Заманауи кезеңде психологиялық-педагогикалық қолдаудың әдіснамалық негіздері болып табылады:
-
Жеке-бағдарланған тәсіл қажеттілік басымдықтарын, білім беру үдерісінде психологиялық-педагогикалық қолдау жүйесін құруда баланың жеке дамуының мақсаты мен құндылықтарын, балалардың жеке және субъектілік ерекшеліктерін анықтайды. Бұл позицияда қолдау баланың қажеттілігі мен қызығушылығына, оның даму логикасына бағдарлану қажет.
-
Психология мен педагогикадағы антропологиялық парадигма - адамға біртұтас жол табу, жеке функциялар мен қасиеттерден талдауды алып тастау (көңіл, есте сақтау, ойлау, ерікті және т.б.).
-
Балалар психикалық және психологиялық денсаулығының концепциясы - білім беру саласындағы практикалық психологты жұмыс пәні ретінде қарастыру, баланың психологиялық денсаулығына ықпал ету, туындаған мәселенің мониторинг және білім беру кеңістігінің параметрлерін коррекциялау арқылы психологиялық алдын-алу басымдығын беру.
-
Дамытушы білім парагидмасы балаларды тек білім мен дағдыға үйрететін емес, сондай-ақ олардың бойына адамгершілік қабілеттер мен жеке қасиеттерін дамытуды қамтамасыз ететін, педагогикалық практикада шынайы "психологизацияны" ұсынатын білім беру жүйесін жобалау қажеттігін бекітеді.
-
Педагогикалық қолдау теориясы тұлғаны жекелендіру үдерісінде қолдау қажеттігін, оның «өзіндігін» дамытуды, субъект-субъектілік қарым-қатынас арқылы өзін-өзі анықтау, өзін-өзі өзектендіру, және өзін-өзі іске асыру үшін жағдайлар құруды, әріптестікті, өзара тиімді жеке ойлар және тәжірибе алмастыратын ересектер мен балалар арасындағы шығармашылықты бекітеді.
-
Психологиялық-медициналық-әлеуметтік қолдауды ұйымдастырудың жобалық тәсілі мәселелік жағдайларда білім беру үдерісінің барлық субъектілерін кооперациялау үшін білім беру ортасында құруға (жобалауға) бағдарланады.
- Ізгілендірушілік, дамытушылық, жеке-бағдарланған білім беру парадигмасы білім беру үдерісіндегі психологиялық-педагогикалық қолдаудың принциптары мен әдістеріне жаңа талаптарды анықтайды.
Қолдау жүйесі оқыту мен тәрбиелеудің жеткіліксіз ұйымдастырылуы салдарынан жұмыс жасамау керек. Білім беру үдерісінде «сұраныс бойынша» жұмыс жүйесі де жеткілікті емес. Бүгінгі күні озық қолдау принциптары жүйесіне көшу жүзеге асырылуда.
Дамытушы, жеке-үйлестірілген білім беру парадигмасы қолдау жүйесінде диагностикалық, түзету және дамыту жұмыстарын ұйымдастыруда жаңа тәсілдер ұсынады.
Талдау көрсеткендей, отандық психологияға негізделген «диагностиканы болжау» және «диагностика бірілігі мен дамытуды түзету» әдіснамалық қағидалары что, өкінішке орай, педагог-психолог жұмысында барлық уақытта іске асырылмайды. Психологиялық диагностика нәтижесі бойынша, психологтан педагогтан алғаны көбінесе сәйкес шешімдер мен практикалық іс-әрекеттер үшін мүмкіндік бермейді.
Дәстүрлі іріктемелі психологиялық диагностикамен қатар практикада даму диагностикасының әдістері мен әдістемелерін кеңінен қолдану қажет, бұл баланың білім беру үдерісінде «бала дамуының ориентаторы» ретінде көрсетуіне жол ашады. Қолдау жүйесінде «жоғары педагогикалық анықтығы» бар психологиялық диагностикалық әдістерді әзірлеу мен қолдану өзекті мәселенің бірі.
Қолдау жүйесінде диагностиканың айрықша пәні пайда болады: баланың даму жағдайы, оқу-тәрбиелеу үдерісінің қатысушылары арасындағы қарым-қатынас, баланың ересектермен және құрбыларымен ынтымақтастығы. Диагностика нысанының көлемі бала-ата-ана қарым-қатынасының дәстүрлі диагностикасынан нақты мекеменің білім беру ортасын кешенді талдауға дейін өзгеруі мүмкін.
Білім беруді дамыту жүйесінде түзету және дамыту жұмыстарының айырмашылығы мүмкін болып келеді.
Егер түзету жұмысында қолдау жүйесінің маманында баланы жақындатуға тырысатын психикалық дамытудың анықталған эталоны болса, онда ол дамытушы ортадағы жұмысын баланың оптимальды даму деңгейіне жетуіне көмектесетін даму шарттарын құру үшін дамытудың орта жас нормаларына үйлестіреді. Коррекциялық жұмыстан соң ауытқуды «түзету» ұғымы, ал дамытудың соңында баланың потенциалдық мүмкіндіктерін ашу мағынасы бекітіледі. Сонымен бірге, дамытушы орта нақты қабілеттер тренинг ғана емес, оқу жұмысында ілгері жылжуды анықтайтын өзге де факторлармен де үйлестірілген. Дамыту нормасы аталған жастың жоғары жетістіктерінің көрсеткіштері ретінде қарастырылады: норма – бұл тек бары ғана емес, сондай-ақ сәйкес жағдайлар кезінде ең жақсылары.
Бүгінгі күні психологиялық-педагогикалық қолдау жүйесінде жоғарыда қарастырылған әрекет түрлерімен қатар білім беру бағдарламаларын әзірлеу (жобалау) ретінде кешенді бағыттар іске асырылады.
Осындай мүмкіндіктер оқу және білім беру бағдарламаларының айырмашылықтарына ашылады. Оқу бағдарламасында акцент білім, дағды, қабілеттерді меңгеруге беріледі. Білім беру бағдарламасында тұлғаның когнитивті, эмоциональдық, мотивациялық-қажеттілік сипаттамаларының жиынтығында қалыптасуы мен дамуына басты көңіл бөлінеді. Сол себептен, білім беру бағдарламасының оқудан айырмашылығы тек оқытуды орындау емес, сондай-ақ білім беру үдерісінде баланың старттық мүмкіндіктері мен дамыту динамикасын зерттеуді ұсынатын диагностикалық, түзету функцияларын да орындайды. Ол білім беру үдерісінің психологиялық-педагогикалық қолдау жүйесін құруды ұсынады.
Білімнің кез-келген сатысында білім беру бағдарламаларын жобалау үшін нақты жастағы баланы дамытудың жастық-нормативті моделі негіз болып табылады. Білім беру бағдарламасы педагог-психологпен және мұғаліммен біріге жобаланады.
5-6 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРМЕН ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепте оқытуға даярлау жұмысында мектепке дейінгі жастағы балалардың отбасы мен мектептің арасындағы әрекеттестік үйлесімділік табады, ол өзімен бірге мамандардың (педагогтың, психологтың)жүйелі қызметін де ұсынады.
Мектепте мектепалды даярлық ұйымдары бірқатар ерекшеліктерді меңгереді:
-
Білім беру мекемесінің материалдық базасының игерушілігі;
-
Білікті мамандарды жұмылдыру;
-
Баланың дамуындағы ықтимал мәселенің уақтылы диагностикасы;
-
Мектепке дейінгі балаға қажетті білім деңгейін, икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру;
-
Толық құрамда, өз мұғалімдерімен бірге бірінші сыныпқа өтетін балалар ұжымын қалыптастыру;
-
Әлеуметтік қоршаған ортаның өзгеруі, баланың әлеуметтік рөлінің өзгерісі, есейгендіктің көрінуі;
-
Мектептің дезадаптациясының алдын алуды іске асыру;
-
Мектепалды білімнің мазмұны мектепке дейінгі ұйым бағдарламалары мазмұнынының көшірмесі болмау керек және бірінші сынып бағдарламасын күрделендіруге болмайды, әйтпесе, мектептегі оқушылар үшін оқыту үдерісі танымдық және дамытушы бола алмайды.
-
Білім беру мазмұнының үдерісі оқытуға және білім қорын толықтыруға, икемділігі мен дағдыларына бағытталып қана қоймай, керісінше балалардың дамуындағы мектептің маңызды сапалары мен икемділіктеріне (ізденгіштігі, шығармашылық қиялы, коммуникативтілігі, сөйлеуі, ойлауы, ерікті түрде көңіл бөлу, есі және т.б.) баса назар аударылуы керек.
-
Мектепте баланың табысты оқуы үшін мектепалды білімнің ролі туралы ата-аналарды ақпараттандырып, олармен тығыз жұмыс жасау керек.
Ата-аналармен ынтымақтастық бірнеше дәстүрлі бағыттарды қосады: ата-аналарға педагогикалық-психологиялық білім беру, білім беру процесіне белсенді қатыстыру, отбасы жағдайында балалардың білім алуы мен сауығуын анықтау және жағымды тәжірбиелерді тарату. Отбасымен жұмыста ата-аналардың отбасында балалармен ұйымдастырылған ортақ қызметінің дайындығына ерекше назар аудару қажет.
МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОПТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ
АТА-АНАЛАРЫМЕН ЖҰМЫС
Мектепалды даярлық тобының қызметін ұйымдастыруды жүзеге асыруда әр баланың отбасымен тығыз ынтымақтастықтың жасалуына айрықша назар аударған жөн. Егер ата-аналары үйде балаларымен ойнаса, сөйлессе, тек сонда ғана баланы жан-жақты дамыта аламыз, бұл ретте кәсіби педагогтардың ұсыныстары мен кеңестерін пайдалану керек.
Балалардың мектепалды даярлығының барысында ата-аналармен жұмысты қалыптастыруға мүмкіндік беретін ата-аналардың адекватты ұстанымдарын, олардың белсенділіктерін жоғарылатуға, меңгерген білімдерінің маңыздылығын арттыруға және мектепалды даярлық ұйымдары туралы түсініктерін қалыптастыру болып табылады.
Мектепалды жастағы балалары бар отбасын педагогикалық қолдаудың мақсаты құрылуы керек және мұндай бағдарламаларға қолдау көрсетіліп, тәрбиеленушілердің сұраныстары мен мұқтаждықтарына қарай бейімделу керек. Бұл бағдарламалар бала тәрбиелеудегі және дамытудағы негізгі мәселелер бойынша ата-аналардың педагогикалық құзіреттіліктерін дамытуды ұсынады.
Ата-аналармен жұмыстың әртүрлі формалары өзара тығыз байланысты болуы және бірыңғай дұрыс жүйесін ұсыну қажет.
Ата-аналармен жұмыстың тиімді формаларының бірі әңгімелесу болып табылады, мектепке дайындық барысында туындайтын мәселелерде ата-аналарды балаларға көмек көрсетуге әзірлеу, сонымен қатар балалар мен ата-аналарға арналған бірлескен сабақтар өткізу, әсіресе, бұл педагогикалық-түзету көмектеріне мұқтаж балалар үшін маңызды.
Мектепке бару-әр баланың өмірінде өзгерісті кезең. Мектепте білім алу алғашқыда оның өмірін түбегейлі түрде өзгертеді. Көптеген «болады», «болмайды», «керек», «тиісті», «дұрыс», «дұрыс емес» деген сөздердің барлығы бірінші сынып оқушысына ауырлық түсіреді. Себебі бала күнде мектепке барады, жүйелі және ауыр еңбектенеді, күн режимін сақтайды, түрлі ережелер мен тәртіпке бағынады, ата-анасы мен ұстаздардың талаптарын орындайды, сабақта және өзге де жұмыстарда жақсы нәтижелерге қол жеткізеді. Жаңа талаптарға, тәртіптерге, ережелерге бейімделу керек. Бірінші сынып оқушыларының тең жартысы бұл тапсырмаларды орындайды. Алайда жаңа шарттарға дағдылану кезеңі балаларда жиі, тоқсан бойына, ал кейбіреулерінде барлық бірінші оқу жылына созылады. Психологиялық көмекке ата-аналар үнемі мысалы, мынадай мәселелермен жүгінеді, бала шектен тыс ақылды және қалыпты психикалық дамыған, мектепке барудан бас тартады, мұғалімдермен, құрдастарымен дауласады және т.б. Мұндай мәселелерді үлкендер өздерінің әдістерімен шешуге тырысады: баланы сабақ оқуға мәжбүрлейді, талапшылдық деңгейін жоғарылатады. Бұл дәстүрлі әдістердің әсері ереже сияқты, маңызды әсер етпейді. Ең алдымен бейімделудің шиеленіскен себебін табу керек. Ата-аналармен балалар үшін мектептегі жаңа жағдаяттармен кездесу дайындығына қалай көмектесуге болатыны жөнінде ойлана келіп «Мектеп өмірінің қарсаңында» деп аталатын мектепке дейінгі жастағы балалармен олардың ата-аналарына арналған психологиялық тапсырмалар бағдарламасын әзірлеуге алып келді.
Бағдарлама мақсаты: баланың мектепке бейімделуінде мүмкін болатын қиындықтардың алдын-алу.
Бағдарламаның міндеттері: балалардың мектепке психологиялық даярлығы мәселесінде ата-аналардың құзіреттіліктерін арттыру; ата-аналарда және балаларда рефлекстік дағдыларын дамыту; ата-аналарды оқытуда қарым-қатынастың тиімді әдістерімен (белсенді тыңдау, жанжалдарға жол беру және т.б.); үлкендер мен балаларда қажетті ынтымақтастық дағдысын дамыту.
Бағдарламаның мазмұны. Негізгі әдіс интеракционды-топ құрылымының бүтіндігі сияқты, ерекше топтар формасын және мінез-құлық тәртібі, толық көңіл-күйді қолдауда кері байланыс механизмінің қызметіне екпін түсіру, жанжал жағдаяттарын үлгілеу және оларды таңдау әдістеріне рұқсат.
Ата-аналармен және балалармен сабақтар екі бірдей топтарда жүргізіледі. Болашақ бірінші сынып оқушыларымен жұмыс барысында кешенді психологиялық дайындығы диагностикалық даму деңгейінде жүзеге асады.
Ата-аналармен жұмыс барысында жетекші оларды балалардың мектепке психологиялық дайындығы туралы хабардар етеді, балаларды зерттеу нәтижесімен таныстырады, нақты ұсынымдар береді.
Бағдарламаны белсенді меңгеру балалармен және ата-аналармен жаңа тәжірбиені шынайы өмір жағдайында қолдану, болашақта жетекшілік ететін өзіндік әлеуетінің мүмкіндіктерін ашу.
Сабақтар саны – әр топта 5 тен, бір сабақ- біріккен. Сабақтардың ұзақтығы – 60-80 минут. Қатысушылардың саны – 16-20 адам (8-10 отбасылық жұп). Кездесу мерзімі – аптасына бес күн. Жүргізуші ретінде мүмкіндігі: ата-аналармен және балалармен бір мезгілде жұмыс жүргізгенде екі жүргізуші; егер ата-аналар мен балаларды бөліп оқытса бір жүргізуші.
Сабақтың құрылымы. Сабақ бірнеше бөлімнен тұрады: «сәлемдесу», «сергіту», «негізгі бөлім», «кері байланыс», «қорытынды». Ата-аналармен сабақ тақырып бойынша балалардың тақырыптарымен сәйкес келеді. Мақсаты - «сәлемдесу» және «сергіту»- топты ұйымдастыру және әрі қарай жұмыс жасауға әзірлеу. «Негізгі бөлім» жүргізуші топты тақырыптың мақсатына жету үшін жұмыс жасайды. Қорытынды бөлімде топтың қатысушылары өздерінің алған әсерлерімен бөліседі және қоштасады.
Күтілетін нәтиже.
1. Өткізудегі жаңа әдістер мен тәсілдерді іске асыру.
2. Ата-аналармен мінез-құлықтың айрықша барабар емес жеке қасиеттерінен арылу.
3. Балалармен ынтымақтастықта жаңа әдістер мен тәсілдерді іске асыру.
4. Мектепке дейінгі үлкен жастағы және мектептегі кіші жастағы балалардың психологиялық кеңейту аясында білімдерінің дамуы.
Тақырыптық жоспарлау
Сабақ реті
Сағат саны
|
Балалармен жүргізілетін сабақтың тақырыптары
|
Ата-аналармен жүргізілетін сабақтың тақырыптары
|
Сабақ № 1
(2 сағат)
|
«Бүгін – мектепке дейінгі жастағы бала,
ертең – мектеп оқушысы» (Мотивациялық дайындық)
|
«Танысу»
|
Сабақ № 2
(2 сағат)
|
«Мен кіммін? Мен қандаймын?»
(Жеке дайындығы.
Өзін-өзі бағалауының дамуы)
|
«Мотивациялық дайындық»
|
Сабақ № 3
(2 сағат)
|
«Мектептің ережелері» (Ерікті қызмет)
|
«Баланың өзін-өзі бағалауының қалыптасуы. Қабылдау тілі- қабылдамау тілі»
|
Сабақ № 4
(2 сағат)
|
Ата-аналармен және балалармен бірлескен сабақ «Алғашы рет бірінші сыныпқа»
|
Сабақ № 5
(2 сағат)
|
«Мен өзгелердің ортасында» (Құзіреттілік дайындығы)
|
«Балалармен ынтымақтастық. Баланың еркін ортасы»
|
МЕКТЕПАЛДЫ ЖАҒДАЙЫНДА 5-6 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ МОДЕЛЬДЕРІ
Психологиялық-педагогикалық қолдауды әзірлеуде келесі міндеттер қойылады:
-
Балалармен және педагогикалық қызметкерлермен сөйлесу кезінде топта бала үшін жағымды микроклимат құру.
-
Баланың жеке даму ерекшеліктерін оның пайда болуының интеллектуалды, эмоционалды шеңбері бірлігінде зерттеу.
-
Ерекше оқыту бағдарламаларын,олардың қызметін ұйымдастырудың арнаулы формаларын қажет ететін балаларға көмек көрсету.
-
Ерте диагностика және дамытудағы бұзушылықтарды түзетуді уақтылы өткізу.
-
Баланы тәрбиелеу мен оқыту сұрақтары бойынша тәрбиешілердің, ата-аналардың психологиялық құзыреттілігін арттыру.
Бұдан әрі психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі бағыттары анықталды:
-
Бала дамуында туындаған мәселелерді ескерту.
-
Дамыту, оқыту және тәрбиелеудің өзекті міндеттерін шешуде балаға көмектесу.
-
Жеке білім беру бағдарламаларын психологиялық қамтамасыз ету.
-
Ата-аналар мен педагогтардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін дамыту.
Психологиялық-педагогикалық қолдау модельдері
-
Балаларды психологиялық-педагогикалық тексеру: (жыл бойына ата-аналар сұраныстары және жазбаша арыздары бойынша) барлық жас топтарында.
Мақсаты: қолдау үдерісін ақпараттық қамтамасыз ету.
Қажетті диагностикалық деректер:
- әрбір баланы дамытудың жеке траекторияларын құрастыруға арналған;
- оқыту мен қарым-қатынас ерекшеліктеріне сәйкес мектепалды даярлық қызметін ұйымдастыру формалары мен құралдарын таңдауға арналған;
- оқытуда, қарым-қатынаста және психикалық сезінуде қиындықтарға тап болатын балаларға көмек көрсету мен жолдарын анықтауға арналған.
Жылдың басында психологиялық функциялармен жеткіліксіз қалыптасқан балалар анықталады. Бұл балалар түзету-дамытушы аралық топтар құрамына кіреді және жыл бойына психологпен айналысады. Сәуір-мамыр айларында балаларды дамытудың динамикасын анықтау және педагогикалық жұмыстардың тиімділігін бағалау мақсатында қайталау диагностикасы өткізіледі.
2. Дамуында психикалық кемшіліктері бар, қарым-қатынас жасауда қиындыққа тап болатын, сондай-ақ эмоционалды қолайсыз балалармен психологиялық түзету және психологиялық алдын-алу жұмысын жоспарын (психологиялық тексеру деректерпі бойынша) құру мен өткізу. Жұмыс жеке және топаралық формада жүргізіледі. Педагогтармен жеке жұмысты жоспарлау кезінде нақты мақсатты, міндеттерді және жеке жұмыс мазмұнын таңдау ұсынылады (баланың ерекшеліктерін есепке ала отырып). Мектепалды даярлық аясында басты бағыттардың бірі- мектепке дейінгі ұйым педагогтары мен мамандарының (педагог-психолог, логопед) арасындағы өзара әрекеттестік жүйесін енгізетін, балаларды мектеп өміріне сапалы даярлауға бағытталған түзету-педагогикалық қызметі.
3. Тәрбиелеу-білім беру үдерісін психологияландыру (педагогтармен жұмыс).
Мақсаты: Баланы психологиялық дамыту сұрақтары бойынша ересектерді ақпараттандыру, кеңес беру. Тақырыптарға және психологиялық сабақтар мақсатына сәйкес ересектерге арнаулы практикумдар, лекциялар, семинарлар, тренингтер өткізумен қорытындыланады.
4. Ата-аналарды психологияландыру.
Мақсаты: отбасын тартуға арналған әлеуметтік-психологиялық жағдайларын және баланы тәрбиелеу мен оқыту мәселелеріне ата-аналардың жауапкершілігін қалыптастыру мен әріптестігін құру. Ата-аналарды психологизациялау және педагогикалық ағарту ақпараттық бұрыштар, консультациялар, ашық сабақтар, практикумдар арқылы жүзеге асырылады.
5. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум жұмысын ұйымдастыру. Консилиум болжайды: білім беру үдерісіне қатысушыларды тең құқықты әріптестік және жеке жауапкершілік. Консилиумда жалпы педагогикалық стратегия шығарылады және диагностика мен жүйелік бақылауды есепке ала отырып, бала дамуының жеке маршруты анықталады.
6. Балабақшада мектепке дейінгі жастағы балаларды қолдау үшін тәрбиешілер балаға қажетті және жеткілікті қолдау көрсете алатын жағдайлар құру.
Баланы қолдау жұмысының тізбектілігі келесі алгоритмді ұсынады:
-
Мәселенің қойылымы. Сұраныстар түсумен, мәселенің мәнін сезінумен, бала туралы ақпараттар жинағының жоспарын жасақтау және диагностикалық зерттеулер жүргізумен басталады.
-
Алынған ақпаратты талдау. Қызығушылық танытқан барлық тұлғалармен бірге мәселенің мүмкін жолдарын және шешу әдістерін бағалау және талқылау, әртүрлі шешімдердің жағымды және теріс жақтарын саралау.
-
Кешенді көмек жоспарын әзірлеу. Әрекеттің тізбектілігін анықтау, тараптардың функциясы мен міндеттерін бөлу, іске асыру мерзімдері: балалар, ата-аналар, педагогтар,мамандарға арналған ұсынымдарды бірлесе дайындау. Қолдаудың барлық қатысушыларына бала мәселелерін шешу жолдары мен әдістері туралы кеңес беру.
-
Мәселені шешудің жоспарын іске асыру. Қолдаудың әрбір қатысушыларымен орындау.
-
Қолдау бойынша қызмет нәтижелерінің мазмұны және бағасы. Не сәтті болды? Қандай сәтсіздік болды? Неліктен? сұрақтарына жауап беріледі. Бөлек мәселені шешу немесе баланың одан әрі дамуына талдау жүргізу. Бұдан әрі біз не істейміз? сұрағына жауап.
Педагог-психолог жұмысын тәрбиелеу-білім беру үдерісінде психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтамасыз ету:
1. Баланы дамыту мен тәрбиелеудегі қиындықтардың психологиялық себептерін анықтау.
2. Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленушілерді эмоционалды-жеке тұлғалық дамытуды жалғастыру (өзіне және құрбыларына жағымды қарым-қаитынас қалыптастыру; қарым-қатынас дағдыларына оқыту, тұрмыстық және ойын қызметінде ынтымақтастыққа қабілетін дамыту).
3. Өзінің функцияларын жоғары деңгейде орындауға және баланың жеке тұлғалық дамуына ықпал етуге дайын педагог боп қалыптасуына әрекеттену.
4. Бала-ата-ана қарым – қатынасы шеңберінде ата-аналардың психологиялық мәдениет деңгейін арттыру.
Біз ұсынған қолдау моделдері білім беру мазмұнын өзгерістер енгізіп қана қоймайды, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымда өмір әрекеттерінің барлық үдерістерін ұйымдастыруды қамтиды.
Моделді іске асырудың келесі шарты –мектепке дейінгі жастағы балалардың жүйке жүйесінің жағдайын жағымды фунциялауды қамтамасыз ететін жайлы психологиялық жағдайлар құру.
Мұндай жағдай келесілердің көмегімен құрылады:
– баланың денсаулық жағдайын және оның жеке-тұлғалық ерекшеліктерін ескеретін білім беру үдерісін ұйымдастырудың қолданыстағы бейімдеу моделдерінің бар болуы;
– физикалық жаттығулардың және ойлау-дамыту ойындарының байланысты тіркесуі.
Модельді іске асырудың келесі шарты – бұл балаға мамандандырылған көмек көрсетуге арналған қолдау қызметін ұйымдастыру.
Медициналық қызметкер, педагогтар, психологтар бала тұлғасының үйлесімді дамуын қамтамасыз етеді және оның физикалық, психикалық денсаулығын сақтау мен бекітуді кепілдейді. Мұндай үштұғырлылық дамуында бұзушылықтары бар балалардың жүйке-психикалық ортасы жағынан ауытқулары болуына байланысты (жоғары жүйке-рефлекторлық, психологиялық дамуында кейін қалушылық) қажет. Себебі психологиялық-педагогикалық қолдау тек қана медициналық емес, бұл кезеңде жұмыстың әртүрлі түрлері мен формаларын ұсынады.
Балалармен жұмыс
1. Диагностика: мектепке даярлық көрсеткіштерін диагностикалау.
2. Түзету-дамыту жұмысы: мектепке даярлықты қалыптастырудың бағдарламасын жүзеге асыру.
Ата-аналармен жұмыс
1. Диагностика: аса белсенді балалардың барлығын анықтау мақсатында ата-аналарға сауалнама жүргізу, мектепке дейінгі жастағы балалардың даму көрсеткіштерін зерттеу, бала мен отбасы туралы алғашқы ақпараттар жинағы.
2. Түзету-дамыту жұмысы: ата-аналар құрған жеке түзетулер.
3. Кеңес беру: оқу әрекетін қалыптастыру мен танымдық мотивацияны дамыту бойынша жеке және топтық кеңес беру.
4. Ағарту жұмысы: жаднамалар, бюллетень және оның мектепке баланың даярлығын үйлестіру бойынша әдістемелік ұсынымдар тарату.
Педагогтармен жұмыс
1. Кеңес беру: оқу әрекетін қалыптастыру мен болашақ бірінші сынып оқушыларының танымдық мотивациясын дамыту бойынша жеке және топтық кеңес беру
2. Ағарту жұмысы: жаднамалар, бюллетень және оның мектепке баланың даярлығын үйлестіру, сондай-ақ ата-аналармен тиімді өзара қарым-қатынас қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар тарату.
ҚОРЫТЫНДЫ
Баланың өмірі ортаның күрделі ұйымдастырылған, әртүрлі формасы мен бағыттары бойынша ағыммен өтеді. Табиғатынан бұл орта әлеуметтік, өйткені ол баланың құрбыларымен, әр жастағы балалармен, педагогтармен, ата-аналармен, өзге ересектермен әртүрлі қарым-қатынас жүйесін ұсынады.
Мазмұны бойынша бұл орта эмоционалды, интеллектуалды, эстетикалық, тұрмыстық және т.б. болуы мүмкін. Бала өмірдің барлық жағына қатысты көптеген әртүрлі таңдаулар алдында болады: қалай оқу және ересектермен қандай қарым-қатынас құру, құрдастарымен қалай сөйлесу, қазіргі және өзге талаптарға, ережелерге қалай бағытталу, т.б. Көмекке өздерінің әлеуметтік, кәсіптік немесе жеке айқындамаларымен балаға әртүрлі қолдау бере алатын ересектер ұсынылады. Ең алдымен бұлар – педагог, ата-ана және психолог.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуы ұлттық даму стратегиясымен үздіксіз байланысты және мемлекеттік саясаттың бөлінбейтін бөлігі болып табылады. Және 12 жылдық білім беруге көшуде мектепалды даярлықтың балаларына психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу қажеттігі туындайды.
Біздің мақсат — 12 жылдық білім беруге көшуде 5-6 жастағы балаларға мектепалды даярлықты ұйымдастырудың ұсынымдарынан құрылатын әдістемелік құрал әзірлеу.
Пайдаланылған әдебиеттер
-
Возрастная и педагогическая психология / Ред. М. В. Гамезо, 1984.
-
Возрастная и педагогическая психология / Ред. А. В. Петровского, 1973.
-
Мухина В. С. Детская психология. – М., 1985.
-
Коломинский Я. Л., Панько Е. А. Учителю о психологии детей шестилетного возраста. – М., 1990.
-
Амоношвили Ш.А. В школу – с шести лет. – М., 1986.
-
Газман О. С., Харитонова Н. Е. В школу – с игрой. – М., 1991.
-
Мухина В. С. Возрастная психология. – М., 2000.
-
Обухова Л. Ф. Возрастная психология. – М, 2001.
-
Кравцова Е. Е. Психологические проблемы готовности детей к обучению в школе. – М., 1991.
-
Нижегородцева Н. В., Шадриков В. Д. Психолого-педагогическая готовность ребенка к школе. – М., 2001.
-
Безруких М. М. Ступеньки к школе. – М., 2001.
-
Усова А. П. Обучение в детском саду. – М., 1981.
-
Аванесова В. Н. Воспитание и обучение детей в разновозрастной группе. – М., 1977.
Мазмұны
Кіріспе ........................................................................................................... 3
5-6 жастағы балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау түсінігінің
мәні мен мазмұны......................................................................................... 4
|
5-6 жастағы балалардың ерекшеліктері. Баланың мектепке
даярлығының психологиялық аспектілері ................................................. 8
Мектепке дейінгі жаста оқыту үдерісінің мәні ......................................... 12
Мектепалды даярлық тобында психологтың жұмысының ерекшелігі ...16
5-6 жастағы балалармен оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың
ерекшеліктері .............................................................................................. 23
Мектепалды даярлық топтағы балалардың ата-аналарымен жұмыс ..... 24
Мектепалды жағдайында 5-6 жастағы балаларды психологиялық-
педагогикалық қолдау модельдері .............................................................27
Қорытынды .................................................................................................. 31
Пайдаланылған әдебиеттер ........................................................................ 32
Мазмұны ..................................................................................................... 33
|
Достарыңызбен бөлісу: |