Мәлік Ғабдуллин Қазақ халқының ауыз әдебиеті



Pdf көрінісі
бет62/101
Дата11.11.2022
өлшемі2.53 Mb.
#464606
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   101
1ТОМ. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ-2014. т

Жырдағы образдар 
«Қобыланды батырды» жырлаған ақындардың 
қайсысы болса да, адам образын жасауға айрықша мән 
береді. Халықтың досы қайсы, дұшпаны қайсы екендігін 
дәлелдеп көрсету үшін жырдағы басты адамдардың іс-
әрекетін сипаттайды, олардың жағымды, жағымсыз 
образын жасайды және олардың бәрін есте қаларлықтай 
етіп суреттеуге тырысады. 
 
Қобыланды 
Қобыландының 
батырлығы 
жөнінде 
жыршы 
ақындардың бәрі де (Марабайдан басқасы) әңгімені әріден, 
баланың тумай тұрған кезінен, Тоқтарбай мен Аналықтың 
бір перзентке зар болуынан бастайды. Бұған үлкен мән 
беріледі. Бұдан, бір жағынан, шаруақор, адал еңбек етіп ел-
жұртын асырайтын; екіншіден, ішкі және сыртқы 


жаулардан халықты қорғап алатын батыр ұл болуын арман 
еткен халық қиялы көрінеді. Осындай батыр ұлды халық 
атынан іздеп Тоқтарбай мен Аналық дүние кезеді. Әрине, 
ондай ұлды тәңірден сұраушылық – ерте кездегі адам 
баласының ой-өрісі, дүние танушылығы төмен сатыда 
болған кезін аңғартады. Бірақ, әңгіменің негізі идеясы – 
халыққа қамқор болатын батыр ұл (азамат) іздеуден туған. 
Сондықтан халық ұғымында мұндай адамның 
жаратылысы да, туысы да басқалардан ерекше болу керек. 
Ондай ерекшелік фантазияға, мифке байланысты жатады. 
Дүниежүзілік 
эпостың 
көбіне 
батыр 
образы 
батырдың есейген кезінен басталса, Қобыландының 
болашақта асқан батыр болатындығы оның ана құрсағында 
жатқан уағында-ақ білінеді. Мәселен, Қобыландының 
шешесі Қобыландыға екі қабат болғанда жерік асына не 
арыстанның жүрегін, не аждаһаның өтін жейді, не қара 
тасты шайнайды. Сөйтіп жерігін басады. Бұл жайды 
Мұрын жырау: 
Бір күндері болғанда,
Қатыны жерік болады, 
Жерігі неге қанады.
Қойдан қошқар сойдырды, 
Жерігі оған қанбады. 
Түйеден бура сойдырды, 
Жерігі оған қанбады. 
Сиырдан бұқа сойдырды, 
Жерігі оған қанбады.
Жылқыдан айғыр сойдырды, 
Жерігі оған қанбады
152
, –
деп суреттейді. Содан кейін Қобыландының шешесі жерік 
асына: 
«Айдаһардың басын алдырды, 
152
Тіл және әдебиет институтының қолжазба фондысынан. 


Ауызына қатын салдырды, 
Жерігін сөйтіп қандырды», –
дейді.
Ал, Айса Байтабыновтың айтуындағы «Қобыланды 
батырда» батырдың шешесі талғақ (жерік) айы кезінде:
Қатыр-қатыр қара тасты шайнады
Азудан азу қалмады. 
Жалаңаш қарға аунады,
Аунап еді тоңбады
153
, –
делінеді. Ақырында Қобыландыға екі қабат болған ана 
арыстанның жүрегін жеп қана жерігін басады. 
Бұл жәйді «Қобыландының» басқа варианттарынан 
да көруе болады. Мәселен, Қобыланды жайындағы бір 
жырда: 
Жерігім менің қанар деп, 
Шырадай көзім жанар деп, 
Қаңтардың қатқан мұздарын
Теңіздің қара тұздарын, 
Қашыр-құшыр шайнады, 
Жерігі оған қанбады. 
Жерігім менің қанар деп,
Шырадай көзім жанар деп, 
Аждаһа жылан бастарын
Бытырлатып шайнады,
Оған да жерік қанбады
154
, –
дейді. Ол жерік асына қара тасты да шайнады, аюдың етін 
де жейді. Бірақ, оның бәріне кемпірдің жерігі қанбайды. 
Ақырында арыстанның жүрегін жеумен жерігін басады. 
Алпысқа 
келген 
ананың 
жолбарыстың 
(не 
арыстанның) жүрегіне немесе аюдың етіне жерік болуы, 
оның құрсағында жатқан баланың қандай екенін сипаттап 
153
Сонда. 
154
Сонда. 


тұрған секілді. Бұлай жырлаушылық болашақта елін 
қорғай алатын, арыстандай айбатты, жолбарыстай жүректі, 
тастай берік батыр адам болуын аңсаған халықтың 
фантазиясынан туған. 
Қобыланды жайындағы жырларда ананың жерік 
асынан кейін оның толғағы, болашақ батыр баланың 
туысы айтылады. Мұнда ананың толғағы өте қатты 
болады, ана баласын туа алмай, 15 күндей толғатқаны 
жырланады. Толғақ қысқанда кәрі ана өрден ойға, таудан 
сайға домалайды, сүйеуіне емен сырықтар, ұстауына жібек 
желбаулар жарамайды, не сынып кетеді, не үзіліп қалатын 
болады. Осындай толғақ қиыншылықтарын көргеннен 
кейін қарт ана аман есен босанады. Сонда: 
«Кіндік кескен әйелдің 
Осы туған жас бала 
Ұйытып қолын талдырды», – 
(Нұрпейістің айтуынан.) 
Болашақ батыр Қобыландының туысы осындай. 
Мұның өзі Қобыландының ер жеткен кезде өте күшті 
батыр болатындығын алдын ала айтып тұрғандай. 
Жаратылысы, туысы ерекше болған баланың өсуі де, 
мінезі мен қылығы да, ақылы мен айласы да басқалардан 
айрықша 
артық 
болады. 
Қобыланды 
жайындағы 
жырлардың көбі оның бала кезіндегі өсуіне молырақ көңіл 
бөледі. Елге қорған болуға, басқыншы жауға қарсы баруға 
жарай алатын батырдың келбеті бала кезінің өзінен-ақ 
көріне бастайды. Қобыланды 6 жасқа келгенде қару алып 
қарауылға шығады. Сонда: 
Таулар күйіп, тас жанған, 
Алты жасар баланың 
Елбеңдеген зарпына.
Қобыландының бала кезіндегі ерекше өсуі оның 
болашақта еліне қамқор болатын, халқының жауларына 
қарсы күреске жарайтын батыр екенін аңғартады. Оның 


қарулы-күшті екендігі балалармен ойнағанда, жылқыға 
барып ат ұстап мінгенде, жалғыз өзі күзетке шыққан 
кездерінде көзге түседі. Бұл кезде Қобыланды ел шетіне 
шығып қарауыл қарайтын, жылқышылармен бірге күзетке 
баратын болады. 
Қобыландының шын мағынасындағы батыр атағына 
ие болуы оның өзіне тең қалыңдық іздеуінен басталады. 
Бұл, әрине, тек «Қобыланды батырда», қазақтың батырлар 
жырында ғана кездесетін әңгіме емес. Ол көп елдің 
батырлық жырына ортақ әңгіме. Оларда жігіттің мықты 
батыр екендігі – өзіне сенімді серік, сүйікті жар тауып 
алуына байланысты айтылады. Бұл жолда батыр жігіт 
әлденеше қиыншылықтарды басынан кешіреді, көптеген 
жауларын жеңеді, бірқатар сыннан өтеді, содан кейін 
барып мақсатына жетеді. 
Қобыландының да алғаш рет шын мағынасындағы 
батыр атанып, даңқы шығуы оның Құртқаға үйленуіне 
байланысты. Жігіт болып ер жеткен Қобыланды өзіне 
лайық, тең, жар-жолдас іздейді. Бірақ, ондай адам өз 
елінен (Қыпшақ руынан) табылмайды. Сондықтан, жыршы 
ақындар Қобыландыны Көкілан (кейде Көктім) кемпірдің 
еліне аттандырады. Ел ұғымында Көкілан кемпір – өте 
күшті алып дәулерді билеп отырған адам. Көкіланның 
қызы Құртқада да білгірлік, даналық қасиет бар, ақыл 
жағынан шешесінен артық болмаса кем емес. Сөйткен 
Құртқаға көптеген батыр жігіттер ғашық болады, 
«аламын» деп дәмеленеді. Ол жігіттерге Көкіланның да, 
Құртқаның да қоятын бір ғана шарты бар. Ол шартта: 
үлкен бәйтеректің басына қойылған жамбыны садақпен 
атып түсірген адамға ғана Құртқа тиеді делінген. Бірақ бұл 
шартты Қобыландыдан басқа ешбір батыр орындай 
алмайды. 
Сонымен жырлардың барлығында Қобыландының 
жұрт алдында батыр атануы Құртқаны алуынан басталады. 


Садақтың оғымен жамбыны атып түсіру батырлық емес, ол 
мергендік, бұлай ету Қобыландының образына олқы 
жатқан секілді болады. Сондықтан жырда, батырдың 
күштілігін көрсету үшін, оған жамбыны атқызбай, қара тас 
пен шойыннан құйылған діңгекті қақ айыртады. Садақтың 
оғымен қара тасты (не шойын діңгекті) қақ айыруы 
Қобыландыны өте мықты алып батыр етіп көрсетпек. 
Қобыланды Көкіланның алып дәулерін де жарыста 
жеңіп шығады. Бір көлдің суын бір-ақ ұрттай салатын, 
қолдарына үлкен-үлкен тауларды ойыншық етіп ұстап 
жүретін алып дәулерді Қобыландының жеңуі, оның 
жаратылысы ерекше, бойында асқан күші бар батыр 
екендігін көрсету үшін келтіріледі. Мұндай батыр ел 
шетіне қандай жау келсе де, оған қарсы тұруға жарайды, 
ондай жауларды жеңе алады, сөйтіп, еліне қамқор болады 
деген негізгі идея жырға қосылады.
Жыршы ақындар Қобыландының туысын, балалық 
шағын, Құртқаға үйлену жайын айта отырып, мұның бәрі 
батырлық іске даярлық дегендей қорытынды жасайды. 
Бұдан арғы жерде жырдың барлық вариантында 
Қобыланды өмірінің екінші кезеңі, отанын қорғаған, 
халықтың жауларына қарсы соғысқан кездері айтылады. 
Осы негізде Қобыландының батырлық образы жасалады. 
Жыршы ақындар Қобыландының батырлық тұлғасын 
суреттеуге зер салады.
Сондықтан 
да 
жырда 
айтылатын 
әңгімелер 
Қобыландыға байланысты құрылады, жыр осы көлемде 
дамып отырады. Әрине, жыршы-ақындар Қобыландының 
ел қорғауда жасаған батырлық істерін салған беттен 
сипаттап, толығынан айтып тастамайды. Жыршы ақын 
өзінің жырын, ең алдымен, ұсақ әңгімелерден бастап, 
содан кейін үлкен оқиғаларды баяндауға кіріседі. 
Осы тұрғыдан қарағанда, жыршылар Қобыландының 
ел қорғаудағы батырлық образын да бірден жасамайды. 


Олар Қобыландының ерлік істерін әр әңгімеде, әр 
жағдайда бір көрсете отырып, халқына қорған болған, 
басқыншы жауларға қарсы асқан ерлікпен соғысып жауын 
жеңген батырдың образын жасайды. Ең алдымен 
батырдың не себепті ерлік жасауға тиісті екендігі 
айтылады. Бұған себеп батырдың халқы, отаны болады. 
Қобыланды өзінің елін, ата-анасын, туған-туыстарын 
жақсы көреді, шын ықыласымен сүйеді, өзін олардың 
қорғаны деп біледі. Сондықтан да ол өз еліне қандай жау 
келсе де қарсы тұруды, елін жаудан қорғап алуды мақсат 
етеді. Бұған жыршылар тыңдаушылардың көңілін 
аударады. 
Қобыландыға Қараман келіп, Қазанның жаугершілік 
жасап, әлденеше рет елдің мазасын алғандығын және сол 
Қазан тағы да шабуыл жасап келе жатқанын естігенде, 
Қобыланды батыр қатуланып қаттанады, ашуы бұрқырап 
намыстанады, 
халықтың 
басына 
төнген 
қауіп 
Қобыландыға да қатты батады, тұла бойын ыза кернейді, 
қару-жарағын асынып басқыншы жау – Қазанға қарсы 
аттанады. Еліне Қазанның өзі келіп шабуыл жасауын күтіп 
отырмайды, басқыншы жауды өз жерінде талқандауды 
мақсат етеді. Бұл сапарға бармауын өтінген ағайын-
туыстарының сөзіне Қобыланды құлақ аспайды. Қыпшақ 
еліне ойран салу мақсатымен келе жатқан жауға қарсы 
аттанбай, үйде отырып қалуды намыс көреді. Сондықтан 
да ол қарындасы Қарлығашқа берген жауабында, өзінің 
халық үшін туған батыр екенін, ағайын туыстан да, жеке 
қарабастың амандығынан да халық намысы, ел мүддесі 
артық екенін білдіреді. 
Бәрінен де қымбаты өз отаны, өз халқы екенін, оны 
басқыншы жаудан қорғап алу – халық үшін туған 
батырдың басты борышы екенін түсінген Қобыланды 
майданға аттанады. Осыдан бастап, халық намысы үшін 
басқыншы жауға қарсы аттанған батырдың майданда 


жасаған ерлік істері жырдың негізгі әңгімесіне айналады. 
Жыршы-ақындар Қобыландының жау батырларымен 
күресін бірден жырлап салмайды. Ең алдымен, қас 
батырлардың бір-бірімен қалай кездескені айтылады. 
Әңгіме олардың танысуынан басталады. Екі батыр жекпе-
жек соғысқа кіріспестен бұрын, бір-бірін сөзбен сынасады, 
сөзбен найзалап алады. Әрқайсысы сөз арқылы өздерінің 
күштіліктерін білдіреді. Олардың өз сөздері арқылы 
батырлық образдары жасалады. Мәселен, Қазан батыр 
өзінің мықтылығын, талай жауын жеңгенін айтып, 
Қобыландының соғыспай берілуін, сөзсіз бағынуын, 
үстіндегі көк сауыт пен астындағы Тайбурылды бере 
қоюын талап етеді. Бірақ, оған Қобыланды көнбейді, 
Қазаннан күшті болмаса, кем еместігін, ерегіссе, Қазанды 
жеңетінін ескертеді. 
Қобыланды мен Қазан алғашқы кездесулерінде бір-
бірін сөзбен шенесіп алғаннан кейін қолма-қол ұрысқа 
кіріседі. Сонда екі батыр: 
Ырғай сапты сүңгіні 
Ырғай-ырғай салысты,
Найза қанға майысты 
Қармақ болып қайысты,
Итерісіп тұрысты,
Ат тізесін бүгісті, 
Бүгісе, бүгісе тұрысты, 
Тебінгіден тер ақты, 
Қабырғадан қан ақты,
Түкіргенде жын татты, 
Қанжар қалды қайысып,
Семсер қалды майысып. 
Ерлер жаннан түңілді, 
Аш күзендей бүгілді. 
Екеуінің ақ сауыт 
Шығыршықтан сөгілді. 


Екеуінің ақ сауыт 
Ескі бөздей жыртылды.
(Біржанның жырынан) –
Осы ретпен олар көп алысады. Ақырында, 
Қобыланды Қазанды жеңеді. Бұдан кейін ол Көбіктіні, 
Алшағырды, Шошай мен Барсаны да жеңеді. Өйткені, 
Қобыланды әділ іс үшін, халық намысы үшін күреседі. Ал, 
жау батырлары қанша мықты болғанымен де жеңіліс 
табады, өйткені олар өзінің халқын қорғау үшін, әділ іс 
үшін күресіп жүрген жоқ. Олар басқа елдерді өзіне 
бағындырып алу үшін күреседі. Сондықтан да олардың 
жолдары болмайды. Қобыландыдан жеңіліп қалады. Бұл 
арада жыршы ақындар жау батырларының шапқыншы 
екендігін, ондайлардың жауыздық әрекеті ешқашан да іске 
аспайтынын, оны әділдік жеңетінін дұрыс көрсетеді. 
Сонымен қатар, олар Қобыланды арқылы әділдік істі 
сүйгіш, сол жолда қандай ерлік болса да жасау қолынан 
келетін халық күшін суреттейді. Екінші сөзбен айтқанда
бұл жерде Қобыланды образы арқылы халықтың қаһарман 
күші бейнеленеді.
Қобыландының батырлық образы оның жау 
батырларымен жекпе-жек соғыстары арқылы ғана 
жасалмайды. Бұл оның батырлық образын жасаудың бір 
жолы ғана. Жыршы-ақындар Қобыландыны жаудың көп 
әскерімен де соғыстырады.
Халық намысын қорғау үшін туған Қобыланды 
басқыншы жаудың сан мыңдаған әскерімен кездескенде, 
одан үрейленіп зәресі ұшпайды, тайсалмайды, қорқу 
дегенді есіне де алмайды. Қайта жау әскерлерін көргенде, 
Қобландының күш-қуаты арта түседі. Жау әскерлеріне 
қарсы шабады: 
Ердің жаудан қашуы 
Ар-намысқа бұрыс-ты, –


деп, атой салады. Жалғыз өзі жаудың самсаған қолын 
қырып тастайды. 
Қобыландының осыншалық ерлік жасауы, жасанған 
жауды жапыра қыруы – бұл бір адам арқылы берілген 
халық күшінің сипаты болмақ. Қобыландыны ерлік іске 
бастаған да, оны рухтандырған да халық, халықтың 
намысы. «Елін сүйген ер болар» дегендей, Қобыландының 
батыр атануы, ерлік жасауы – оның ел-жұртын, халқын 
адал ниет, шын көңілімен сүйгендігінен. Қайда жүрсе де, 
қандай жағдайда жүрсе де Қобыландының есінен ел-жұрты 
кетпейді. Ол жорықта жүрген кезде елінің шабылып 
қалғанын түсінде біледі. 
Қобыланды елінің жұртына кез болады, «таң атқанда 
қараса, жұрты жатыр елі жоқ» екеніне, халықтың жау 
қолында кеткеніне қамығып: 
Алтын ерге сүйеніп, 
Өксіп-өксіп жылайды.
Басқыншы жаудың Қобыландының ел-жұртын 
шауып әкетуі, халықты зар жылатып қызыл қанға бояғаны 
батырға қатты батады. Ел басына туған ауыр күйге 
Қобыланды өте қайғырады, көзіне қанды жас алады да: 
Шерменде болған халқыма 
Тигізейін пайда деп, –
Жалғыз өзі тағы да майданға, елін Алшағырдан 
құтқарып алуға аттанады. Шерменде болған халқын 
жаудан құтқарып алу үшін «шыбындай жанын шүберекке 
түйеді», бұл жолда тағы да ерлік істер жасауға бел 
байлайды. Сондықтан да, жыршы-ақындар Қобыландыны 
ел-жұртын, халқын сүйген патриот ұл, шын батыр етіп 
жырлайды, оның ісін басқаларға үлгі етеді. 
Жыршы ақындар Қобыландының патриот батыр 
екендігін халық ұғымында қас батырға тән қасиеттерімен 
де дәлелдей түседі. Ол қасиеттер: айтқан сөзде 
тұрушылық, 
намысқорлық, 
аңғалдық, 
жолдастық-


достықты сақтаушылық. Мұның бәрі халық ұғымында 
батырлықтың белгісі деп айтылады. Бұл қасиеттер 
Қобыландының бойында да бар екендігін жыршы-ақындар 
дәлелдеп көрсетеді. 
Алшағыр хан Қобыландымен өтірік дос болады да, 
батырды алдап өлтіру жайын қарастырады. Осы мақсатын 
жүзеге асыру үшін Алшағыр Қобыландынан: «Дос болсаң, 
менің жауларымнан кек әпер», – деп өтінеді. Бұған 
Қобыланды разылық білдіріп, жорыққа аттанады. 
Алшағырдың залымдықпен Қобыландыны жорыққа 
аттандырып отырғанын білген Құртқа батырдың бұл 
сапарға бармауын сұрайды. Бірақ: «Екі сөйлегенім өлгенге 
тең, айтқанымнан қайтпаймын», – деп Қобыланды 
Құртқаның сөзіне құлақ аспайды. Бұл әңгімені жыршылар 
Қобыландының бір сөзді, уәдеде тұрғыш, айтқанынан 
қайтпайтын батыр екендігін көрсету үшін келтірген. 
Халық ұғымында қас батырға тән қасиеттің бірі – 
намысқорлық. Бұл қасиет, намыс сезімі Қобыландыда да 
бар. Мәселен: «Еліңді қызылбастың Қазан батыр бастаған 
әскерлері шапқалы келе жатыр», – дегенде, немесе: «Еліңді 
Алшағыр шауып әкетті», – деген хабарды естігенде 
Қобыланды батыр өте қатты ашуланады, ызаланады. 
Жаудың баса-көктеп келе жатқанына намыстанады, 
басқыншы жауға қарсы аттанады. Бұл тек қана 
Қобыландының өзіндік намысы емес, ол халықтың 
намысы. Халық ашуы, халықтың қаһарлы намысы жырда 
Қобыланды арқылы көрсетілген. Мұнымен қатар, жырда 
Қобыландының өзіндік намыстары да суреттеледі. Мұны 
жыршы-ақындар, әсіресе, батырдың жауға қарсы жекпе-
жекке шыққан кездері тұсында, немесе Қобыландының 
Көбікті қызы Қарлығаға айтқан:
Өшті болған әкеңнен 
Өшімді алмай мен қашпан, 
Кекті болған әкеңнен 


Кегімді алмай мен қашпан, –
деген 
сөздерімен 
дәлелдейді. 
Әрине, 
мұндағы 
намыстанудың негізінде де халық кегі бар, бірақ оны 
жыршылар Қобыландының өз намысы есебінде келтіреді. 
Сөйтіп, жыршы-ақындар Қобыландыны намыс батыры 
етіп көрсетеді. Намыс үшін күрескен батырдың образын 
жасайды.
Халық ұғымында қас батырға тән қасиеттің бірі – 
аңғалдық. Шын батыр бала мінезді аңқау, аңғал болмақ 
дегенді жыршылар Қобыландының бойынан да табады. 
Мәселен, Қобыланды Қараманның әзіліне нанып қалады 
да, Құртқаны өлтіре жаздайды. (Кейіннен, мұны 
Қобыландының өзі де мойындайды.) Жаңа ғана танысып 
дос болған Ақшаханның немесе Ханбибінің алдап 
отырғанын аңғармай, Қобыланды жорыққа аттанады. Ал 
олардың алдап өлімге жіберіп отырғанын Қобыланды 
аңғармай, аңқаулық жасайды. Жыршылар мұның бәрін 
Қобыландының батыр екендігін көрсететін дәлел етіп 
келтіреді. Батырлар жырында көп кездесетін әңгіменің бірі 
– батырлардың достық-жолдастығы. Дос бола білу, оны 
шын көңілмен қадірлеу, сол достық үшін керек болғанда 
жан беруге дейін бару – батырлардың негізгі шарты 
болған. Кімде-кім осы шартты бұлжытпай орындап 
отырса, оны халық батыр деп бағалаған. Қобыландының да 
осы шартты кіршіксіз орындағанын жыршылар молынан 
көрсетеді. Мәселен, Қараман Қобыландыға келіп, 
құрдастығын айтады. Екеуі достасады. Содан былайғы 
жерде, Қараманның тілегі бойынша, Қобыланды Қазанның 
Қырлы қаласын алып береді, Көбіктіні жеңеді, оның мал-
мүлкін және Қарлығаны сауға сұраған Қараманға береді. 
Осының бәрін ол Қараманның жолдастық-құрдастығы 
үшін істейді. Бірақ, Қараман мұны бағаламайды, 
Қобыландыны жау қолына (Көбіктіге) тастап кетуге дейін 
барады, Қобыландыны ұмытып та кетеді. Бұған 


Қобыланды қынжылмайды. Жыршы-ақындар осы тұста да 
Қобыланды 
мен 
Қараманды 
салыстыра 
келіп, 
Қобыландының достық-жолдастықты жоғары бағалаған 
батыр екенін, бұл қас батырлықтың белгісі екенін 
аңғартады. 
Мұнымен 
қатар, 
жыршы-ақындар 
Қобыланды 
образын 
оның 
ағайын-туыстарының 
және 
жау 
адамдарының сөзімен де, ақындық сипаттау жолымен де 
толықтыра, ұлғайта түседі. Қобыландыны оған қарсы 
күресетін жау адамдарымен салыстыра отырып та, 
батырдың батырлық образын береді. 
Қобыландының халық ісі үшін туған ұл екендігін, 
басқыншы жауға қарсы асқан ерлікпен күресуін, ел-
отанын, халқын адал көңіл шын ниетімен сүйген батыр 
екендігін, халық намысы үшін ар-ұятымен қызмет еткен 
адам екендігін және оның аңғырт-аңғал, намысқор мінезін, 
жолдастық-достығын, адамгершілігін, жыршы-ақындар 
молынан суреттей отырып, халқына айбар болған айбынды 
батырдың батырлық образын жасайды. 
Әрине, жыршы-ақындар Қобыландыны жағымды 
бейнеде ала отырып, оның халық тілегіне жатпайтын 
кейбір істеріне сын да айтады. Қобыланды Қараманның 
сөзіне еріп, олжа алу үшін Көбіктінің еліне аттанады. 
Мұны халық жыры қолдамайды, батырдың жағымсыз ісі 
деп көрсетеді де Қобыландыны жау қолына түсіреді. 
Қобыландының бұл жолғы ісін шапқыншылық деп біледі 
де, жыршылар оны сол ісі үшін жазаға тартады, 
Қобыланды зынданға түсіп қалады және ел-жұртын 
Алшағыр шауып әкеткен болады. Мұнымен халық 
жырының айтайын дегені – қанша мықты болсаң да 
шапқыншылық жасама, ұрыншақ болма, ондай әрекет 
еткен адамның жолы сәтсіздікке ұшырайды деп ескертпек, 
содан сақтандырмақ. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет