062 «Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу» бөлінетін бюджеттік бағдарламасы шеңберінде Министрлік «Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Алматы қаласындағы «С.Ж. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университеті» РМК ШЖҚ жанындағы көп бейіңді аурухана салу және пайдалануға беру» (бұдан әрі – ҚазҰМУ жанындағы жоба) және «Қарағанды қаласындағы «Қарағанды ұлттық медицина университеті» РМК жанындағы 300 төсектік көпбейіңді клиникалық аурухана салу және пайдалануға беру» (бұдан әрі – ҚММУ жанындағы жоба) концессиялық жобаларын әзірлеуде.
ҚазҰМУ жанындағы жобаға қатысты
Консультативтік сүйемелдеу қызметтерін республикалық концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу бойынша заңды тұлға болып табылатын «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын сүйемелдеу орталығы» ЖШС (бұдан әрі - ЖСО) ұсынды. 2014 жылы ҚазҰМУ жанындағы жобалар бойынша концессиялық ұсыныстың 4 бөлімін әзірлеу үшін шығыс 17 296 мың теңге сомасын құрады, 100 % игерілді. Концессиялық ұсыныстарды, конкурстық құжаттамаларды әзірлеуді және концессияның шарт жобасын аяқтау үшін 2015 жылы консультативтік сүйемелдеуге бастапқыда 51 876 мың теңге қарастырылды. Кейіннен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) 2015 жылғы 29 қазандағы № 07-2-14/7011-И хатына және ҚР Ұлттық экономика министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ҰЭМ) 2015 жылғы 12 қарашадағы № 692 бұйрығына сәйкес, конкурстық құжаттаманы дайындау және концессия шарт жобасын әзірлеу бөлігінде шығыстар 23 812 мың теңге сомасына қысқарды. Қосымша шарт жасау нәтижесінде Министрлік пен ЖСО арасындағы шарт сомасы конкурстық құжаттама және концессия шарт жобасын әзірлеу бөлігініде 23 812 мың теңгеге қысқарды.Қаражаттың қысқаруы ЖСО 2015 жылдың аяғына дейін конкурстық құжаттамалар мен концессия шарт жобасы әзірленуінің жалғасуының (3 ай ішінде), олардың бюджеттің орындалуы мен мемлекеттік жоспарлау (65 жұмыс күні) бойынша уәкілетті органдарда келісуінің себебімен іс- шаралардың болжамды орындалмауымен байланысты.Бұдан басқа, техникалық, заң және қаржылық көзқарастан және ҚазҰМУ жанындағы жоба бойынша 2015 жылы сараптаманы алмай қалу бөлігіндегі концессиялық ұсыныстарды әзірлеу бойынша нақты болжамды қызмет көрсетуге байланысты жобаның күрделілігін ескере отырып, Министрлік пен ЖСО арасында 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 98 шартқа қосымша шарт жасалды, онда шарт сомасы 19 645 мың теңгеге дейін (немесе 8 419 мың теңгеге) қысқартылды.Концессиялық ұсыныс ҚР Ұлттық экономика министрлігінің және «Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ сараптама қорытындысына сәйкес (2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 3) пысықталуда.2016 жылы экономикалық сараптамадан өте алатын, сондай-ақ ықтималы концессионерді таңдау бойынша конкурс жариялауға жататын концессиялық ұсынысты пысықтау және заңнамамен бекітілген сараптама алу, конкурстық құжаттама мен концессия шарт жобасын әзірлеу жоспарлануда. Осыған байланысты, ҚазҰМУ жанындағы жоба бойынша 2016-2017 жылдарға арналған бюджеттік өтінім ҚР ҰЭМ жолданды (2016 жылғы 15 қаңтардағы № 07-2-14/252-И хаты).
ҚҰМУ жанындағы жобаға қатысты
ҚҰМУ жанындағы концессиялық жобаны іске асыру мақсатында Республикалық бюджеттік комиссияның шешіміне сәйкес (2015 жылғы 3 маусымдағы №9 хаттамасы), 2015 жылға конкурстық құжаттаманы әзірлеу үшін 23 812 мың теңге бөлінді (оның ішінде концессия шарт жобасы). Бұрын айтылғандарға сәйкес (2015 жылғы 8 қазандағы № 07-2-14/20712 хаты), аталған жобаға техникалық – экономикалық негіздеме (бұдан әрі – ТЭН) әзірлеу қарастырылған. Бірақ, ТЭН әзірлеушісі ТЭН жасау бойынша шарт талаптарын орындамады.Осыған байланысты, осы жобаны іске асыру үшін Министрлік екі кезеңдік рәсім қолдануды іске асыруды ұсынды.«Концессиялар туралы» ҚР Заңының 20-1 бабының 1 тармағына сәйкес, екі кезеңдік рәсімді қолданумен концессионерді таңдау бойынша конкурс:
-
Концессиялық жобаны іске асыру үшін әр түрлі инновациялық, шығармашылық, сәулет-жобалау, ұйымдастыру-технологиялық шешімдер, өнетабыстарды жинау және туындаған мәселелер бойынша ықтимал концессинерлермен келіссөздер жүргізу қажет;
-
Эксперимент, іздестіру жүргізу немесе әзірлемелер қажет болған
жағдайларда жүргізіледі.
Екі кезеңдік рәсімді қолданумен концессионерді таңдау бойынша конкурс концессиялық жобадан пайда мен шығыстардың қатынасын арттыруға әкеп соқтыратын техникалық шешім таңдауға көмектеседі. Бұдан басқа, ҚР ҰЭМ 2015 жылғы 28 қаңтарындағы № 165 (7,9 тармақтары) бұйрығымен бекітілген ғимараттар мен имараттарды техникалық және (немесе) технологиялық күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін анықтау Ережесіне сәйкес (бұдан әрі – Ереже) ҚазҰМУ жанындағы жоба техникалық және технологиялық күрделі объектіге жатады, ол бойынша ҚР «Концессиялар туралы» заңының 15-2 бабына сәйкес, ықтимал концессионер концессиялық жобаның ЖСҚ әзірлей алады. Осыған байланысты, 2015 жылы конкурстық құжаттаманы (оның ішінде концессия шарт жобасы) әзірлеуге қарастырылған 23 812 мың теңге сомасындағы қаражатты концессиялық ұсыныстың (жоба паспорты, кіріспе, институционалды бөлім, маркетингтік бөлім) 4 бөлімін әзірлеуге жіберу ұсынылды. Сонымен қатар, ЖСО концессиялық ұсыныстың 4 бөлімін әзірлеуге арналған бюджеттік өтінімі ҚР ҰЭМ 2015 жылғы 24 шілдедегі № 564 бұйрығымен бекітілген концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу бойынша қызмет құнын анықтау Әдістемесіне сәйкес, 25 273 мың теңге сомасына ұсынылды. Министрлік 7 638 мың теңге сомасында бұрын әзірленген ЖСҚ (жоба паспорты, кіріспе, маркетингтік бөлім) бөлімдерін ескере отырып, республикалық концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу бойынша ЖСО заттай салым ретінде тапсырды. Осылайша, 062 бөлінетін бюджеттік бағдарламасы шеңберінде 2015 жылы ҚММУ жобасы бойынша концессиялық жобаның 4 бөлімін әзірлеуге (Кіріспе, Паспорт, Маркетингтік, Институционалды бөлімдері) 17635,0 мың теңге бөлінді және игерілді. Сонымен қатар, 2016 жылы 45 122 мың теңге сомасына концессиялық ұсынысты әзірлеуді аяқтау және 75 845 мың теңге сомасына конкурстық құжаттаманы және концессия шарт жобасын әзірлеуді аяқтау жоспарланып отыр (Республикалық бюджеттік комиссияның 2015 жылғы 23 қарашадағы № 26 хаттамасы).
|