Дереккөз: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті, UN Comtrade
Көрсетілген талаптардың нәтижесінде Еуро 4 және Еуро 5 сыныптағы мотор отындарын шығару және ақшыл мұнай өнімдерін шығаруды 76-82%-ға дейін ұлғайту басымдықтар ретінде айқындалған.
Басым жобалар
МӨЗ жаңғырту жобаларын іске асыруды аяқтау 2017 жылға жоспарланып отыр. Мұның өзі оларда мұнай өңдеуді жылына 19,5 млн. тоннаға дейін ұлғайтуға және К4, К5 кластарының талаптарына сәйкес келетін экологиялық таза мотор отындарының өндірісін бастауға мүмкіндік береді.
Базалық майларды шығару жөніндегі жоба пысықталатын болады.
Мұнай-газ химиясы
Базалық мұнай-газ химиясы (бастапқы нысандарда мұнай-химия өнімдерінің өндірісі) - Қазақстан экономикасының перспективалы жаңа саласы. Базалық мұнай-газ химиясының өнімдерін түрлі мақсаттағы: құрылыс материалдары, қаптамалар және басқалар үшін пластмассалардан жасалатын бұйымдарды қазақстандық өндірушілер пайдаланады. Осы секторлардың мұқтаждықтары үшін жыл сайын Қазақстанға орташа алғанда 400 млн. АҚШ долл. полимерлік шикізат импортталады. Базалық мұнай-газ химиясы өнімінің ішкі нарығының көлемі шамамен 72 млрд. теңгені құрайды, бұл ретте 70%-дан астамы импортқа тиесілі.
Мұнай-газ химиясы өнімдерінің экспорттық әлеуеті жоғары. Басым тауарлар топтары бойынша макроөңір елдерінің импорты 20 млрд. АҚШ долл. астам.
Импорт алмастыру үшін мүмкіндіктер Атырау МӨЗ-де хош иісті көмірсутектерді өндіру жөніндегі кешен, Атырау облысындағы ықпалдастырылған газ-химия кешені және бутадиен мен полибутадиен өндірісі жөніндегі кешен іске қосылғаннан және басқа да жобалар іске асырылғаннан кейін жасалады.
2012 жылы химия өнеркәсібі өндірісінің жалпы көлеміндегі саланың үлес салмағы 2008 жылмен салыстырғанда 3,9%-ға ұлғайып, 10,8%-ды құрады. 2008 - 2012 жылдар аралығында өндіріс көлемі нақты көріністе 12,8%-ға өсті. Саладағы жалпы қосылған құн 2008 жылғы 3,5 млрд. теңгеден 2012 жылы 14,6 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Еңбек өнімділігі 2002 жылдан бастап 2012 жыл аралығында 5,8 есе өсті. Негізгі құралдардың тозу дәрежесі 2012 жылы 52%-ды, негізгі құралдарды жаңарту коэффициенті - 22,4%-ды құрады. Негізгі капиталға инвестициялар 2012 жылы 48,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2008 жылғы көрсеткіштен 27 есе жоғары.
Қазақстаннан базалық мұнай-газ химиясы өнімдері экпортының көлемі 2008 - 2012 жылдар кезеңінде 2,2-ден 63,7 млн. АҚШ долларына дейін шамамен 29 есе өсті.
Ішкі сұранысты қанағаттандыру үшін жеткілікті қуаттардың болмауы жағдайында базалық мұнай-газ химиясы өнімдеріне деген серпінді өсіп келе жатқан сұраныс біршама деңгейде импорт есебінен қамтамасыз етіледі.
Өнеркәсіпке арналған химикаттар өндірісі секторы дамуының 2008 - 2012 жылдардағы негізгі көрсеткіштері 17-кестеде келтірілген.
17-кесте. Сектор бойынша 2008 - 2013 жылдардағы деректер
Көрсеткіштер
|
2008 ж.
|
2009 ж.
|
2010 ж.
|
2011 ж.
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
Өңдеуші өнеркәсіптегі үлесі
|
0,2
|
0,2
|
0,3
|
0,4
|
0,4
|
0,3
|
Химия өнеркәсібіндегі үлесі
|
6,9
|
8,3
|
11,2
|
11,6
|
10,8
|
10,0
|
Базалық мұнай-газ химиясы өнімдері өндірісінің көлемі, млн. теңге
|
7 310
|
7 089
|
11 647
|
17 189
|
19 378
|
18 517
|
ЖҚҚ, млн. теңге
|
3536,5
|
3809,1
|
9687,9
|
13914,6
|
14616,5
|
11103,9
|
Жалдалмалы жұмыскерлердің тізімдік саны, адам
|
1 669
|
1 980
|
1019
|
971
|
1 191
|
2 021
|
Еңбек өнімділігі, мың теңге/адам
|
2119
|
1924
|
9507
|
14330
|
12272
|
5494
|
Негізгі құралдардың тозу дәрежесі, %
|
39,2
|
48,5
|
55,7
|
50,5
|
51,9
|
39,2
|
Негізгі капиталға инвестициялар, млн. теңге
|
22 959
|
31 107
|
39 772
|
34 046
|
37 172
|
22 572
|
Негізгі құралдарды жаңарту коэффициенті, %
|
151,9
|
29,0
|
14,1
|
14,3
|
22,4
|
151,9
|
Жылдың соңына бастапқы құн бойынша негізгі құралдардың болуы, млн. теңге
|
45,5
|
26248,1
|
18863,5
|
16183,1
|
15740,4
|
45,5
|
Экспорт, млрд. АҚШ долл.
|
2,2
|
4,0
|
20,8
|
35,6
|
51,0
|
40,6
|
Импорт, млрд. АҚШ долл.
|
343,2
|
267,5
|
383,7
|
526,2
|
565,8
|
598,0
|
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
Қазақстанда Павлодар қаласында полипропилен өндірісі бойынша қуат («Компания Нефтехим Лтд.» ЖШС) бар.
Мұнай-газ химиясы өнімдері өндірісінің әлемдік нарығындағы Exxon Mobil Corp (АҚШ, 334 млрд. АҚШ долл.), Chevron Corp (АҚШ, 233 млрд. АҚШ долл.) Royal Dutch Shell plc (Британия-Голландия, 360 млрд. АҚШ долл.), Газпром (Ресей, 375 млрд. АҚШ долл.), Statoil ASA (Норвегия, 135 млрд. АҚШ долл.) сияқты2 аса ірі ойыншылар қызметін өндіру сегменттерінде де, сол сияқты мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясы сегменттерінде де жүзеге асыратын тігінен ықпалдастырылған болып табылады.
Мұнай-газ химиясын дамыту мемлекеттің негізгі екі міндетін шешуге мүмкіндік береді:
1) көмірсутек шикізаты - ілеспе мұнай мен құрғақ газды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету, бұл өнімсіз экономикалық шығындарды, оның ішінде экологиялық сипаттағы шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді;
2) химия өнеркәсібін, құрылыс материалдары өндірісінің, резеңке-техникалық бұйымдар өндірісінің өнеркәсібін арзан шикізатпен қамтамасыз ету, өйткені бүгінгі таңда пластмасса және резеңке бұйымдарының өндірушілер импорттық шикізатты пайдаланады, ал бұл соңғы өнімнің қымбаттауына әкеліп соғады.
Сектордың түйінді проблемалары:
1) шикізаттың негізгі көлемін - өндірілген газды технологиялық мұқтаждыққа пайдалану (газды қыртысқа айдау, электр энергиясын өндіру);
2) мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру жөніндегі кәсіпорындардың төмен технологиялық деңгейі;
3) «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА инфрақұрылымының жеткіліксіз қаржыландырылуы;
4) тиісті біліктілігі бар кадрлардың жетіспеуі;
5) шетелдік білікті кадрларды тарту жөніндегі шектеу (квоталау, рұқсаттар беру);
6) шетел инвестицияларын тартуға кедергі болатын қаржы, жер қатынастары саласындағы, арнайы экономикалық аймақтар бойынша заңнаманың жетілдірілмеуі.
______________
2Капиталдандыру бойынша деректер. Platts
Мақсаты: Қазақстанның қолда бар ресурстық әлеуетін іске асыру және қолайлы нарықтық конъюнктура есебінен мұнай-газ химиясын дамыту.
Нысаналы индикаторлар:
Бағдарламаны іске асыру 2012 жылғы деңгейге қарағанда 2019 жылы мынадай экономикалық көрсеткіштердің:
1) жалпы қосылған құнның нақты мәнде кемінде 19,1 есеге;
2) жұмыспен қамтудың 2,6 мың адамға;
3) еңбек өнімділігінің нақты мәнде 6 есе;
4) шикізаттық емес (өңделген) экспорттың құндық көлемінің кемінде 41 есе өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
18-кесте. Нысаналы индикаторлар
р/с №
|
Нысаналы көрсеткіштер
|
Өлшем бірлігі
|
2012 есеп
|
2013 меже
|
2012 ж. қатысты болжам
|
2012 ж. қарағанда 2019 ж., %
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
2019
|
1
|
Жалпы қосылған құн
|
%
|
100
|
95,2
|
102,1
|
110,8
|
110,6
|
447,5
|
1360,9
|
1909,7
|
19,1 есе
|
2
|
Жұмыспен қамтылғандардың саны
|
мың адам
|
1,2
|
2,0
|
2,0
|
2,0
|
2,5
|
3,0
|
3,4
|
3,8
|
2,6 мың адам
|
3
|
ЖҚҚ бойынша еңбек өнімділігі
|
%
|
100
|
56,1
|
60,2
|
65,4
|
52,4
|
175,7
|
471,8
|
600,8
|
6 есе
|
4
|
Шикізаттық емес (өңделген) экспорттың құндық көлемі
|
%
|
100
|
86,6
|
117,9
|
152,4
|
162,8
|
401,3
|
2712,5
|
4096,6
|
41 есе
|
Міндеттер:
1) бәсекелестік негізде базалық өнім өндіру бойынша жобаларды қажетті шикізатпен қамтамасыз ету;
2) шикізаттық емес тауарларды сату үшін нарықтарды кеңейту;
3) «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА аумағында инфрақұрылымды және қуаттарды дамытуды қаржылық қамтамасыз ету;
4) «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА аумағындағы жобаларды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету;
5) мұнай-газ химиясы өнімінің экспортын көліктік-логистикалық қамтамасыз ету;
6) мұнай-газ химиясы секторында біліктілігі жоғары қажетті кадрлармен қамтамасыз ету.
Қызметтің басым түрлері
Сала қызметінің басым түрлері 19-кестеде берілген.
19-кесте. - ЭҚЖЖ-4 бойынша басым қызмет түрлері
ЭҚЖЖ-4
|
ЭҚЖЖ атауы
|
20.14
|
Өзге де негізгі органикалық химиялық заттар өндірісі
|
20.16
|
Бастапқы нысандағы пластмассалар өндірісі
|
20.17
|
Бастапқы нысандағы синтетикалық каучук өндірісі
|
Достарыңызбен бөлісу: |