Заңдылықтың қағидалары – бұл заңдылықтың мазмұнын білдіретін негізгі идеялардың бастамасы. Оған жататындар:
заңның жоғарылығы – заңға барлық жеке құқықтық және басқа нормативтік актілердің бағынуын білдіреді;
заңдылықтың біртұтастығы – нормативтік актілердің мемлекеттің барлық территориясында бірдей түсіндірілуі және бірдей қолдануын білдіреді;
заңдылықтың мақсаттылығы – мемлекеттің құқық шығармашылық және құқық қолданушылық қызметін қоғамға қажетті мақсаттар мен міндеттерді іске асыруды қатаң заң шеңберінде пайдалануды білдіреді, яғни заңды және мақсаттылықты қарама-қайшылықты болдырмау немесе заңды мақсатқа сай деген сылтаумен айналып өтуге жол бермеу;
заңның шынайылығы – барлық қызмет түрлерінде құқықтық жазбаларының нақты орындалуын білдіреді және құқық бұзушылықтың қандай түрі болмасын тартылатындығын білдіреді.
Заңдылықтың кепілдігі – бұл қоғам дамуының заңдылығына сай заңдардың және заң негізіндегі актілердің орындалуын, азаматтардың құқығын және қоғам мен мемлекеттің мүддесін ешбір қайшылықсыз орындалуын қамтамасыз ететін құралдар.
Заңдылық кепілдігінің бірнеше түрлері бар:
әлеуметтік-экономикалық кепілдік – бұл қоғамның экономикалық дамуы, оның әртүрлі меншік түріндегі жағдайының дәрежесі, экономикалық бостандығы т.б.
саяси кепілдігі – конституциялық құрылыстың, қоғамның саяси жүйесінің, саяси плюрализмнің, көп партиялық билікті бөлудің т.б. демократиялық даму дәрежесі;
ұйымдастырылу кепілдігі – бұл арнаулы органдардың қызметі, заңдарды және заң негізіндегі актілерді орындалуын бақылау, прокуратура, сот, полиция т.б. қызметін қолдану.
қоғамдық кепілдік – мемлекетте заңды бұзушылыққа қарсы мақсатында қолданылатын профилактикалық және басқа шаралардың жиынтығы.
идеологиялық кепілдік – бұл құқықтық сананың даму дәрежесі, азаматтардың арасында құқықтық білімнің таратылуы, заң талаптарын сыйлау, қоғамның адамгершілік тәрбиесінің даму сатысы.
арнаулы – заңдық кепілдік – бұл құқықтық талаптардың бұзылуын алдын- алу мақсатында қимылдағы заңда бекітілген әдістер мен құралдар.
Құқықтық тәртіп дегеніміз – бұл қоғамдық қатынастар жүйесі, яғни субъектілердің мінез-құлқының құқықтылығы, қоғамдық қатынастарға заңның шынайы түрде енгізілуі, әлеуметтік байланыстарды реттеудің нәтижесі.
Достарыңызбен бөлісу: |