсiздiгiне оқыту жөнiндегi нұсқаулықтар;
      3. нормативтiк құқықтық актiлерге, оның iшiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектiлердiң үлгi ережелерiне сәйкес дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың сапасын бақылауды және өндiру, дайындау, сақтау және өткiзу шарттарын сақтауды қамтамасыз етуге арналған жабдық пен жиһаз, мүкәммал, аспаптар мен аппаратура;
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.12.05 N 1452 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      3-1. шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған жылжымалы дәрiхана пунктi үшiн дәрiлiк заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау мен өткiзу шарттарын сақтауды қамтамасыз ететiн тиiстi шкафтар мен тоңазытқыш жабдықтар бар автомобиль көлiгi;
      Ескерту. Бiлiктiлiк талаптары 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2011.12.05 N 1452 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      4. мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарының дәрiлiк препараттарды дайындауды жүзеге асыратын дәрiханаларында дайындалған дәрiлiк препараттарды құрылымдық бөлiмшелерге бөлуге арналған қабылдау-экспедициялық үй-жай;
      5. дәрiхананың көзге салынатын және көру қабiлетiн түзейтiн линзаларды өткiзудi жүзеге асыруы үшiн сауда залында көзге салынатын және көрудi түзейтiн линзаларды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткiзуге арналған жеке сөре;
      6. жеке және заңды тұлғаның штаттық кестесi;
      7. тиiстi бiлiмi және (немесе) жұмыс өтiлi бар фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыратын мамандар:
      1) дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы шығаратын ұйымдар үшiн:
      дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника шығарумен айналысатын бөлiмшелердiң басшыларында жоғары фармацевтикалық немесе химия-технологиялық, химиялық бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс өтiлi немесе медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника шығарумен тiкелей айналысатын бөлiмшелердiң басшыларында техникалық бiлiмi;
      дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың сапасын бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлерде жоғары фармацевтикалық немесе химиялық, биологиялық бiлiмi немесе медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың сапасын бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлерде техникалық бiлiмi;
      дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы шығарудың технологиялық үдерiсiнде пайдаланылатын жабдықтарға қызмет көрсету жөнiндегi маманның техникалық бiлiмi;
      2) дәрiлiк препараттарды дайындайтын дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектiлер (бұдан әрi - дәрiлiк препараттарды дайындайтын дәрiханалар) үшiн:
      дәрiлiк препараттарды дайындауды жүзеге асыратын дәрiхананың және оның өндiрiстiк бөлiмдерiнiң басшыларында, сондай-ақ дәрiлiк препараттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың сапасын бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлерде жоғары фармацевтикалық бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс өтiлi;
      дәрiлiк препараттарды тiкелей дайындауды және дайындалған дәрiлiк препараттарды жiберудi жүзеге асыратын қызметкерлерде жоғары немесе орта фармацевтикалық бiлiмi;
      аудан орталығында және ауылдық жерде жоғары фармацевтикалық бiлiмi бар маман болмаған жағдайда дәрiхананың және оның өндiрiстiк бөлiмдерiнiң басшыларында орта фармацевтикалық бiлiмi және кемiнде үш жыл жұмыс өтiлi;
      3) дәрiхананалар үшiн:
      дәрiхананың немесе оның бөлiмдерiнiң басшысында жоғары фармацевтикалық бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс өтiлi;
      аудан орталығында және ауылдық жерде жоғары фармацевтикалық бiлiмi бар маман болмаған жағдайда дәрiхананың басшысында орта фармацевтикалық бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс өтiлi;
      дәрiлiк заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткiзудi жүзеге асыратын мамандарда жоғары немесе орта фармацевтикалық бiлiмi;
      4) бастапқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәрiхана пунктi (бұдан әрi - дәрiхана пунктi) үшiн:
      дәрiхана пунктiнiң меңгерушiсiнде, сондай-ақ дәрiлiк заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткiзудi жүзеге асыратын қызметкерлерде жоғары немесе орта фармацевтикалық бiлiмi.
      Дәрiханалар жоқ шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған дәрiхана пункттерiнде фармацевтикалық бiлiмi бар маман жоқ жағдайда дәрiхана пункттерiнде дәрiлiк заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткiзудi денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен аттестатталған, медициналық бiлiмi бар мамандар жүзеге асырады;
      5) медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдар дүкенi үшiн:
      медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткiзудi жүзеге асыратын қызметкерлерде жоғары немесе орта фармацевтикалық бiлiмi;
      медициналық техника өткiзудi жүзеге асыратын қызметкерлерде жоғары немесе орта фармацевтикалық, медициналық немесе техникалық бiлiмi;
      6) оптика дүкенi меңгерушiсiнде және көзге салынатын және көру қабiлетiн түзейтiн линзаларды өткiзудi жүзеге асыратын қызметкерлерде жоғары немесе орта фармацевтикалық, медициналық немесе техникалық бiлiмi;
      7) дәрiхана қоймасы үшiн:
      дәрiхана қоймасының басшысында және дәрiлiк заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткiзудi жүзеге асыратын қызметкерде жоғары фармацевтикалық бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс өтiлi;
      дәрiхана қоймасы бөлiмдерiнiң басшыларында және дәрiлiк заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды қабылдауды, сақтауды және өткiзудi жүзеге асыратын қызметкерлерде жоғары немесе орта фармацевтикалық бiлiмi;
      8) медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдар қоймасы үшiн:
      медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдар қоймасының басшысында жоғары фармацевтикалық немесе медициналық бiлiмi және кемiнде үш жыл жұмыс өтiлi;
      медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткiзудi жүзеге асыратын қызметкерлерде жоғары немесе орта фармацевтикалық бiлiмi;
      медициналық техниканы өткiзудi жүзеге асыратын қызметкерлерде жоғары немесе орта фармацевтикалық, медициналық немесе техникалық бiлiмi;
      9) дәрiханалар жоқ шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған жылжымалы дәрiхана пунктi (бұдан әрi - жылжымалы дәрiхана пунктi) үшiн:
      дәрiхана пунктiнiң меңгерушiсiнде, сондай-ақ дәрiлiк заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткiзудi жүзеге асыратын қызметкерлерде жоғары немесе орта фармацевтикалық бiлiмi.
      Фармацевтикалық бiлiмi бар маман болмаған жағдайда жылжымалы дәрiхана пункттерiнде дәрiлiк заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткiзудi денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен аттестатталған, медициналық бiлiмi бар мамандар жүзеге асырады.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.12.05 N 1452 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      8. Заңды тұлға құрмай фармацевтикалық қызметпен айналысуға үмiткер жеке тұлғаларда жоғары немесе орта фармацевтикалық бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс өтiлi болуы қажет.

Қазақстан Республикасы 


Үкiметiнiң      
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2301 қаулысымен  
бекiтiлген     

Медициналық және фармацевтикалық қызметтi лицензиялау ережесi

      Ескерту. Ереже алып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2011.12.05 N 1452 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2301 қаулысына  
қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған
кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. «Дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдары мен препараттарын дайындау, өндiру, қайта өңдеу және көтерме сату жөнiндегi қызметтi, сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер түрлерiн лицензиялау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 12 маусымдағы № 636 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 17, 185-құжат).


      2. «Медициналық, дәрiгерлiк қызметтi лицензиялау ережесiн және лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 7 қарашадағы № 1057 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 43, 500-құжат).
      3. «Фармацевтикалық қызметтi: дәрiлiк заттарды өндiрудi, дайындауды, көтерме және бөлшек саудада сатуды лицензиялау ережесiн және оған қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1341 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 620-құжат).
      4. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1341 қаулысына толықтыру енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 6 маусымдағы № 546 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 29, 284-құжат).

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет