«Ең ұзын және ең қысқа» ойыны.
Бақылауды тексеріп тұратын екі бала қалғандарына арқасымен тұрады. Қалғандары бір түзудің бойына бой- бойларымен тұрады. Жүргізуші ана балаға, мына балаға кезек - кезек сұрақ қояды:
-Осы жерде бойы ең ұзын кім?
-Ең қысқасы кім?
-Рет - ретімен ұзынынан, ең қысқасына дейін атап беріңіздер? Содан кейін жаңадан жүргізуші және жаңа ойыншылар шығады.
«Сақиналар» ойыны
Ойыншылар дөңгеленіп отырады, байлаулы тұрған жіпті екі қолдарымен ұстайды. Жіптің ортасында сақина кигізілген, ойыншылар ол жіпті қолдарымен жауып, кезек- кезек бір- біріне жылжытып отыруы керек. Жаңадан келген жүргізуші әрқайсысына «қолыңды аш»деп сақинаны тауып алуы керек. Кімнің қолында сақина болса, сол жаңа жүргізуші болады.
«Не жетіспейді?» ойыны.
Бұл ойынды балалар стол басына келгенде ұсынуға болады. Біріншіден біз стол басында не бар соны зейін қойып, қарап алыңыздар және естеріңде сақтаңдар деп ескертуіміз керек: конфеттер, бутербродтар, пирогтар, варенье және т.б. Енді бір қонақ сыртқа шыға тұрсын, ал, сіздер балалармен кеңесіп алып, қандай да бір тарелкені алып тастай тұрасыз, т.б. Енді сыртта тұрған адамды шақырып аламыз, ол адам мына жерде не жетіспейтінін айту керек (Тауып алған адам ең бірінші болып, конфетті немесе печеньені алуға рұқсат етіледі, ал содан кейін қалғандарын столға шақырады).
«Кім жоғын тауып ал» ойыны.
Ойыншылардың барлығы көздерін жұмуы керек. Осы уақытта жүргізуші бір баланы иығынан түртеді, ол дыбыссыз жәй кетіп қалады. Жүргізу белгі бергенде барлығы көздерін ашып, кім жоқ екенін тауып алуы керек. Кім жоғын ең бірінші кім тауып алса, сол жеңімпаз болады. Ойын есте ұстау қабілетін және бақылауды тексереді.
«Пульс» ойыны.
Дөңгеленіп отырамыз. Қатысушылар бір- бірінің қолын ұстайды. Бір ойыншы ортаға шығады. Жүргізуші: «басталды» деген сөз айтады. Ортадағы ойыншы пульстің қайда кетіп бара жатқанын табу керек. Жүргізуші «тоқта» деген белгі береді.
«Саяхатқа шығу» ойыны.
Дөңгеленіп отырамыз. Жүргізуші басталды дегенде, әрбір қатысушы керек затты алып шығуы керек. «Рахмет» деген сөз айтылуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |