Мекеме атауы: Павлодар қаласындағы №33 жалпы орта білім беру мектебі Аты-жөні



Дата27.06.2016
өлшемі110.63 Kb.
#160082

Мекеме атауы: Павлодар қаласындағы №33 жалпы орта білім беру мектебі

Аты-жөні: Касенова Динара Берікқызы

Лауазымы: Бастауыш сынып мұғалімі

Жұмыс өтілі: 6 жыл

Санаты: екінші

Пәні: дүниетану

Тақырыбы: «Ғарышкерлер»

Сынып: 1 «б» сыныбы

Жалпы мақсаты:

  • Оқушылардың ғарыш туралы түсініктерін кеңейту. Еліміздің мақтаныштары – қазақ ғарышкерлерімен таныстыру.

  • Тапсырмалар арқылы сыни тұрғыдан ойлауды үйрету арқылы ой өрісін дамыту.

  • Туған жердің табиғатын сүйе білуге, байлығын қорғауға болашақта елімізді өркендетуге қабілетті, білімді жас ұрпақтар тәрбиелеу.

Оқушылар білуі қажет:

Ғарыш деген не?, не үшін қажет? Алғаш ұшқан ғарышкерлерді тану

Міндеттері:

1.Оқушының қызығушылығын ояту

2. Жаңа тақырыпты оқушылардың өздерінің меңгеруі

3. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни

тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау



Мұғалім үшін оқу нәтижелері:

  1. Өз беттерімен кез-келген тапсырмаларды орындай білу.

  2. Оқушыларды бағыттап отыру

  3. Бір-біріне көмектесуі

  4. Оқушыларды мадақтап бағалау (стикер арқылы) және

оқушылардың өздеріне бағалау бетшесі арқылы бағалату

Сабақта туындаған негізгі идеялар:

Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа білімнің басталғанын сезіндіру.

Оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау.

Оқушының өмірдегі біліміне,білетініне сүйену.


Күтілетін нәтиже:

Оқушының шығармашылық потенциалын дамытуға қолайлы жағдай туғыза отырып,

өзінің қызметіне анализ жасай алуы;

Орындаған тапсырмаларына қарап, салыстыра отырып ойлану;

Шығармашылық жұмысқа баулу.

Жаңа сабақ бойынша оқушы қызығушылығы,ізденісі.


Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс:

Ана тілі, дене шынықтыру

Қолданылатын құралдары:

Интербелсенді тақта,маркер,фломастер,А-3


Сабақтың әдіс-тәсілдері:

АКТ, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, СТОҮ, ОүБ және оқуды бағалау, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқытудағы басқару және көшбасшылық.

Сілтеме:

Оқулық - К.Аймагамбетова,Т.С.Идилова Алматыкітап баспасы 2012 жылы, ғарыш туралы суреттер ,ғарышкерлердің портреттері.

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

2 минут

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер



Психологиялық ахуал. Оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін психологиялық тренинг ретінде топтық отырыста «Шаттық шеңбер» ойнату. Негізгі идеясы: балалар шаттық шеңберде қол ұстасып тұрып, бір –бірлеріне жақсы сөздер арқылы тілектер айтуы тиіс. (1- сурет)



Қәне ,достар, тұрайық

Шеңберімді құрайық

Жақсы жақсы тілектер

Бір бірімізге сыйлайық

Қуанышпен, шаттықпен

Сабағымды бастайық –деп оқушылар бір-бірлеріне тілектер айтады



5 минут

Білім кезеңі

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, СТОҮ



Сыныптың ерекшелігіне сәйкес балларды үлгерімі бойынша араластырып отырғызу үшін балалардың фотосуреттерін қолдан жасалған зымыранға жабыстырдым. Алдымен әр зымырандағы фотосуреттерге назар аударыңдар.( 2- сурет)

-Қалай ойлайсындар неге мен сендердің алдына зымыран макетін қойдым, тақырыбымыз қандай болмақ?

- ендеше, біз барлығымыз зымырандарымызға отырып, аспан әлемін шарлайық.


Зымырандағы фотосуреттеріне байланысты топқа бөлініп отыруларын анықтап алып, топтарға бөлінеді. Сосын сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа тақырыпты ашады.





10 минут

Түсіну кезеңі

Әр топқа мәтін бөліктерін беру. (1- қосымша)

Топтар әрқайсысы өздерінің тақырыптарын топ ішінде талқылап, сұрақ қою арқылы бір –бірлеріне түсіндіреді. Сөздік жұмысын талдайды. Мәтіннің мазмұнын ашады.

( 3-сурет)


Берілген мәтіндерді түсініп оқиды. (жеке жұмыс) сосын жұпта бір-бірлерімен мағынасын аша отырып, сөздік жұмысын талдап, мағынасын ашады . Соңынан топта түсінгендерін өз сөздерімен айтады. Бір -бірлеріне көмек жасайды. Қосымша мағлұматтармен алмасады.

11 минут

Қолдану кезеңі Оқытудағы басқару және көшбасшылық

Әр топқа маркер, а3, ғарышқа байланысты сурет бере отырып, тұжырымдама жасауларын ұсыну. Мәтіндегі негізгі сөздерді пайдаланып, мазмұнына қысқаша сызба жасау. (4-сурет)

Әр топ мәтін бойынша негізі тұжырымды сөздер арқылы ақ қағазға түсіріп топтастырады

7 минут

Талдау кезеңі

Диалогтік оқыту

Талантты және дарынды балаларды оқыту, ОүБ және оқуды бағалау

Сергіту сәті


Жасаған тұжырымдамаларын тақтаға ілгізу. Оны қорғайтын топ ішінен бір оқушыны сайлату. Диалогтік мәтін беру. (2- қосымша) «Екі жұлдыз, бір тілек»бағалауы іске асады. Екі жұлдыз- тұжырымдамаға сәйкес не ұнады? Немесе сұрақтары, жақсы не жаман жақтары айтылады. Бір тілек – егер біз болсақ, бұлай жасар едік деп өз көзқарастарын білдіруі тиіс.

Интербелсенді тақтада қимыл қозғалыс жаттығуы көрсетіледі. ( 5- сурет)

Жасалған топ бойынша тұжырымдамаларын бір- бірден жазғандарын дәлелдеп шығады. Жасалған тұжырымдамаға топтар бір –бірлерін екі жұлдыз, бір тілек бойынша бағалайды. Қосатын мәліметтері болса, ойларын айтады. « Мен боламын ғарышкер » өлеңін диалог арқылы рөлде ойнату.

Тақтада көрсетілген бойынша қимылдарды орындайды.



4 минут

Жинақтау кезеңі АКТ, СТОҮ, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

Интербелсенді тақтада тест көрсетіледі. Әркім өзі іштей оқи отыра жауаптарын белгілейді. (3- қосымша)


Оқушылар тестті оқи отырып, жауаптарын жазады. Критерийлері бойынша сол көршіңді бағалау жұмысын жасайды.

6 минут

Бағалау кезеңі

ОүБ және оқуды бағалау, СТОҮ



Сабақты қорытындылау, жинақтау, жүйелеу мақсатында «Блум таксономиясы» бойынша талдауды ұсынамын

Шарттары

Тапсырма

Түсінік, саралау, мысалдар

Білім

Жаңадан қандай білім алдың?




Түсінік, ұғу.

Берілген білімді түсіндің бе? Немен дәлелдейсің?




Қолдану

Алған біліміңді неге қолданар -едің?




Анализ

Қабылдаған біліміңді саралай біл, маңызын дәлелде?




Синтез

Алған біліміңді жинақта




Баға

Өзіндік баға бер




Коррекция

Нені ұға алмадың, жете түсінбедің, соны сарала






Оқушылар алдарындағы «Блум таксономиясы » бойынша өздерәні сабақ бойынша алған білімдері негізінде сұрақтарды топта талқылайды. Сұрақты оқи отырып, әр топ өз жауаптарын береді.

3 минут

Бағалау бетшесі

Р/с

Тақырыбы

Ұпай

саны

1

Білу, түсіну кезеңі

1

2

3

4

5




2



















4

Талдау,түсіну, бағалау

1

2

3

4

5




5



















6



















Барлық ұпай саны:




Бағасы




«5»-10-12

«4»-6-9


«3»-2-5

Алдарындағы бағалау бетшесі бойынша сабақ алдында топ ішінен сайланған топ басшысы өз тобындағы балаларда сабақ кезеңдеріне сәйкес бағалайды. Әр кезеңде бағаның неліктен солай қойылғандығы жөнінде анықтама бере отырып, бағалау

критерийлеріне сәйкес дәлелдейді.



1 минут

Үйге тапсырма: ғарышкерлер туралы қосымша ақпараттар жинап әкелу.

Балалар күнделіктеріне жазып алады.



  1. қосымша

1 – топ

Тоқтар Әубәкіров Оңғарбайұлы – Қазақстанның тұңғыш ғарышкері. 1991 жылы « Союз ТМ -13 » кемесімен 2 қазанда ұшты.1962-65 жж Теміртау құйма механикалық зауытында токарь болды. Мәскеу ұшқыш сынақшылар мектебін(1976ж) Мәскеу авиация институтын бітірген.( 1979ж) 1991 жылы10 қазанда Жерге оралды. Есімі облыстық Құрмет кітабына алтын әріппен жазылды.



  1. топ

4 жылдан соң 1994 жылы 1 шілдеде Талғат Мұсабаев Амангелдіұлы (ұзақтығы 127 тәулік) ұшты. Ол ғарышта екі рет болды. 1987 жылы АН-2 ұшағының 2- пилоты,командирі болды. 1991 жыл « Ғарышкер –Сынақшы » оқуын бітірді. Ғарыш станциясында ғарышкерлер зерттеу жұмысын жүргізеді.Ғарыш айлағ ы – бұл зымыран , ғарыш серігі мен үлкен ғарыш кемесі ұшырылатын орын.

  1. топ

Бірінші ғарыш серігі Байқоңыр ғарыш айлағынан әуе кеңістігіне «Восток» кемесі ұшырылды. Орбитаны бойлай ұшқан ең алғашқы адам- кеңес ғарышкері 1961 жылы 12 сәуірде Юрий Алексеевич Гагарин болды. .Ол 108 минут ғарышта болып, рекордтық көрсеткіш көрсетті.

4-топ.


Ғарышкер, астронавт – ғарышқа ұшу кезінде ғарыштық техниканы сынақтан өткізетін әрі оны пайдаланатын адам. Ғарышқа ұшуға қажетті қасиеттер ( ұшу шеберлігінің жоғары деңгейде болуы, апатқа ұшырау жағдайында жылдам шешім қабылдауы,шу,діріл,үдеу т.б әр түрлі факторларға төзімді болуы, бақылау жұмыстарын жүргізіп, оны қорытындылай білуі т.б ) керек екен.

2- қосымша



Диалогтік оқыту

Мен ғарышкер боламын

-Қай баласың?

- Мұсамын.

- Қайда барасың?

- Ұшамын.

- Не іздейсің сен аспаннан?

- Күнге жетсін құшағым

- Шырағым – ау , күйесің ғой

Ата – анаңа көп қайғы үйесің ғой.

Қорқытпайды алыс жер,

Мен боламын ғарышкер

Жұлдыздарға жетемін,

Атамды ала кетемін.

3- қосымша



Тест

  1. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім?

А) Тоқтар Әубәкіров

Ә) Талғат Мұсабаев

Б) Юрий Гагарин

2. Ең алғаш 1961 жылы 12-ші сәуірде әлемге ұшқан адам-?

А) Тоқтар Әубәкіров

Ә) Юрий Гагарин

Б) Талғат Мұсабаев

3. 2 рет ашық ғарыш кеңістігіне ұшқан адам ?

А) Юрий Гагарин

Ә)Талғат Мұсабаев

Б) Тоқтар Әубәкіров

4. Алғаш ұшқан ғарыш кемесінің атауы?

А) «ТУ-134»

Ә) «Восток»

Б) «Союз ТМ-27»

5. 1987 жылы АН-2 ұшағының 2- пилоты,командирі кім болды?

А) Юрий Гагарин

Ә)Талғат Мұсабаев



Б) Тоқтар Әубәкіров

Дұрыс жауаптар:

1.А

2.Ә

3.Б

4.Ә

5.Ә

Бағалау критерийлері

«5»- мүлдем қате жоқ

«4»- 1 қатесі болса

«3»- 2 қатесі болса

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет