Мемлекеттік қызметтің ТӨЛҚҰжаты



Дата11.07.2016
өлшемі96.96 Kb.
#190270


МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ 

Қызмет көрсетілетін орын

  Мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы)  Астана және Алматы қалаларының, аудандардың  және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – ЖАО) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мынадай баламалы негізде:

1) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың   және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО,  кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері;

2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық);

3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы» (бұдан әрі – портал) www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.

 


Қызметті алушылар

жеке тұлғаларға

Қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:

көрсетілетін қызметті берушіге немесе Орталыққа – 2 (екі) жұмыс күні (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

баланың туған күнінен бастап екі ай мерзім өткеннен кейін, баланың тууын тіркеген жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызмет күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде көрсетіледі;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

азаматтық хал акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш - күнтізбелік 15 (он бес) күн (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз)  күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

порталда – өтінішті қабылдағанын растау бөлігінде хабарлама алу – 1 (бір) жұмыс күн;

2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін рұқсат берілген ең ұзақ күту уақыты:

көрсетілетін қызметті берушіге – 20 (жиырма) минут;

Орталықта – 15 (он бес) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін  ең ұзақ уақыты:

көрсетілетін қызметті берушіде – 20 (жиырма) минут;

Орталықта – 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

 


Қажетті құжаттар

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе Орталыққа жүгінген кезде тууды тіркеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысандағы тууды тіркеу туралы өтініш (бұдан әрі - өтініш);

2)  ата-анасының немесе нотариатта куәландырылған сенімхат бойынша өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

3) ата-анасының неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігінің көшірмесі (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін некені тіркеген тұлғалар куәліктің көшірмесін ұсынылмайды);

4) туу туралы медициналық куәлігі немесе туу фактісін белгілеу туралы сот шешімінің көшірмесі;

5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариатта куәландырылған сенімхат;

шетелдіктер қосымша ұсынады:

6)  Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын немесе уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар өз мәртебесіне сәйкес келетін жеке басты куәландыратын құжаттарын  ұсынады. Жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсетумен қатар, оның мәтiнiнiң нотариатта куәландырылған мемлекеттік тiлiндегi немесе орыс тiлiндегi аудармасын ұсынады.

Порталға жүгінген кезде (тууды тіркеу кезінде Қазақстан Республикасының азаматтары үшін):

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық өтініш;

2) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы электрондық құжат (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген құжаттар ұсынылмайды). 

Көрсетілетін  қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, туу туралы медициналық куәлік туралы, сондай-ақ егер тіркеу Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін жүргізілген болса, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер жөнінде мәліметтерді, көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Баланың туған күнінен бастап екі ай мерзім өткеннен кейін, баланың тууын тіркеген жағдайда қосымша ұсынылады:

1) ата-анасының түсініктемесі;

2) баланың туған жері мен ата-анасының тұрғылықты жері бойынша туу туралы акт жазбасының жоқтығы туралы тіркеуші органның анықтамасы (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін туылған балалардан басқа);

3) баланың тұратын жері бойынша, оның денсаулығы туралы анықтама (жүгінген кезден бастап 7 (жеті) күннен кешіктірілмей берілген);

4) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда, нотариатта  куәландырылған сенімхат.

Құжаттарды қабылдау кезінде Астана және Алматы қалаларының, аудандардың   және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО,  кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері немесе Орталықтың қызметкері құжаттардың көшірмелерін тексереді, одан кейін көрсетілетін қызметті берушіге түпнұсқасын қайтарады.

Көрсетілетін  қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, сондай-ақ егер тіркеу Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін жүргізілген болса, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер жөнінде мәліметтерді, көрсетілетін қызметті беруші және Орталық қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе Орталыққа жүгінген кезде туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

3) көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігі, куәліктің түпнұсқасы жоғалған жағдайда – тууды тіркеу туралы анықтама;

4) өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізудің қажеттігін растайтын құжаттар;

5) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат немесе салық жеңілдіктерін беру үшін негіз болып табылатын құжат;

6) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда, нотариатта куәландырылған сенімхат.

Шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ азаматтық хал актілерін Қазақстан Республикасының тіркеуші органдарында тіркеген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініштері Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерi арқылы бастапқы жазбаның сақталған орны бойынша тіркеуші органға беріледі.

Мемлекеттік қызмет көрсетілген кезде көрсетілетін қызметті алушы,  егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе,  ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.

Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін  қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін  қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттардың  электронды көшірмелер түрінде табысталады.

Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды табыстау кезінде, өтініштің қабылданғанын растайтын: 

1) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың   және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО,  кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерінде қағаз түрінде құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгі;

2) портал арқылы - көрсетілетін  қызметті алушының «жеке кабинетінде» сұратылымның қабылданғаны туралы мәртебесі және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін алу тәртібі көрсетіледі.

3)  Орталықта:  сұрау салудың нөмірі мен қабылданған күні, сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі, қоса берілген құжаттардың саны мен атауы, құжаттарды беру күні, уақыты және орны, құжаттарды рәсімдеуге қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

Орталықта дайын құжаттарды беру көрсетілетін  қызметті алушының жеке басын куәландыратын  құжатты ұсынуы арқылы (немесе нотариатта куәландырылған сенімхат бойынша өкілінің) қолхат  негізінде жүзеге асырылады.

Орталық нәтиженің сақталуын бір ай ішінде қамтамасыз етеді, содан соң көрсетілетін қызметті берушіге  одан әрі сақтау үшін жолдайды. Көрсетілетін  қызметті алушы бір ай өткеннен соң өтініш жасаған кезде, көрсетілетін қызметті беруші  Орталықтың сұрауы бойынша  бір жұмыс күн ішінде дайын құжаттарды  Орталыққа көрсетілетін  қызметті алушыға табыс ету үшін жолдайды. 

10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес  құжаттардың толық емес топтамасын берген жағдайда Орталық қызметкері  өтінішті қабылдап алудан  бас  тартады және  осы  мемлекеттік  көрсетілетін    қызмет стандартына  3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша  құжаттарды қабылдаудан бас  тарту туралы қолхат береді.

 


Қызметтің құны

ақылы/тегін

Мемлекеттік қызметтің нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі:

жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі туу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен туу туралы  қайталама куәлік.

Порталда көрсетілетін қызметті алушының «Жеке  кабинетіне» қызметті көрсетушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің берілу күнінің белгіленуі туралы хабарлама жолданады. 

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.

 


Шағымдану тәртібі

Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның  лауазымды адамдарының, Орталықтың және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) басшыларының атына немесе Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне  (бұдан әрі –ҚР ӘМ) беріледі.

Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), пошталық мекен-жайы көрсетiледі.

Шағымдар жұмыс кестесі бойынша пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің, Орталықтың немесе ҚР ӘМ  кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе ҚР ӘМ кеңсесінде  қабылдап алған адамның  тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып,  шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің немесе Орталықтың  атына келіп түскен  шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың  нәтижелері туралы  дәлелді жауап  пошта арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не  көрсетілетін қызметті берушінің  кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Портал арқылы жүгінген кезде  шағым жасаудың тәртібі  туралы  ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс-орталығының «1414» телефоны бойынша алуға болады.

Шағымды көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті  берушінің  өтінішін өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып тұрады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күн ішінде қаралуға жатады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар



Өзге талаптар

Заңнамамен белгіленген тәртіпте көрсетілетін қызметті алушы өзіне- өзі қызмет көрсету қабілетін немесе  мүмкіндігін, өз бетімен қозғалу, бағдарлау қабілетін толық немесе ішінара жоғалтса, мемлекеттік қызмет көрсету үшін «1414» Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы өтініш жасаған кезде, мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау көрсетілетін қызметті беруші немесе Орталықтың қызметкері тұрғылықты жеріне шығумен жүргізеді.

14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мемлекеттік қызмет берушінің және www.con.gov.kz Орталықтың  интернет-ресурстарында орналастырылған.

15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті  ЭЦҚ болған жағдайда  портал арқылы электрондық  нысанда алу мүмкіндігі бар.

16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты  мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі «1414» Бірыңғай байланыс-орталығы  арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет