Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу және ұсыну қағидасы



Дата07.07.2016
өлшемі45.57 Kb.
#183839


Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің     


2015 жылғы « » ақпандағы

№ бұйрығымен 


бекітілген  
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың,
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және
мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының
орындалуы бойынша есептерді әзірлеу және ұсыну қағидасы




  1. Жалпы ережелер

1. Осы Қағида Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 11-бабы 9) тармақшасына және 185 бабы 3-тармағына сәйкес әзірленген және ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді және ұлттық компанияларды санамағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың (бұдан әрі - АҚ), жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (бұдан әрі - ЖШС) және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу тәртібін айқындайды (бұдан әрі - Есеп).

2. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
      1) ұйымдар - мемлекет бақылайтын АҚ және ЖШС, мемлекеттік кәсіпорындар;

2) бірыңғай оператор - мемлекеттік мүліктің есебі саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі - Бірыңғай оператор) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша айқындалған, оған мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру мен есепке алу саласындағы бірыңғай техникалық саясатты жүзеге асыру мәселелері жүктелген заңды тұлға;

3) атқарушы орган — атқарушы органның функциясын дербес жүзеге асыратын, атауы Ұйымның жарғысымен айқындалатын алқалы орган немесе тұлға;
      4) тиісті саланың уәкілетті органы - мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - тиісті саланың уәкілетті органы) - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) мемлекеттік басшылықты жүзеге асыратын және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген шарттарда республикалық мүлікке қатысты құқықтарды иеленетін орталық атқарушы орган;

5) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;


      6) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган - акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қатысу үлестерін, мемлекеттік заңды тұлғалар субъектілері құқығын иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыруға, оның ішінде тиісті саланың уәкілетті органының құзыретіне ұқсас шешімдер қабылдауға өкілеттенген басқармалар (бөлімдер);

7) электронды есеп - ұйымның бағдарламалық, қамтамасыз етуді пайдаланып әзірлеген және ұлттық растаушы орталық берген Ұйымның электронды сандық қолтаңбасы қойылатын есеп.




  1. Есепті әзірлеу және бекіту тәртібі

       3. Ұйымның даму жоспарының орындалуы бойынша есеп әрбір жылдың қорытындылары бойынша әзірленеді.

4. Есептің жобасын әзірлеу және бекіту келесі тәртіппен орындалады:
      1) тиісті есепті кезеңдегі есептің жобасын әзірлеуді Бірыңғай оператор әзірлеген бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып Ұйымның атқарушы органы әзірлейді.

Ұйымның атқарушы органы Есептің жобасын директорлар кеңесіне, бақылау кеңесіне, тиісті саланың уәкілетті органы немесе Ұйымның жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органға:

міндетті немесе бастамашылық аудит жүргізбейтін ұйымның атқарушы органы - есепті кезеңнен кейінгі үшінші айдың отызыншы күнінен кешіктірмей;

міндетті немесе бастамашылық аудит жүргізетін ұйымның атқарушы органы аудиттелген қаржы есептілігін бекіткеннен кейін - он бес жұмыс күннің ішінде, бірақ есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші қыркүйегінен кешіктірмей енгізеді.

Директорлар кеңесі, бақылау кеңесі, тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган) Есептің жобасын онбес жұмыс күнің ішінде қарайды.
      Ескертулер болған жағдайда атқарушы орган он бес жұмыс күнінің ішінде Есептің жобасын пысықтайды және оны қайтадан директорлар кеңесіне, бақылау кеңесіне, тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы органына (жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органына).

Директорлар кеңесі, бақылау кеңесі, тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган) пысықталған Есептің жобасын он жұмыс күнің ішінде қарайды.


      2) Есептің жобасын директорлар кеңесі, бақылау кеңесі, тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган) бекітеді:

міндетті немесе бастамашылық аудит жүргізбейтін ұйымның атқарушы органы - есепті жылдан кейінгі жылдың он бесінші жұлдызынан кешіктірмей енгізеді;

міндетті немесе бастамашылық аудит жүргізетін ұйымның атқарушы органы аудиттелген қаржы есептілігін бекіткеннен кейін - оны қарауға енгізген күнінен бастап жерма жұмыс күннің ішінде.

Даму жоспарының орындалуы бойынша есептің жобасын бекіту мерзімі директорлар кеңесінің, бақылау кеңесінің, тиісті саланың уәкілетті органның немесе Ұйымның жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның шешімі бойынша, осы Қағиданың осы тармақшада белгіленген мерзімнен он жұмыс күнінен артық емес мерзімге ұзартылуы мүмкін.
      5. Ұйым есеп бекітілген күннен бастап 5 жұмыс күнінің ішінде оның электронды есебін оған директорлар кеңесінің (бақылаушы кеңестің, тиісті саланың уәкілетті органының немесе Ұйымның жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның) электронды есепті бекіткені туралы сканерленеген шешімін қоса отырып мемлекеттік мүліктің тізіліміне енгізу үшін Бірыңғай операторға жібереді;

6. Бірыңғай оператор Ұйымның электронды есебі түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның электронды мекенжайына электронды есепті мемлекеттік мүлік тізіліміне қосқаны немесе оны қабылдаудан бас тарту себептері туралы хабарлама жібереді.

Ұйымның электронды есебін қабылдаудан бас тарту негізі электронды есебтің Бірыңғай оператор әзірлеген бағдарламалық қамтамасыз электронды форматқа сәйкес келмеуі.

Бірыңғай оператор электронды есепті қабылдаудан бас тартқан жағдайда Ұйым ескертулерді жояды және Есепті қабылдаудан бас тарту туралы хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде есепті Бірыңғай операторға қайтадан енгізеді.


_____________________________________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет