Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын және қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру үшін I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу өлшемдерін бекіту туралы



Дата29.02.2016
өлшемі38.77 Kb.
#29421
Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын және қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру үшін I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу өлшемдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы N 449 Қаулысы


"Егемен Қазақстан" газеті 2009 жыл 2 маусым N 192-193 (25590); "Казахстанская правда" от 14.04.2009 г., № 100 (25844); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., N 17, 151-құжат


      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 48-бабының 3-тармағына және 71-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған мыналар:
      1) Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын I санаттағы  объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу өлшемдері;
      2) Қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру үшін I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу өлшемдері бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы


Үкіметінің     
2009 жылғы 31 наурыздағы
N 449 қаулысымен   
бекітілген     

Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу өлшемдері

      Ескерту. Өлшемдер жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 125 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.



      1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық сараптамасына мыналар жатады:
      1)мыналарды:
      құрылыс өнеркәсібін (шахталы, айналмалы және басқа пештерде күйдірумен магнезит, доломит және шамот өндірісін, стационарлық зауыттардағы асфальтбетон өндірісін);
      ағаш өңдеуді;
      тоқыма өндірісін және жеңіл өнеркәсіп өндірісін;
      жануарлар өнімдерін өңдеуді;
      тамақ және дәмін келтіретін заттарды өңдеуді;
      ауыл шаруашылығы объектілерін;
      санитарлық-техникалық, көліктік инфрақұрылым құрылыстарын, коммуналдық мақсаттағы қондырғылар мен объектілерді;
      жүктерді қайта тиеу және сақтау қоймаларын, айлақтары мен орындарын, жүктер мен кемелердің фумигациясының, газ дезинфекциясының, дератизациясының және дезинсекциясының өндірістерін;
      кең таралғандары мен Каспий теңізінің қазақстандық секторында жүзеге асырылатындарынан басқа, пайдалы қазбаларды барлауды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 37-бабында айқындалған кезеңдерге сәйкес қоршаған ортаға әсерін бағалаудың Ілеспе материалдарымен бірге өндірістік объектілердің санитарлық сыныптамасына сәйкес қауіптіліктің 1-сыныбына жататын негізгі өндіріс бойынша қоршаған ортаға әсер ететін, межеленіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы;
      2) қоршаған ортаға әсерді бағалаудың ілеспе материалдарымен бірге мемлекеттік, салалық, өңірлік бағдарламалар жобалары, Іске асырылуы қоршаған ортаға теріс әсерлерге әкеп соғуы мүмкін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, нормативтік-техникалық және нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың жобалары, орталық мемлекеттік органдар әзірлейтін;
      кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшарттардың жобалары;
      халықаралық және республикалық маңызы бар балык шаруашылығы су айдындарында (учаскелерде) балық ресурстарын және су жануарларының басқа түрлерін алу мен пайдалануға арналған биологиялық негіздемелер;
      аулау лимиттерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, аңшылық объектісі болып табылатын жануарларды алу мен пайдалануға арналған биологиялық негіздемелер;
      осы аумақтарды экологиялық апат немесе төтенше экологиялық жағдай аймақтарына жатқызуды негіздейтін аумақтарды зерттеу материалдары;
      республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту, республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын кішірейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобалары;
      шектес мемлекеттердің қоршаған ортасына әсер етуі мүмкін немесе оны жүзеге асыру үшін шектес мемлекеттермен ортақ табиғи объектілерді пайдалану қажет болатын не шектес мемлекеттердің Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған, оның ішінде «Байқоңыр» кешені бойынша мүдделерін қозғайтын шаруашылық қызмет жобалары;
      3) Қазақстан Республикасына өткізілетін (әкелінетін), көлік құралдарын және жабдықтарды қоспағанда, технологияларды, техникаларды қолдану жөніндегі құжаттама.
      2. Қалған жағдайларда I санат объектілерінің мемлекеттік экологиялық сараптамасын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі жүргізеді.      

Қазақстан Республикасы


Үкіметінің     
2009 жылғы 31 наурыздағы
N 449 қаулысымен  
бекітілген    

Қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру үшін I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу өлшемдері

      Ескерту. Өлшемдер жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 125 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.



      1. I санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты табиғат пайдаланушыда эмиссияның бір түрі орын алған және мыналардан асатын жағдайда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган береді:
      1) ластаушы заттардың шығарындылары - жылына 5000 тонна, мұнай-газ өнеркәсібі үшін - жылына 500 тонна;
      2) ластаушы заттардың төгінділері - жылына 10000 тонна;
      3) өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру - жылына 500000 тонна.
      2. Қалған жағдайларда I санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет