Медико –санитарлық алғашқы көмекті ұйымдастыру (мсак) ұйымының принциптері, Астана декларациясында жарияланған



бет32/42
Дата16.04.2024
өлшемі317.51 Kb.
#498789
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42
пмсп экзамен 3

Әлеуметтік маңызы бар аурулар – елдің демографиялық ахуалына айтарлықтай әсері бар, негізгі белгісі және сонымен бірге негізгі проблемасы кең таралу мүмкіндігі болып табылатын аурулар.
Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға медициналық-әлеуметтік көмек мынадай нысандарда ұсынылады: 1) амбулаториялық-емханалық көмек; 2) стационарлық көмек; 3) стационарды алмастыратын көмек; 4) қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту;
5) паллиативтік көмек және мейіргер күтімі; 6) әлеуметтік-психологиялық көмек. Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтар анықталған жағдайда жалпы практика дәрігерлері, учаскелік терапевтер және педиатрлар оларды бейінді мамандарға, психологқа және әлеуметтік қызметкерге консультацияға жібереді. Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға диспансерлік бақылау жүргізіледі. Медициналық көрсетілімдер болған жағдайда мамандар әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарды тәулік бойы медициналық бақылайтын медициналық ұйымға жібереді. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту мынадай жағдайларда: 1) жіті ауруды қарқынды емдегеннен кейін және аурудың жітілеу кезеңінде; 2) туа біткен және жүре пайда болған аурулар кезінде, жіті, созылмалы аурулар мен жарақаттардың салдарынан болған аурулар кезінде, науқастың физикалық, психикалық және әлеуметтік әлеуетін оңтайлы іске асыруға қол жеткізе және оны қоғамға барынша барабар ықпалдастыра отырып, ауру сақталған кезеңде; 3) операциядан кейін асқынулар болмаған жағдайда жүргізіледі. Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтар қалпына келтіре емдейтін және медициналық оңалтатын ұйымдарда ем алуы үшін, амбулаториялық-емханалық ұйымның медицина қызметкерінен жолдама, сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша амбулаториялық картаның үзінді көшірмесі болуы қажет.
Жіті және созылмалы әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға паллиативтік көмек пен мейіргер күтімі көрсетіледі.Тұрғын үй-тұрмыс жағдайлары нашар және отбасындағы жанжалды жағдайларда төсектік режимді қажет ететін әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға күндізгі стационар жағдайында және үй жағдайындағы стационарда паллиативтік көмек пен мейіргер күтімін көрсетуге жол берілмейді. Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетіледі.
65. Халыққа медициналық-әлеуметтік көмекті ұйымдастыру. Бұл көмекті кім көрсетеді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет