Заңды жауапкершіліктің қызметі:
жазалау;
бұзылған құқықты қалпына келтіру;
азаматтық заңды сақтап, өзгелердің құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Заңды жауапкершілікті және теріс қылықты білдіретін мән-жайлар:
қабілетсіз, не болғанын білмеу - өзінің іс-әрекетіне тұлғаның жауап бере алмауы;
қажетті қорғаныс – заң қорғайтын мемлекеттің, қоғамның, жеке тұлғаның мүддесіне қылмыскердің қол сұғуына, оған зиян келтіру арқылы қорғану, яғни қылмыскердің озбырлығына қарсы қолданылатын әрекет;
мәжбүрлік қажеттілік – мемлекеттің, қоғамның, жеке тұлғаның мүддесіне төнген қауіптен зиян келтірмей бетін қайтаруға болмаса, егерде келтірілген зиян бетін қайтарған зияннан әлде қайда кем болса да жасалған әрекет;
елеулі емес құқық бұзушылық – бұл қоғамға қауіптілігі онша емес әрекет;
казус (кездейсоқ, талдап қорытуға жатпайтын) әрекет т.б.
Заңдылық түсінігі және қағидалары.
Заңдылық кепілдігі.
Құқықтық тәртіп түсінігі.
Заңдылық және құқықтық тәртіптің арақатынасы.
Құқықтық реттеу механизміне түсінік.
Заңдылық – бұл қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқық нормаларын қатаң түрде сақтауы. Заңдылықтың екі жағы бар:
а) мазмұндылығы – бұл құқықтық, әділеттік ғылыми негізделген заңдардың болуы;
б) оның формальдылығы – бұл заңдардың орындалуы.
Заңдылықтың субъектілері барлық қоғамдық қатынастарға қатысушылар болып табылады: мемлекет және оның органдары; қоғамдық және басқа ұйымдар; еңбек ұжымдары; лауазымды тұлғалар; азаматтар. Заңдылықтың объектісі заңды міндетті тұлғалардың мінез-құлқы, олардың санасы, еркі және іс-әрекеті.
Достарыңызбен бөлісу: |