Мектепке дейінгі, бастауыш мектепте және орта буында оқушыларды оқытудағы сабақтастықты жетілдіру жолдары



Дата05.07.2016
өлшемі95.64 Kb.
#179454
Мектепке дейінгі, бастауыш мектепте және орта буында оқушыларды оқытудағы сабақтастықты жетілдіру жолдары

Джамалбаева Сайран Сагатовна, бастауыш сынып мұғалімі, Ақсу дарынды балаларға арналған гимназияның директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Мектепке дейінгі білім беру мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастық туралы соңғы уақыттарда көп пікірлер айтылып отыр. Сабақтастық, бір жағынан, жалпы дамуы мен тәрбие деңгейі мектепте оқыту талаптарына сай жауап беретін балаларды мектепке тапсыру, екінші жағынан, оқушыларды әрі қарай жан-жақты дамыту үшін тәрбиеленушілердің игерген білім, білік, дағдыларын мектепте белсенді қолдануын қарастырады.

Білім берудің тиімділігін қамтамасыз етудің негізгі бір факторы сабақтастық пен үздіксіз оқыту. Бұл факторлар балабақшадан бастап мектептегі оқыту басқыштарында білім берудің біртұтас мазмұны мен мақсаты жүйесін және үлгілерін қабылдауды қажет етеді. Мектепке дейінгі және бастауыш сынып жасындағы балаларға үздіксіз білім берудің жалпы мақсаты: өзгермелі әлеуметтік жағдайға бейімделуге, жеке тұлғасын сақтауға, қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынас жасауға дайын болуды қамтамасыз ететін баланың физиологиялық және психологиялық үйлесімді дамуы.

Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру бағдарламаларының үздіксіздігі келесі мақсаттарға қол жеткізуді ұсынады:

Мектепке дейінгі басқышта:



  • Баланың денсаулығы мен физиологиялық дамуын нығайту, оның жалпы психологиялық және ойлау қабілеттерін дамыту;

  • Келесі кезеңде оның сәтті біліміне және эмоционалды жайлылығын қамтамасыз ететін танымдық белсенділігін,коммуникативтілігі мен өзіне сенімділігін дамыту;

  • Мұғалімнің балаға жеке тұлғалық бағыттағы қарым-қатынасы;

  • Баланы дамытудың басты факторы ойын әрекетін қалыптастыру;

  • Баланың жеке тұлғалық және танымдық дамуына жол ашатын білімдік орта құру

Бастауыш мектеп басқышында:

  • Баланың мүмкіндігі мен жасына сәйкес танымдық дамуы мен әлеуметтендіру;

  • Қоршаған дүниемен өзара қатынастың түрлі формаларын игеру;

  • Оқу іскерлігін қалыптастыру мен мектептің орта буынында білім алуға дайындығы;

  • Осы жастағы дамудың басты жетістігі ретінде оқу үдерісінің оқыту іскерлігіне бағыттылығы;

  • Оқытудың әрбір жас кезеңіне тұлғаның дамуының басты жақтарын көрсететін үздіксіз мазмұндық шек бойынша нақты мақсаттар қалыптастырылады:

  • Физиологиялық дамуы

  • Танымының дамуы

  • Әлеуметтік жеке дамуы

  • Көркемдік-эстетикалық дамуы

Мектепке дейінгі білім беру басқышында баланың басты тұлғалық қасиеттерінің негіздері қалыптасып, мектептегі сәтті оқытудың негізі бола алады. Бұл уақытта мектеп, қабылдаушы ретінде, өз жұмысын «нөлден» бастамай, баланың мектепке дейінгі жетістіктерін «қолға үйіріп», оның жинаған потенциалын дамытады. Сабақтастықтың кілтті сәті баланың мектепте баауалатын білім алуымен дайындығын анықтау болып табылады.

Мектепке дайындау проблемаларын отандық педагогтар мен психологтар зерттеген. Баланың мектепке жалпы дайындығын қалыптастыратын жалпы және арнайы дайындық түрлері бар. Жалпы дайындыққа физиологиялық, жеке және интеллектуалдық, ал арнайы дайындыққа баланың жалпы даму мен бастапқы санау және оқу дағдыларын қамтамасыз ететін бастауыш мектептегі пәндік курстардың игеруіне қабілеттілігі жатады.

Физиологиялық дайындыққа болашақ оқушының денсаулығы, дене бітімінің дұрыс қалыптасуы, қозғалыс дағдылары мен қабілеттерінің дамуы (еркіндік,шыдамдылық, тепе-теңдік, моторикалық координация), физиологиялық жұмысқа саналы қабілеттілік енеді. 6-7 жасар балалардың мектепке даярлығын анықтауда «мектепке жетілгендікті» анықтаудың негізі баланың биологиялық жасы мен құжаттар арасындағы алшақтық болып табылады. Түрлі жастағы балалардың арасында жетілген және жетілмеген балалардың пайыздық қатынасы анықталды. Мектепке жетілгендердің сандық пайызы 6 жасар балалардың 49%, 6,5 жасар балалардың 68%, 7 жасар балалардың 87% және 7,5-8 жастар балалардың 98%-ын құрайды. Оның ішінде қыздар ұлдарға қарағанда, «мектепке айқындылығы» ілгері. « Мектепке жетілу» қыздар арсында 5 пен 6 жаста, ал ұлдарда жарты жылға кейін, яғни, 6 жас пен 6,5 жас аралығында байқалады.

Баланың мектепке жеке даярлығы баланың өмірілк қатысының үш негізгі аймағын қамтиды:



  • Айналасындағы үлкендермен қатынасы, яғни саналы түрде қойған мақсатқа сәйкес жүмыс жасау қабілеттілігі: оқу жағдайының шартын түсіну; үлкен адамды мұғалім ретінде қабылдай білу жатады.

  • Құрдастарымен қарым-қатынасы; ойын кезінде қалыптасқан кооперативті жарыс түріндегі қатынастың болуымен сипатталады. Яғни ойын, конструкциялау әрекетінде қызметтерді бірігіп бөлісу кезеңінде балалардың мазмұнды қатынасы оларға серіктестер көзқарасы мен қимылын түсініп, ескеруге көмектеседі.

  • Балаға өзіне-өзінің қатынасы. Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларда жыл соңында өзін жоғары бағалау өбьективті бағалаумен алмаса бастайды. Бұл- баланың мектепке оқуға жаңа өмір үлгісін қабылдауға дайындығының негізгі көрсеткіштерінің бірі.

Баланың мектепке жеке даярлығында оқушының «ішкі ұстанымы» немесе мотивациялық жоспары ерекше рөл атқарады. Ол екі типті оқу мотивтерінен тұрады: әлеуметтік (жаңа әлеуметтік мәртебе алу, баланың басқа адамдармен қатынас қажеттілігімен байланысты), және танымдық (мектепке дейінгі баланы оқу іс әрекетінде тікелей жаңаны танумен интеллектуалды белсенділікке тартуы), мектепке дейінгі ересек жастағы балаларда моральды мотивтердің (парызды түсіну) қалыптасуы бастапқы жаңа білім болып саналады. Балаларда «әлеуметтік эмоциялар» пайда болады: біреуге көмектескенде, қиындықты жеңгенде бала қуанады.

Балалардың ақыл-ойының дамуының басты көрсеткіші бейнелі және сөздік логикалық ойлау негізінің қалыптасуы болып табылады. Бейнелі ойлауды дамытудағы жетістік баланың логикалық ойын дамытады. Ол қарапайым себеп-салдар байланысын және жалпы қабылданған ұғымдарға сәйкес обьектілерге жіктеудің қабілеттілігін көрсетеді. Балалар ғылыми білімге негізделген жалпы қағидаттарды, байланыстар мен заңдылықтарды түсіне бастайды. Бірақ олардың ойлауы бейнелі болып қалады және заттар мен орнын ауыстырушы құралдарға негізделеді, бұл пәндік, графикалық құралдарды қолдануға мүмкіндік береді. Ол теориялық білімді берудің аса маңызды құралы болып табылады.

Мектептегі оқытудың сәттілігі балардың оқу әрекетіне қажетті ана тілін үйрену деңгейіне, тілдің дамуына байланысты. Тілдік құрылымды игерутілдік қызметтің қарапайым түсініктерінің өзара байланысстарынан басталады: сөйлемдегі сөздер құрамы, сөздің дыбыстық және мазмұндық жағы, тіл грамматикасының сауаттылығы, мәтіндегі құрылымдық байланыс. Осылардың көмегімен бала өздігінен үлкендердің көмегінсіз өз ойларын жеткізіп, мәтінді мазмұндап береді. Ал айналасындағылармен өзара түсінісіп, мұғалімдер, сыныптастарымен қатынас құруда тілдің диалогтық формасы қажет. Тілдік жаттығулар барысында өзіне бағытталған тілді тыңдап, оқу тапсырмаларында тілдік мәліметтерді түсініп, өз әрекетін жоспарлайды.

Баланы мектепке арнайы даярлауда бастауыш мектептегі оқу, жазу және қарапйым математика сияқты білім аймақтарына ерекше көңіл бөлінеді. Мектепке дейінгі жастың соңына қарай ойын, сурет салу, құрастырулар арқылы сауаттылық элементтерін арнайы үйренген бала саналылық пен көрсетеді.

Бұл жаңа сапалық көріністер оқу әрекетінің маңызды алғы шарттары болатын жоспарлау мен бақылауды, әртүрлі есептерді шығарудағы амалдарды табу мен жалпылауға мүмкіндік туғызады. Мектепке дейінгі білім беру баланың базалық, жеке тұлғалық мәдениетін қалыптастырады. Бұл оған білім беру басқыштарының білім аймақтары мен түрлі іс әрекетті сәтті меңгеруге мүмкіндік береді. Сабақтастықты жүзеге асыруда балаға мектеп табалдырығында кездесетін күрделі қиындықтарын ескеру керек. Балаға қоштасуды, қуанышты, шыдамсыздықты, белгісіздіктен қорқуды жеңуге тура келеді. Бұл жерде оқушы болып қалыптасқан балаға ұсақ-түйек ештеңе жоқ. Сондықтан мұғалімдер мен тәрбиешілер балаларға ерекше көңіл бөліп, бала көңіліндегі «нағыз оқушы» бейнесін қалыптастыру үлкендердің көмегіне тікелей тәелді болатынын естен шығармау керек. Баланың «оқушы мәртебесін» саналы түрде қабылдауына кейінгі жасалынатын барлық жұмыс көмек құралы болуы тиіс. Мысалы, 1-сынып оқушылары үшін академик Қ.И.Сәтбаевтың апталығында өткізілетін «Гимназистер күні» мерекесінде оқушыларды гимназистер қатарына қабылданып, «гимназист» мәртебесіне ие болады. Оқу-тәрбие іс-шараларына (суреттер сайысы, мәнерлеп оқу сайысы, көркем жазу сайыстары, «Әліппемен қоштасу», «Жасыл шырша», «Алтын күз», «Наурыз» мерекелері) балаларды белсендіре қатыстыру жұмыстары ұйымдастырылып өткізіледі. Пән мүғалімдері, әкімшілік, бастауыш сынып мұғалімдерінің қатысуымен педконсилиум жүргізіледі. Балабақша қызметкерлері мен тәрбиешілер және бастауыш сынып мұғалімдері арасында семинар өткізіліп, сауат ашудан, математикадан, өзін-өзі танудан ашық сабақтар көрсетіліп, жаңа жағдайдағы оқушылардың қалыптасу барысы талданады. Балабақша әдіскерлері, басшыларымен дөңгелек үстелде тексеру жұмыстарының қорытындылары талданып, оқушылардың шығармашылық жұмыстары жинақталады.

Бастауыш пен негізгі мектеп арасындағы сабақтастық идеясы оқушының жалпы дамуына бағытталады. Бастауыш сатыдағы 4-сынып оқушылары бастауыш мектеп түлектері. Олар мектеп өмірінің бірінші кезеңін аяқтаушы балалар. Осы жастағы балаларда оқу іскерлігі мен дағдылары қалыптасқандықтан үлкендер көп көңіл бөледі. 4-сыныпта көпшілігінде оқу жұмысының өзіндік жеке стилі көзге ілінеді. Бұл әсіресе, үй жұмысына берілген тапсырмаларды орындағанда көзге ілінеді. Біреуі тез жеңіл түрде жұмысқа кіріссе, біреуі дайындыққа көп уақытын кетіреді. Кей балалар дайындықты қиын пәндерден бастаса, енді біреулері жеңіл пәндерден дайындықты бастауды жөн көреді. Бірқатары графикалық сызба-сурет арқылы тірек-схемалар жасап меңгерсе, кейбіреулері сөзбен түсіндіруді жақсы көреді. 4-сыныпта оқушыларды жақсы көретін оқу пәндері, оған қызығушылықтары айқындалады. Оқу жұмысындағы орындаудағы айырмашылық балалардың жеке ерекшеліктеріне, танымының дамуына, қабылдау мен хабарды өңдеуге және түрлі пәндерге қызығушылықтарының түрліше қызығушылық туғызуына байланысты. Сонымен, 4-сыныптан 5-сыныпқа көшкен оқушылардың басты қиыншылықтарын қарастырайық. Балалар бастауыштағы бір мұғалімдік сынып жетекші жүйесінен пән мұғалімдері жүйесіне енеді. Жаңа мұғалімдерге үйрену адаптациясына өтеді.

5-сыныпта пәндер саны 8-12-ге дейін артады. Бастысы, соншама пән мұғалімдері және әрқайсысының соншама қойылатын талаптары бар. Сондай-ақ сабақтар әртүрлі кабинеттерде өтеді. Сондықтан пән мұғалімдеріне бірігіп, 5-сынып оқушысына жыл басында қойылатын ортақ талаптарды ұсынулары қажет. Бағалауға да көңіл бөліп, оқушыларға бағалаудың критерийлерін түсіндірулері керек. Жұмыстарын тексере отырып, оқушыларға өз-өзіне баға беруге мүмкіндік жасап, қажет болса, олқылықтардан арылу жолдарын көрсеткен дұрыс. Адаптация сәтті өту үшін 5-сыныпта бірінші сабақта мұғалім өз пәнінен қойылатын талаптарды ұсынады. 5-сыныпта тез үйреніп кетуі үшін педконсилиумды қыркүйектің 1,2-аптасында өткізген жөн. Бастауыш сынып мұғалімдері, медицина қызметкері, мектеп психологі бірлесіп, пін мұғалімдерін оқушылардың жеке дара ерекшеліктерімен, сыныпқа, әр оқушыға мінездеме беріп, денсаулығы жайында анықтамалармен таныстырып, оқытуды тиімді әрі қызықты өткізуге байланысты ұсыныстар жасайды.

5-сыныптың ата-аналарына сынып жетекші пән мұғалімдерді, психологты қатыстырып, жиналыс өткізеді. 5-сыныпқа көшкен балаларды пәндік оқытуға бейімдеуге ата-аналардың көнілін аудартады. Бала өз кезегінде ата-аналарының көмегі мен қолдауын сезінсе, қиыншылықтардан сүрінбей өтеді. Себебі, ата-ананың мектеппен, баласының оқитын сыныбымен байланысы оқушы үшін маңызы зор. Ата-аналарға:



  • Балаға нақты күн режимін жасап, түсінушілік пен тыныштық жағдайын туғызу

  • Басты назарда балаларының оқу қызметін дамытуды ұстап, оқуға, үлкендердің көмегімен және өздігінен жаңа білім мен дағдыларды алуына көңіл бөлу керек.

Отбасындағы түсінушілік, сенімділік, демеулік балалардың мектептегі қиындықтарды жеңіп, жақсы нәтижелерге жетулеріне көмектеседі. Қорыта келгенде, сабақтастықты жүзеге асырудың төмендегі көрсетілген жолдарын жұмыс барысында пайдалануымыз қажет:

1. 4-сыныпты бітіруші және 5-сыныпты қабылдаушы мұғалімдердің әдістеме бірлестігін құру;

2. Бастауыш мектептен алған оқушының жалпы оқу біліктері мен негізгі мектепке енудегі пәндік біліктерді талдау және қабылдау. «Оқушы портретін» құру;

3. Негізгі мектеп мұғалімдерінің өз пәндері бойынша 4-сынып сабақтарына қатысуы және оқушылардың көрсеткен іскерлігіне талдау, түзетулер енгізу;

4. Негізгі мектеп пен 4-сынып мұғалімдерінің бірлескен сабақ үлгілерін құрастырып өткізу және пән бойынша дәптерлерге бірлескен талдау жүргізу;

5. Жалпы оқу және пәндік біліктерін, бастауыш мектептен негізгі мектепке енудегі оқушының психологиялық қалпын диагностикалау, сабақ бойынша ата-аналар жиналысын өткізу;

6. 4-сыныптың мұғалімдері мен әдістеме бірлестік жетекшілерінің 5-сыныптағы сабақтарға қатысуы;

7. І жартыжылдықта 5-сыныпта әдістеме бірлестігі отырысын өткізу, туындаған проблемаларды талдап шешу;

8. Тиімділікті анықтау:

1) 5-сыныптың соңындағы пәндік және жалпы оқу біліктерінің динамикасы (тексеру жұмыстары)

2) оқушылардың психологиялық жағдайының динамикасы (сауалнама, тест)

3) бастауыш мектептен оқытудың 6-жылы аралығында сыныптың құрамының сақталуы (диагностика, талдау)



Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Ж.Сейтахметова, Б.Бакаянова «Мектепалды даярлық-бастауыш буын арасындағы сабақтастық үлгісі»

  2. Е.Бурцова «Преемственность дошкольного образования и начальной ступени школы»

  3. Е.Платонова «Преемственность между начальной и основной школы»

  4. Б.Барсай «Мектептің бастауыш және негізгі сатысында математика пәнін сабақтастыра оқыту мәселелері»

  5. Н.Баймұратова «Бастауыш пен орта буын арасында бірізділікті қамту»


«Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы» мемлекеттік мекемесі

Мектепке дейінгі, бастауыш мектепте және орта буында оқушыларды оқытудағы сабақтастықты жетілдіру жолдары

Джамалбаева Сайран Сагатовна, бастауыш сынып мұғалімі,

директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Ақсу қаласы

Павлодар облысы

2013ж

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет