Р.Қажығаликызы, М. Ш. Шарипова ЖҮкті әйелдерді босануға дайындау кезіндегі медициналық Ұйымдардың Қызметін талдау оқу құралы Алматы «ҚазМҮббу» 2020ж



бет1/36
Дата25.04.2024
өлшемі140.76 Kb.
#499863
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
annotation211488


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ УНИВЕРСИТЕТІ


Ж.К. Ахметова, Ғ.Ж. Билибаева, Т.К. Қудайбергенов, Ф.А. Кусаинова,
Р.Қажығаликызы, М.Ш. Шарипова


ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРДІ БОСАНУҒА ДАЙЫНДАУ КЕЗІНДЕГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
Оқу құралы

Алматы
«ҚазМҮББУ»
2020ж.


УДК 618 (075.8)
ББК 57.16я73
Ж 94
Рецензенттер:
Садуакасова Ш.М.- медицина ғылымдарының кандидаты, С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің акушерия және гинекология кафедрасының доценті
Коркан А.И.- медицина ғылымдарының докторы, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің акушерия және гинекология кафедрасының профессоры
Ж.К. Ахметова, Г.Ж. Билибаева, Т.К. Кудайбергенов, Ф.А. Кусаинова,
Р.К. Кажигаликызы, М.Ш. Шарипова Жүкті әйелдерді босануға дайындау кезіндегі медициналық ұйымдардың қызметін талдау: Оқу құралы. / Ж. К. Ахметова, Г.Ж. Билибаева, Т.К. Кудайбергенов, Ф.А. Кусаинова, Р.К. Кажигаликызы, М.Ш. Шарипова– Алматы: ҚазМҮББУ, 2020. – 102 бет.
"Амбулаториялық акушерия" пәні бойынша "Жүкті әйелдерді босануға дайындау кезіндегі медициналық ұйымдардың қызметін талдау" оқу құралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен үлгілік оқу жоспарына және пән бойынша үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес келеді.
Оқу құралы семинар және практикалық сабақтарды өткізу кезінде "Акушерия және гинекология, соның ішінде балалар гинекологиясы" мамандығы бойынша интерндерге, резиденттерге арналған.
Нұсқаулықта халықтың денсаулығын мемлекеттің демографиялық қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі ретінде сипаттайтын материалдар ұсынылған, ана мен бала денсаулығын қорғау саласындағы нормативтік құжаттардың тізімі берілген. Әйелдер халқына амбулаториялық-емханалық медициналық көмекті ұйымдастыру, емдеу-диагностикалық көмекті ұйымдастыру, оның ішінде жүкті әйелдерді амбулаториялық және стационарлық Денсаулық сақтау ұйымдарында босануға дайындау, ана мен бала денсаулығын қорғау қызметінде пайдаланылатын медициналық құжаттама және оны рәсімдеуге қойылатын талаптар ұсынылған.
Нұсқаулықта әйелдер консультациясы, перзентхана қызметінің көрсеткіштерін есептеу, талдау және бағалау бойынша тест тапсырмалары мен нұсқалары, сондай-ақ ана мен бала денсаулығын қорғау қызметі ұйымдарындағы еңбекке қабілеттілікті сараптау бойынша жеке тапсырмалар бар. Аталған оқу құралының негізгі мақсаты- теориялық білімнің кең көлемін меңгерген, кәсіби міндеттерді табысты шешуге қабілетті, дифференциалды-диагностикалық іздеу жүргізе алатын; медициналық көмекті толық көлемде көрсете алатын; жүктілік және босану кезінде әйелдің өмірі мен денсаулығын сақтау бойынша барлық қажетті алдын алу және оңалту іс-шараларын жүргізе алатын жоғары білікті дәрігер маман акушер-гинеколог даярлау болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет