Мемлекеттің экономиканы басқаруының ТƏсілдері



Дата27.06.2016
өлшемі54.33 Kb.
#161932
МЕМЛЕКЕТТІҢ ЭКОНОМИКАНЫ БАСҚАРУЫНЫҢ ТƏСІЛДЕРІ

Сегізбаева Д.Ү., аға оқытушы, экономика ғылымдарының магистрі,

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті,

Қызылорда қаласы

Мемлекеттің дамуы – мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы.Мемлекет жария өкіметтің пайда болуы мен іс-әрекеттің нәтижесі ретінде қалыптасып, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны және оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайда өкіметтің күш-қуатына сүйенетін басқару жүйесі.

Мемлекеттің пайда болу, даму себептері:

- Қоғамды басқаруды жақсарту, дамыту: қоғамның жұмысының көлемі де, шеңбері де молайып, кеңейіп ескі басқару аппараты тиісті дәрежеде жұмыс жасай алмады. Жаңа мемлекеттік аппарат қажет болды.

- Қалың бұқараның, қаналушы таптың үстемдік тапқа, топқа қарсы іс-әрекетін әлсірету, жою үшін күшті мемлекеттік аппарат керек болды.

- Қоғамды, экономиканы дамыту үшін, әлеуметтік жағдайды жақсарту үшін басқарушы аппаратты нығайту керек болды.

- Қоғамның қорғанысын күшейту үшін, заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтау үшін мемлекет керек болды.

Мемлекет – бұл елдің барлық территориясына және оның халқына өзінің билігін толық тарата алатын және сол үшін арнайы аппараты бар белгілі тәртіп шығаратын және тәуелсіздігі бар қоғамның біртұтас саяси ұйымы.

Мемлекеттік басқару жүйесі - өзіне мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызмет персоналдарының ұйымдастырушылық құрылымдарын, қолданылатын әдістер, қаржылар мен ресурстар кешенін қосады.

Мемлекеттік басқару - бұл мемлекеттің қоғамдағы ұйымдастырушылық-реттеушілік және қызметтік функцияларын орындау мақсатындағы заңдық, атқарушылық, соттық және басқа да биліктік қызметтерін жүзеге асыруы болып табылады.

Мемлекеттік басқару мыналармен сипатталады:



  • қоғамдық пайдалы қызметтің нақтылы түрімен;

  • бұл қызметтің атқару өкім ету сипатымен;

  • арнайы уәкілетті субъектілердің жүзеге асырумен;

  • күнделіктілігімен және үзіліссіздігімен;

  • заңға тәуелді сипатымен;

  • қызметтің әр түрлі нысандарымен;

Жаңа, тәуелсіз Қазақстан мемлекеттілігі тарихының бұрын-соңды қазақ жерінде өмір сүрген мемлекеттер тарихынан басты ерекшеліктерінің бірі –оның саяси жүйесінде президентік басқару институтының қалыптасуы болды.

Еліміз тарихында бұрын болмаған саяси институттардың, билік субъектілерінің бірі – президенттік басқару институты ХХ ғасырдың соңында бізде де өмірге келіп, қалыптаса бастады.

Мемлекеттік билікте президенттік жүйенің қалыптасуын өзінің көлемі жағынан жаһандық құбылыс деп айтуға болады. Мысалы, 1993 жылы БҰҰ мүше 183 елдің 130-нан артығында мемлекеттік билікте Президенттік лауазым болған. Ал, әлемнің 84 мемлекетінде Президенттік басқару формасы бар.

Олардың ішінде – АҚШ, Франция, Аргентина, Мексика, Россия т.б. елдер бар. Демек, Қазақстан да сол мемлекеттердің қатарына қосылды.

Дегенмен, қазақстандық президенттік билік формасының қалыптасу тарихының өзіндік ерекшелігі де бар. Мысалы, бізде мемлекеттік билікте президенттік жүйе кеңестік кезең қойнауында дүниеге келсе, тәуелсіздік жылдары президенттік басқару формасына ұласты. Сондықтан, Қазақстанның ең жаңа тарихының маңызды мәселелерінің бірі ретінде, президенттік басқару жүйесінің пайда болу және қалыптасу тарихының кімді де болса қызықтырары да, келешекте оның Қазақстан тарихнамасының өзекті мәселелерінің біріне айналады.

Қазақстандағы президентік билік жүйесінің қалыптасуы, Қазақстан халқының тұңғыш рет өз Президентін бүкілхалықтық сайлау арқылы таңдауы КСРО-ның ыдырап, алып мемлекет ретінде тарих сахнасынан біржола кетуі жағдайында жүрді. Үш славян республикалары басшыларының оңаша Беловежье келісімін кенеттен жасауы шиеленісті ахуал мен сол кездегі шекараларды қайта қарауға ұласқан Кеңес Одағының түпкілікті ыдырауына айқын алғышарттар туғызды. Аймақтардың егесі мен халақтар арасында ұлттық алауыздықтың бой көтеруінің айқын қатері пайда болды. Жаңа алыптасып келе жатқан президенттік жүйеге де, дәл сол күндері бүкілхалықтық сенімге ие болып, жаңа ғана сайланған Президентке де сыналар сәт туды.

1991 жылдың соңына қарай Қазақстан тарихының, қазақ халқының тарихының ең жаңа кезеңі – ешқандай да Орталыққа немесе одақтастарға алаңдамай, өзінің тәуелсіз мемлектеттілігін құру кезеңі басталды. Елдің жаңа мемлекеттігін құру Қазақстан тәуелсіздігі мен егемендігінің жаңа нышандарын әзірлеп, қабылдауды да талап етті. 1992 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлектеттік Елтаңбасы туралы", «Қазақстан еспубликасы Мемлекеттік Гимнің музикалық редакциясы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойды.

Тәуелсіз Қазақстан мемлекеттілігінің басты ерекшелігі – президенттік билік жүйесінің қалыптасуы, бұрын тек Қазақстан тарихында ғана емес, жалпы ТМД елдерінде байқалмаған жаңа үрдіс – парламет пен президенттік билік арасындағы күрес жағдайында жүрді. Демек, парламентаризм де, президенттік билік жүйесі секілді ТМД елдері аймағында өрби бастаған демократияның ―жемісі. Бірақ, президенттік билік жүйесі сияқты ол да оңайлықпен қалыптасып, дамып кете қойған жоқ. Елімізде парламенттік билік саласының пайда болу және қалыптасу тарихы, жалпы тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігін құру тарихының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Тоқсаныншы жылдар басында, Достастықтың көптеген елдерінде биліктің екі бұтағы – парламент пен президент билігі арасындағы тайталас қатты шиеленісті. Кей жағдайда ашық текетірес, кей жағдайда бір-бірінің шешіміне құлақ аспау бой көрсетті. Бұл – жекелеген жәйттер емес, біздің мемлекеттерімізге ортақ сипатқа айналды.

Мемлекеттік басқару тәжірибесі (мақсатты бағытталған процесс ретінде) саяси режимде – мемлекет сипаттамасының маңызды қасиеттері мен шектерінде көрініс табады. Саяси режим түсінігі басқару ортасы тарапынан мемлекеттік биліктің тәжірибелі жүзеге асырылу әдістерімен, құралдарымен, әдістері жиынтығымен, ең бастысы мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасымен байланыстырамыз. Бұл орайда айта кететін жай Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жүйесіндегі саяси мемлекеттік қызметшілер тобының бөлініп шығатындығын ескеру керек, ол қызмет түрі – саяси –анықтаушы сипатқа ие және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыруда жауапты болады. Заңдармен саяси мемлекеттік қызметшілердің қызметтік реестерді сондай-ақ берілген мемлекеттік қызметшілер категориясына шараларды қолдану тәртібі бекітілген. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге келетін болсақ, олардың қызметі мемлекеттік басқарудың саяси мақсаттарын тәжірибелі жүзеге асырылатын басқару қызметін ұйымдастырумен тікелей байланысты.

Мемлекеттік басқарудың мақсаттары басқарылатын обьектілердің болашақтағы кескінін бейнелейді. Бұл жолды сөзсіз басқару мақсатын құрастырумен және құралдарын іздеумен байланысты субьективті сипаттың белгілі-бір қиындықтары болады.



Болашақтағы актілердің тек қана обьектілердің идеалды жағдайы, оны нақты айтуға болмайды. Сондықтан да мемлекеттік басқарудың мақсаттары болжамдау сипатына ие. Осыған байланысты басқару субьектілерінің қойылған мақсаттарын нақтылауға жауапкершілігі мен ролі, саяси мақсаттары мен міндеттері және қоғам дамуының стратегиялық бағыттарын жүйелейтін және жасап шығаратын тұлғалардың кәсіпқойлық деңгейінің ролі өседі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Уваров В.Н. Государственная служба.-Алматы: 1996г.-224с.

  2. Государственное управление // Под.ред.Козбаненко В.А.-М.:СТАТУТ, 2000г., с.81-108

  3. Адасбаев Е, Кантарбаева А. Децентрализация государственного управления в Казахстане: проблемы и пути решения // Альпари-2010 №4.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет