Ойын мен геймификация арқылы оқытуды дамыту бізге не берді:
Мұғалімдердің сабаққа дайындығының егжей-тегжейлі болуы, оқушының дамуын басты бағдарға қоюды;
сабаққа қатысты ресурстарды алдын-ала дайындау, оны оқушының таңдау мүмкіндігіне назар аудару;
уақытты басқара алу, жаңа жолдарды қарастыруды, балама идеялар тануда оқушы құзыреттілігін көтеру;
бағалаудың белгілі қадамдармен жүзеге асуы, процеске қатысу арқылы өз деңгейін көру және сол үшін баланың қадамдарды бағындыруы;
мұғалімнің фасилитаторлық қызметін көрсетті, оқушының орындау және іздену деңгейінің шектігі жоқ екендігіне көз жеткізді.
мұғалімдердің командада жұмыс істеу мәдениеті арта түсті.
Нәтиже:
Оқушылар мен мұғалімдердің процеске бағдарланған оқу құзыреттіліктері дамыды, жүйелі жұмыс істейтін мұғалімдер командасы құрылды (2 команда құрылды: геймификация
оқушылардың, педагогтер мен әкімшіліктің процеске бағдарланған оқуды қолдайтын мектептің жаңа дәстүрлері қалыптасты, сабақта мұғалім нұсқаушы, балалар ізденуші, дамушы топ;
оқу білім мен дағдыларды қалыптастыру әдістеріне, кейін оны шынайы өмірде қолдану мүмкіндіктеріне ықпал етті;
Оқушылардың және мұғалімдердің ішінен 25-30 % процеске ойын мен геймификация арқылы оқытуды жүзеге асырды.
Жобаны жүзеге асыруда мәселелер:
мұғалімдердің жайлы ортадан шыққысы келмеуі;
жаңа идеяны енгізуде түсінікті, дайын ақпаратты талап етуі;
дайын үлгімен жұмыс істеуге қажетсінуі;
Болашаққа даму бағдарлары:
үнемі дамуда, ізденісте болу қажеттілігін түйсіну және оны дамытушы командалардың құрылуы мен оны жүзеге асырудың жәстүрге айналуы;
дайын үлгіден бас тарта отырып, өзіндік ізденіс арқылы жаңа тәжірибелерді жинақтауы;
жинақталған тәжірибелерді жүйелеу, енгізу және дәстүрге айналдыру;
Команда өз тәжірибесінің жұмысын 2023-2024 оқу жылында ары қарай жалғастырып, қала, облыс және республика көлемінде тәжірибе алмасу, мақалалар жариялау, шеберлік сағаттарын өткізу.
Достарыңызбен бөлісу: |