Медико-статистическая система еисз: итоги, результаты, возможности



бет9/13
Дата02.02.2024
өлшемі0.58 Mb.
#490636
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Жүйе бойынша неврологиялық статусты тексеру тәсілдері

Терең сезімталдықты тексеру:

  • Діріл сезімталдығы. Дәрігер дірілдеп тұрған камертонның сирағын адам денесінің біз тәрізді, қылқанды өсінділеріне симметриялық жанастырады да науқастың дірілдің сезілу немесе сезілбеу деңгейін сұрап отырады.
  • Камертонның дірілін аз сезіну – гипоаллестезия;
  • Камертонның дірілін сезбеу – апаллестезия.
  • Екі өлшемді кеңістікті сезіну. Дәрігер көзі жұмулы науқастың терісіне сандарды немесе геометриялық фигураларды салады.
  • Цифрлар мен фигуралардыы ажырата алмау – графанестезия;
  • Цифрлар мен фигураларды шатастырып алу немесе қиналып анықтау – графгипестезия.

Рефлекстердің түрлері.

  • Рефлекс – орталық нерв жүйесінің сыртқы немесе ішкі тітіркендіргіштерге беретін күрделі жауабы.
  • Шартты рефлекстер;
  • Шартсыз рефлекстер: беткей, терең, патологиялық.

Беткей рефлекстер.

  • Теріні, көздің мөлдір қабығын немесе сілемейлі қабықтарды тітіркендіру арқылы білінеді.
  • Конъюнктивалдық рефлекс – көздің сілемейлі қабығына мақтаның ұшталған талшықтарымен немесе қағаздың ұшын жанастырған кезде қабақтың жұмылуы.
  • Көздің мөлдір қабығы рефлексі –көздің мөлдір қабығына мақтаның ұшталған талшықтарымен немесе қағаздың ұшын жанастырған кезде қабақтың жұмылуы.

Беткей рефлекстер.

  • Жұмсақ таңдай рефлексі – шпателдың ұшын жұмсақ таңдайға жанастырған кезде таңдайдың және тілшіктің жиырылып жоғары көтерілуі.
  • Жұтқыншақ рефлексі - шпателдың ұшын жұтқыншаққа жанастырған кезде жөтел немесе құсу әрекеттері сезімінің пайда болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет