«Арал Теңізі» ҚБ 10-20 желтоқсан
аралығында атқарылған жұмыстар туралы
Мәлімет.
Қоғамның жұмысы.
14 желтоқсан 2006 ж. күні «Арал Теңізі» ҚБ басқарма мүшелерінің мәжілісі өтті. Күн тәртібінде төмендегіше сұрақтар талқыланды: «Арал Теңізі» ҚБ штат қызметкерлерінің 2 айлық есебі, «Камбала Балық» БӨО 2 айлық есебі, ау- құрал магазинінің ашылуы талқыланды, «Арал Теңізі» ҚБ жоба комиссиясының құрамын бекіту, қоғамның балықшыларының балаларына жаңа жылдық сыйлық тарату. Басқарма жиналысының қорытындысы бойынша төмендегіше шешімдер қабылданды: «Арал Теңізі» ҚБ келген қайырымдылық көмекке санақ жүргізу үшін комиссия құрылды. Құрамына Ж. Махамбетова, С. Дүйсенбаев, А. Шашауова, Әбілов Ж., Ділжанов Ж., Қаныбетов О., Сейтпенбетов Д. кірді. Тастүбек елді мекеніндегі контейнерді Жалаңаш ауылына әкелуге ұсынылды.
Кездесулер: Қызылорда қаласына «Арал Теңізі» ҚБ президенті Б. Прекеев, дат жобасының үйлестірушісі Ж Махамбетова , «Камбала балық» БӨО директоры А Батимова Қызылорда облыстық ауылшаруашылық департаменті , Қазақ Герман Біріккен бағдарламасы өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында екі жақ болып балық шаруашылығының шешімін таба алмай жүрген мәселелерге қажетті несие алу жолдары талқыланды.
Желтоқсан «Камбала Балық» Орталығының директоры А. Батимова Қызылорда қаласында үлкен инвесторлар қатысумен жиынға барды. Орталықтың алдағы қойып жатырған жобаларының мазмұны мен қажетті қаражат көлемінің тұсаукесерің донорларға жасады.
15 желтоқсан күні КазАгроМаркетинг акционерлік қоғам ұйымдастырған семинарға Қызылорда қаласына өз жобаларымен 4 адам қоғам атынан қатысты. КазАгроМаркетинг Акционерлік қоғамға балықшылар бригадалар атынан 14 жоба ұсынылды.
Беларуссиялық балық шаруашылығы маманы Тарас Грица «Камбала Балық» БӨО өкілдерімен кездесіп, келісім шартқа қол қойды. Ол балық өңдеу кәсіпорындарымен тікелей байланысқа шығуға, «Камбала Балық » орталығына еврономерін алуын міндетіне алды.
БАҚ құралдарыменен жұмыс – «Сыр бойы» газетінің № 263, 12 желтоқсан 2006 «Арал Теңізі» ҚБ, «Балық кластер іздеуде» атты балық шаруашылығы туралы мақала жарияланды.
Достарыңызбен бөлісу: |