|
Өнер көзі халықта
(ІІІ апта)
|
Дене шынықтыру
1. Кең адым жасап, жүгіру адымы тактісін қол қимылдары мен үйлестіріп жылдам қарқынмен жүгіру. Еденге салған тақтай бойымен қос аяқпен секіру. Допты жоғары қарай лақтырып, оны қос қолымен қағып алу.
2. Аяқтың ұшымен жүру, жүгіру. Допты жоғары қарай лақтырып, оны қос қолымен қағып алу. Қос аяқпен бір құрсаудан екінші құрсауға секіруді, қолдың төмен-алға қарай қимылын аяқтың екпінді итерілуімен үйлестіру, бүгілген аяқтың ұшымен жеңіл жерге түсу.
3. Жылдам жүгіруде денесін дұрыс ұстау: қимылдауға байланысты денені аздап еңкейту, иықтарын босаңдау ұстау, алға қарау, жүгіру мен жүруді кезектестіру. Қос аяқпен бір құрсаудан екінші құрсауға секіруді, қолдың төмен-алға қарай қимылын аяқтың екпінді итерілуімен үйлестіру, бүгілген аяқтың ұшымен жеңіл жерге түсу. Қатарға екеуден, үшеуден тұрып, сапты қайтадан құру, бағдар бойынша түзелу.
|
Сөйлеуді дамыту
Балалардың сөздік қорын ұлттық заттардың атауларымен байыту, олардың атауларын, заттардың қолданысын түсіндіру. Артикуляциялық аппаратты одан әрі жетілдіру.
Көркем әдебиет
Халық өнеріне, Қазақстанда өмір сүретін халықтардың мәдениетіне қызығушылығын дамыту. Адамгершілікке, Отаншылдыққа тәрбиелеу.
Драма
Театрландырылған әрекеттің басқа да жұмыс түрлері (саусақты, үстел үсті, көлеңкелі және тағы басқа) туралы ұғымдарын қалыптастыру.
|
|