"Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті



Дата23.02.2016
өлшемі278.17 Kb.
#10426
Қарағанды облысы әкімдігінің
2013 жылғы 27 мамырдағы
N 31/01 қаулысымен
бекітілген

"Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер
учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңына сәйкес әзірленді.


      2. Мемлекеттік қызметті уәкілетті орган көрсетеді.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 14-1 бабының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi N 745 "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" қаулысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 1 қарашадағы N 1392 "Жер қатынастары, геодезия және картография саласында Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі мен жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі N 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысының негізінде көрсетіледі.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қағаз тасымалдағыштағы бекiтілген жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісі (бұдан әрі - акт) немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауап беру болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету барысы туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мәселелері жөніндегі ақпаратты уәкiлеттi органда алуға болады, олардың мекенжайы және жұмыс кестесі осы Регламентке 1-қосымшада көрсетілген.


      8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызмет алушы осы Регламенттің 13-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 3 жұмыс күні;
      2) құжаттарды тапсыру және алу кезінде кезекте күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минут;
      3) құжаттарды тапсыру және алу кезінде қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минут.
      9. Мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 13-тармағында көрсетілген құжаттарды табыс етпеген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.
      Мемлекеттік қызметті алушыға көрсетілген өтінім келіп түскен күнінен бастап бір күн ішінде жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісін бекітуді тоқтатуға себеп болған құжатты, рәсімдеудің тоқтатылуын жоюға мемлекеттік қызметті алушының қажетті іс-әрекеттерін көрсете отырып және оның мерзімі туралы жазбаша хабардар етеді.
      Уәкілетті орган белгіленген мерзім ішінде мемлекеттік қызмет алушыға бекiтілген жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісін немесе қызметін беруден бас тарту туралы уәжделген жауап бермеген жағдайда, оны беру мерзімінің өткен күнінен бастап жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісін бекiтілді деп есептеледі.
      10. Мемлекеттік қызмет алушыдан мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшiн өтiнiш алған сәттен бастап мемлекеттiк көрсетілетін қызмет нәтижесiн берген сәтке дейiнгi мемлекеттiк көрсетілетін қызметті көрсету кезеңдерi:
      1) мемлекеттік қызмет алушы уәкілетті актіні бекіту туралы өтінішті береді;
      2) уәкілетті орган мемлекеттік қызмет алушы ұсынған өтінішін тіркеуді, қарауды жүзеге асырады, актіні не бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауапты дайындайды, мемлекеттік қызмет алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің нәтижесін немесе мемлекеттік қызмет алушыға рәсімдеудің тоқтатылуын жоюға жазбаша хабарлама жолдайды.
      11. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет көрсету үшiн құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалар санын ең аз дегенде бiр қызметкер құрайды.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      12. Құжаттарды қабылдау осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес, орналасқан жері бойынша уәкілетті органның жауапты орындаушысы арқылы жүзеге асырылады.


      Уәкілетті орган мемлекеттік қызмет алушыға осы Регламенттің 13-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді, онда:
      сұраудың нөмірі және қабылданған күні;
      сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;
      қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
      құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
      мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымы көрсетіледі.
      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
      1) осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не мемлекеттік қызметті алушының атынан берілген сенімхаттың және сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі - жеке тұлғалар үшін;
      3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, заңды тұлға өкілінің өкілеттігін растайтын құжат және мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі - заңды тұлғалар үшін;
      4) осы Регламентке 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мемлекеттік кәсіпорынмен есептелген жер учаскесінің бағалау құнын айқындау актісі;
      5) тиісті жергілікті атқарушы органдармен құрылатын жер учаскесіне құқық беру туралы жер комиссиясының оң қорытындысының көшірмесі.
      Тұлғаның жеке куәлігінің немесе сенімхаттың көшірмелерін тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерілгеннен кейін қайтарылады.
      14. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет көрсету үдерісiнде келесі құрылымдық-функционалдық бiрлiктер (бұдан әрi – ҚФБ) қатысады:
      1) уәкiлеттi органның кеңсесi;
      2) уәкiлеттi органның басшылығы;
      3) уәкiлеттi органның жауапты орындаушысы.
      15. Әрбiр әкiмшiлiк iс-қимылдардың (рәсiмдердiң) орындалу мерзiмiн көрсетумен әрбір ҚФБ әкiмшiлiк iс-қимылдың (рәсiмнің) дәйектілігі мен өзара іс-қимылының мәтіндiк кестелік сипаттамасы осы Регламентке 3-қосымшада келтiрiлген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет
көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін
қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ
ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      16. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы N 1392 "Жер қатынастары, геодезия және картография саласында Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі мен жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі N 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысына сәйкес бұл мемлекеттік көрсетілетін қызмет халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілмейді.



"Мемлекет жеке меншікке сататын
нақты жер учаскелерінің кадастрлық
(бағалау) құнын бекіту" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету бойынша
уәкілетті органдар

Уәкілетті органның атауы

Заңды мекенжайы

Жұмыс кестесі

Байланыс телефоны

Электрондық мекенжайы

"Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі

Қарағанды қаласы,
Гоголя көшесі, 34

Күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері

8-7212-56-61-89

uzo_kanc@krg.gov.kz

"Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Қарағанды қаласы,
Бульвар Мира көшесі, 39

Күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері

8-7212-78-55-34

bota_kuku@mail.ru

"Балқаш қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Балқаш қаласы,
Уәлиханов көшесі, 5

Күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері

8-710-36-4-10-59

blh_ozo@mail.ru

"Жезқазған қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Жезқазған қаласы,
Алашахан даңғылы, 1

Күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері

8-710-2-73-30-12

sutbayalice@mail.ru

"Қаражал қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Қаражал қаласы, Сарытоқа көшесі, 1

Күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері

8-710-32-2-63-99

arh_karazal@mail.ru

"Приозерск қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Приозерск қаласы,
Пушкин көшесі, 9/2

Күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері

8-710-39-5-32-48

prio_zo@krg.gov.kz

"Сәтпаев қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Сәтпаев қаласы,
Сәтпаев даңғылы, 108

Күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері

8-710-63-3-84-69

dosbol.kz@mail.ru

"Саран қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Саран қаласы,
Жамбыл көшесі, 67

Күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері

8-721-37-4-44-03

info@ozosaran.kz

"Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Теміртау қаласы,
6-ықшам ауданы, 14 үй

Күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері

8-721-3-93-11-10

zemkom-temirtau@mail.ru

"Шахтинск қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Шахтинск қаласы,
Абай көшесі, 50

Күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері

8-721-56-5-57-55

iks.2@mail.ru

"Абай қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Абай қаласы,
Энгельс көшесі, 34

Күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері

8-721-31-4-16-43

zemelnoe@mail.ru

"Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ақтоғай селосы,
Бөкейхан көшесі, 4

Күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері

8-710-37-2-12-92

Zem.kom.aktogai@mail.ru

"Бұқар жырау ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ботақара кенті,
Қазыбек би көшесі, 50 А

Күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері

8-721-54-2-18-32

bukarfarkad@topmail.

"Жаңаарқа ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, 2

Күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері

8-710-30-2-89-40

zher_zhanaarka@mail.ru

"Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Қарқаралы қаласы,
Т. Әубәкіров көшесі, 23

Күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері

8-721-46-3-14-04

diko_111@mail.ru

"Нұра ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Киевка кенті,
Сейфуллин көшесі, 34

Күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері

8-721-44-2-10-94

Zem.nura@mail.ru

"Осакаров ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Осакаров кенті,
Новая көшесі, 33

Күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері

8-721-49-4-20-84

dika_30@mail.ru

"Ұлытау ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ұлытау кенті,
Абай көшесі, 27

Күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері

8-710-35-2-13-22

zem_kom@mail.ru

"Шет ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ақсу-Аюлы селосы,
Шортанбай жырау көшесі, 26

Күнделікті, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері

8-710-31-2-12-70

Altynai_erzhanova-2011@mail.ru

"Мемлекет жеке меншікке сататын
нақты жер учаскелерінің кадастрлық
(бағалау) құнын бекіту" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша

(уәкілетті органның атауы)


жер қатынастары бойынша уәкілетті
органның бастығы
______________________________________
тегі, аты, әкесінің аты)
______________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
______________________________________
не заңды тұлғаның толық атауы)
______________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның жеке
басын куәландыратын құжаттардың
______________________________________
деректемелері, байланыс телефоны,
______________________________________
мекенжайы)

Өтініш

      __________________________________________________ мекенжайында


              (жер учаскесінің орналасқан жері)
орналасқан жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісін
бекітуіңізді сұраймын.

      Күні __________      Өтініш беруші ____________________________


                                         (жеке немесе заңды тұлғаның
                                         не уәкілетті тұлғаның тегі,
                                         аты, әкесінің аты, қолы)
                                         ____________________________

"Мемлекет жеке меншікке сататын


нақты жер учаскелерінің кадастрлық
(бағалау) құнын бекіту" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша

Әкiмшiлiк iс-қимылдар (рәсiмдер) дәйектілігі
мен өзара іс-қимылының сипаттамасы

      1-кесте. ҚФБ iс-қимылдарының сипаттамасы



Негiзгi үдерістің (жұмыс барысының, ағынының) iс-қимылдары

Iс-қимылдың (жұмыс барысының, ағынының) N

1

2

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның кеңсесі

Уәкiлеттi органның басшылығы

Iс-қимылдың (үдерістің, рәсiмнiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау, тіркеу, қолхат беру

Хат-хабармен танысу, орындау үшiн жауапты орындаушыны айқындау

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешiм)

Қарар қою үшiн құжаттарды басшылыққа жiберу

Қарар қою, құжаттарды жауапты орындаушыға жiберу

Орындау мерзiмдері

30 минут

30 минут



Iс-қимылдың (жұмыс барысының, ағынының) N

3

ҚФБ атауы

Жауапты орындаушы

Iс-қимылдың (үдерістің, рәсiмнiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттардың толықтығын тексеру, актіні не бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауапты әзірлеу

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешiм)

Құжаттар мен материалдарды басшылыққа беру

Орындау мерзiмдері

2 жұмыс күні ішінде

Келесi iс-қимылдың нөмiрi

4



Iс-қимылдың (жұмыс барысының, ағынының) N

4

5

ҚФБ атауы

Уәкiлеттi органның басшылығы

Уәкілетті органның кеңсесі

Iс-қимылдың (үдерістің, рәсiмнiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Хат-хабармен танысу

Мемлекеттік қызмет алушыға бекітілген актіні не бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауапты беру

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешiм)

Құжатқа қол қою



Орындау мерзiмдері

30 минут

30 минут

      2-кесте. Пайдалану нұсқасы. Негізгі үдеріс

ҚФБ 1-тобы
Уәкілетті органның кеңсесі

ҚФБ 2-тобы
Уәкілетті органның жауапты орындаушысы

ҚФБ 3-тобы
Уәкiлеттi органның басшылығы

N 1 іс-қимыл
Мемлекеттік қызмет алушыдан өтініш қабылдау, қолхат беру, тіркеу, өтінішті уәкілетті органның басшылығына жолдау



N 2 іс-қимыл
Орындау, қарар қою үшін жауапты орындаушыны анықтау



N 3 іс-қимыл
Өтінішті қарау, басшылыққа жолдау үшін құжаттарды дайындау





N 4 іс-қимыл
Құжаттарды тексеру

N 5 іс-қимыл
Актіге не бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауапқа қол қою



N 6 іс-қимыл
Актіні елтаңбалы мөрімен растау және актілерді беру кітабына тіркеу



N 7 іс-қимыл
Мемлекеттік қызмет алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру





"Мемлекет жеке меншікке сататын
нақты жер учаскелерінің кадастрлық
(бағалау) құнын бекіту" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
4-қосымша

Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау актісі

      1. Акті азаматтың (ша) өтініші негізінде жасалды


_____________________________________________________________________
                        (тегі, аты, әкесінің аты)
заңды тұлғаның ______________________________________________________
                         (заңды тұлғаның атауы)
жер учаскесін бағалауға байланысты: _________________________________
_____________________________________________________________________
      2. Жер учаскесінің пайдалану мақсаты: _________________________
_____________________________________________________________________
      3. Жер учаскесінің орналасқан жері: ___________________________
_____________________________________________________________________
      4. Жер учаскесінің бағалау құнының есебі (жер пайдалану құқығы)

Аймақ нөмірі (елді мекен жерлеріне), алқап түрлері, топырақтың үлгісі (ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге)

Көлемі

Базалық ставкасы

Түзету коэффициенті

Бағалау құны





















барлығы









      5. Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны __________________
____________________________________________________________ құрайды.
                     (жазбаша сомасы)
Осы акт _____________________________________________________________
                (жер кадастрын жүргізуші кәсіпорынның атауы)
айқындалды.

М.О. _______________              ___________________________________


      (қолы)                                  (басшының Т.А.Ә.)
М.О. _______________              ___________________________________
      (қолы)                      (уәкілетті орган басшысының Т.А.Ә.)
Күні "____" ___________________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет