Бөж тақырыбы: Оқытуды ұйымдастыру формалары Қабылдаған: Шынпейіс Г. Орындаған: Абдурашит А. Тобы: жма – 211



бет1/6
Дата05.12.2023
өлшемі59.95 Kb.
#485482
  1   2   3   4   5   6
FFAWBTHQWNZT04122023230246


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Жаратылыстану ғылымдары факультеті
Математика кафедрасы

БӨЖ
Тақырыбы: Оқытуды ұйымдастыру формалары
Қабылдаған: Шынпейіс Г.
Орындаған: Абдурашит А.
Тобы: ЖМА – 211


Түркістан 2023
Жоспар:


І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Оқыту әдістері, тәсілдері және олардың жіктелуі
2.2. Оқытуды ұйымдастырудың формаларының мәні, мазмұны және түрлері
2.3. Оқытудың түрлі формаларын пайдаланудың ерекшеліктері
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе

Дидактикалық жүйелер өткен кезеңге із-түссіз кетпейді. Олар қазіргі кезеңнің талаптарына сай жаңа жүйеге трансформацияланып, бүгінгі күнмен үндеседі. Гербарт дидактикасын, Коменскийдің дидактикасы элементтерін пайдаланды, Ушинский түрлендіріп пайдаланды, Алтынсарин оны лайықтады, ал қазір халықаралық талаптар деңгейіне, бәсекеліктікке бағыттап, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті орта білім беру стандарты талаптарға қатысты нақты сапалы жетілдіруде, үдеріс дамуда.


Оқытуды ұйымдастыруды формалары – ол оқыту мазмұнына қатысты мұғалім мен оқушының қызметтерінің сыртқы келісімдерінің өрнектелуі. Олар дидактикалық жүйелердің пайда болуы және жетілдіруіне сай дамуда. Оқытудың формалары түрлі шама-шарықтарға қатысты жіктеледі. Оқушыларды оқытуға қамту санына қатысты:

  • жеке;

  • топтық;

  • жаппай болып бөлінеді.

Оқушыларды оқыту жайына қатысты:

  • мектептік;

  • мектептен тыс;

  • экстернат формада болып аталады.

Оқытудың ұзақтығына байланысты:

  • классикалық сабақ – 45-50 минөт;

  • қысқартылған сабақ – 30-35 минөт;

  • «Қоңыраусыз» сабақтар – еркін қызметтердегі сабақтар регламентінде болады.

Мектептің даму тарихы түрлі оқыту жүйелерге бөледі:

  • жекелей (ертедегі антика елдерінде);

  • жеке-топтық (Орта ғасырдағы мектептер);

  • өзара оқыту (Англиядағы белль – ланкастерлік жүйе);

  • саралап оқыту – дифференциялы – оқушылардың қабілетіне қатысты (мангеймдік жүйе);

  • бригадалық оқыту (кеңес мектептерінде ХХ ғасырдың 20-шы жылдары);

  • американдық «Трамп жоспары» - оқушылар үлкен топтарда (100-150 оқушылармен) жалпы уақыттың 40 % бірге болуы;

  • ал 20 % - аз оқушылар өзіндік жұмыстарға арнаған.

Бастауыш мектептің мұғалімдері үшін «Дальтон – жоспары» Дальтон қаласындағы бастауыш сынып мұғалімі ХХ ғасырдың басында Э. Паркхерст (1887-1973) ұсынған қызықты. Оның ерекшелігі:

  • оқыту мазмұнын еркін таңдау оқушыларға беріледі;

  • мәндерді оқыту ретін өзгерту;

  • өзінің жұмыс уақытын пайдалану;

  • белгілі пәндерді оқыту келісімдерін жасау.

Дальтон – планы негізінен жеке кабинет-зертханаларда ұйымдастырылады.
Қазіргі кезеңде уақыт сынынан өткен, ХҮІІ ғасырға пайда болған, 300 жылдан астам уақыт жетіліп келе жатқан сыныптық – сабақтық жүйенің басты элементі – сабақ, оқыту маңыздылығы үлкен.
Бастауыш сыныпта оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын пайдалану маңыздылықты анықтауда, жалғасуда. Оқытудың алғашқы жобасын голландия педагогы Д. Сил, неміс профессоры И. Штурм, жүйені жобалаған И. Лойологт, ал теориялық негіздемені Я. А. Коменский жасаған.
Сонымен білім берудің, оқытудың басты формасы сыныптық сабақтық жүйе. Қазіргі кезеңде
а) – қосымша;
ә) – сыныптан тыс;
б) – сабақтан тыс;
в) – жұмыстары;
г) - өзіндік;
д) - өзін-өзі тану; деп аталатын формалары қолданылады.
Сыныптың - сабақтық формасы келесі ерекшеліктер айғақтайды:

  • жастары шамалас және дайындық деңгейі жуық бірдей жастағы тұрақты құрамдағы оқушылар.

  • әрбір сыныпта жылдық жоспарға – оқу жоспарына қатысты жұмыс оқу- тәрбие жұмысында (оқытуды жоспарлау)

  • оқу процесі өзара байланысқан, бірінен кейін бірі өтілетін бөліктерден, сабақтардан тұратын өтетін үрдіс.

  • әрбір сабақ тек бір пәнге арналады (монизм);

  • сабақтардың тұрақты алмасуы (сабақ кестесі);

  • мұғалімнің басқарушылық ролі (педагогикалық басқару);

  • оқушылардың танымдық қызметтерінің түрі мен формасының әртүрлілігі;

Сыныптық – сабақ форманың басқа формалармен салыстырғанда бірқатар артықшылықтары бар:

  • қатаң ұйымдастырушылық құрылымы бар.

  • оқушылармен бір мезгілде жұмыс істеуі;

  • оқушыларды өзара білім алуына ыңғайлы;

  • ұжымдық қызмет, біріне -бірі көмектеседі;

  • тәрбиелеу, білім алу, дамытылуда жарысушылық.

Тәрбиелі, білімді, өзін -өзі жетілдіруге, бірін -бірі тануға, өзін -өзі тануға салыстыру, қарама -қайшылықтар қозғаушы күш туындатады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет