Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2013 жылғы «___» __________
№ ___ бұйрығымен
бекітілді
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген
көлік және коммуникация саласы бойынша
көрсеткіштерін есептеу әдістемесі
-
Жалпы ережелер
-
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген көлік және коммуникация саласы бойынша көрсеткіштерін есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме), Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаевтың 2013 жылғы 4 наурыздағы № 20-20/004-527 (п.7.2.7) қбпү бекітілген Мемлекеттік жоспарлау жүйесін мемлекеттік статистикамен үйлестіруді қамтамасыз ету жөніндегі жол картасының
9-тармағын іске асыру мақсатында әзірленген.
-
Осы Әдістемеде мынадай анықтамалар мен аббревиатуралар пайдаланылады:
-
Қазақстан Республикасының көлігі – Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе көлігі, қалалық рельстік көлік, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы магистральдық құбыр көлігі;
-
автомобиль жолы – автомобильдердiң және басқа да көлiк құралдарының белгiленген жылдамдықпен, жүктемелермен, габаритпен үздiксiз, қауiпсiз жүрiсiн қамтамасыз ететiн, автомобильдер жүрiсiне арналған инженерлiк құрылыстар кешенi, сондай-ақ осы кешендi орналастыру үшiн берiлген жер учаскелерi (көлiк жерлерi) және олардың үстiндегi белгiленген габарит шегiндегi әуе кеңiстiгi;
-
автомобиль жолын жөндеу – ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулерді қамтитын, автомобиль жолы ақауларының алдын алу және оларды жою, сондай-ақ көліктік-пайдалану сапаларын қалпына келтіру және жақсарту жөніндегі жұмыстар кешені;
-
автомобиль жолын реконструкциялау – автомобиль жолын немесе оның жекелеген учаскесін неғұрлым жоғары техникалық санатқа ауыстыра отырып, көліктік-пайдалану сапаларын, қозғалыс қауіпсіздігі мен қолайлылығын арттыруды қамтамасыз ететін жұмыстар кешені;
-
ақылы автомобиль жолдары (жол учаскелері) – ақылы негізде пайдалану туралы шешім қабылданған және жүріп өту үшін ақы алынатын автомобиль жолдары (жол учаскелері);
-
вагон – темiржолдармен тасымалдауға арналған өздiгiнен жүрмейтiн тiркемелi көлiк құралы;
-
поезд - Ұлттық инфрақұрылым операторы айқындаған маршрут бойынша жүретін, белгіленген сигналдары бар, жұмыс істеп тұрған бір немесе бірнеше тартқыш көлік құралдары (локомотивтері немесе моторлы-вагонды жылжымалы құрамдары) бар, құралған және тіркелген вагондар құрамы, вагонсыз локомотивтер, моторлы вагондар және арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам;
-
темiржол көлiгi – темiржолдармен тасымалдауды қамтамасыз ететiн көлiк түрi;
-
автомобиль көлігі құралы (бұдан әрі – автокөлік құралы) – автобустарды, шағын автобустарды, жеңіл және жүк автомобильдерін, троллейбустарды, автомобиль тіркемелерін, ершікті тартқыштарға жартылай тіркемелерді, сондай-ақ арнайы бейімделген автомобильдерді (жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған) және арнаулы автомобильдерді (әртүрлі, көбінесе көлікке арналмаған жұмыстарды орындауға арналған) қамтитын, автомобиль көлігі жылжымалы құрамының бірлігі;
-
порт - жолаушылар мен кемелерге қызмет көрсету, жүктердi тиеу, түсiру, қабылдау, сақтау және беру, көлiктiң басқа да түрлерiмен өзара iс-қимыл жасасу мақсатында жайластырылған және жабдықталған жер учаскесiнде және iшкi су жолдары акваториясында орналасқан құрылыстар кешенi;
-
мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
-
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі – мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сыныпталған тізбесі;
-
мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңтайландыру – мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңайлатуға, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін, көрсетілетін қызметті алушылар ұсынатын құжаттардың тізбесін, сондай-ақ оны көрсету процесінің буындарын қысқартуға, оның ішінде автоматтандыру арқылы қысқартуға бағытталған іс-шара;
-
халыққа қызмет көрсету орталығы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыратын, сондай-ақ ақпараттық жүйелерден мәліметтер алу арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін заңды тұлға;
-
«Электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
-
автоматтандыру – адам еңбегін жеңілдету және оның нысандарын ығыстыру, процестердің өнімділігі мен ашықтығын арттыру мақсатында ақпаратты өңдеу, жүйелендіру, сақтау және беру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану;
-
ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздестіруге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе;
-
ақпараттық технологиялар – әдістердің, өндірістік процестердің және ақпаратты жинауды, құруды, сақтауды, жинақтауды, өңдеуді, іздестіруді, шығаруды, көшірмесін түсіруді, беру мен таратуды қамтамасыз ететін технологиялық кешенге біріктірілген бағдарламалық-техникалық құралдардың жиынтығы;
-
интернет-ресурс – ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде жұмыс істейтін электрондық ақпараттық ресурс, оны жүргізу және (немесе) пайдалану технологиясы, сондай-ақ ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін ұйымдық құрылым;
-
пайдаланушы – өзіне қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге жүгінетін және оларды пайдаланатын субъект;
-
транзакциялық қызмет көрсету – электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, өзара ақпарат алмасуды талап ететін, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды ұсыну жөнінде қызмет көрсету;
-
электрондық ақпараттық ресурстар – электрондық түрде сақталатын (ақпараттық дерекқорлар), ақпараттық жүйелердегі ақпарат;
-
электрондық қызмет көрсету – ақпараттық технологияларды қолдана отырып, жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық, интерактивтік және транзакциялық қызмет көрсетуді ұсыну;
-
электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттiк қызметтер – ақпараттық технологиялар қолданыла отырып көрсетілетін мемлекеттiк қызметтер;
-
«Электрондық үкімет» – мемлекеттік функцияларды уақтылы және сапалы орындауға бағытталған, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым негізінде мемлекеттік басқару жүйесі;
-
«Электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
-
РТС - радиотелевизиялық станциялар;
-
АКТ – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
-
НҚА – нормативтік-құқықтық актілері;
-
МУИТ – «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» акционерлік қоғамы;
-
ЭҮШ – «Электрондық Үкімет» шлюзі;
-
МО – Мемлекеттік органдар;
-
МО АЖ – мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесі;
-
СҮЖ – сенімді үшінші жақ;
-
НЖЖ – навигациялық жолсерік жүйе.
-
Әдістеме мынадай бағдарламалық құжаттарында, нысаналы индикаторларын жетістікті сипаттайтын көрсеткіштерін есептеу үшін қолданылады:
-
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы
19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама;
-
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 464 Жарлығымен бекітілген «Ақпаратты Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарлама;
-
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1006 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарлама;
-
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы
№ 129 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары.
-
Осы Әдістемеде мынадай көрсеткіштердің есептеу тәртібі өткізіледі:
1) 2015 жылға қарай орташа алғанда республикалық маңызы бар автомобиль жолдардың 85%-ы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда;
2) 2015 жылға қарай орташа алғанда жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының 70%-ы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда;
3) жөндеудің барлық түрімен қамтылған республикалық маңызы бар жолдардың ұзақтығы;
4) Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік транзит дәлізін реконструкциялау (бір бағытта);
5) жаңа теміржолдардың ұзақтығы;
6) жолдың жоғарғы құрылысын күрделі жөндеу;
7) экспорттық өнімнің өзіндік құнындағы теміржол көлігімен тасымалдау шығыстарының үлесі 2020 жылға қарай 20%-ға төмендейді;
8) теміржол көлігінің негізгі активтерінің тозуы 60 %-ға дейін төмендеген (қауіпсіздікті арттыру);
9) субсидияланатын әлеуметтік маңызы бар маршруттар саны;
10) ИКАО санатына ие әуежайлар саны (қауіпсіздікті арттыру);
11) халықаралық әуежай – «хабтардың» саны 4 бірлікке дейін;
12) теңіз порттарының өткізу қабілеті;
13) мемлекеттік техникалық өзен флотын жаңарту және жаңғырту (қауіпсіздікті арттыру);
14) Ұлттық теңіз сауда флоты қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының порттарынан Каспий теңізіне тасымалдау көлемінің үлесі;
15) Ұлттық теңіз сауда флоты қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының порттарынан Каспий теңізіне құрғақ жүктерді тасымалдау көлемінің үлесі;
16) халықтың автобуспен жолаушылар тасымалдары сапасына қанағаттану деңгейі;
17) елді мекендерді тұрақты автобус қатынастарымен қамту;
18) халықаралық жүк автотасымалдары нарығындағы қазақстандық тасымалдаушылардың үлесі;
19) белгіленген талаптарға жауап беретін автомобильдік жолаушылар тасымалдары инфрақұрылымының үлесі;
20) көлік құралдарын міндетті техникалық тексеріп қараумен қамтуды ұлғайту;
21) шұғыл оперативтік қызметтерді шақыру құралдарымен жабдықталған автокөлік құралдарының қатысуымен автомобиль жолдарында болатын жол-көлік оқиғаларына шұғыл оперативтік қызметтердің ден қою уақытын төмендету;
22) транзиттік темір жол учаскелері бойынша жүк поездары қозғалысының орташа жылдамдығын арттыру:
Солтүстік дәліз;
Оңтүстік дәліз;
Ортаазиялық дәліз;
TRAСEСA;
Солтүстік-Оңтүстік дәлізі.
23) автомобиль транзит дәліздері бойынша жүктің орташа қозғалыс жылдамдығының ұлғаюы;
24) хлықаралық көліктік дәліздерде көлік-логистикалық орталықтары санын ұлғайту (құру);
25) Қазақстан Республикасы арқылы халықаралық ақпараттық ағындар транзитінің үлесі (Еуропа/Ресей-Азия);
26) тұрғындары 1000 және одан көп адамнан тұратын елді мекендерді ұялы байланыс қызметтерімен қамту;
27) Қазақстан халқын цифрлық эфирлік телерадиохабарлар таратумен қамту;
28) цифрлық эфирлік телехабар тарату үшін РТС (радиотелевизиялық станциялар) саны;
29) Алматы, Астана қалаларында және облыс орталықтарында, сондай-ақ қалған елді мекендерде цифрлық эфирлiк телерадиохабар таратылатын телеарналардың саны;
30) АКТ саласындағы стандарттардың жалпы санынан үйлестірілген стандарттардың саны;
31) АКТ саласындағы әзірленуші мемлекеттік стандарттардың саны;
32) АКТ саласындағы әзірленетін НҚА саны;
33) мемлекеттік тапсырыс негізінде iCarnegie халықаралық стандарттары бойынша IT мамандықтары бойынша оқитын студенттердің саны (алдағы жылға қарай);
34) АТХУ-гі ғылыми-зерттеу жұмыстарының саны;
35) бизнесті тіркеумен және жүргізумен байланысты уақыт пен шығындар, сонымен қатар рұқсат ету рәсімдерін қамтитын операциялық шығындарды төмендету;
36) ақпараттандыру және байланыс саласындағы субъектілердің қысқартылған жоспарлы тексерулердің (бір жылғы тексеру жоспарына сәйкес) жалпы санынан (өткен жылға) үлесі;
37) байланыс саласындағы электронды нысанда берілетін рұқсат құжаттамаларының үлесі;
38) табиғи монополия саласынан шығарылған телекоммуникация және пошта байланысы қызметтерiнің реттелетін саны;
39) электрондық форматқа ауыстырылған әлеуметтік маңызы бар қызметтердің жалпы санынан электрондық түрде көрсетілген әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтердің үлесі;
40) оңтайландыруға және автоматтандыруға жататын қызметтердің жалпы санынан электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі;
41) көрсетілген электрондық қызметтер санының жыл сайынғы өсуі;
42) берілген лицензиялардың жалпы санынан электрондық түрде берілетін лицензиялардың үлесі;
43) мемлекеттік органдарды бірыңғай call-орталығына қосу;
44) ЭҮШ әзірленген сервистерінің саны;
45) ЭҮШ арқылы мемлекеттік органдардың ықпалдастырылған мемлекеттік дерекқорлары мен ақпараттық жүйелерінің саны;
46) жоғары деңгейдегі қазақстандық домен атауларын қолдайтын баламалы DNS-серверлерін өрістету;
47) ХҚО-да көрсетілген электрондық мемлекеттік қызметтер түрлерінің саны;
48) ХҚО-да мемлекеттік қызмет көрсетудің орташа күту уақытын төмендету;
49) ХҚО арқылы бір мемлекеттік қызметті көрсету үшін орташа есеппен талап етілетін қағаз құжаттардың саны;
50) ХҚО жалпы көрсетілген қызметтерінен электрондық форматта көрсетілген қызметтер үлесі;
51) «Кеден одағы шеңберінде ақпаратпен алмасу үшін мемлекетаралық шлюз» АЖ өндірістік пайдалануға енгізу;
52) кеден одағы шеңберінде ақпаратпен алмасу үшін мемлекетаралық шлюзбен ықпалдастырылған МО АЖ саны;
53) СҮЖ (сенімді үшінші жақ) арқылы хабарламалардың тұтастығын қамтамасыз ету;
54) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темір жол көлігімен жүзеге асырылатын транзиттік тасымалдар көлемі;
55) халықаралық көлік дәліздері бойынша контейнерлік жүк поездарының жылдамдығы;
56) жолаушылар поездарының жылдамдық қозғалысы учаскелерінде жылдамдығы;
57) жүктерді транзиттік бағытта тасымалдаулар көлемі;
58) оңтайландыру мен автоматтандырылуға жататын мемлекеттік қызмет көрсетудің электрондық нысанға көшірілген үлесі;
59) «Электрондық үкімет» индексі;
60) электрондық форматта ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің үлесі;
61) дәстүрлі түрде алынған қызметтердің жалпы санына қарағанда көрсетілген электрондық мемлекеттік қызметтердің үлесі;
62) мемлекеттік қызмет көрсетудің ең көп уақыты;
63) мемлекеттік органдардың ақпараттық өзара іс-қимылын автоматтандыру;
64) Қазақстан Республикасының е-қатысу индексі;
65) «Ашық деректер» сервистерінде орналасқан белсенді пайдаланылатын қосымшалардың саны;
66) тұрғындардың мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасына қанағаттану индексі;
67) мемлекеттік қызметтерді көрсетудің төрешілдену индексі;
68) электрондық қызметтердің жалпы көлемінде мобильдік электрондық мемлекеттік қызметтердің үлесі;
69) мемлекеттік органдардың автоматтандырылған функцияларының үлесі әлеуетті автоматтандырылатындардың санынан;
70) мемлекеттік органдардың меншікті дата-орталықтарының, серверлік бөлмелерінің, серверлік құрал-жабдықтарының санын қысқарту;
71) меншікті лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді, меншікті ақпараттық жүйелерді құру және қызмет көрсету қызметтерін сатып алуға мемлекеттік органдардың шығындарын қысқарту;
72) МЖӘ схемасы бойынша жалпы пайдаланымдағы зерттеу зертханаларының саны;
73) НЖЖ-мен жарақтандырылған жолаушылар және жүк көлігінің үлесі;
74) билеттерді сату электрондық форматта жүзеге асырылатын маршруттардың (рейс, бағыт) үлесі;
75) салынған, қайта жаңартылған республикалық маңызы бар автожолдардың ұзақтығы;
76) жөндеудің барлық түрлерімен қамтылған жергілікті маңызы бар жолдардың ұзақтығы;
77) республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жекелеген учаскелерінде ақылы жүйені енгізу;
78) жүк вагондарын сатып алу;
79) жүк вагондарын күрделі жөндеу;
80) жолаушы және жүк қозғалысындағы локомотивтерді сатып алу
81) тепловоздар және электровоздарды күрделі жөндеу;
82) «Тальго» жолаушылар вагондарын сатып алу;
83) жолаушылар вагондарын және электрпоездарын сатып алу;
84) теміржол вокзалдарын күрделі жөндеу;
85) Қазақстан аумағы бойынша теміржол көлігімен транзиттік тасымалдар көлемін өсіру (2009 жылға қатысты);
86) әуежайлардың ұшу-қону жолақтарын қайта жаңарту;
87) әуежайлардың жолаушылар және жүк терминалдарын қайта жаңарту және салу;
88) қазіргі заманғы жаңа ұшақтар саны;
89) батыс және ресейлік өндірістің қазіргі заманғы тікұшақтарының жалпы саны;
90) сауда флотын 11 бірлікке дейін жеткізу;
91) өзен шлюздерін қайта жаңарту және жаңғырту;
92) «Көліктік дерекқорының және тасымалдау қауіпсіздігі серпінінің мониторингі ақпараттық-талдамалық жүйесін» дамыту;
93) көлiктік бақылауды жүзеге асыру процесiн автоматтандыру (өлшеудің автоматтандырылған жүйесі пункттерінің саны);
94) халықаралық тасымалда 650 автокөлік құралын цифрлық тахографтармен жабдықтау;
95) экологиялық стандарттарды енгізу, соның ішінде: 3-экологиялық кезең және 4-экологиялық кезең;
5. Осы Әдістеменің 4-тармағында көрсетілген көрсеткіштердің есептеу тәртібі осы Әдістеменің қосымшасында келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: |