15.Тақырып: Оқушылардың жетістіктерін бағалау құралдары. Портфолио оқушылардыңжетістіктерін бағалау құралы ретінде
ЛЕКЦИЯ ЖОСПАРЫ
1.Портфолионы бағалау 2.Портфолионы толтыру 3.Портфолионың түрлері
ЛЕКЦИЯ МАЗМҰНЫ
Портфолионы бағалау. Портфолио - бұл бір мақсатқа бағытталған оқушылардың жұмыс жинағы, оқушының жұмыс істеу кезіндегі талабын, оның дамуын және бір немесе бірнеше пән бойынша жеткен жетістігін көрсетеді.
Кілтті (түйіндік) кезеңдер:
-Қарастырылатын материалдың мазмұнын таңдаудағы оқушының қатысуы.
-Материалды таңдау үшін ойластырылған белгiлер.
-Ойластырылған бағалау белгiлерi.
-Оқушылардың аналитикалық ойлауына түрткі болатын (рефлексия) дәлелдер.
Портфолио іріктеп алынған жақсы жұмыстарды көрсететіндіктен, жоспарлаған нәтижелерінің табысқа кенелгендігін, оқушының өсуі мен дамуын көрсететін оқушы өзі таңдап алған жұмыстардан тұрады.
Қазіргі замандағы оқыту кезеңінде бағалау бағыты оқушылардың оқу жоспары бойынша негізгі пәндерден шеберлігі мен дағдысын жақсы меңгеруі мониторинг арқылы анықталады. Сондықтан портфолионың маңыздылығы:
-бағалау процесін жақсартады, оқушының осал жағы немесе күшті жақтарын көрсетеді;
-оқу мақсаттарының табысқа жетуіне бағыт-бағдар береді;
-үйрену барысындағы өзгерiс пен өсудің деңгейін көрсетеді;
-оқушының, мұғалiмнiң және ата-аналардың аналитикалық ойлауына мүмкiндiк туғызады;
-оқушыны үйретудегi мирасқорлықтың жылдан-жылға қамтамасыз етуі.Мұғалiм әр түрлi мақсаттар үшiн портфолио қолдана алады.
-Өздігінен бағытталған үйренудi мадақтау.
-Оқудағы өрісін кеңейту.
-Оқуда білуге мүмкiндiк туғызу.
-Жоспарланған нәтижелердiң табысқа жетудегі өрлеуін көрсету.
-Оқушылардың өзін өзі бағалауына мүмкiндiк беру.
-Оқушыларға өзара қолдау және дамытуды мүмкiндiк ретінде ұсыну. Портфолионың көмегi көп қырлы болғандықтан, келесi сапалармен сипатталады:
-Үздiксiз процесс болып табылады да, формативті және суммативті бағалауды қамтамасыз етеді, негiзгi жоспарланған нәтижелердiң табысқа жету жолындағы оқушының өрлеуiн барлауға мүмкiндiк бередi.
-Оқушылардың оқу процесіндегі әр түрлі жұмыстарын, әр түрлі өткерген іс-әрекеттерін кеңейтілген тұрғыда көрсетедi.
Портфолионы қалай бағалайды?
Дәстүрлі әдістерге қарағанда портфолио оқушыларды оқытудағы бағалаудың мүмкіндігін, өте жақсы әдісін қолдануды ұсынады. Портфолионың көмегімен жетістікті бағалауға көп мүмкіндік туады, оқу процесін мұғалімдер мен оқушылар өте кең көлемде бақылауға, жорамалдауға, тәуекел етуге, шығармашылық ойлауды дамыту мен оқытуды, өзінің жетістіктерін бағалауды үйретеді. Бағалау әділетті болу үшін, мұғалiмдерге оқушының дамуын бағалаудың түрлi стратегияларын қолдану керек. Портфолионы бағалау белгiлерiне келесi пункттерді енгізу қажет:
-Саналылық (рефлексияның және шығармашылық ойлаудың бар болуы);
-оқу жоспарының негізгі мақсаттарымен және индикаторларымен сәйкес өсуі және дамуы;
-негiзгi процесстердi түсiнуі және қолдануы;
-аталып өткен талаптарға портфолиодағы көрсетiлген жұмыстардың сәйкестiгi;
-түрлі жазулар (мысалы, түрлi формаларды қолдану, жоспарланған стандарттарды оқушылардыңжетістіктерімен көрсету).
Мұғалiм мен оқушының бағалауда бiрге жұмыс iстеуі маңызды.
Оқушылардың табыстарын бағалайтын басты белгiлерді пайдаланғанда формативті және суммтивті бағалаулар
да
қолданылады. Мұғалімдер мен оқушылар портфолиоға енгізілетін маңызды және нақты жұмыстарды барлық оқу жылы ағымында шынайы ынтымақтастықта анықтай алады. Бұдан басқа, олар баллдар жүйесi мен бағаларды жетілдіріп, соның көмегімен портфолиодағы жұмыстар бағаланады. Айдарлар, ережелер және баллдар портфолиодағы әрбiр бөлiм үшiн де жасала алады. Сонымен қатар, жұмыстарға қойылған белгілер (бағалар, баллдар) суммативті бағалау үшін қосылу керек. Суммативті бағалау процесі кезінде портфолионың барлық бөлімдері мұқият талданып, шешім қабылдау процесі мен жұмыстарды бағалағанда мұғалімді, оқушыны, сарапшылар тобын қатыстыру керек.
Портфолио толтыру кезеңдерi1-шi кезең
Ұйымдастыру және жоспарлау – бұл портфолионы толтырудың бастапқы кезеңі. Бұған оқушы мен мұғалім портфолионың қандай болуы керек екендігін және оған қандай жұмыстар кiруi керектігін бірге шешеді. Оқушылар толық іріктеп алған мәселелеріне жауап бергенде портфолионың негізгі мақсатын және оның мәнін түсіне алады (барлау құралы ретінде және өзінің дамуын бағалауда).
Мұғалiм және оқушы келесi сұрақтарға жауап беруi керек:
Осы пән бойынша оқылатын сұрақтарды бейнелеу үшін мен материалдарды қанша жәнеқалай іріктеуді жоспарлаймын?
Мен жинағандарымды қалай ұйымдастыруды және нәрселерді, материалдарды көрсетудіқалай жоспарлаймын?
Портфолионың толтырылуы, мазмұны және сақталуы қалай жоспарланады?
шi кезең
Жиын - бұл жинақталған мағыналы жұмыстардан тұратын, оқудың мақсаттары мен оқушылардың табыстарын қамтып көрсететiн жұмыстар. Портфолионың мазмұны туралы шешім әдейі осыған анықталған, осы кезеңде қабылдануы тиіс болып табылады мақсаттар менміндеттерге негізделген.
Ірiктеп алынған жұмыстар және материалдардың әр түрлi факторларға негiзделуi керек. Оларға жататындары:
-нақты тақырыптың мазмұны;
-оқыту процесі;
-арнайы жобалар, тақырыптар немесе бөлiмдер.
Портфолиоға іріктеп алынған барлық материалдар бағалаудың стандарттары мен белгілерін ашыққамтып көрсету тиiс.
шi кезең
Рефлексия – оқу процесінде оқушылардың мүмкіндігінше аналитикалық ойлау және негiзгi бiлiмдер мен дағдыларды өзінің түсiнуiн барлауда қажетті дәлел. Рефлексия күнделікті ойлаудың және басқа формалардағы тапсырмалардың орындалуының талдауындағы ойлау процесстерінде сонымен қатар оқушылардың нақты уақыт аралығындағы есепті шешу үшін қолданылып, идеяларды жазудың формасына айналады.
Оқушылардың портфолиосында көрсетiлгендей мұғалiмнiң рефлексиясымен ата- аналардың түпкi мақсатты процесі біріктірілуі тиiстi.
Көрсетiлген тiзiм межелік бағалау емес. Қазіргі уақытта мұғалімдер қандай да бір қалыптасқан бағалау жүйесін қолданып жүр. Мұғалім қалыптасқан бағалау жүйесін пайдаланғанда ең үлкен әсер (эффект) беру үшін мақсаттылық пен жүйелiлікті қолдану керек.
Оқытудың және бағалаудың әр түрлi жүйесін қолдану кез келген сыныптағы таныстыру әдiстерінің көпшiлiгiн жетiлдiруде мұғалiмге үлкен мүмкiндiк береді. Әр түрлі бағалау жүйесін қолдану - бағытталған әр түрлі оқыту стильдеріне және оқушылардың қажеттіліктерін өтеуге, олардың даралығын есепке алуға мүмкіндік береді.
Портфолионың түрлері
Портфолионың әр түрі бар, олардың әрқайсысы оқытуда және бағалауда бағдарламаның бiр бөлiгi сияқты нақтылы мақсаттарға қызмет көрсете алады. Портфолио түрлерiнің төменде келтiрiлген тiзiмi ғылыми әдебиетте жиi берiледi:
Құжатты немесе «жұмысты» портфолио: Ол нақтылы мерзiм iшiндегі iрiктеп алынған
жұмыстарды жинақтайды және жоспарланған нәтижелеріне қарап оқушының табыстарының өзгерiсiн көрсетедi. Құжатты портфолио барлық мидағы жазылған идеялардан, жобалардан және оқушының толық бiтiрiлген жұмыстарын қамтиды (презентация, шығарма, эссе тағы сол
сияқтылар). Портфолио материалдары нақты бір бiлiм беретiн мақсаттарға бағытталғанда ғана мағыналы болып қалыптасады. Портфолиоға күштi және әлсiз жұмыстар да кiре алады.
Портфолио процесі: Мұндай портфолио барлық тұрғыларды немесе оқытудағы процесстiң фазасын құжаттайды. Бұл портфолио түрі барлық оқу процесін құжаттауға келгенде өте пайдалы. Ол оқушының бойына сiңiрген нақтылы бiлiмін немесе дағдыларын және негiзгi деңгейден жоғары деңгейге алға басуын көрсете алады. «Портфолио процесі» оқушының рефлексиясын оқу туралы процеске күшейтедi. Мұндай портфолио ойлау күнделiктерiнің, жазылған идеялардың және тағы басқа оқушы рефлексиясының қолданылуын ескередi.
Демонстрациялық (көрсетпелі) портфолио. Бұл портфолио түрі суммативті бағалауда өте көп қолданылады. Ол мұғалім мен оқушылардың таңдап алған жақсы жұмыстарын ан тұрады. Тек қана толық аяқталған жұмыстар осы портфолио түріне кiредi. Бұл портфолио түрін көбінесе көрнекiлiк құралдарымен толықтырады: фотосурет, бейнежазбалармен, компьютер арқылы есептелген нәтижелермен. Демонстрациялық портфолио оқушының қандай жұмыстарды осы портфолио түріне еңгізетіні туралы шешім қабылдауда жазған ойларынан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |