Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу


Әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәртібі



бет2/9
Дата19.06.2016
өлшемі405.5 Kb.
#148012
1   2   3   4   5   6   7   8   9
3. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәртібі

 

11. Өтініш беруші әлеуметтік төлемді тағайындау үшін жүгінген кезде өтініш берушіде тағайындау немесе төлем тағайындауға өтініш беру фактісінің болуына тексеру жүзеге асырылады.

Орталықтың ақпараттық жүйесінен тиісті төлем тағайындау немесе әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш беру фактісін растайтын мәліметтер алынған кезде өтініш берушіге кідіртпей осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама беріледі.

12. Өтінішті қабылдаған маман өтініш берушіден тиісті төлемді тағайындау үшін қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығын, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтерді тексереді, сканерлеу сапасын және құжаттардың электрондық көшірмелерінің өтініш беруші осы Қағидалардың 3-9-тармақтарына сәйкес ұсынған тұпнұсқаларына сәйкестігін қамтамасыз етеді.

13. Өтініш беруші құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған немесе әлеуметтік төлемді тағайындауға құқығы болмаған жағдайда өтініш берушіге кідіртпей осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік төлемді тағайындауға өтініш қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама беріледі.

14. ХҚО әлеуметтік төлемді тағайындауға өтініш қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өтініштен және өтініш беруші тұпнұсқада ұсынған құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса алғанда, құжаттардың топтамасынан, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтерден тұратын электрондық өтінімді Орталық бөлімшесіне жібереді.

14-тармақтың екінші абзацы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі



Жұмыспен қамту орталығы, МӘС бөлімшесі әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өтініштен және өтініш беруші түпнұсқада ұсынған құжаттардың электрондық көшірмелерінен, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтерден тұратын электрондық өтінімді Орталық бөлімшесіне жібереді.

Құжаттардың электрондық көшірмелері өтінішті қабылдаған маманның ЭЦҚ-сымен куәландырылады.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015.08.06. № 461 бұйрығымен 15-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

15. Орталық бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттар топтамасының толықтығын тексереді, ІЭМ-ді, осы Қағидаларға 9 немесе 10-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының орташа айлық табысы туралы анықтаманы, осы Қағидаларға 11, 12, 13, 14, 15-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау (қайта есептеу) немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімнің жобасын, осы Қағидаларға 16 және (немесе) 16-1-қосымшаларға сәйкес жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшері туралы және (немесе) еңбекке қабiлеттiлiгінен айырылу жағдайына тағайындалған әлеуметтік төлем сомасы туралы не оны тағайындаудан бас тарту туралы анықтаманың жобасын (анықтамалардың жобаларын) қалыптастырады. Қалыптастырылған ІЭМ Орталық филиалына жіберіледі. ІЭМ әлеуметтік төлем алушы ісінің осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз нұсқасын қалыптастыру үшін басып шығарылады.

Орталық филиалы келіп түскен құжаттарды, ЭІМ-ын ресімделу және әлеуметтік төлемді есептеудің дұрыстығын тексереді және әлеуметтік төлемдерді тағайындау (қайта есептеу) немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдау үшін әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

15-тармақтың үшінші абзацы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі



Жұмыспен қамту орталығы және МӘС бөлімшесі арқылы қабылданған өтініштер бойынша құжатты (құжаттарды) жете ресімдеуді Орталықтың бөлімшелері жүргізеді.

16. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы өтініштер және электрондық өтінімдер осы Қағидаларға 18 және 19-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша Орталық бөлімшелерінде әлеуметтік төлемдерді тағайындау (қайта есептеу) туралы азаматтардың өтініштерін тіркеудің электрондық журналдарына тіркеледі.



Өтініш берушіге құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талоны беріледі.

ХҚО-ға жүгінген өтініш берушіге тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

17. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде шешім жобасымен ІЭМ-ді қарайды және әлеуметтік төлемдерді тағайындау (қайта есептеу) немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім (бұдан әрі - шешім) қабылдайды.

18. Ұсынылған құжаттың дұрыстығына тексеруге негіз болған жағдайда уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау салулар жібереді.

Бұл ретте Орталық бөлімшесі немес ХҚО өтініш берушіге осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды тексеру жүргізілетіні туралы хабарлама береді.

19. Негіз болған жағдайда уәкілетті орган ІЭМ-мен салыстырып тексеру үшін қағаз жеткізгіштегі іс макетін Орталық бөлімшесінен сұратады.

20. Егер әлеуметтік төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін жетіспейтін құжат ІЭМ-де болмаған жағдайда уәкілетті орган Орталық бөлімшесіне ІЭМ-ді осы Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламаға қоса оны қайтарады. Орталық бөлімшесі бес жұмыс күні ішінде қосымша құжаттарды жиырма бес жұмыс күні ішінде ұсыну қажеттігі туралы өтініш берушіні хабардар етеді.

21. Жете рәсімдеу мерзімі отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс.

22. Егер отыз жұмыс күні ішінде талап етілген құжаттар ұсынылмаса, әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады.

23. Орталық бөлімшесі және (немесе) ХҚО өтініш берушіні осы Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы әлеуметтік төлемдерді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) жөніндегі уәкілетті орган қабылдаған шешім туралы хабарламаны өзі жүгінген кезде табыстау жолымен хабардар етеді.

Орталық бөлімшесі өтініш берушіні уәкілетті орган қабылдаған шешім туралы өтініш берушінің ұялы телефонына sms (Short Message Service) хабарлама (бұдан әрі - sms-хабар жіберу) арқылы хабардар етеді.

Әлеуметтік төлем тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы sms-хабарлар осы Қағидаларға 23-қосымшаға сәйкес нысан бойынша sms-хабарлар журналында тіркеледі.

24. Әлеуметтік төлемдерді тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті орган шешімде бас тарту себебін көрсетеді.

25. Жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларға тағайындалған әлеуметтік төлемнің сомасы туралы осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама (анықтамалар) Орталық бөлімшесіне алушының өзі жүгінген не алушыдан нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша үшiншi адам жүгінген кезде беріледі.

26. Сот шешімімен іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған қамқоршылықтағы (қорғаншылықтағы) адам үшін төлемдер алатын қамқоршы (қорғаншы) ауысқан, мүгедектік тобы немесе асырауындағы адамдардың саны өзгерген жағдайларда, Орталық бөлімшесі жаңадан ұсынылған мәлiметтермен толықтырылған ІЭМ-ді және қажет болған кезде бекіту үшін шешімнің жобасын дайындайды және әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

«ЖТМДҚ» АЖ-да әлеуметтік төлем алушының тегі, аты, әкесінің аты, туған күні өзгерген кезде ОДҚ-да өзгерістер автоматты режимде жүргізіледі.

Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді алушы қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған), ата-ана құқықтарынан айырылған немесе олар шектелген, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген жағдайда, әлеуметтік төлем Заңның 23-2-бабына сәйкес балаға мемлекеттің толық қамсыздандыруы белгіленген жағдайларды қоспағанда, бір жасқа толғанға дейін оның күтімін жүзеге асыратын адамға жүргізіледі және әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.



 

 

4. Әлеуметтік төлемдерді портал арқылы тағайындау тәртібі



 

27-тармақ 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

27. Әлеуметтік төлемді тағайындау үшін өтініш беруші портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау үшін және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш беруші өзі жүзеге асырады.

28-тармақ 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

28. Сұрау салуды портал арқылы жүзеге асырған өтініш беруші электрондық өтінішті және мемлекеттік органдардың және (немесе)ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен келіп түскен мәліметтерді өзінің ЭЦҚ-сымен кәуландырады және оны Орталықтың автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне жібереді.

29-тармақ 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі



29. Әлеуметтік төлем тағайындау үшін ұсынылған мәліметтермен қоса портал арқылы келіп түскен электрондық өтініш мынадай параметрлер бойынша тексеруден өтеді:

1) ұсынылған мәліметтердің толықтығы;

2) тағайындау, төлеу, сондай-ақ әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш беру фактілерінің болмауы;

3) өтініш берушінің зейнеткерлік жасқа толуы.

Көрсетілген параметрлер бойынша тексеру нәтижесі оң болған жағдайда, өтініш өңдеуге арналған кіріс хабарламалар журналына орналастырылады.

Орталық бөлімшесі портал арқылы жіберілген электрондық өтінішті қабылдаған кезде, өтініш берушіге электрондық өтініштің қабылданғаны туралы Орталық бөлімшесі маманының ЭЦҚ-сымен куәландырылған хабарлама жіберіледі.

ІЭМ-де портал арқылы қабылданған өтініштер бойынша тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін жетіспейтін құжат болмаған жағдайда, әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады.

30-тармақ 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі



30. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» осы Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес әлеуметтік төлем тағайындау (себебін көрсете отырып тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық хабарлама жіберіледі.

Хабарлама әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-сымен куәландырылады.

 

 

5. Әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау) тәртібі



 

31. Әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының әлеуметтік төлемге құқығы туындаған күнге дейінгі орташа айлық табысы және тиісті коэффициенттер негізге алына отырып жүргізіледі.

Әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептеген және өзгерткен кезде тиындармен есептелген сомалар бір теңгеге дейін дөңгелектенеді.

32. Еңбек ету қабілетінен айырылған, асыраушысынан айырылған, жұмысынан айырылған және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу кезінде орташа айлық табыс мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік жиырма төрт ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыс сомасын жиырма төртке бөлу арқылы мына формула бойынша айқындалады:



 

ОАТ = (АТ1 + АТ2 + АТ3...... + АТ24) / 24, мұндағы:

 

ОАТ - ол үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының орташа айлық табысы;



АТ - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген ай сайынғы табысы.

33. Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу кезінде орташа айлық табыс мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыс сомасын он екіге бөлу арқылы мына формула бойынша айқындалады:



 

ОАТәтжб = (АТ1 + АТ2 +АТ3...... + АТ24) / 12, мұндағы:

 

ОАТәтжб - ол үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының орташа айлық табысы;



АТ - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген ай сайынғы табысы.

34. Ай сайынғы табыс төлеушіден көрсетілген айда келіп түскен әлеуметтік аударымдар сомасын әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне бөлу және алынған нәтижені жүзге көбейту жолымен мына формула бойынша есептеледі:



АТ = ӘА а / S әа х 100, мұндағы:

ӘА а - бір айдағы әлеуметтік аударымдар;

S әа - әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесі.

35. Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлем мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінің сексен пайызын шегеріп, әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшерін тиісті коэффициенттерге көбейту арқылы мына формула бойынша айқындалады:



ӘТеа = (ОАТ - 80% ЕТЖ) х ТАК х ҚӨК х ЕАК, мұндағы:

ӘТеа - еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем;

ОАТ - ол үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының орташа айлық табысы;

ЕТЖ - әлеуметтік төлем алуға құқық басталған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төменгі жалақы;

ТАК - табысты алмастыру коэффициенті;

ҚӨК - қатысу өтілінің коэффициенті;

ЕАК - еңбек ету қабілетінен айырылу коэффициенті.

Бұл ретте табысты алмастыру, еңбек ету қабілетінен айырылу және қатысу өтілінің коэффициенттері Заңның 21-бабына сәйкес белгіленеді.

36. Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін ай сайынғы әлеуметтiк төлем мөлшерi әлеуметтік төлем алуға құқық басталған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жалақының ең төмен мөлшерінің сексен пайызын шегеріп, әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген табыстың орташа айлық мөлшерiн тиісті коэффициенттерге көбейту арқылы мына формула бойынша айқындалады:

 

ӘТаа = (ОАТ - 80% ЕТЖ) х ТАК х ҚӨК х АСК, мұндағы:

 

ӘТаа - асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем;



ОАТ - ол үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының орташа айлық табысы;

ЕТЖ - әлеуметтік төлемге құқық басталған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақы;

ТАК - табысты алмастыру коэффициенті;

ҚӨК - қатысу өтілінің коэффициенті;

АСК - асырауындағылар санының коэффициенті.

Бұл ретте табысты алмастыру, асырауындағылардың саны мен қатысу өтілінің коэффициенті Заңның 21 және 22-баптарына сәйкес белгіленеді.

37. Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлем мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшерін тиісті коэффициенттерге көбейту арқылы мына формула бойынша айқындалады:

 

ӘТ жа = ОАТ х ТАК х ҚӨК, мұндағы:

 

ӘТ жа - жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем;



ОАТ - ол үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының орташа айлық табысы;

ТАК - табысты алмастыру коэффициенті;

ҚӨК - қатысу өтілінің коэффициенті.

Бұл ретте табысты алмастыру және қатысу өтілінің коэффициенттері Заңның 21 және 23-баптарына сәйкес белгіленеді.

38. Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін біржолғы әлеуметтік төлемнің мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшерін тиісті коэффициенттерге көбейту арқылы мына формула бойынша айқындалады:

 

ӘТ жб = ОАТ әтжб х ЕСК, мұндағы:

 

ӘТ жб - жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлем;



ОАТ әтжб - ол үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының орташа айлық табысы;

ЕСК - еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициенті.

Еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициенті жүктілік және босану, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алу бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы берілген күндер санын күнтізбелік отыз күнге бөлу арқылы айқындалады.

Бұл ретте, еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициентінің мәні дөңгелектеудің арифметикалық әдісін қолдану жолымен үтірден кейін бір белгіге дейін дөңгелектенеді (үтірден кейінгі 5-ке дейінгі екінші белгі 0-ге дейін, 5-тен және одан жоғары болса 1-ге дейін дөңгелектенеді).

39. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициенті Қазақстан Республикасының



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет