5
БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАЗМҰНЫ
(Барлығы – 34 сағат, аптасына – 1 сағат)
Оқытылатын курс бағдарламасы
Логикалық есептер ( 10 сағ)
Заңдылықты анықтау (келесі қандай сан?) есептері, сандардың
бөлінгіштігіне
берілген есептер, логикалық амалдар арқылы шығарылатын
есептер, ұлттық мазмұндағы логикалық есептер, ребус түріндегі
логикалық
есептер, санды және сиқырлы шаршылармен берілген логикалық есептер,
дәреженің соңғы цифрын анықтау есептері,
газет және кітап беттерін
нөмірлеуге арналған есептер.
Пропорция және пайыз (8 сағ)
Пропорция қасиеттері арқылы шығарылатын сауаттылық есептері,
пайызбен берілген сауаттылық есептері, банкке салынған қаржының күрделі
проценттік өсу формуласы
арқылы шығарылатын есептер, геометриялық
фигуралардың боялған және боялмаған бөліктерінің пайызын табуға арналған
сауаттылық есептері, концентрация мен пайыздық қатынасқа берілген есептер,
шамаларды пайыздық салыстыру есептері.
Мәтінді есептер (7 сағ)
Қозғалысқа берілген есептер, бірлесіп
жұмыс істеуге берілген есептер,
сандарға байланысты берілген мәтінді есептер, статистикалық деректер және
олардың сипаттамаларына берілген мәтінді есептер, адамның жасын есептеуге
арналған есептер, экономикалық мазмұндағы мәтінді есептер.
Достарыңызбен бөлісу: