ОӘК 042-18-20.1.24/03-2014
|
№1 басылым
11.09.2014 ж.
|
42 беттің беті - -еттің -ші
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМЖ құжаты
|
ОӘК
|
ОӘК 042-18-20.1.24/03-2014
|
«Халықаралық сауда құқығы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
|
№1 басылым
11.09.2014 ж.
|
«Халықаралық сауда құқығы» пәні бойынша
«5В030400»- кеден ісі мамандығына арналған
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛЫ
СЕМЕЙ
2014
Мазмұны
-
Глоссарий
-
Дәрістер
-
Практикалық сабақтар
-
Студенттердің өздік жұмысы
1. Глоссарий
№
|
Терминдік ұғым сөз
|
Ұғымдық мазмұны
|
1
|
Халықаралық сауда құқығы -
|
халықаралық сауда процесінде пайда болатын, жеке қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығын
|
2
|
Еуропалық бірлестік -
|
экономикалық қызмет саласындағы жеке және заңды тұлғалар арасындағы белгілі бір уақытқа ғана құрылатын ұйым
|
3
|
Трансұлттық бірлестіктер
|
- кәсіперлік заңды тұлғалардың тобы
|
4
|
Концерн
|
жеке субъектілер бірлестігі, мұнда орталық барлық істерді жүзеге асырады, шаруашылық қызметті жүргізеді
|
5
|
Қаржылық-өндірістік топ
|
заңды тұлғалар жиынтығы, олар белгілі бір қызметке өз мүліктерін біріктіреді. еңістік
|
6
|
Прокуристтер
|
ешқандай қосымша өкілеттіктерсіз реестрге кіргізілген тұлға атынан шартқа отыра алатын тұлға
|
7
|
Холдинг
|
(ағылшын-амер. жүйеде көп қолданылады) әрбір мүшесінің тікелей қызметіне араласпайды, бірақ бір топ қатысушыларға әсер ете алады
|
8
|
Бизнестраст
|
қозғалмайтын мүлікке байланысты сұрақтарды шешу үшін АҚШ- ң штаттарында құрылған кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым
|
9
|
Бағалы қағаздар
|
мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат
|
10
|
Облигация
|
міндеттеме (қарыздың) бар екендігін бекітеді және оны шығарған тұлға оның қайтарылуын белгілі бір мерзімнен кейін көрсетеді
|
11
|
Вексель
|
вексельұстаушыға онда көрсетілген мерзімде вексельберушінің ақша көлемін куәландаратын құжат
|
12
|
Чек
|
банкінің чекте көрсетілген мерзімде чек ұстаушыға төлейтін міндеттемені сақтайды
|
13
|
Коносамент
|
теңіздегі, өзендегі құнды қағаз, тасымалдау жүгінің берілуін бекітеді
|
14
|
Варрант
|
қоймада орналасқан тауарға кепілдеме құқығын куәландырады
|
15
|
Деливери-ордер
|
яғни ордерден тұлғаға тауардан партиясын беруді көрсетеді.
|
16
|
Конфертивтік облигациялар
|
(АҚШ) акционерлік қоғамдардың иелері акцияға ауыстыра алатын жай облигациялармен дисконттық облигациялар
|
17
|
Дисконттық облигациялар
|
номиналды сомасынан төмен эмитенттермен сатылатын облигация, брақ толық көлемде ол соманы қайтаруға міндеттеме алады
|
18
|
Кінәрәт мерзімі
|
өз бетінше тауарды сатушы міндеттемелерін орындауға берілетін мерзім
|
19
|
Принципал
|
делдал өкілі болып табылатын тұлға
|
20
|
Инвестициялық портфель
|
шетел компаниясына бақылау орнатуға мүмкіндік бермейтін,акциялар,облигациялар және капитал салымдарының басқадай түрлері
|
2. Дәрістер
Дәріс сабағының құрылымы
Тақырып 1. Халықаралық сауда құқығының (ХСҚ) ұғымы
-
ХСҚ түсінігі мен қайнар көздері.
-
ХСҚ субъектілері.
-
ХСҚ объектілері.
-
Бағалы қағаздар жіктелуі және олардың ХСҚ- мен реттелуі.
-
Интеллектік қызмет және оның құқықтық реттелуі.
-
ХСҚ тарихы.
1. ХСҚ - дегеніміз халықаралық сауда процесінде пайда болатын, жеке қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығын айтамыз.
ХСҚ қайнар көздері:
-
Халықаралық заңнама. Экономика және ғылыми-техникалық саланы реттеу үшін мемлекеттер нормалар қабылдайды. Халықаралық заңнама екі нысанда болады:
а) Халықаралық шарттар;
б) Халықаралық ұйымдардың шешімдері, мысалы, Еуропалық Одақ мемлекеттеріне қатысты Еуропалық Одақ шешімдері.
-
Жергілікті халықаралық заңнама:
а) Конвенциялар;
б) Еуропалық Одақ органдарының қабылданған актілері.
Бұл актілердің келесі түрлері бар:
-
Ережелер - барлық мемлекет территориясына таратылды.
-
директивтер - нормаларды қалыптастыру қызметін атқарады.
-
Мысалы, қандай да бір әрекет жасауға тыйым салу туралы шешімдер т.б.
-
ТМД көлеміндегі шарттар. ТМД көлемінде Парламентаралық Ассамблея әртүрлі актілер қабылдайды. Олар ТМД мемлекеттеріне міндетті. Осы актілерге негізден мемлекеттер ұлттық заңды қабылдайды.
ТМД көлеміндегі негізгі құқықтық акт- Үлгілі Азаматтық Кодекс.
ХСҚ-ң әртүрлі құқықтық актілері бар, олар әртүрлі саланы реттейді.
1. Шаруашылық қызметті реттейтін ТМД актілері. Оларға: «Трансұлттық корпорациялар туралы» Конвенция 1998 ж., «Өндірістік, коммерциялық, несие-қаржылық, сақтандыру, аралас бірлестіктерді құру және дамыту жөніндегі көмек туралы Келісім» 1994 ж. Бұл келісімге сәйкес трансұлттық бірлестіктер мемлекеттің ұлттық заңымен көрсетілген түрде бола алады (қоғамдастықтар, бірлескен 2-ші сатыдағы банктер т.б.), олар үкіметаралық келісім немесе шаруашылық субъектілердің тікелей қатысуымен шарт негізінде қызмет етеді.
«Трансұлттық корпорация туралы» Конвенция осы корпорациялар қызметін, пайда болуын, мемлекеттік қолдау мәселелерін тікелей шешті.
-
Сауда саласын реттейтін ТМД актілері. Бұған «ТМД мемлекеттерінің, ұйымдарының арасындағы тауарларды жеткізу жөніндегі жалпы шарттар туралы» Келісім 1992 ж. Киев қаласы жатады. Осында шартқа қалай отыру, өзгерту және бұзу тәртібі белгіленген.
-
ТМД көлемінде өндірістік кооперация саласында: «ТМД салалары мен кәсіпорындарының өндірістік кооперациясы жөніндегі жалпы шарттар туралы» Келісім 1993 жыл. Бұл келісімде өндірістік кооперация сұрақтары, яғни жобалау, жөндеу жұмыстарымен технологиялық қызмет көрсету жағдайлары реттелген.
-
Тасымалдау саласында: «Қауіпті және басқа да қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды бақылау туралы» Келісім; «Қалааралық автомобильді тасымалдау» туралы Конвенция 1997 ж.
-
Бағалы қағаздарға байланысты: «Мемлекетаралық бағалы қағаздар рыногын реттеу туралы» Келісім.
-
Интеллекттуалдық меншік саласында: «Өндірістік меншікті қорғау шаралары мен өндірістік меншікті қорғау сұрақтары бойынша Мемлекетаралық кеңес құру туралы» Келісім 1993 ж.
-
Мемлекет арасындағы бәсекелестік саласында: «Антимонополиялық саясатты келісу туралы» Келісім 1993 ж.
-
Шаруашылық даларды шешу саласында: «Шаруашылық қызметпен байланысты, дауларды шешу тәртібі туралы» Келісім 20.03.1992 ж. Мысалы: Жеке меншікке байланысты сұрақтар меншік орналасқан мемлекеттің сотына арыз беру арқылы шешіледі.
2. ХСҚ субъектілері ұлттық заңға сәйкес шарттарға отырады. Әділет министрлігі мемлекеттің ұлттық заңына сәйкес кәсіпкерлік қызметтің субъектілерін тіркейді.
Реестрдің мақсаттары:
- сауда серіктестіктерін тіркеу;
- қызмет түрлерін тіркеу;
- барлық субъектілерге тіркелгендігі туралы мағлұмат береді.
Сауда реестріне тағы прокуристер жөнінде мағлұматтар кіргізіледі.
Прокуристтер ешқандай қосымша өкілеттіктерсіз реестрге кіргізілген тұлға атынан шартқа отыра алатын тұлға.
Субъектілердің түрлері:
1. Жеке кәсіпкерлер - кәсіпкерлік саласындағы лицензияланатын қызметті іске асыратын тұлға.
2. Толық серіктестіктер - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін құрылған жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар бірлестігі. Ол көбінесе, құрылыста, инвестициялық жобалауды несиелеу кезінде қолданылады.
3. Коммерциялық серіктестік – жеке фирма түрінде бірнеше коммандиттер (салымшылар) салған салым көлемінде жауап берсе, бірнеше толық серіктер барлық салымдармен және мүлікпен жауап береді.
4. Акционерлік қоғам;
5. ЖШС;
ХСҚ басқа да субъектілер түрлері бар:
I. Еуропалық бірлестік - экономикалық қызмет саласындағы жеке және заңды тұлғалар арасындағы белгілі бір уақытқа ғана құрылатын ұйым. Заңды адресі (мекен-жайы) бар жерде тіркеледі.
II.Трансұлттық бірлестіктер - кәсіперлік заңды тұлғалардың тобы. Бірнеше түрлері бар:
-
Холдинг (ағылшын-амер. жүйеде көп қолданылады) әрбір мүшесінің тікелей қызметіне араласпайды, бірақ бір топ қатысушыларға әсер ете алады. Бұл топтағы заңды тұлғалар өзбетінше қызметті іске асырады.
-
Концерн жеке субъектілер бірлестігі, мұнда орталық барлық істерді жүзеге асырады, шаруашылық қызметті жүргізеді.
-
Қаржылық-өндірістік топ – заңды тұлғалар жиынтығы, олар белгілі бір қызметке өз мүліктерін біріктіреді.
III. Мемлекеттер басқа субъектілермен теңдей қатынаста болады.
Ол келесі қатынастарға қатысады:
-
мемлекеттік заемдерге байланысты;
-
мемлекет субъектілеріне заемге деген кепілдік беру кезінде;
-
инвестициялық шарттар бойынша;
-
өкілетті органдары арқылы мемлекеттік халықаралық сатып-алу сату шарттары бойынша.
IV. Унитарлы кәсіпорындар ҚР Үкіметі мен әкімшілік-территориялық бірліктер құрған шаруашылық жүргізу құқығына негізделген заңды тұлғалар.
V. Қазыналық кәсіпорындар ҚР құрады және оралымды басқару құқығы болады.
VI. Бизнестраст - қозғалмайтын мүлікке байланысты сұрақтарды шешу үшін АҚШ- ң штаттарында құрылған кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым.
3. ХСҚ объектілері ретінде халықаралық сауда айналымынан алынбаған азаматтық құқықтың объектілері табылады.
ХСҚ объектілері:
-
Тауар - материалдық дүние заттары. Белгілері: салмағы, сапасы, бағасы белгілі болады;
-
Ақша;
-
Бағалы қағаздар - мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат.
ХСҚ келесі бағалы қағаздар бар:
- Облигация - міндеттеме (қарыздың) бар екендігін бекітеді және оны шығарған тұлға оның қайтарылуын белгілі бір мерзімнен кейін көрсетеді.
- Вексель – вексельұстаушыға онда көрсетілген мерзімде вексельберушінің ақша көлемін куәландаратын құжат.
- Чек - банкінің чекте көрсетілген мерзімде чек ұстаушыға төлейтін міндеттемені сақтайды.
- Коносамент - теңіздегі, өзендегі құнды қағаз, тасымалдау жүгінің берілуін бекітеді.
- Акция - АҚ қатысушы құқығын бекітеді.
- Варрант - қоймада орналасқан тауарға кепілдеме құқығын куәландырады.
- деливери-ордер – яғни ордерден тұлғаға тауардан партиясын беруді көрсетеді.
4. ХСҚ бағалы қағаздар келесі түрлерге бөлінеді:
- ақшалай бағалы қағаздар (облигациялар, чектер т.б.) оларда ақша сомасын талап ету құқығы бекітілген.
- қатысушы бағалы қағаздар (акция) мұнда АҚ-ға қатысушы ретінде болуы белгіленген.
- тауарлы бағалы қағаз - тауарға деген құқықты бекітеді.
Ағылшын-американдық жүйеде бұл жағдай өзгеше:
- инвестициялық қағаздар (акциялар мен облигациялар) АҚ қатысушы екенін көрсетеді немесе заем қатынастарын бекітеді (заем берушімен заем алушы);
- саудалық қағаздар – айналымды құжаттар болып табылады (вексель);
- тауарлы-өкімдік құжаттар – айналмалы құжат тауарлық бағалы қағаз белгілі бір белгілері бойынша ұқсас құжат.
Көзделген құқықтарға байланысты бағалы қағаздар келесі түрге бөлінеді:
- ұсынбалы (кез-келген тұлға ұсынған кезде ол бойынша көрсеткен тұлға құқық иесі болып табылады).
- ордерлік бағалы қағаз көрсетілген тұлға құқықтарды индоссамент арқылы береді.
- атаулы (аты- жөні) жазылған тұлға оның иесі болып табылады.
Көп мемлекеттердің құқықтық жүйелері акциялармен мен облигацияларды келесі түрлерге бөледі:
- жай акциялар - дивиденттерге құқықты куәләндыратын бағалы қағаз.
- артықшылығы бар акция жай акция иелерінен қарағанда ерте алу құқығын бекітеді.
- жай облигациялар иелері онда көрсетілген пайызды немесе барлық сомасын алу құқығын бекітеді.
- дисконттық облигациялар – номиналды сомасынан төмен эмитенттермен сатылатын облигация, брақ толық көлемде ол соманы қайтаруға міндеттеме алады.
- конфертивтік облигациялар – (АҚШ) акционерлік қоғамдардың иелері акцияға ауыстыра алатын жай облигациялармен дисконттық облигациялар.
Бағалы қағаздар келесі нысанда шығады:
- құжатты – материалды түрдегі құжат ретінде болады.
- құжатсыз - акция немесе облигация өзі берілмейді, бірақ шотқа жазылады.
Бағалы қағаздың құқықтық реттелуі:
- Женеваның Вексельдік Конвенциясы 1930, 1931ж.
- БҰҰ-ң халықаралық аудармалы және халықаралық жай вексельдер туралы Конвенциясы 9.12.1998ж.
5. Интеллектуалдық қызмет нәтижелерін қолдану оның иесімен ғана рұқсат етілді.
Интеллектуалдық қызмет объектілері – ғылыми, өнер шығармалары, пайдалы модельдер т.б.
Лицензияның шарт пәні ретінде екі объект табылды:
- Авторлық құқық объектілері;
- Өндірістік меншік объектілері;
Авторлық құқық объектілері: әдеби шығармалары, музыкалық шығармалар;
Өндірістік меншік объектілері: пайдалы модельдер селекциялық жетістіктер, фирмалық атаулар т.б.
Интеллектуалдық қызмет келесі халықаралық актілермен реттеледі:
- Өндірістік меншікті қорғау туралы Париж конвенциясы 1883 ж.
- Тауарлық және фабрикалық белгілерді халықаралық тіркеу туралы. Мадрид Конвенциясы 1891 ж.;
- Дүниежүзілік авторлық құқық туралы. Конвенция 1952 ж.;
- Патенттік кооперация туралы шарт 1970 ж.
6. Ежелгі Римде Б.э.д. III ғ ұлттық азамат кодекспен бірге сауда қатынасын реттейтін құқықтық актілер пайда болған.
Феодализм уақытында алғашқы саудагерлер өз қызметін атқара бастады. Алғашқы әдет-ғұрыптар жинақтары пайда болды. Мысалы XII-XIII ғ.ғ. Франция мен Англияда осындай жинақ болып «Висбиялық теңіз құқығы» табылады.
ХСҚ Еуропамен бірге дамып басқа территорияларға ауыса бастады.
XVII ғ. Жак Савари күшімен алғашқы Сауда ОРДОНАНСЫ қабылданды. 1663ж. одан кейін 8 жылдан кейін 1681 жылы Францияда алғашқы кодификациялық акт Теңіздік сауда туралы ОРДОНАНСЫ қабылданды. Осы екі акті алғашқы сауда құқығының негізін қалады. Францияда революциядан кейін, 1808 жылы Францияның Сауда кодексі қабылданды.
Қазіргі ХСҚ XIX ғ. бастап дами бастады.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
1.ХСҚ түсінігі мен қайнар көздері.
2.ХСҚ субъектілері.
-
ХСҚ объектілері.
Ұсынылатын әдебиет
1.Богусловский М.М. Иностранные инвестиции: правовое регулирование. - М., 1996.
2.Велъятинов Г.М. Основы международного экономического права. - М., 1994.
3.Комаров А.С. Правовые вопросы товарообменных сделок.М.,1994.
4.Лукашук И.И. Стороны в международных договорах. - М., 1996.
5. Розенберг М.Г. Заключение договоров международной купли-продажи товаров. М., 1991.
Тақырып 2 Халықаралық саудалық мәмілелер (ХСМ). ХСҚ мерзімдер.
-
ХСМ-ң нысандары және отыру тәртібі.
-
ХСМ бойынша жауапкершілік негіздері мен түрлері.
-
Халықаралық сауда міндеттемелері бойынша жауапкершіліктен босату.
-
ХСҚ мерзімдер ұғымы және түрлері.
-
Талап мерзімі.
-
ХСМ ретінде мемлекеттер арасындағы байланысты бекітетін кез келген сауда саласындағы келісімдер. Осы жерде мемлекеттер мәмілеге қолданылатын құқықты таңдайды. Осыдан кез келген мәміле екі тараптың кез келгенінің келісімі бойынша сол мемлекеттің заңымен реттеледі.
1964 жылы қабылданған «Халықаралық сатып алу-сату туралы» ГААГтік біркелкі заңдары келесі жағдайларды қарастырады:
- шарт бір мемлекет территориясынан екінші мемлекет территориясына тасымалданатын немесе тасымалдаған заттарға байланысты;
- акцепт және оферта болып табылатын іс-әрекеттер әр түрлі мемлекеттер территориясында жүзеге асу керек;
- мүлік беру, акцент және офертаға байланысты іс-әрекеттер жасалған мемлекеттерден басқа мемлекет территориясына берілуі тиіс.
Осы ГААГ заңдарында «субъект критерий» деген ұғым белгіленген. Оның негізі: тараптарға қойылатын талап ретінде олардың міндетті түрде кәсіпорны болу керек немесе басқа мемлекетте орналасу жері болуы тиіс.
ХСМ келесі тәсілдердің бірімен жасалу тиіс (отыру тәртібі):
- оферта негізінде және оның акцептісі негізінде;
-
тараптардың келіссөздері нәтижесінде.
Оферта кез келген тұлғаға бағытталған ұсыныс. Оның мерзімі көрсетілмесе онда өту мерзімі ұлттық заңда көрсетілген мерзіммен алмасуы тиіс. 1980 ж. Вен Ковенциясы осыған байланысты оферта мерзімі ішінде оферент оны қайтарып алуға құқы жоқ, және егер акцептент жауап берсе шарт жасалған болып табылады.
Оферта келесі негіздерге байланысты тоқтатылады.
-
оны қайтарған кезде, егер ұлттық заң ондай жағдайды бекітсе;
-
оферент қайтыс болса;
Офертаны қабылдаған акцепт оның барлық шарттарын қабылдаған болып есептеледі.
Халықаралық заңнамаға сәйкес акцепт дегеніміз шартқа отыруды білдіретін кез келген іс-әрекеттер. Тек қана акцептант еркі пассивті болмауы керек, өйткені Вена Конвенциясына сәйкес пассивті тәртіп - үндемеу акцепт болып табылмайды. Оферта мерзімі өткеннен кейін жасалған акцепт жаңа оферта деп аталады. Вена Конвенциясында мерзімі өткеннен кейін, офертаға жауап берумен офертаны кеш қабылдауды айыру керек. Біріншісі жаңа оферта болса, екіншісі оферент келісім білдірсе шарт жасалған болып есептелінеді.
Енді халықаралық мәмілелердің биржаларда, аукциондарда, халықаралық жәрмеңкелерде және конкурс тәртібінде жасалуын қарастырамыз:
- Биржалар - саудалық ұйымдардың бірлестігі, заңды тұлға болып табылады және мемлекеттің бақылауында болады. Тауарлық биржалар пәні тауарлар, мұнай, мақта, кофе т.б. заттар табылады.
- Аукционың биржадан айырмашылығы ретінде ондағы тауардың акциондық кәсіпорынның дүкендерінде орналасуы табылады. Яғни, сатып алушылар тауар сапасымен оның жағдайымен таныса алады. Аукциондардағы тауарлар жария түрде сатылды. Тауар аукционнан бірден сатылғаннан кейін берілуі тиіс.
- Халықаралық жәрмеңкелер мұнда экспортқа шығатын тауарлардың үлгілері көрсетіледі.
- Тендер (конкурс) ұйымдастырушы жинаған оферталары бойынша жүзеге асырылады. Оферта ұйымдастырушы тауарға қойған талаптарға сәйкес келуі тиіс. Тендер ашық түрде болады, егер барлық субъектілер қатыса алса; егер шақырылым бойынша болса, онда ол жабық түрде болады.
Саудалық келіссөздер - шартқа отыру негізі болып келеді, бұл жерде кейбір шарт тараулары өзгертілді, басқа тауарлар қабылдау жүзеге асады. Келіссөздер тікелей немесе жанама түрде бола алады. Саудалық келіссөздерге қатысу мақсаты - міндетті түрде шартқа отыру керек. Келіссөздерді халықаралық заңнамаға сәйкес созуға болмайды. Мұнда болса, онда зиян орнын толтыруы тиіс.
Халықаралық мәмленің түрін таңдаға бостандық берілген, егер ұлттық заң міндетті түрде басқа жағдайды белгілемесе.
Халықаралық заңнама белгілі шарттарды міндетті деп табады. Солай, Вена Конвенциясының 11-бабына сәйкес жазбаша да, ауызша да болады.
Тараптар шарт сөздерін дұрыс түсіну керек, өйткені шарттың бір данасы басқа тілде болады ғой. Сондықтан түсінік беруде «Сатып алу-сату туралы» Вена Конвенциясы 1980 ж. ережелері қолданылады.
Түсінік беру мақсаты – даулардың тууына әкелетін негіздерді жою. Сондықтан Конвенцияға сәйкес, егер белгілі бір сөз, пункт дұрыс түсіндірілмесе, онда шарт жарамсыз деп есептелінеді.
Шарт мәтінінде коллизиялар болса, онда Вена Конвенциясына сәйкес келесі ережелер белгіленеді:
- негізгі мәтін мағынасы, қалған шарттардың мағынасынан жоғары;
- тараптардың ақырғы еркі; бұрын болғандарды жарамсыз қылады.
Тараптар еркі келесі түрлерде (шарттарда) болады:
-
шартта көрсетілген шарт мақсатында;
-
тараптардың қатынастарындағы іс-тәжірибеде;
-
халықаралық саудалық әдет-ғұрып;
-
келіссөздер жүргізу;
-
тараптардың тәртібі.
-
Халықаралық заңнама ХСМ бойынша жауаптық негіздері мен түрлерін бекітеді.
Негізгі және қосымша міндеттерді орындаудан пайда болады, яғни міндеттемені орындамау немесе тиісінше орындамау. Халықаралық заңнама міндеттемені орындамаудың және толық орындамаудың түрлерін бекітеді:
-
шарттан бас тарту, яғни шарттың орындау мерзімі басталғанына дейін, борышқордың шарттан бас тартуы.
-
міндеттемелерді толық орындамау, яғни борышқор шартты белгілі бір жағдайға байланысты орындай алмайды немесе мерзімін өткізіп алған. Борышқор шартты орындамауға құқы бар, егер белгілі бір құқықтық жағдайлар болса, (мысалы заңсыз түрде контрабанда арқылы шартты орындау мүмкіншілігі болса;). Ал егер борышқор шартты орындамауға өзі себеп болса, онда ол айырылып қалған пайданы қайтаруға міндетті.
-
міндеттемені шарттың уақытын өткізіп алып толық орындамау. Несие беруші нұқсан орнын толтыруды талап етуге құқылы және ескерту жасап орындауға мерзім береді, келесі рет сөйтсе бас тартуы жөнінде ескертеді.
Алдын ала орындауда оның толық орындамауы болып есептеледі, сондықтан несие беруші оны қабылдап алуға құқылы немесе қабылдамауға құқылы, екі жағдайда да нұқсан орын толтырады.
-
міндеттемені шарттағы тауар санын сақтамай толық орындамау. Бұл жерде сатып алушы артық әкелген тауар санынан бас тартатындығын айтып кету керек; егер айтпаса, онда тауар қабылданған болып есептеледі.
-
міндеттемені тауар сапасының сақталмауына байланысты толық орындамауы, яғни тауар сапасы шарттағы тауар сапасына сәйкес келмеуі.
-
белгіленген орында шартты толық орындамау.
Халықаралық заңнамаға сәйкес шартты толық орындамаған кезде немесе мүлде орындамаған кезде несие беруші борышқордан нұқсан орын толтыруға талап етуге немесе айыппұл төлеуді талап етуге құқылы. Міндеттемені орындамаған немесе толық орындамаған кезде борышқормен төленетін ақша сомасы айыппұл деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |