Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау қорытындысына анықтама 2015 жылдың 15 -19 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының 2013 жылдың 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы»



Дата04.03.2016
өлшемі54.07 Kb.
#38847
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына

ішкі бақылау қорытындысына

АНЫҚТАМА
2015 жылдың 15 -19 мамыр аралығында
Қазақстан Республикасының 2013 жылдың 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» № 88-V Заңы 11 бабының 12 тармақшасына сәйкес 2015 жылдың 15-19 мамыр аралығында, Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары Д.Сағыров және аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімшесінің басшысы Г.Ахметованың, осы бөлімшенің бас маманы Б.Төрежановтың қатысуымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау және Мұғалжар ауданы бойынша бағаланатын атқарушы органдармен ұсынылған есептік ақпараттарындағы мәліметтерді қайта тексеру жүргізілді.

Тексеру барысында Қандыағаш қаласы әкімі аппаратында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізіліп, келесі деректер анықталды:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013ж. 18.09. № 983 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015ж. 09.02. № 45 (2015 ж.14.02 күшіне енді) қаулысына сәйкес, бөліммен мемлекеттік қызметтердің 3 түрі бойынша жұмыстары қаралды:


  1. Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру;

2) Елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру;

3) Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру


1. Қандыағаш қаласы.
Қала әкімі – Ж.Аликулов

2015 ж. 2.03. № 47 өкімімен «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметке жауапты Е.Нұрымбетов тағайындалған. Ал, «Елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру», «Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметтерді Н.Дәрібай көрсетеді, бірақ нақты мемлекеттік көрсетілетін қызметке жауапты тұлға ретінде өкіммен тағайындалмаған.

Мемлекеттік қызметтер көрсету бағыты бойынша іс-шаралар жоспары бар, алайда сол жоспардың тармақтары мүлдем орындалмаған.

Мекеменің жылдық жоспарында мемлекеттік қызметтер бағыты бойынша сұрақ қарастырылмаған.

«Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметіне түскен өтініштерді тіркеу журналы арналған, нөмірленіп,тігілген және мөрмен бекітілген.

Баламалы негізде ХҚКО арқылы көрсетілу қарастырылған жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру мемлекеттік қызметі ағымдағы жылдың 4 ай бойы мемлекеттік орган арқылы көрсетілмеген. Ал ХҚКО арқылы 69, электронды түрде 139 қызмет көрсетілген.

«Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметі бойынша өтініштерді тіркеуге журнал арналмаған. Осы мемлекеттік қызмет бойынша түскен өтініштерді жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарау тәртібі бойынша қарап, «Айқын» бағдарламасына енгізіп отырғандығы анықталды.

2015 жылдың 4 айында 11 қызмет көрсетілген. Алайда есептік ақпаратқа ұсынылмаған.

«Елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру» мемлекеттік қызметі бойынша өтініштерді тіркеу журналы бар, бірақ журнал нөмірленіп тігілмеген және мөрмен бекітілмеген. «Елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру» мемлекеттік қызметі бойынша 2015 жылдың 4 айында ХҚКО арқылы 185 өтініш түсіп, оның 121 қызметі бас тартылған.

Сонымен қатар, ҚР Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы М.Құсайыновтың 2015 жылғы 27 наурыздағы № 270 бұйрығымен бекітілген Елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру мемлекеттік қызметі стандарт талаптарының орындалуы бойынша бірқатар кемшіліктер бар, алайда бұйрық ҚР Әділет министрлігінде нормативтік-құқықтық акт болып тіркелмегендіктен, заңды күшіне енген жоқ, сондықтан да қызмет көрсететін жауапты тұлға ешқандай жауапкершілікке тартылмайды, бірақ алдағы уақытта кемшіліктердің жіберілмеуін қатаң бақылау ескертіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013ж. 18.09. № 983 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015ж. 09.02. № 45 (2015 ж.14.02 күшіне енді) қаулысына сәйкес, «Елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру» мемлекеттік қызметі тек қана ХҚКО арқылы көрсетілуі тиіс, қызмет алушы өтінішті ХҚКО-на тапсырады және сол қызметтің нәтижесін де ХҚКО-нан алуы қажет. Алайда қызмет алушылар А.Айсина бас тарту жөніндегі 10.03.2015 ж. №504 хатты, Т.Қуаныш 19.03.2015ж. №566 хаты т.б бірнеше хаттар қызмет алушылардың қолдарына берілген.

2015 жылдың 16 қаңтарында аудан әкімімен бекітілген «2015 жылға арналған көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарының» 4 тармағы бұзылған. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес тек қана ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметті мемлекеттік органда қызмет көрсетілген. Қызмет алышылар 31.03.2015ж К.Шакибаевқа, 20.03.2015ж.К.Шадиковқа мемлекеттік органда қызмет көрсетілген.

Ақпараттық стенд бар, бірақ мекемеде көрсетілетін 3 мемлекеттік көрсетілетін қызметтері бойынша да стандарттары мен регламенттері орналастырылмаған. Және де осы стандарттарды бекіту туралы ҚР Үкіметінің қаулысы немесе министрліктің бұйрықтары, өтініш үлгілері жоқ. ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қыркүйектегі №1223 қаулысымен бекітілген «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметтің күші жойылған көне стандарт ілулі тұр.Сенім телефоны және бағыттаушы стрелка жоқ. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша арыз-шағым журналы жоқ.

Мемлекеттік орган, мемлекеттік қызметтерді ғимараттың 1 қабатында көрсетеді, алайда дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшін жағдай жасалынбаған, яғни пандус жоқ.


Қорытындылар:


  1. 2015 жылдың 16 қаңтарында аудан әкімімен бекітілген «2015 жылға арналған көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспары» тармақтары тиісті деңгейде орындалмаған.

  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты маманның біреуіне өкіммен жүктелмеген.

  3. Мемлекеттік органдар басшылары мен мемлекеттік қызметтерді көрсететін лауазымды тұлғалар, мемлекеттік қызметтер көрсету туралы заңын, мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінің талаптарын тиісті деңгейде білмейді.

  4. Ақпараттық стендте мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттері, сонымен қатар олардың бекітілуі туралы қаулылар мен бұйрықтар орналастырылмаған. Өтініштердің үлгілері, сенім телефон нөмірлері жоқ. Күші жойылған қаулылар орналастырылған.

  5. Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша ақпаратты ұсынылмау фактілері анықталды.

  6. Мемлекеттік қызметтер көрсету барысында мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерін бұзу фактілері бар.

  7. Мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша сұрақтар қала әкімі немесе орынбасары отырыстарында қаралмаған.

  8. Мемлекеттік қызметтер көрсететін жауапты маманның біреуі жоғарғы қабатта қызмет көрсетеді, алайда дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшін жағдай жасалынбаған.


Ұсыныстар:

1.2015 жылдың 16 қаңтарында аудан әкімімен бекітілген «2015 жылға арналған көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспары» тармақтарын тиісті деңгейде орындау.

2.Мемлекеттік қызметтерді көрсететін жауапты мемлекеттік қызметшілердің біліктілік деңгейін арттыру.

3.Ақпараттық стендтерді қалыпқа келтіру, қажетті ақпараттарды орналастыру.

4.Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны және мемлекеттік қызметтерді алған адам саны бойынша дәл мониторинг жүргізу.

5.Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкестендіру.

6.Мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері талаптарының сақталуын қатаң бақылау.

7.Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, мемлекеттік қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетуді қамтамасыз ету.

8.Электрондық қызметтердің әйгілігін арттыру және олардың алға жылжуы үшін, қолданушыларды ақпараттандыру бойынша жұмыстар жүргізу.

9.Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсетілуін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдау.



10.Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мәселелерін үйлестіру бөлімшесіне анық есептік ақпараттарды ұсынуды қамтамасыз ету.

11.Жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдар ғимараттарында дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшін жағдай жасау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет