"ОҒЫЗ НАМЕ"
"Оғыз-наме" дастаны түркітілдесхалықтарғаортақкөнеескерткіштердіңеңқұндыларыныңбіріненсаналады.Көптеген зерттеуші ғалымдар1 атап көрсеткеніндей, XIII- X ғасырлар туындысы саналатын бүл шығарма Париждің ұлттық кітапханасында2 сақталып қалған бірден-бір қолжазба негізінде жарияланып, аударылып3, зерттеу объектісі болып келеді4. Оның ең алғаш орыс тіліне аударылып қалыңжүртшылыққа кеңінен танылуына академик Радловтың қосқан елеулі еңбегін ерекше бөліп атаған жөн3.
"Ұйғыр қолжазбасы" деп аталып кеткен бұл мұраны орыс зерттеушісі А.М.Щербак қайсыбір көне сөздердіңжазылуындағы кеткен жаңсақтықтарға қарап түпнұсқа емес,бір кездегі түпнүсқаның бірінші яки екінші көшірмесі болу керек деген пікір ұсынады. Ал, қолжазбаның үйғырша жазылу
¹Dr. Riza-Nour. Oughouz-name (Epopie turque). Alexandrie, 1928; Pelliot P.
Sur la legended'Uguz-K=an enecitureouigoure ("Toung pao"), 1930, vol. XXVII;
Щербак А.М. Огуз-наме, Мухаббат-наме. М., 1959.
²Paris, Bibliotheque Nationale,
Suppl, turc, 1001 (ФондШефера).
³Dietz. Der neuentdeckteoughuzisheCyklop. Halle und Berlin, 1815; Радлов
B.В. Факсимилиеуйгурскойрукописи. СПб., 1890; "Das Kutadku Bilik", Th/I;
К вопросу об уйгурах (приложение к LXXII тому записок Академии наук) СПб.,
1893, №2; Щербак А.М. Огуз-наме, Мухаббат-наме: (описание, перевод и
транскрипция). М., 1959.
⁴Bang W. Und Rachmati G.R/ Die Legende von Oghuz gaghan (Spaw. Phil-
Hist. K1. XXV. Berlin, 1932;
Корглы Х. Огузский героический эпос. М.,1976.
⁵К вопросу об уйгурах: Из предисловия к изданию Кудатку-Билика
B.В.Радлова (приложение к LXXII тому записок Академии наук). СПб., 1893,
№ 2. 21-28-б.б.
124
ерекшеліктерінсөзеткенде, оныңүйғыртілініңәдеби (жазба)нормаларынанайтарлықтайөзгешеліктері бар екенінайтып,бұған, еңалдымен, әйгіліАлтунЯрукшығармасыннегізетіпалады. Сондай-ақА.М.ЩербакП.Пелльоның Шеферқолжазбасы (үйғырқолжазбасы) еңалғаш 1300 жылдаршамасындаТурфандажазылған, ал, кейінгіорфографиялықтұрғыданөзгергентүрі (Хғ.)жергіліктіқырғыздартарапынанжасалғандегентұжырымынкелтіреотырса да, бұғанөзгерістеренгізгенжергіліктіқырғыздаремес, басқатүріктестесхалықтар (карлуктар) болса керек, өйткенімүнда "ж"дыбысынқолдануданбасқақырғызтілінежақындастыратынөзгебелгілержоқбдегенүзілді-кесілдітұжырымжасайды.П.Пельоның қолжазбаға жергілікті қырғыздардың қосқанүлесі туралы ойы белгілі шығыстанушы В.В.Бартольдтіңбұдан ертеректе айтқан пікірімен өз ара үштасып жатыр. B.В.Бартольд кезінде Н.А.Аристовтың "Түркі халқымен тайпаларының этникалық құрамы туралы жазбалар және олардың саны жөнінде мәлімет" деген кітабына жазған рецензиясында: "Аңыздың авторы (сөз "Оғыз- наме" қолжазбасы туралы) дәл үйғыр емес сияқты, қайта бір кездерде оғыздар ұзақ жылдар бойы тұрған қырғыз даласының тұрғыны" - деген еді. Мұның бәрі, сөз жоқ, бұл шығарманың тууы мен жазылуына (мейлі авторы ретінде болсын, мейлі кейінгі көшіріп жазушы ретінде болсын) Түркістан мен Сыр, Жетісу бойының яғни бүгінгі кең байтақ қазақ даласының түрғынын, дәлірек айтсақ, бүгінгі қазақ халқын құраған тайпалардың бірінен шыққан, аты-жөні белгісіз бір ғұламаның (революцияға дейінгі қазақтардың бірыңғай "қырғыз" делініп келгені мәлім) елеулі үлес қосқанын аңғартады. Осы жәйт аталған дастанның сөздікқоры мен дыбыстық (фонемдік) жүйесінен де, бейнелердің жасалу ерешеліктері мен стильдік, мазмүндық сипаттарынан да мол байқалады. Мүны біз кейінірек арнайы әңгімелейтінболамыз.
"Оғыз-наме" дастанында сипатталатын басты қаһарман - Оғыз туралы әр түста жазылған тарихи деректер аз емес. Осыорайда, ең алдымен, Әбілғазы Баһадүр ханның "Шежіре-и-түрк" атты еңбегін бөліп атау қажет. Мұнда Оғыз қағанныңтууы мен өсіп ер жетуінен бастап, оның ел басшысы болып Самарқан, Бұқара, Хорасан арқылы Иран, Сирия, Египетке жасаған жойқын жорықтары, 116 жыл жасаған өмірінің соңында үлкен той жасап, екі әйелінен туған алты баласына
⁶Щербак А.М. Огуз-наме, Мухаббат-наме. М., 1959, стр. 15-16, 102.
⁷Бартольд В.В. Записки Восточного Отделения Русского археологического
общества. Спб., т. XI, стр. 347.
125
жаулапалғанжерлері менесепсізбайлық-жиһаздарынмүрақылыпүлестіріпбөліпбергенікеңіненбаяндалады. ӘбілғазыБаһадүрханныңжоғарыдааталған осы еңбегіөзіненбұрынғыРашид-ад-Диннің "Жами-ат-тауарих" аттыкітабыменқатар, осы тақырыпқаарналғантағыбасқабір топ тарихиқолжазбалармен де ("Шейбани-наме") өзараүндескеліпотырады8.
Алайда қайсыбір зерттеулерде Әбілғазы шежіресі Рашид-ад- Диннің "Жами-ат-тауарих" атты еңбегінің тікелей көшірмесі деген пікір де бар (Риза Нұр). Бұл тұжырымның негізсіз екенін Әбілғазы шежіресіндегі мәліметтердің әлдеқайда кең, молдығы да, Әбілғазының өз еңбегіне "Жами-ат-тауарихтан" тыс Шыңғыс туралы он жеті тарихи жылнаманы қосымша дерек ретінде пайдаландым" деген сөзі де дәлелдей алады?.
Дастандағы басты кейіпкер Оғыз қаған туралы зерттеушілер осы күнге дейін әр түрлі керағар пікірлер айтып келді. Мәселен, Н.Я.Бичурин (Иакинф) Оғыздықытай жылнамасында айтылатын хундардың Шаньюя ханының мүрагер үлкен ұлы Модэмен10 байланыстыра алып қараса, И.Маркварт пен Д.Синор Оғыз қағанды Шыңғыс хан еді деген пікір айтады"1. В.В.Радлов Оғызды "ТарихиЖиһангушай Джувейнидегі" Бұқа Текінмен, Юань-Шидегі Бүқа ханмен бір кісі ретінде салыстырулар жасаса12, Риза Нұр оны жер жүзін алмақ болған Іскендір Зұлқарнайынмен (Александр Македонскиймен) егіз тұлға1 деп дәлелдсмек болады. Ал, Г.Н.Потанин Оғыз қаған бейнесінің эпикалықмәнін айта келіп, оны Ван Кирейскиймен және моңғол аңыздарындағы Ұқыр-Бам-ханымен, қырғыз (қазақ) эпосындағы Жәнібекпен ұштастырады14. А.М.Щербак Оғыз
Өзбек ССР Ғылым академиясының Шығыс қолжазбасының қоры, PN. 185-
1 ("Оғыз-наме"); PN.4347, ("Оғыз-наме").; "Шейбани-наме", алғы сөзін жазып
жариялаушы И.Березин. Қазан, 1849; Британ музейіндегі қолжазба. Оч. 3222;
Тарихи Рашиди, 157, N 39 және 814.
⁹Щербак А.М. Огуз-наме, Мухаббат-наме. М., 1959, стр. i8.
¹⁰Бичурин Н.Я. (Иакинф). Собрания сведений о народах, обитавших в Средней
Азии в древние времена. М.-Л., 1950, т.1, стр. 46-47
¹¹Marguart J. Uher das Volkstum der Komanen. Berlin, 1914; Sinor D. Oguz Kagan
destaniuzerindebazimulahazarlar ("Turk diliveedebyatidergisi"), 1950. Cilt IV,2-p.
¹²Радлов В.В. К вопросу об уйгурах: Из предисловия к изданию Кудатку-Билика
В.В.Радлова (приложение к LXXII тому записок Академии наук). СПб., 1893, №
2.стр. 57-59.
¹³Dr. Riza-Nour. Oughouz-name (Epopieturque). Alexandrie, 1928.
¹⁴Потанин Г.Н. Восточные мотивы в средневековом европейском эпосе. Москва, 1899. стр. 596.
126
қағанды да, дастандааталатынҰрымқаған, Масарқаған,Ұрысбек, Қыпшақ-бек,Қаһарлық-бек, Калач, Қаңғалұқ,Сақлабтәріздікісілерді дебелгілібіртарихитұлғалардыңнақөзіемес, соларғанегізделгенәдебибейнелердегентұжырымғакеледі. Ол өзініңжоғарыдааталғанеңбегінде:"Оғызқағанбейнесініңпрототипібелгілібіртарихитұлғаедідеуоншасендіреалмайды, өйткенібұлэпикалықтуындыныңтабиғатына сай келмейді. Эпостанақтытарихитүлғалар мен образдардыңсолкүйіндежасалуымүмкінемес,сондықтанОғызқағандыәлгіайтылғанМодэмен, АлександрМакедонскиймен, Шыңғысханменбіртұлғадепайтудыңреті жок"15 - дейді. Бүлөтеорындыайтылғанпікір, біз деөззерттеуіміздіосығанқарайқұрып, бұлардыжинақталғанәдебибейнеретіндеқарастыратынболамыз.
Енді "Оғыз" сөзінің арғы түп төркіні жайына оралсақ, бүлтуралы әр түста әр түрлі пікірлер айтылып келген. П.Пельо "уыз"мен И.Н.Березин мүның түпкі этнонимі "уғыз" - деген сөзден шыққан десе, ал, Л.Лигети бұған қарама-қарсы мынадай бір болжам үсынады. Ол алғашқы "Оқ" түбірі - кәдімгі садақтың "оғы" деген үғымды білдірсе, "уз" – көптік мағынаны көрсететін жүрнақ деген пікір айтады. Бұл ойды Ю.Немет те қолдайды. Алайда бұған қарсы топтың өкілдері"Оғыз" сөзінің арғы тегі тотемдік "өгізден" шыққан деп жорамалдайды16. Біздіңше, осының алдыңғысы дұрыс сияқты. Олай деуіміздің себебі: біріншіден, түпнұсқада "уыз" да оғыз, Оғыз хан да "оғыз" деп бір түрде жазылады. Демек, ол екеуі кейін ұғым жағынан бөлінсе де, әуелі баста бір сөзден шыққан. Екіншіден, анасының "уыз" сүтінен соң ембегенбаланың алғашқы түста "Уыз бала", кейін "Уыз қаған" (яки Оғыз қаған) аталып кетуі де ықтимал.
"Оғыз-наме" дастанында оқиғалар жүйесін шартты түрде: қиял-ғажайып және реалистік сипатты деп екіге бөлуге болар еді. Біріншісі, ең алдымен, сондағы басты кейіпкерОғыз қағанның тууы мен өсіп ер жетуіне байланысты нақты көрініс табады. Мүнда әйгілі Оғыздың тууының өзін елденерек сиқырлы, артық қасиеттерге бөлеп, оны көктен түскен күн сәулелі жарық нұрдан пайда болды деп сипаттайды. Баланың ерекше сипатты түр-тұлғасы мен іс-әрекеті де соған лайық: "Тағы күндерде бір күн Ай қағанның көзі жарқ етіп (ашылып), ер бала туды. Осы ұлдың өңі-шырайы көк еді, аузыоттай қызыл еді, көздері қызғылт, шаштары, қастары қара еді. Нұрлы періштелерден көріктірек еді. Осы ұл анасының¹⁵Щербак А.М. Огуз-наме, Мухаббат-наме. М., 1959. стр. 93.
¹⁶Кононов А.Н. Родословная туркмен. Сочинение Абул-гази хана
Хивинского. М.-Л., 1958. стр. 89.
127
көкірегіненуызынтатыпкөріп, оданкейінембеді: шикіет,ас, шарап сұрады. Тілгекелебастады. Қырықкүнненсоңөсті, жүрді, ойнады. Аяғыөгіздіңаяғындай, белібөрініңбеліндей, жауырыныбұлғынныңжауырынындай, кеудесіаюдыңкеудесіндейеді. Түлабойынтүгелқалыңтүкбасқанеді. Жылқыбағып, атқамініп, аңаулапжүруші еді"17.
Мұнда баланың айрықша қасиетті нұрдан жаратылу сәтіне орай әкесінің кім екені әдейі айтылмаған. Әбілғазы Баһадүр ханның жоғарыда аталған шежіресінде бұл оқиға тіптен басқаша. Моңғолдың (Әбілғазының көрсетуінше "моңғол" сөзінің мәні: "мұң, үл" - "қайғылы үл" деген түрік сөзі) төрт ұлының ең үлкені - Қараханның үлкен әйелінен Оғыз хан туады. Айдай, күндей сұлу бала ана сүтін үш күн еміп, анасына мүсылман дінін қабылдасаң ғана емемін деп емес деп түрмыс құрмайды,шарт қояды. Бір жылдан кейін жүрт оған ат қоюға жиналғанда, ол менің атым "Оғыз" деп жария етеді. Әкесі құда түсіп алып берген қыздармен мұсылман алайда сол дінді қабылдауға келісім берген кейінгі бір айттырылған сұлу қызға үйленеді. Мұны естіген әкесі Оғыздыөлтірмек болады. Қарахан мен Оғыз соғысып, баласы жеңіп, әкесінің орнына хан болады18. Әрине, осында айтылғандай ислам дінінің әсері "Оғыз-наме" дастанынан айқын байқала қоймайды. Қайта мүнда Оғыздың исламнан гөрі шаман дініне бір табан жақын тұрғанын көреміз. Оның ел-жұртқа қауіп төндірген мүйізтұмсықты өлтіргеннен кейін, жаны жай тауып, кеш түсер алдында тәңіріге жалбарынатын бір елеулі сәті бар ("Оғыз қаған бір жерде тәңіріге жалбарынды"). Бұл - бертінгі ислам дінінің ықпалы артып әбден орныққан кезде де, "көк" "тәңірі" сөздерінің "Алла" үғымымен жарыса, қатар қолданылып келгенін аңғартса керек. Осыған орай Шоқан Уәлиханов кезінде: "Аспан-Көк не істеймін десе де ерікті, жарылқайтын да, жазғыратын да сол. Адамның, халықтардың жақсы-жаман болуы соның еркіне байланысты. Тәңірі жарылқасын, көк соққан, көк соққыр деген сөздер шаман дінінен шыққандығы аңғарылады… Мұсылмандар тәңірі деген сөзді сонау Шыңғыс ханның тұсында "Алла" деп аударған, бүл сөз шаман дінінде аса қүдіретті күш деген идеяға жақын"18, - деп жазған еді. Бұған қарағанда "Оғыз-
⁷Үзінді "Оғыз-наме" дастанының қазақша аудармасынан алынды.
Аударғандар: Ә.Дербісолин, Ө.Күмісбаев, М.Жармұхамедов. Бұдан былайкелтіретін үзінді "қазақша аудармадан" деп беріледі.
¹⁸История Абул-Гази: Библиотека восточных историков, издаваемая
И.Березиным, проф. Казанского университета. Казань, 1854 (перевод
Г.Саблукова), т.3, часть первая. стр. 13-14.
¹⁹Уәлиханов Ш. Мақалалары мен хаттары Алматы, 1949. 29-б.
128
наме" дастаны ислам дінінедейінгікөккетабынутұсындатуғантымәрідегікөнеаңыздарнегізіндежазылса керек. Ал,біздіңэпикалықжырларымыздағыосығанұқсассарындармен ортақжәйттеркейінгі ислам дінініңәсеріненкөпөзгерістергеүшырап, өзгешемәнгеиеболыпотырған.
"Оғыз қаған" дастанын қазақша аударып, арнайы зерттеген ғалымдардың бірі тілші Қ.Өмірәлиев еді. Ол 1985 жылы бұл туындыны қазақ тіліне аударып жарияласа (III- XII ғасырлардағы көне түркі әдеби ескерткіштері), 1988 жылы "Оғыз қаған" эпосының тілі" атты монографиялық зерттеу жазды. Бұл еңбекте Қ.Өмірәлиев аталған аңыз түрік халқына тән аңыз-әңгімелердің бізге келіп жеткен ең ежелгі, ең көне үлгісі екеніне назар аударады. Дастанның тілдік және жариялану мерзіміне қарап, оны бірыңғай XIII ғасыр мүрасы деуге болмайтынын, қайта ол 1-III ғасырлардатүпкілікті жасалған әдеби мүра деген ғылыми пікір ұсынады. Сондай-ак, автор эпос сипатты аңыз-әңгіме осы Оғызқағанның әрекетіне немесе ежелгі хундардың қағаны Модэ әрекетіне құрылуын ескеріп, "Оғыз қаған" дастаны тарихи негізі бар фольклорлық шығарма деген қорытындыға келеді. Қ.Өмірәлиев бұл ғылыми тұжырымдарына III ғасырда"Күлтегін" ескерткіші мен "Алып Ер Тоңа" жырының, сәл кейінірек (X-XI ғасырларда) қырғыздың "Манас" эпосының, сондай-ақ "Құтадғу біліг" дастанының дүниеге келуін дәлел ретінде келтіреді. Аталған зерттеу екі бөлім, бестараудан түрады, осыған орай "Оғыз қаған" эпосына негіз болған аңыз, әңгімелер мен оның жанры, грамматикалық құрылысы, баяндау жүйесі, транскрипциясы, дастанның сөздігі жеке-жеке қарастырылады. Осындай ерекшеліктеріменбұл монографиялық еңбекті тіл және әдебиеттану ғылымынаелеулі үлес болып қосылды деп айта аламыз.
Келесі бір назар аударарлық зерттеу ТынысбекҚоңыратбаевтың "Оғызнама аңызының нүсқалары" деп аталады. Мұнда ол осы дастанға арналған Еуропажәне орыс зерттеушілерінен тыс, қазақ ғалымдарынан Ә.Қоңыратбаев, Х.Сүйіншәлиев, М.Дүйсенов, Ә.Дербісәлин, М.Жармұхамедұлы, Ө.Күмісбаев, М.Жолдасбеков, H.Келімбетов еңбектеріне талдау жасайды. Сондай-ақ,автор бұрынғы В.В.Радлов пікіріндегі Оғыз хан мен Бұқа ханды бір адам деп көрсеткеніне назар аудара отырып, бұған қарсы жырдағы Оғыз жорықтарын I-III ғасырлардағы Түрік қағанаты кезеңінен, атап айтсақ, Қапаған, Могилан, Күлтегін оқиғаларынан алынған болу керек деген профессор Ә.Қоңыратбаев пікірінің ғылыми ұстамдылығын ашып
129
дәлелдейді. Ғалым "Оғыз-нама" дастанының тілі туралы айта келіп, осыған байланысты үйғыр, өзбек, қазақ диалектілерінің "Оғыз-намадан" бастап өзіндік сипатпен дараланып айқындала түсті деген ойының дәлелді екеніне зер салады. Осы тұжырымдардың жиынтығы ретінде "Оғыз- наманың" аңыз, әңгімелерге құрылған әдеби туынды екеніне, онда қара сөзбен қатар, өлең жолдарының да ара-тұра кездесетінін атап көрсетіп, автор: "Соңғы кезде "Оғызама" аңызының прозамен қатар, 7-8 буындық поэзия (жыр) үлгісімен жазылғаны дәлелденіп отыр. Оны біз Ә.Дербісалин, М.Жармұхамедов, Ө.Күмісбаев еңбектерінен көреміз",-деп жазады. Мұнымен бірге Т.Қоңыратбаев аталған жырдың тіл мен әдебиетке қатынасын тереңірек ашып, оқу орындарында жүйелі түрде оқытудың міндеттеріне тоқталады.
Оғыздың туып ер жетуінде де батырға тән сипаттар мол. Ерекше тұлғалы, өр мінезді баланың қаршадайынан ерлікке, батырлыққа бейім болып туу жәйттері қазақ эпостарында да бар. Айталық, Қобыланды батыр туарда "әулиеге ат айтып,қорасанға қой айтып" тілегі қабыл болған ата-ананың жалғыз үлы алты жаста өз бетінше киік аулап атқа мінген кезде, оның зарпынан "таулар күйіп, тас жанған" болса, Қобыландының баласы Бөкенбайдың тууы, өсуі эпоста тіпті
айрықша сипатпен беріледі:
Келді Бөкен бір жасқа,
Бір жасына келгенде,
Оғын тартты жартасқа.
Келді Бөкен екіге
Жан қарамас бетіне.
Екіге келген баланың
Нан піскендей лебіне.
шкекелгенжас бала,
Қаратастыкөтерер
Естіген риза күшіне.
КелдіБөкентөртіне
Төртке бала келгенде,
Атшапсамдепойлайды,
Қызылбастыңкентіне.
Келді бала бесіне
Бескекелгенбаланың
Жаутүседіесіне.
КелдіБөкеналтыға
Алтығажеткенбаланың
130
Артықдейдіпайдасы -
Қыпшақтыңбүкілхалқына
Осындағы Бөкенбайдың дүниеге келуімен дастандағы Оғыз қағанның туу, өсу жәйттерінің ұқсас екендігін байқау қиын емес. "Оғыз-наме" дастанындағы: "Ай қағанның козужаріб бодаді, эркәк оғул тогғурді" - "Ай қағанның көзі жарқ етіп (ашылып), ер бала туды" - деген тіркес біздегі "көзі жарқ етіп ашылып ұл бала көрді" деген сөйлеу тілімізде бар, мәтел іспеттес болып кеткен көне үғыммен мағынасы дәлме- дәл түсіп отырады. Сондай-ақ, осындағыдай күн шүғылалықасиетті сәуледен маңдайы жарқ етіп ашылып ұл көру оқиғасы біздің эпикалық жырларымыздан да ұшырасады. Мәселен, әлгі "Қобыланды батыр" жырындағы Құртқаныңбосанып Бөкенбайдай батыр үл табуын ақын:
Сүлу Құртқа толғатты,
Ер толғағы тым қатты.
Ұйқы көрмей түн қатты.
Ел ішінде Құртқажан
Адамнанозғансымбатты.
Сол уақыттарболғанда,
Төбесіжергетарсетті,
Маңдайыкүнгежарқетті,
Қырықбірқатынжиылған,
Көтеріпалыпбаланы
Қүндаққаорапалады,
Талпынғандажас бала
Қүндағы дал-дүлболады , -
деп суреттейді. Сырттайқарағандаелеусіздеукөрінетіносы бірсипаттаманыңөзікөнеэпикалықжырларымыздыңертеденөз ара егізболуменқатар, бұлардағытүрі, суреттелутәсіліұқсасжәйіттердіңмолдығын да танытса керек.
"Оғыз-наме" дастанындағы Оғыздың айрықша қасиет дарып тууына көктен түскен киелі нұр сәулесі себеп болса, ең алдымен, қазақ эпостарында, сондай-ақ Орта Азия халықтарының батырлық дастандарында бұл міндетті әулие- әнбиелер: Ғайып Ерен, қырық шілтен, Бабай Түкті Шашты Әзиздер атқарады. Тіпті қартайғанша бала көрмей зар шеккената мен анаға аян беруші әулие-әнбиелер шарапатынан тыс,
²⁰Батырлар жыры. Алматы, 1963, 1-том. 188-б.²¹Сонда, 187-188 -б.б.
131
болашақ алып тұлғалы батырдың тууына аяулы ананың аю, қабыланның етіне, жолбарыстың жүрегіне жерік болуының да мәні айрықша. Айталық, түсінде аян берген әулиенің шарапатынан кейін дүниеге келген Алпамыстың қасиеттері ақын сипаттауынша мынадай:
Жарылқадыжаратқан,
Ей, бишара, көзіңдіаш!
ҰлыңныңатыАлпамыс…
Атсамылтықөтпейді,
Шапсақылышкеспейді,
Қалмақтарменболарқас.
Түрегел де қолыңжай
Боладыөзіөміріжас
"Атса мылтық өтпейтін, шапса қылыш кеспейтін, өзі мәңгілік жас болып көрінетін" батырдың атын "Алпамыс" деп сол аян берген әулие Шашты Әзиз қойса, Оғыз қаған бір жасқа келгенде, өз атын өзі қояды. Мұнда да ерекшежаратылған құдіреті мол қасиетттің бір-біріне астасып жатқан белгі-сипаттарын көру қиын емес. Немесе "нұрлыперіштелерден көріктірек" деп жырланатын Оғыз қағанғабіздегі ай сәулелі Алпамыс батыр да егіздің сыңарындай ұқсас. Ақын қалың жаумен бір өзі соғысқалы тұрғанАлпамыс батырдың жарқын тұлғасын:
Сол уақытта Алпамыс
Шүбар атпен тыныстап,
Тұр еді келіп кідіріп,
Туған айдай жалтырап,
Көзіне қалды көрініп.
Батырды көріп Гүлбаршын
Тұра алмады керіліп, -
деп үндес те асқақ бейнелейді.
Батырдың осындай сыртқы түр-тұлғасы мен ерлік, іс- әрекеттерін жалғастыра еселеп, өрбіте баяндауды "Қорқыт ата" кітабынан да кездестіреміз. Айталық, сондағы "Бамсы Байрек, Бай-Бөріұлы туралы жырда" батырдың жастық шағын: "Сол кезде Бай-Бөрі баласы бес жасқа толды. Бесжастансоңонғакелді, оннанкейін он бес жастытолтырды.
²² Батырлар жыры. Алматы, 1963, 1-том, 231-б.²³Сонда, 253-б.
132
Ол қаршығаны топшысымен соққан бүркіттей әсем де алғыр, өжет жігіт болды. Ол кезде бас кесіп, қан төкпей балаға ат берілмейтін еді"24, - деп баяндайды. Бұлардан көнедәуірлерде балаға ат қою дәстүрінің қазіргіден тіпті басқаша
болғанын көреміз.
Эпикалық жырларда батырдың портреттік кейіптемелерін берудің мәні ерекше. Бұл - "Оғыз-наме" дастанына да тән. Мүнда: "Өңі-шырайы көк, аузы оттай қызыл еді, көздері қызғылт, шаштары, қастары қара еді" дей келіп, "аяғы өгіздің аяғындай, белі бөрінің беліндей, жауырыны бұлғынның жауырынындай, кеудесі аюдың кеудесіндей, тұла бойын түгел қалың түк басқан" деген сипаттама бар. Әсіресе, өгіздің сомдап соғылған алып тұлғасына балауда да үлкен мән бар сияқты. Өгіз бен бұқа бізде қашанда сарқылмас алып күштің бейнесіндей болып кеткен. Айталық, "Қамбар батыр" жырындағы қалмақтың ханы Қараманның дүлей қара күштің иесі екенін ақын:
Мүйізі ұзын боз бұқа
Пәйі келіп аңқытып,
Пәлегінді езеді.
Артына қарап бұрылып,
Айдайын десең сүзеді25, -
деп жырлау арқылы әдемі аңғарта алған. Ал, енді "Алпамыс батыр" жырындағы Алпамыстың зынданнан босанып шығып, еліне аш қасқырдай түре тигенін естіген Тайшықтың ашу шақырып, қаһарына мінгендегі кейпін ақын мынадай үтымды жолдармен тап басып:
Көзінің жасын ағызып,
Жағасын дал-дал жұлды енді.
Өгіздей-ақ өкіріп,
Өзін тақтан ұрды енді26, -
дейді. Мүның бәрі, сөз жоқ, авторлық мақсат пен бейненің түпкі байлам-шешіміне елеулі қызмет етіп, өзара үндесіп, астасып тұр.
«Оғыз-наме"дастаныменбіздіңжырларымыздағы басты қаһармандардыңэпикалық
Портреттік
²⁴Дәдә Горгуд. Бакы, 1950, 43-б.
²⁵Батырлар жыры. Алматы, 1963, 1-том, 436-б.
²⁶Сонда, 296-297 -б.б.
133
кейіптеулерінде де көптегеніштейұқсастықтар бар. Мәселен,жоғарыдакелтірілген "белібөрініңбеліндей, жауырыныбұлғынныңжауырынындай,кеудесіаюдыңкеудесіндей" депсипатталатынОғызқағанныңалыпбейнесібіздің "Дотанбатыр" жырындағыасқанкүшиесі - Дотанныңзортүлғасынескетүсіреді:
Келе жатырбір бала
Қасқырбеттісұр бала.
Арыстандайжүректі,
Жолбарыстайбілекті,
Он сегізжасарқу бала.
Жауырынықақпақтай,
Қайғымененаһұрып,
Көзініңжасыкөл бала27.
Немесе "Қарабек батыр" жырындағыҚарабектіңкескін-келбетінбейнелейтінмынабірүзіндіден де Оғызтұлғасынаастасқанүндестіктіайқынаңғарамыз:
Келбетінеқарасам,
Оқжыландайтүсі бар.
Оңқолынақарасам,
Мыңкісініңкүші бар…
Кеудесінеқарасам,
Құдайбергенкүші бар.
Топалаңтигенқойдайын
Қыратұғынісі бар…
Көзінесоныңқарасам,
Қауданғатигенөрттейін
Жалындайжанғаноты бар28.
"Оғыз-наме" дастанындағыОғызғаатқоюоқиғасы дакөнедәстүрдіңкейбірқырларынашатүскендей. Бұрынғыдәуірлердебалағаатқоюесейіп ер жеткенненкейін, оныңөзбасыныңжекеқасиеттері менерлікістерінеқарайқойылатынболған. Мәселен, Оғызбіржасқатолғанда ел-жұртыоғанлайықтыатқоюғажиналғанда, олөзатынөзіқойғанболса,қырғыздың "Манас" аттыжырындаелеуліерліккөрсетеқоймағанжас бала он төртжасқадейін "Манас" дегеншынатыменаталмайоған "Дәужынды" дегенлақапаттаңылып
²⁷Батырлар жыры. Алматы, 1961, 2-том, 165-б.
²⁸Сонда, 90-91-б.б.
134
келгенінкөреміз. Сондағы Манас өзініңсомдапсоғылғансырт пішіні мен елденереккүш-қайратыжағынанәлігіайтылғанОғызқағандыескетүсіреді:
Көкірегікең, шалқақтос,
Жауырыныкең, бекем бел.
Айбаты басым, зәрікүш
Пілмүшелікөрінед.
Жолбарысмойын, сом білек,
Бөріқұлақ, ер жүрек
Бөлекшетүрі бар екен.
"Оғыз-намедегі" ендігі бір қиял-ғажайып сипатты оқиға Оғыздың үйленуіне байланысты көрініс тапқан. Алғаш үйленгенде ол "көктен түскен күннен де жарық, айданкөгілдірек, басында оттай жарқыраған алтын қазықтай меңібар" сұлу қыздан үш ұл көреді. Оның аттары көктен түскенкүн сәулелі шешесінің мекен-түрағын еске түсіретіндей Күн, Ай, Жұлдыз деп аталса, ал, екінші, ағаштың қабыршағынан кез болған "көзі көктен де көгірек, шашы өзеннің ағысындай, тісі аппақ інжудей" аса көрікті қыздан да үш үл туады. Мұның аттары да әлгі шешесінің шыққан мекеніне лайықКөк, Тау, Теңіз деп аталады.
Осындағы "үш" сөзінің түпкі этимологиялық мағынасында да белгілі бір сыр жатқан сияқты. Екі әйелінен ол артықта емес, кем де емес, саны бірдей үш-үштен үл көреді, үлкен әйелінің баласын жолы үлкен аға ("Боз оқ") деп алтын жақтың иесі - негізгі мұрагер санаса, кіші әйелінің ұлдарын жолы кіші іні деп ("ш ок"), сол садақтың күміс оғына балайды. Бұл мұрагерлік біздің қазақ тұрмысындағықалыпты көне дәстүрге де көп үқсас. Тіпті сондағы "үш"цифрының бізде де жиі қайталанатынын ескерсек ("үш күн, үш түн", "ер кезегі үшке дейін", "үш үлы болыпты", т.б.) бұл санның түркі тілдес халықтарда қашаннан-ақ киелі де сәтті сан саналып келгенін көреміз. Дәл осыны "жеті","қырық" саны туралы айтуға болар еді. "Оғыз-намеде",әсіресе, "қырық" цифры мейлінше жиі қайталанып отырады ("қырық сіре (стол)", "қырық сәкі", "қырық құлаш ағаш", т.б.), бүл жәйт оның "Қорқыт ата кітабымен" мазмүны жағынан тереңнен жалғасып жатқан өз ара тамырлас, үндестігін де аңғартса керек. Аталған "Қорқыт ата кітабында"бектердің үйленуіне орай "қырық күн, қырық түн тойлау",
²⁹Манас: Қырғыз халқының батырлық дастаны. Бірінші кітап (қазақша
аудармасы). Алматы, 1961. 48-б.
135
"қырық шатыр", "қырық жігіт", "қырық қыз", "қырық күң", "қырық жара", "қырық зұлым"30 тәрізді тіркестердің мейлінше жиі қайталанатынын көреміз. Сондай-ақ, мұнда "жеті" санына да ерекше мән беріледі31 ("жеті күн, жеті түн
жүрді", "күмбез жеті жерден жарылды", "жеті күн, жеті түн ішті, жеді", т.б.). Дәл осы ерешелік біздің жырларымызға тән ("жеті күн, жеті түн ойын", "қырық күн тойын", "қырық шілтен", "қырқынан шығару", т.б.). Мұның бәрі, сөз жоқ, бұл туындылардың алғашқы негіздерінің бірлігімен қатар, сол этникалық жағынан тектес халықтардың салт-сана, әдет- ғұрып, дүние танымындағы өз ара үқсас жәйттерді де ашып айқындай түссе керек.
Сондай-ақ, Оғыз қағанның балаларының үнемі қыз емес, бірыңғай ұл болып тууында да елеулі әлеуметтік мәнбар дер едік. Рас, аласапыран жорығы мол, қанды кекжаугершілік заманда дұшпанға тікелей қарсы тұрып, қолынанайза үстайтын ұлдың орны ерекше. Сондықтан мүны көне дәуірдің қалыпты салт-санасының тағы бір көрініс-куәсы деп айта аламыз.
Көктен түскен нүр сәулелі қызға үйлену жәйті біздіңэпикалық жырларымыздан нақты ұшыраса қоймаса да, бұл қайсыбір қиял-ғажайып ертегілерден ара-тұра бой көрсетіп отырады. Айталық, біздегі "Ұшар ханның баласы" аттыертегіде әкесі түсінде көріп, отыз жыл бойы іздеп таба алмаған перінің қызын баласы Жанды батыр көп қиындық шегіп әрең дегенде тауып алады. "Оғыз-наме" дастанындағы Оғыздың сәуле бейнесіндегі қызға үйленуін еске түсіретін осы оқиғааталған ертегіде: "Сонымен Жандыбатыр күндерде бір күн дарияның басына келіп шомылып жатса, су бетіне айнаның сәулесіндей бір жарық сәуле түседі. Анықтап қараса, баяғыәкесінің ұдайы отыз жыл қуып іздеген пері қызының суреті болып шықты. Әдейі осы қыз үшін әке-шешесінен безіп,неше жыл қиыншылық азапты бастан кешірген бала жаңағы сәулеге ұмтылып бас салады. Бір уақытта сәуле жоқ болыпбарып, судың шетіне түсті… Осындай ретпен неше рет жерге түскен сәулені ұстай алмай, бала ақыры судың шетіне келіп, 32 - деп баяндалады. ес-түсін білмей талықсып құлап жатты"32 Соңында сол сәуле бейнесіндегі алтын шашты пері қызына Жандыбатыр үйленіп, мұрат-мақсатына жетеді.
"Оғыз-наме" дастанындағы көктен түскен күн сәулесі
³⁰Дәдә Горгуд. Бакы, 1950, 24; 66; 99;114;118-б.б.
³¹Сонда, 28; 32; 94 б.б.
³²Қазақ ертегілері. Алматы, 1957, 1-том, 70-б.
136
мен Оғыз қағанды үнемі жеңіске бастайтын көк жал арлан бөрінің міндетін біздің эпикалық жырларымызда батырға қысылғанда жол көрсетіп дүрыс бағыт сілтейтін, өлім қаупі төнгенде, жау оғын қағып бойына дарытпайтын ақ сәлделі, ақ сақалды қырық шілтен, көріпкел әулиелер атқарып отырады. Тіпті "Алпамыс батыр" жырындағы мына бір көрініс – сол қасиетті көкжал бөрінің іс-әрекетін жаңа бір қырынан ашып қайталайтын сияқты. "Атса оқ, шапса қылыш өтпейтін"Алпамысты жау өлтіре алмаған соң, аштан шіріп өлсін деп қырық құлаш зынданға тастайды. Аштықтан өзегі талып,өлер халге жеткенде, бала зар қылып өзін қолдаушы Ғайып Ерен қырық шілтеннен тілек етіп жәрдем сұрайды. Олзынданға жарық сәуле кейпінде түскен бір мысық арқылыкүніне бір таба нан, өлмес қорек жіберіп тұрады. Бұл жәйтжырда:
Сол уақыттар болғанда,
Зынданға кірді бір жарық,
Раушан болып күндіздей,
Атқандай болды тас жарып.
Мысалы гауһар шам-шырақ
Қарадыбала аңғарып,
"Тілектіаллаберді", - деп,
"Бабаларымкелді", - деп,
Тәуеттібарыпайналып.
Сол уақыттабірмысық
Келдіжетіпжүгіріп,
Біртабапіскеннандыалып…
Нешекүнжатқанаш бала
Мысықтанжедінандыалып…
Мысықтыжұмсапотырған
ҒайыпЕренқырықшілтен
Баланы сүйепқолға алып33, -
депсипатталады.
Ендігі бір назар аударатын мәселе: дастандағы күн нұрымен келіп, Оғыз қағанды жеңістен жеңіске бастайтын көк бурыл, көк жал бөрі туралы. Оғыз қаған өзіне бағынбаған елдерге қарсы жорыққа аттанар алдында қарамағындағы бектері мен ел-жұртына: "Мен сендерге болдым қаған, Алыңдар жақ пен қалқан, Таңба бізге болсын береке. Көк бөрі болсын үран"³⁴,
³³Батырлар жыры. Алматы, 1963, 1-том, 281-282 -б.б.
³⁴Аталған аудармадан.
137
деп жұртқа жарлық таратады. Осындағы "Көк бөрі болсын ұран" деген тіркесте үлкен мән бары байқалады. Өйткені мұндағы ұран дәрежесіне дейін көтерілген сол Көк бөрі тым әрідегі көне дәуірлерден бері қарай көптеген түркі тілдес халықтарда аса қадір тұтылып табынатын киелі де қасиетті аң саналып келген. Сол себепті бір топ генеологиялық аңыздарда түрік халқының арғы атасын әлгіндей қастерлі аң: ит пен қасқырдан таралған деп баяндалатыны мәлім. Айталық, қырғыздар өздерін кең тараған аңызға орай сүлу ханша мен оның нөкері қырық қыздың қызыл итке жақындасуынан таралған ұрпақ деп санайды35. Н.Я.Бичурин (Иакинф) "Ұйғырдың шығу тегі" атты еңбегінде ұйғыр ханының асқан сұлу екі қызды адам баласына беруге қимай, тек көк тәңірісіне лайық деп санап, кісі аяғы жетпейтін қиянға сарай салдырып ұстағанын, сөйтіп, кіші қызы қасиетті кәрі қасқырмен жақындасып, содан тараған ұрпақтың жеке ел болғанын, олардың қасқырша ұлып, ұзақты күн ән салуды жақсы көретінін баяндайтын бір қызықты аңыз келтіреді36. Орыстың әйгілі шығыстанушы ғалымы И.Н.Березин "кончақ" деген атауды алғаш рет түріктің "қаншық" сөзінен шыққан деп тұжырым жасайды37.
X.Короғлы өзінің "Оғыздың батырлық эпостары" атты еңбегінде түрік-қыпшақ тайпаларында кеңінен тараған "Шыңғыс-наме" (XIII-XI ғ.) эпосын (бұл тақырыпта ұшырасатын қолжазбаның бәрі де СССР Ғылым академиясы, Шығыстану институтының Ленинград филиалы қорында сақтаулы. Инв. №В. 343, В.344, В.744) осы "Оғыз-наме"дастанымен салыстыра келіп, бұлардағы көптеген өзара ұқсастықтарды атап көрсетеді. Соның бастысы: осыдастандағы негізгі кейіпкер Шыңғыс хан да Оғыз қаған секілді күн сәулесі күйінде келіп, қасқыр бейнесінде кеткен нұрдан пайда болады. Сондай-ақ, Оғыз қағанды жорықтабастап отыратын көк бурыл, көк жал бөріге ұқсас қасиетті Көк бөрі "Шыңғыс-намеде" оның аға-інілерін тауда жатқан ақ боз атты, ақ киімді, алтын дулығалы, алтын қалқанды Шыңғысқа бастап алып келеді38. Сөйтіп, бұл шығармаларкөне дәуірлерге бой ұратын түркі тілдес халықтардыңтуыстығымен қатар, олардың байырғы фольклоры мен ескі
³⁵Валиханов Ч.Ч. Собр. Соч. в 5-томах. Алма-Ата, 1961, т.1. стр. 343.
³⁶Бичурин Н.Я. (Иакинф). Собрания сведений о народах, обитавших
Средней Азии в древние времена. М.-Л., 1950, т.1, стр. 214-215 .
³⁷Березин И.Н. Библиотека восточных историков… Казань, 1854,в т.3,стр. 27.³⁸Короглы Х. Огузский героический эпос. Москва, 1976. стр. 75-77.
138
аңыздардыңалғашқыбұлақ-бастауының да бірлігінаңғартсакерек.
Біздің эпикалық жырларымызда осы көк бурыл, Көк жал бөрі дәл жоғарыда айтылғандай көктен түскен күн сипатты болып келмесе де, мүның осыған ұқсас кейбір белгі- нышандарын көру қиын емес. Айталық, "Қобыланды батыр" жырының Нұрсейіт Битілеуов тапсырған нұсқасында:
Шеттен келген дұшпаннан
Ел аймағын сақтайтын,
Асыл нұрдан жаралған
Қыдырбай шалдың еркесі
Қара қыпшақ Қобыланды,
Балаңыздың аты бар3, -
деген жолдар кездеседі. Ал, эпикалық және лиро-эпикалық жырларымызда батырлар бейнесін беруде "нұр сәулетті, күн сипатты, атқан таңдай, сәуле шашты" сияқты сипаттамалар мейлінше жиі үшырасады. Осының бәрі арғы дәуірдегі үғым-түсініктердің әдебиетімізде сақталып қалған көне көріністері болуы ғажап емес. Мұның бұдан тыс кейбір қырлары, атап айтсақ, ертегілер мен эпостардағы сюжеттік желілер мен мотивтердің типтік бірлігі, сондай-ақ дастанның тарихи сипаты, тілдік ерекшеліктері туралы мәселелер соңғы жылдары жарық көрген мақалалар мен еңбектерде де арнайы қарастырылып сөз болады40.
Қазақ эпостарындағы бірыңғай теңеутүрінде қолданылатын көк жал бөрілер үнемі үнамды сипатта алынып, батырдың жалғыз өзі жауға тигендегі қайтпас қайсар өжеттігі мен жан кешті асқан ерлігін бейнелеу мақсатына қызмет етеді. Мәселен, "Қобыланды батыр" жырында дәл осы жәйт:
Жалғыз өзі батырдың
Жойып кетіп барады.
Қойға тиген қасқырдай
Сойып кетіп барады"1, -
деп берілсе, осында тағы бір топ батырлардың бірыңғай көкжал бөрі бейнесінде сипатталғанын көреміз ("Соңынан келіп үш көк жал", т.б.).
³⁹Кобыланды батыр: Казахский героический эпос. Москва, 1975, 401-б.
⁴⁰Қазақфольклорыныңтипологиясы. Алматы, 1981; Дүйсенов М. Оғыз-
наме // Қазақстанмектебі, 1982, N 9; Айдаров F., Құрышжанов Ә., Томанов
М. Көнетүркіжазбаескерткіштерініңтілі. Алматы, 1971.
⁴¹Батырлар жыры. Алматы, 1963, 1-том. 96-б.
139
Мұндайсурттемелеркейдеқанмайданғашыққанжаужақтыңбатырыныңқажыр-қайраттыбатырлығы менкөзсізерлігінкөрсетуге де кеңіненқолданылады. БірсоғыстаҚобыланды батыр ауыржараланыпқанмайдандажалғызқалғанда, өзінежәрдемгекелгенбаласыБөкенбайғақарсыласыШошайханныңосалжауемесекенінаңғартып:КөкшепкендіКөкбөрі -
Қызылбастан хан Шошай.
Менентуғанұлболсаң,
Бөкенбай, қалма артынан42! -
дейтіні бар. Мүнда да солкөкбөріерлік пен өжеттіліктің,қайтпасқайсарлықтыңбаламасыретіндеалынады.
Ал, енді "Ер Тарғын" жырындағы Тарғын батыр да осы дәстүрге орай жауға тигенде "Ай бетінен кіріп, Күн бетінен шығатын Көк бөрі" болып кейіптелсе, Қамбар батырдың ерлігі "жалақтаған аш бөрі" сипатында беріледі. Осы ерекшелік қырғыз жырларына да тән. Тіпті, қырғыздың әйгілі "Манасындағы" Манас батыр "қара шағыр қабыланы мен көсеу құйрық көк арыстаннан тыс, арқасында қара көк жалы бар, жолына нұр төгілген" бала:
Арқасында баланың
Қара көк жалы көрінді.
Қара шағыр қабыланы
Қапталында шабынды.
Көсеу құйрық көк арыстан
Оң жағында қабынды.
Нұр төгіліп жолына
Бәрі ойлаған баланың
Манас деп аты табылды43
Енді біздің ертегілеріміздегі қасқыр мен адам қарым- қатынасын бейнелеу эпостық жырлардағыдан гөрі тіпті басқашалау құрылған. Мұнда әңгімеленетін әр алуан қасқырлардың бәрі дерлік басты кейіпкерлермен достық байланыс жасап, онымен адамша тілдесу арқылы қаһарманның сан қилы қиыншылықтарды жеңіп, мұрат-мақсатына жетуіне көмектеседі. Осы жағынан алғандаертегідегі бөрілер эпостардағы бөрілерден гөрі "Оғыз-
⁴²Сонда, 202-б.
⁴³Манас: Қырғыз халқының батырлық дастаны. Бірінші кітап (қазақша
аудармасы). Алматы, 1961, 49-б.
140
намедегі" бөріге бір табан жақын деуге болады. Мәселен, "Елеместің көргендері"4 атты ертегідегі бір көк жал қасқыр Елемеспен айрылмастай дос болып, ол қапыда опат болғанда, өлген кісіні тірлітетін шөп таптыртып, сол арқылы қатарға қосып, досын мұрат-мақсатына жеткізеді. Ал, "Қасқырдың жасаған қамқорлығы"45 деген ертегіде Сақты деген жігіт үйінен алтын құсты іздеп шығып, жолда астындағы жалғыз атын қасқыр жеп қояды. Айдалада жаяу қалған жолаушығаәлгі қасқырдың рахымы түсіп, оны өзінің үстіне мінгізіп, алтын құсы бар үйге келеді. Қасқыр алтын құсты алудың жолдарын алдын-ала үйретсе де, ол шартты Сақты орындай алмай қолға түсіп қалады. й иесіне басқа елден бір күміс жал, алтын қүйрық ат әкеліп беруге уәде береді, бірақ бұл жолы қасқыр айтқан шартты бұзып, үй иесіне басқа жерден бір сүлу қыз әкеліп беруге уәде байласады. Ақыры бұл жауапты іске қасқырдың өзі араласып, айтылған сұлу қызды алып шығады да, баяғы үй иесіне бөрінің кеңесімен қыз орнына қыз кейпіне түскен қасқырды беріп, ондағы күміс жал, алтын қүйрық атты алып, келесі үйден ат беріп, алтын құсты алып, сұлу қызға үйленеді, аман-есен еліне келіп мұратынажетеді. Келесі бір "Жігіт пен өнерлі қыз"46 атты ертегіде бірбайдың баласы ту биесін жеп кеткен қасқырды қуып жетіп өлтірмекші болғанда, ол "өлтірме, қарындасымды берейін" деп жалынады, ақыры жігітті үйіне әкеліп, қасқыр кейпіндегі асқан сұлу қарындасына қосады.
Осында аталған әр алуан қасқырлардың "Оғыз- наме" дастанындағы көк бурыл, Көк жал бөріге көптеген ұқсастықтары бар. Ең алдымен, бұлар да дастандағы Көк бөрі сияқты басты кейіпкерлермен адамша сөйлесіп, алдын болжағыш білгір, көреген де алғыр, тапқырлық қасиеттерімен дараланып көзге түседі. Бұдан тыс олар қаһарманды үнемі даңқ-дәрежелі жеңіске, шексіз байлық, бақытқа бастап отырады. Осы тұрғыдан алғанда бүлар өзінің алғашқы, көне киелі сипаттарынан бірден қол үзіп, үзілді-кесілді арыла қоймаған тәрізді. Бастықаһармандыбақытжолынабастау "Қорқытатакітабында" да бар. Айталық, жорықтаноралыпкележатқанҚазан хан арттақалған ел жағдайынбілуүшін, жолдақарсыұшырасқанбірқасқырданжөнсұрайды. Мүндаол,бірқызығы, солқасқырдыңнебірсуықаққар, көкмүздыаяздарда да, небірқатерлі де қауіптікүндер мен түндерде де
⁴⁴Қазақертегілері. Алматы, 1964, 3-том, 108-б.
⁴⁵Казақертегілері. Алматы, 1957, 1-том, 174-180 -б.б
⁴⁶Сонда, 96-107-б.б.
141
қайтпайтынқайсартабандылығын, күзеттегімалшы мен малатаулыға, сондағысаққұлақитбіткенгеқырғидайтиетінерлікөжеттігінасқақүнменпашетесөйлейді4. Мүныңбәрін,сөзжоқ, жоғарыдаайтылғанпікіріміздіңжаңабірайғағы дейаламыз.
Сонымен ойымызды қорыта айтсақ, әдебиетіміздегі көкжал бөрі бейнесі әрідегі көне замандардан бері қарай эпостар мен ертегілерде өзінің көптеген қасиетті сипаттарымен дараланып келген. Әсіресе, эпикалық жырларда батырдыңөжет-қайсарлығы мен жанқиярлық ерлігін көк жал бөріге балау қалыпты дәстүрге айналған. Көктен түскен нүрбейнесіндегі қасқырларға бертін келе діни түсініктер менұғымдардың әсерінен жаңа міндеттер жүктеліп отырған. Бұрын қаһарманға жол көрсетіп, бағыт сілтейтін көктентүскен нұр сәулесінің қызметін енді ислам дінінің Ғайып Ерен, қырық шілтен, әулиеәмбиелері атқаратын болады.Ал, ертегілерде сол көне сипаттың кейбір белгі-нышандары өзгеріссіз, қаз-қалпында сақталып қалған. Мұнда көнедәстүрге сәйкес адамша сөйлеп, оған беріле қызмет ететін ақылды да білгір, айлалы да көреген көк жал бөрілер бірыңғай жағымды тұлға болып сипатталады. Бұл - ертегілердегі салт-сана, ұғым-түсініктердің әріден келе жатқан байырғы көнелік мәнін де ашып аңғартса керек.
"Оғыз-наме" дастанындағы реалистік сипатта баяндалған оқиғалардан, ең алдымен, Оғыздың алғашқы көзге түскен айрықша ерлігін бөліп атауға болар еді. Біздің эпикалықжырларымызда батырдың бірінші ерлігі өзіне лайық асылжар таңдау жолында көрінетін болса, бұл аталған дастанда Оғыз ел-жұрттың өміріне қауіп төндірген Мүйізтүмсықты өлтіруге орай оқшауланып көзге түседі. Ол мал мен адамдыжеп дәнігіп, жұрт тыныштығын кетірген Мүйізтүмсыққақарсы әуелі айла қолданып (бірде бұғы, бірде аюды ағашқа байлап жем етіп), бетпе-бет кездесуге мүмкіндік алады да, халықты қан қақсатқан Мүйізтүмсықты жекпе-жек үстінде қапысыз жеңіп өлтіреді. Осы бір жәйт біздің ертегілеріміздегіелден адам салығын алатын жалмауыз айдаһармен сүйікті қызы үшін күреске шыққан батыр жігіттің ерлік істерін еске түсіреді.
Оғыз қағанның жорық үстінде өз қарамағындағы бектерге, олардың ерлік істері мен алғырлық-тапқырлығына, он қолынан өнері тамған шеберлігіне, тіпті сыртқы кескін- келбетіне қарай ат қою дәстүрі де тартымды баяндалады.
⁴⁷Дәдә Горгуд. Бакы, 1950, 52-б.
142
Айталық, ол бір қаланы жаудан қорғап сақтап қалғаны үшін, өзіне шын берілген бір ер жігітке "Сақтап" деп ат берсе, Еділ •(Итіл) өзенінен әскерін ағаштан сал жасап аман-есен өткізіп бергені үшін, Ұлық Орда деген бекке "Қыпшақ" деп ат қояды. Ал, Мүзтауға қашып кеткен сүйікті шұбар атты ерлік көрсетіп алып келген бір бекке үсті-басын ақ қырау сүңгі басқан сұсты түріне қарап "Қаһарлық" деп ат береді. Төбесі алтын, түндіктері күміс, есіктері темір үйді ашқан шеберге "Қалаш" ("қалып аш" деген сөзден шыққан) деп ат қойса, ал, соғыстан түскен есепсіз көп олжа, жиһаз-мүліктерді артатын арба ойлап тапқан шеберді "Қаңғалық" деп атайды (арба жүргенде "қаңға-қаңға" деп дыбыс шығарса керек). Рас, осыған ұқсас оқиғалар Әбілғазының "Шежіре-и-түрк" атты еңбегінде де әңгімеленеді, алайда Оғыздың мұндағы ат қою жәйттері дастандағыдан біршама өзгешелеу. Мәселен,балаға "Қыпшақ" деп ат қоюының ағаш жарығында дүниегекелуіне қарап берілсе, "Қалаш" деген ат тау ішінде әскерден қалып қойып, бөрі ұстаған құсты тартып жеп аштықтан аман қалған ерлі-зайыптыларға ("аш адам қал" деген сөз) қойылады. Ал, енді қолға түскен олжа-мүлікті артатынкөлік табылмағанда, тұңғыш рет арбаны ойлап тапқан кісіге "Қаңғалы" деген ат таңылады, осыдан барып Қаңлы елі тараған делінеді. Ендігі бір жорықта көктем шыға Оғыз ханәскерін санағанда, бір топ адам жоқ болып шығады, кейін олардың көліктері өліп, қарлы тау басында қалғандары анықталады. Оғыз хан бүларды "Қарлықтар" деп атайды да,Қарлық елі осыдан таралады*8. Әбілғазы шежіресі мен "Оғыз-наме" дастанын озара салыстырып қарасақ, "Қаңғалы" атын алған ел туралы дерек бүларда бір-бірін дәлме-дәл өзгеріссіз қайталайтын болса, ал, кісіге "Қыпшақ" атын беру екеуінде де, бір қызығы, ағашқа байланысты аталғанын көреміз. Тіпті,мұнда "Қалаш" атын қоюда бір-біріне сәйкес келмейтінқарама-қайшылық мағына бар, бірақ соған қарамастан екеуінің де шындыққа сыйымды екенін атап көрсеткен жөн.
"Оғыз-наме" дастанындағы басты кейіпкер Оғыз қағанның қасындағы әр алуан өнерлі кісілер: тұңғыш рет арба жасауды үйреткен Қаңғалы мен әскерді өзеннен өткізу үшін ағаштан сал жасаушы Қыпшақ, Мұзтаудан ханның атын ұстап әкелуші Қаһарлы, алтын шатырлы, күміс түндікті, темір есікті үйді кілт жасап ашатын шебер - Қалаш образдары біздің ертегілеріміз бен ("Күн астындағы Күнікей қыз",
⁴⁸История Абул-Гази: Библиотека восточных историков, издаваемая
И.Березиным, проф. Казанского университета. Казань, 1854 (перевод
Г.Саблукова), т.3, часть первая. стр. 17-20.
143
т.б.) кейбірэпикалықжырларымыздағы ("Дотан батыр",т.б.) бастықаһармандарғаөзбойындағытаңғажайыпөнерлеріменберілеқызметететінЖелаяқ, Тыңшы, Таусоғар,Көлүрттағышбейнелерінескетүсіреді. Рас, біздегі осыкейіпкерлердіңертегігетәнқиял-ғажайыптықсипаттары мол,дегенменбұлардыңбізжоғарыдаәңгімеленген "Оғыз-наме"дастанындағытұлғалармен(Қыпшақ, Қаңғалы, Қарлық, т.б.)әріденкележатқантамырлас, үндестігін де, ғасырларбойыбір-бірінежасағанигіықпал-әсерін де аңғаруқиынемес.
Алдымен атап өтерлік жай: негізінен қазақ халқынқұраған тайпалар өкілдерінің эпоста жеке адамдар бейнесінде көрінуінің өзі - бұл туындының бізге жат емес, жақындығының сырттай да белгісі. Ал, ру аттарымен аталатын бейнелердің нақты адам ретінде танылу, аталу жайларындағы әсірелеу, аңыз іздерін көне эпикалық дәстүрдің нәтижесі деп таныған жән.
Жоғарыда Әбілғазы шежіресіндегі деректер бойыншажорықта ағаш қабыршағында дүниеге келді делінетін Қыпшақ атты бала Оғыз қағанның өкіл баласы ретінде соның қолында тәрбиеленіп, кейін сенімді батыры, әйгілі қолбасшысына айналады. Дон, Еділ бойындағы халық Оғызға қарсы толқып наразылық білдіргенде, хан соларды күшпен басуға көп әскермен Қыпшақты жібереді. Қыпшақ бек наразылықты басқан соң, осы жерде ұзақ жылдар бойы билік құрып, кейін 4000 жылдай тәуелсіз өмір сүрген Дешті Қыпшақ мемлекетінің негізін салады. Сол қалың Қыпшақ елі осы баладан тараған үрпақ еді дейді Әбілғазы шежіресі. Сондай-ақ мүнда соғыстан түскен есепсіз олжа, мүлікті арту үшін арба ойлап тапқан Қаңғалы бектен Қаңлы деген рудың тарайтыны, оның 72 жыл жасаған өмірінде көптеген елдерді жаулап бағындырғаны да нақты баяндалады. Алайдасол Оғыз, Қыпшақ, Қаңлы, Қарлық, тағы басқа сол тектеселдердің арғы тарихы, этногенездік бірлік-туыстығы мәселесі осы күнге дейін ғылыми тұрғыдан кең де байыпты зерттеле қойған жоқ. Дегенмен бұл тұста соңғы кезде жарық көргенбелгілі тарихшы-ғалым Ә.Марғұланның "Қорқыт туралы жазбалар" атты мақаласын бөліп атауға болар еді. Мұнда Оғыз,Қыпшақ, Қаңлы, Қарлық руларының туыстығы солардыңәлеуметтік жол-жора, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріне (төрелік, заң, билік айту, ас-той жөнелту, құдалық, әмеңгерлік салты, үлкен бас қосуларда оң қол, сол қол болып бөліну, шүлен тарту, алтын қабақ ату, т.б.) орайлас ашылып, ұтымды түрде дәлелденеді. Ғалымның әйгілі Оғыз қағанның алты ұлынантараған ұрпақтардың 12 аймақ ел болып, бұлардан өрбіген
144
тайпалардың "Жүздіктер" деп аталғанын, қазақтағы үш жүздің шығуы да осы атқа байланысты екенін айта келіп: "Сырдария жағасын қоныстанған Оғыз, Қыпшақ арасында екі күшті тайпа жасаған. Оның біреуін - ш оқ, екіншісін
- Боз оқ деп атаған. Қазақтар өзінің арғы туысын ш оқ деп санайды. Қазақтың үш жүзге бөлінуі де осыдан шыққан"
- деген тұжырымын назар аударуға тұрарлықтай дей аламыз.
, Мұны "Оғыз-наме" дастанындағы әр алуан тотемдік көзқарастар мен шамандық ұғым-түсініктер де айқын дәлелдейді. Оғыз өз балаларына билік, мұра бөліп берер алдында ұлан асыр той жасап, оң жаққа қырық құлаш ағаш қадатады да, оның басына алтын әтеш орнаттырады, түбіне ақ қой байлаттырады. Бұл - оң қанаттағы Боз оқтардың биік дәрежесі мен шексіз билік сипатын аңғартады. Ал, сол жаққа да қырық құлаш қада орнатып, басына күміс әтеш бейнесін қондыртады да, түбіне қара қой байлаттырады. Бұл – сол қанаттағы ш оқтардың билік дәрежесінің оң қанаттағылардан біршама төмен екенін аңғартса керек. Осы арқылы мүнда да ақ түс пен қара түстің өмірден алатын орнына да айрықша мән берілген. Дәл осыған ұқсас көріністі "Қорқыт ата кітабынан" да кездестіреміз. Мәселен, Баюндүр хан жылына бір рет той жасағанда, ұлы, қызы жоқ бектер түскен үйге қара ту тіктіріп, қара текемет төсеттіреді де, қара қойдың етінен табақ тарттырады. Ал, ұлы барларға ақ ту тіккізсе, қызы барларға қызыл ту тіктіреді30. Осындай киелі ақ түс пен қайғылы қара түстің астарлы мәні бізге де түсінікті. Тіпті кейінгі қыпшақ руының құрамына кіретін қарақойлы, аққойлы деп аталатын тайпалар да бар. Бұлардың "Оғыз- наме" дастанындағы ақ қой мен қара қойды өзіне мәңгілік мұра еткен үрпақтарымен түбірі бір тектес болуы да ғажап емес. Ұлы жүз құрамына кіретін жалайыр руының да Түрікқағанатындағы байырғы Оғыз, Дұлу, Шүлігін тайпаларымен этнонимдік бірлігі сол жалайырлардағы Ақмарқа, Қарамарқа . деп аталатын кісі аттарының көне оғыздардағы "қара қойынлы", "ақ қойынлы" деген атаулармен тамыры бір негіздес, түбірлес екендігі де айтылып жүр. Мұныменқатар, қазақтағы жалайыр руының Түрік қағанаты мен Шу,Сырдария бойын жайлаған тайпалардың әрідегі одағынан шығуы да осы пікірдің дұрыстығын дәлелдесе керек51. Осыой-тұжырымды академик В.М.Жирмунскийдің"Оғыздың
⁴⁹Қазақ өдебиеті, 1982, 12 ноябрь. 15-бет.
⁵⁰Сонда, 15-б.
⁵¹ Валиханов Ч.Ч. Собр. Соч. в 5-томах. Алма-Ата, 1961, т.1. стр. 63
145
батырлық эпосы және "КітабиҚорқыт" аттыеңбегіндегі:"Селжук" мемлекетімоңғолшабуылынанкейін (1225-1258ж.ж.) біржолатақұлады. Ал, моңғолдардансоң ХI ғасырданбастапЗакавказия мен КішіАзиянымекендегенкөшпеліоғыз
тайпаларытүркмендердіңүлкентайпалықодағы мен "қарақойлы" ("қарақойынлы") және "аққойлы"("аққойынлы")бірлестігін құрайды"52, - дегенпікірі де нақтылайтүседі.
Осы сипат "Оғыз-наме" дастанының тіліне де қатысты. Мұнда бізге тән қыпшақ тілі диалектісінің ерекшелік белгілері де айқын аңғарылады. Осы орайда әдебиетзерттеушісі Ә.Қоңыратбаевтың : "Орхон жазуы аралас сөйлеутілінде көрінсе, "Оғыз-намеден" бастап ұйғыр, өзбек, қазақ диалектісі айқындала түседі. Осы себептен біз алғашқыжазбалар әуелі үйғыр, өзбек-қыпшақ диалектілеріндешығыста туған, соның басы "Оғыз-наме" болған дейміз"53 - деген пікірін орынды айтылған дер едік.
Мұндай көне бірлік, туыстықтың белгі-нышандарын дастанның тілдік қоры мен әр алуан көркемдік бейнелеу жүйесі де (теңеу, эпитет, метафора, т.б.), жалпы стильдік белгі-сипаттары да ашып дәлелдейді. Айталық, зат есімтүрінде келетін: "көз, өң, ауыз, шаш, қас, шырақ, киік, құс, аң, оқ, бұғы, белбеу, қылыш, қалқан, сұңқар, қараңғылық, жарық, қыз, Күн, Ай, Жүлдыз, қабыршақ, Көк, Тау, Теңіз, қымыз, шұбат, жарлық, той, таңба, таралғы, бөрі, ұран, орман, құлан, бөлік, дос, дүшпан, ел, елші, телім, жақұт, тас, сөз, Мұзтау, еркек, бөрі, Еділ, қайғы, су, қарындас, Сақтап, күміс, ата, бек, байлық, жарлық, құт, үрық, тәңрі, жігіт, ұлық Орда, Қыпшақ, ұлы, жел, ат, айғыр, Қаһарлы, үй, шебер, Темірлі Қағыл, Қалаш, Шүршіт, жер, жылқы, жүрт, Бармақты, Қаңғалы, нөкер, өлі, тірі, Береке, Ұлық түрк, аға, іні, кәрі, көңіл, қой, тауық" тәрізді атаулар бізше не дәлме- дәл келіп, не бірлі-жарым дыбыстық айырмашылықтарымен ғана дараланып отырады. Ал, "алды, берді, шапты, қойды,байлады, тіктірді, шақырды, түсті, кетті, таратты, шапты, басты, күлді, айтты, ат қойды, ұрысты, кірді, келтірді, көрді, көзден кешті, қашып кетті, жатты, аттады, болды, кесті, түсті, ұрды, аңға шықты" - сияқты іс-әрекет, қимылды білдіретін етістіктер тұлғалық жағынан да, мағыналық жағынан да бізден ешбір айырмасы жоқ. Тіпті осында жиі қайталанатын"күндерден бір күн, неше күндерден соң, кештерден соң,
⁵²Книга моего деда Коркута: Огузский героический эпос. М.-Л., 1962. стр.
136-137 .
⁵³Қоңыратбаев Ә. "Оғыз-наме" аңызыныңтегі мен тілі // Қазақстан
мектебі, 1983, N 7 74-бет.
146
мұнансоң, таңерте, біржерде, одансоң" тәріздімезгіл-уақыттыбілдіретінсөздер де біздіңертегілердегідәстүрлібаяндаужүйесіменбірдей. Сондай-ақ "төлбуазболды, жарықтүсті, елшіжұмсады, депдеді, ауызымабақпаса, той берді,аңғашықты, ілгерікетті, достұтармын, дұшпантұтармын"іспеттітіркестердіңөз ара үндес, түсініктілігі де ешбір даутуғызбаса керек. Бұлардантыс "қызыл, көк, ақ, қара, ұлы,көріктірек, алтындай, күндей, жақсы, жаман, алтын (төбе),күмістүндік, темір (есік), берік" секілді сын-сипаттыбілдіретінтеңеу, эпитеттердіңқызметінде де ешқандайөзгешелікбайқалақоймайды. Әсіресе, "аппақ, қап-қара, сіп-сіңгір, қып-қызыл" тәріздіөзгетүркітектестілдердесирекүшырасатынүстемемағыналы сын есімдердіңүшырасуынжоғарыдаайтылғанойдыңбірден-бірайқындәлелі дейаламыз.
Дастанда "көк" сөзі айрықша жиі қолданылып, бір-бірінен алшақ үш түрлі мәнге ие болып түр. Бірі – заттың сын-сипатын білдіретін кәдімгі эпитет түрінде берілсе ("өңі-шырайы көк еді", "көк жарық түсті", "жарық айдан көгілдірек", "көзі көктен көгірек", "көк бөрі", "көк жал арлан"), екіншісі, белгілі бір заттың не кісінің тікелей аты болып келеді. ("Көк - шатырымыз болсын", "Оқты көкке атыңдар", "Көк" - Оғыздың ұлының аты). Ал, үшіншісі, "жаратушы, әмірі күшті алла, "көк тәңірі" мағынасында алынады ("Көктен бір көк жарық түсті", "Қыз күлсе, Көк тәңірі күлер еді, жыласа, Көк тәңірі жылар еді", "Көк тәңірге мен өтінемін"). Бұлардың бүгінгі қалыпты қазақ ұғымына жаттығы жоқ екені мәлім. Дәл осыны "көп-көп" - "коб- коб", "көптен-көп" - "коб-тәлім", "көп-коб" тәрізді бір- бірінен айырмасы аз, түбірлес сөздер туралы айтуға да болар еді. Тіпті бұған мағынасы әлі күнге дейін бізбен дәлме- дәл түсіп отыратын мына бір егіздің сынарындай үқсас сөйлемдер де нақты дәлел бола алады. "Шерулер шоқ болып үйып тұрды", "Чәріг шуқ болуб уіуб тұрды", "Итіл өзенінің суы қып-қызыл сіп-сіңгірдей болды" - "Итіл мураннуң сугі кіп кізіл сіп сіңгір даг болді", "жердің төрт бөлігінің қағаны болуым керек" - "жэрнің торт булуңінуң қағані болсам кәрек турур", тағы басқалар.
Ендігі бір бөліп атауға түрарлық жәйт: дастанда "сүттен қымыз болып" деп келетін идиома туралы. Бұл тіркес сұлу қыздың таңғажайып көркін сипаттауға орай: "Сондай көрікті еді. Оны көрген жер бетіндегі жүрт айтушы еді: ай, ай, ах, өлеміз - деп, сүттен қымыз боп кететін"-деп беріледі. Сонда сүттің ашып қымызға айналуын бейнелеу арқылы "есі
147
шығып тынышы кетіп" деген ұғым айтылмақ болған ғой. Ал,бізде әлі күнге дейін ерлі-зайыптылардың жарасымды өмірін айтқанда "сүттей үйып" тіркестің қолданылатыны мәлім, соған қарағанда (бұл да "үйып ашу" мағынасында айтылған) бұлардың ең алғаш мәндес, түбірлес ұғымдардан тарауы да ғажап емес. Дәл осыны шұбат туралы айтуға болар еді. Ең алдымен, дастанда бұл сөз "шүбаянлар" деп жаңсақ жазылып кеткен сияқты, дұрысы "шұбат" болу керек. Орысша нұсқасында осы сөз "вино-шарап" деп аударылыпты. Шынына келсек, түйе мен жылқыны көлік етіп, соның арқасында шұбат пен қымыз ішіп күнелткен көшпелі елдегі сахаралықтарға бау-бақшада өсетін жүзім шарабы қайдан келмек? Сондықтан біз қазақша аудармасында бұл сөздіқайтадан өзінің ең алғашқы "шұбат" деген мағынасында беруді жөн санадық.
Дастанда Хинді, Танғүт, Шағам (Шам) іспетті ел аттарымен қатар, Итіл (Еділ), Шүршіт, Барака, Қаратау, Мұзтау секілді жер-су атаулары да ұшырасады. Әсіресе, мүнда "Мұзтау"деген тау екі жерде арнайы аталыпты. Бірінде Оғыз қағанжорық кезінде сол таудың етегінде әскерімен шатыр тігіп аз уақыт тоқтап өтсе, екінші жолы тағы бір "Мүзтауға" келгенде, астындағы шұбар айғырынан айырылып қалады. Дәлосындағыдай "Мұзтау" деген атаудың біздің ертегілерімізденде кездесіп отыруы елеуге тұрарлық жәйт. Бір қызығы,әлігі ақ басты "Мүзтаудың" қаһарлы да сүсты сын-сипат, көрініс-келбеті біздің ертегіміздегі ("Қара Құспай" ертегісі) "Мұзтауға" егіздің сыңарындай ұқсас Айталық, "Оғыз- намедегі" "Мүзтаудың" көрінісі: "Мүнда бір үлкен тау бар еді. Ұшар басында тоң мен мүз бар еді. Оның басы суықтанаппақ боп түрар еді. Соның үшін оны "Мүзтау" дейтін" - деп баяндалатын болса, бізде: "Әуелі Құмтаудан өтесің,содан Мұзтауға кезігесің. Ол дейтін қысы-жазы мұз қатыпжататын, бүл да бір қатерлі асу"55- деп сипатталады. Осыбір елеусіздеу көрінетін қарапайым ұқсастықтың өзінен-ақсол ерте кезден қалған көне топонимдік бірліктің тағы біркөрінісін аңғарғандай боламыз.
Қазақ әдебиетінде "Мұзтауға" байланысты мол деректі B.В.Радлов жазып алған "Қозы Көрпештің" ең бір көне нұсқасынан кездестіреміз. Мұндағы "Мұзтау" сол жырдыңнегізгі оқиға өрісіне тікелей қатыстылығымен қатар, сан алуан адам тағдырының шешілуі тұсында да әлденеше
⁵⁴Аталған аудармадан.
⁵⁵Қазақ ертегілері. Алматы, 1962, 2-том, 14-б.
148
рет қайталанып, үнемі септігін тигізіп отырады. Айталық, жырдағы негізгі кейіпкерлер Қарабай мен Сарыбай да алғаш рет Ертіс бойынан әдейі Мүзтауға көшіп келіп қоныс тебеді. Мұзтау - Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың кіндік кесіп, кір жуған туған мекені. Айбас батыр Қозы мен Баяндыіздепшыққанда да, солМүзтауданаттанады. Сондай-ақТайлақби де ҚозыКөрпешөлгенненкейін, ел-жұртынқайтаданМұзтауғакөшіріпалыпкетеді. Дәлелретіндежырданүзіндікелтірейік:
Мұзтауынаекі хан келдікөшіп…
Мұзтауынакелді де қонысалды…
Айбасқұлсолсалғаннантағысалған,
Он күншілікжерлердібіркүндеалған.
Сол алғаннанкеледітізгінтартпай,
Мұзтауындағыөзініңүйгебарған:
Ойпаңжергеқаржауса, белденкүртік,
Торашыатжортаалмады майдан кілкіп.
МұзтауындаАйбасқұлүйге барса,
Сонда Жаңылшығадыбетінжыртып…
ҚарабайМүзтауынанасыпкеткен…
Мұзтауынан ар жағындабарсаңдейді…
ҚозыкемМұзтауынабарғанекен…
ҚозыКөрпешөлдідеген хат жазды, екібүршынныңкекілінебайлады, екібүршындыМүзтаудағыөзініңелінежібереді, екібүршынаспанменұшыпбарды… ҚозыКөрпештіңжатқанжерідеп, қызықкөргенжерідепатшаптырып той қылып, қалғанжұртынМүзтауынаТайлақ биқайтарыпайдап кетіпті36.
Сөйтіп "Оғыз-наме" дастаны мен "Қозы Көрпеш" жырында қатар алынатын "Мұзтаудың" өзге туыстас елдер әдебиетінде үшыраса бермеуі аталған ескерткіштердің бір дәуірде, бір этникалық аймақта туғанының, олардың уақыт жағынан да бір-біріне жақындығының айғағы болса керек. Бұл "Мүзтауы" атауының кейінгі дәуірде ескіргені соншалық- басқа ешбір әдеби туындыларда сақталмаған.
Ендігі сәз осы дастандағы Мүйізтұмсық туралы. Мал мен
адамды жеп халыққа бітпес қайғы әкелген бұл Мүйізтұмсық өзінің сырт көрініс, іс-әрекеттері жағынан біздің аңыз, әңгімелеріміз бен ертегілеріміздегі жалғыз көзді дәуге көп ұқсас. Алайда жалғыз көзді дәумен жекпе-жек күрес
⁵⁶Қозы Көрпеш - Баян сұлу. Алматы, 1959. (Құрастырып алғы сөзін
жазған Ы.Т.Дүйсенбаев), 176-185 - 186-190 - 191-202 -203-б.б.
149
бізде біршама өзгешелеу: Мал мен адам етін жейтін тау үңгіріндегі жалғыз көзді дәудің қолына аңдаусызда түсіп қалған Боран батыр және қырық уәзірімен аңнан қайтқан бір ханның дәудің көзіне темір күйдіріп басып, одан мал терісін жамылып айламен құтылатынын баяндайтын қазақ ертегісін ең алғаш орыс ғалымы Н.В.Остроумов бастырып жариялаған болатын-ды57. Мүнымен қатар кезінде Шоқан Уәлиханов жариялануында танылған Бағаналы Қойлыбай бақсы мен оның жыны Нәдір Шолақ екеуінің жын патшасы
-жалғыз көзді дәумен алысып жеңуін әңгімелейтін ескі аңыз да бар58. Осындай байырғы дәстүр жалғастығын танытатынМүйізтүмсық пен біздегі жалғыз көзді дәу бейнелері кейінірек "Қорқыт ата кітабындағы" Депекөз бейнесінің жасалуына да тікелей әсер еткен сияқты. Бұл орайда оғыз эпостарыныңзерттеушісі Х.Короғлының қазақ ертегілеріндегі жалғыз көзді дәудің, әсіресе, хан мен нәкерлерінің дәуге қарсы күрес оқиғалары Қорқыт ата кітабындағы Депекөзге ұқсас болуы бұл мазмүнды оғыздардың жаңа мекендеріне өздерімен бірге Орта Азия жерінен, дәлірек айтсақ, қазақ жерінен алып барғанынан еді" деп жазады59.
Жырдың композициялық құрылысында да көптеген өзіндік ерекшеліктері бар. Ең алдымен, бірінен-бірі туындап дамитын оқиғалар жүйесі бірыңғай Оғыз қағанның төңірегінде топтастырылған. Айталық, Оғыздың тууы менөсіп ер жетуі, үйленуі, ел берекесін кетірген Мүйізтүмсықты жекпе-жекте жеңіп өлтіруі, байлық пен мүлік, жиһаз үшін жасаған сан қилы қанды жол жорықтары, басып алған ел- жұртты өз мүрагерлеріне бөліп беруі сияқты ірі-ірі оқиғалар Оғыз қағанның тікелей қатысуымен іске асып отырады. Осыкесек-кесек оқиғаларды жанамалай ашып толықтыратыназды-көпті қосалқы жәйттер де бар (Қыпшақ, Қаңлы, Қаһарлы аттарының берілу тарихы, т.б.), бірақ бұлар дастандағы басты мақсат: қаһарманның ерлік істерін асқақжырлауға бағындырылған.
Дастандаәралуансипаттамалар мен адамтұлғаларынберуге де баса назараударылған. Бұл, әсіресе, адамбейнелеріменжер, су, соғыскөріністерінеорайнақтысипаталыпотырған. Мәселен, мұндажорықүстіндекездескен ел-
⁵⁷Остроумов Н.В. Новые варианты о Полифеме: Киргизские рассказы.
Этнографические обозрение. Москва, 1891, №2, стр. 202-206 -207.
⁵⁸Валиханов Ч.Ч. Собр. соч.: в 5-ти томах. Алма-Ата, 1961. Т. 1. с. 118-
119.
⁵⁹ Короглы Х. Огузский героический эпос. Москва, 1976. стр. 139.
150
жұрттыңмән-жайыбірде: "лкенбіржүрт, халықеді","үлкенбір бай жүртеді" депжалпыламабаяндалса, ендібірде: "халықтарыныңөңі-шырайықап-қараболатын"депнақтылықпенсипатталады. Мұныөзен, су, тау, ормансуреттемелерітуралы да айтуғаболады ("Біржердебірүлкенорман бар еді, үлкенді-кішіліөзендеркөпеді", "МұндаИтілөзенідегенүлкенбірөзен бар еді. Жағасындағыталдардыңкөбінкөрді", "Мұндаүлкенбір тау бар еді. Ұшарбасындатоң мен мүз бар еді. Оның басы суықтанаппақбоптұрареді.Соның үшін оны "Мүзтау" дейтін", т.б.). Алайда бүл тәсіл соғыс сипаттамаларында біршама өзгешелеу болып келеді. Әсіресе, Итіл (Еділ) өзені бойында болған қырғын соғыстың жантүршігерлік көрінісі үлкен шабытпен суреттеліп: "Итіл өзенінің жағасындағы бір қара тау маңында ұрыс басталды. Оқпен, сүңгімен, қылышпен ұрысты. Шерулердің араларындажойқын көп ұрыс болды. Ел-жұрттың көңілінде көптен-көп қайғы орнады. Шайқас, ұрыс сондай жаман болды.Итіл өзенінің суы қып-қызыл, сіп-сіңгірдей болды"60, - деп беріледі. Мұнда соғыстың қай жерде, қалай басталғаны,оның ел-жүртқа әкелген өкініш-қайғысы мен тіпті сол Еділ өзенінің есепсіз аққан қаннан қып-қызыл, сіп-сіңгірдей болып кеткеніне дейін нақтылықпен сипатталған.
Адам мінездері мен олардың кейіптемелерін беруде де кәнігі шеберлік аңғарылады. Қосалқы кейіпкерлердібейнелеуде көбінесе "Жақсы бір бек бар еді", "Жақсы бір шебер кісі еді", "ақылгөй бір қарт кісі бар еді, ақылы түзу бір ер еді" тәрізді жалпылама сөздермен қатар, кейде оның мінез-құлқын да, сыртқы көрініс, түр-тұлғасын да кеңірек ашып сипаттайды ("Шеруде бір әйдік ержүрек бек бар еді. Анау-мынаудан қорықпайтын еді. Жорықта, суықта қажымасер еді… Мұзтаудағы орасан суықтан бек қарға ұқсап аппақбоп кеткен").
Дастандағы адам кейіптемелерін кеңірек қамтып суреттеу талабы сондағы басты кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне орай көрініс тауып отырады. Бұл тұста, ең алдымен, Оғыз бенол үйленген қыздардың бейнелері ойға оралады. Айталық,Оғыз қағанды: "Осы ұлдың өңі-шырайы көк еді, аузы оттай қызыл еді, көздері қызғылт, шаштары, қастары қара еді. Нұрлы періштілерден көріктірек еді… Аяғы өгіздің аяғындай,белі бөрінің беліндей, жауырыны бұлғынның жаурынындай, кеудесі аюдың кеудесіндей еді. Тұлабойын қалың түк басқан еді", - деп сипаттаса, алғашқы көктен көк нұр боп түскен
⁶⁰Аталған аудармадан.
151
бірінші әйелі: "Жақсы көрікті бір қыз еді. Оның басында оттай жарқыраған бір меңі бар еді, алтын қазықтай еді, - дейді. Осы қыз сондай көрікті еді: күлсе, көк тәңірі күлер еді, жыласа, көк тәңірі жылар еді", - деп суреттеледі. Ал, екінші ағаш қабығынан табылған қызды: "Оның көзі көктен көгірек еді. Оның шашы өзеннің ағысындай, оның тісі інжудей еді. Сондай көрікті еді. Оны көрген жер бетіндегі жүрт айтушы еді: "ай, ай, ах, ах өлемін деп, сүттен қымыз боп кететін",- деп бейнелейді. Сөйтіп мүның бәрі "Оғыз-наме" дастанының өзге туындыларында қайталана бермейтін композициялық, стильдік, көркемдік ерекшеліктерін белгілейді деп айта аламыз.
"Оғыз-наме" дастанының құрылысында осы күнге дейін зерттеушілер байқамай келген бір үлкен ерекшелік бар. Ол: мұндағы қарасөздермен қоса кейіпкерлер диалогтарында 7-8 буынды жыр үлгісіндегі (тақпақ мәндес) өлең жолдарының ара-тұра үшырасып отыруы дер едік. Айталық, Оғыз қағанның бағынбаған көрші елдерге жорыққа атттанар алдында ұлан-асыр той жасап, алғашқы таратқан жарлығы мынадай болып келеді:
Мэн сэнларға болдым қаған,
алалің жа такі калкан.
Тамға бізгә болсун бужан,
Көк бөрі болсунғіл уран;
Тэмүр жидалар бол орман,
Ав жэрдә жүрүсүн кулан.
такі талуі такі мурән,
күн туғ болғыл, көк курікан
Немесе Оғыздың Мүзтаудан сүйікті атын үстап әкелген бекке айтқан мына бір сөздерін оқып көрелік. Ол оған ерлігіүшін жаңадан ат беріп:
Әй, сен мунда бегларға болғыл башлық,
Ма меңлаб сенга ат болсун Қағарлық6,-
десе, жаудан түскен олжа-мүліктерді артуға арба ойлап тапқан шеберге:
Кім қанға, қанға бірла өлугні тіріг жүргүсін,
Қанғалық сенга ат болғулуқ қанға білгүрсүн53,-
⁶¹Щербак А.М. Огуз-наме, Мухаббат-наме. М., 1959. стр. 32-33.
⁶²Сонда, 49-б.
⁶³Сонда, 53-б.
152
дейді. ДәлосындайбірыңғайұйқасқақұрылғанөлеңжолдарыҰлықТүріктіңОғызқағанғаайтқанмынабірсөздерінен де айқынаңғарылады. Ол түсіндекүншығыстанкүнбатысқадейінсозылған алтын садақ пен тартылғанүшкүмісоқкөріп, мұныңмәнісінболжапжорығанда, кәдімгіхан қасындағыжырауларшатолғайды:
Әй, қағаным, сенгажашағуболсунғылузун,
Әй, қағаным, сенгатөрулукболсунғылтузун,
Бенгакөктәңрібэрдітушумдакелдурсун,
Талайтуруржерніуруғуңғабэрдурсун
Осындағы "ақсақалды, ақшашты, ақылгөй" шал Оғызқағанныңоңтізесінбасқанкеңесші, көріпкелжыршысынакөбірекұқсайды. Өзініңтүр-түлғасы мен сөйлегенсөзіарқылы, олкезіндеШыңғысханғаЖошыныңөлімінжырменестіртетінкәдімгіҰлықжыршыныескетүсіреді.Мұның атының Ұлық Түрік деп аталуы да осыған меңзейтін сияқты. Мүндай "ақ сақалды, алдын болжағыш ақылды, құрметті қария" бейнесі "Қорқыт ата кітабынан" да көрініс беріп отырады65. Рас, Әбілғазының "Шежіре-и-түрк" аттыеңбегінде Оғыз қағанның өзі Сирия жеріне барғанда бір қызметкеріне алдын-ала тықтырып қойғызатын алтын жақ пен алтын оқтарды дастанда Ұлық Түріктің көрген түсі арқылы таптырып алуда да үлкен мән бар ма деп ойлаймыз. Қалай десек те, бүл бейне өзінің бүкіл табиғи сипаттарыменбіздің поэзиямыздағы ертеден бізге етене, алдын болжағыш, көріпкел жыраулармен терең астасып жатыр. Олай болсаосы "Оғыз-наме" дастанының ең алғаш қара сөзбен қатар ара-тұра жыр үлгісінде тууына сол Ұлық Түрк секілді жыраулардың елеулі үлес қосуы мүмкін-ақ, алайда бұлар кейінгі көшіріп жазу үстінде көптеген өзгерістерге үшыраған тәрізді. Бұған жоғарыда келтірілген диалогтардағы әр алуанүзік-үзік жыр үлгілері нақты дәлел бола алады.
Сонымен қорыта келгенде мыналарды атап көрсеткен жөн: Ең алдымен, "Оғыз-наме" дастаны түркі тілдес халықтардың бәріне бірдей ортақ көне дәуірлерден қалған әдеби асыл мұра. Сондықтан бұл туындымен біздің эпикалықжырларымыздың, аңыз, ертегілеріміздің өз ара мазмұндық, тілдік, бейнелік үқсастықтары мол. Әсіресе, Оғыздың ерекше
⁶⁴Сонда, 57-58-6
⁶⁵Дәдә Горгуд. Бакы, 1950, 48-б.
153
сипатты ұл болып өсіп, ер жетуі, жұрттан асқан ерлік істері біздің эпикалық жырларымыздағы әйгілі батырлардың жарқын да өшпес тұлғасын еске түсіреді. Сондай-ақ осындағы көктен түскен күн сәулелі нұр, қасиетті көк бөрі, Сақтап, Қаңғалы, Қаһарлы, Қыпшақ, Қалаш бейнелері де әр алуан ертегілеріміздегі өнерлі де айрықша сипатты қаһармандармен етене үндес, табиғаты егіз болып келеді. Бұған қоса "Оғыз-наме" дастаны бірыңғай қара сөзбен ғана жазылмай, ара-тұра жыр үлгісінде келетін өлең жолдары бар эпикалық шығарма, бұдан біздің арғы поэзиямыз бен байырғы жыраулық дәстүрдің де көне көздерін байқаймыз. Өлең мен қара сөздің аралас келуінің өзі біздің көне эпикалықжырларымызға да тән сипат. Сөйтіп, бұл ерекшеліктер солтүркі тілдес халықтардың этникалық туыстығымен қатар, олардың көшпелі түрмыс бастан кешірген түстағы тарихи,мәдени өмірінің бірлік-ұқсастықтарын да, арғы дәуірлерде қалыптасқан көне әдеби дәстүрдің өз ара үндестігін де, кейінгі дәуірлерге жету, ұласу, жалғасу сипататрын да айқын аңғартады дей аламыз.
154
Достарыңызбен бөлісу: |