«____________________________________________________________________________»
(құжаттаманың түрі мен атауын көрсету)
мемлекеттік сараптама жүргізуге арналған
үлгі шарты
_______ қ. «__»______ 20__ жыл
Бұдан әрі «Тапсырысшы» деп аталатын _________________________________________,
(Тапсырысшының толық атауы)
атынан____________________негізінде әрекет ететін _________________________________,
бір тараптан және бұдан әрі «Орындаушы» деп аталатын _________________________
(Орындаушының толық атауы)
атынан ______________________ негізінде әрекет ететін ___________________________________екінші жағынан, бұдан әрі екеуі бірге «Тараптар» деп аталып
__________________________________________
(мемлекеттік сараптама жүргізуге
өтініш-хатты көрсету)
және оған қоса беріліп отырған құрамы бойынша мемлекеттік нормативтермен белгіленген талаптарға сәйкестендірілген қағаз жеткізгіштегі Құжаттама жинағы негізінде төмендегідей туралы осы шартты (бұдан әрі − Шарт) жасасты.
1.Шарттың мәні
1. Тапсырысшы тапсырады, ал Орындаушы Тапсырысшымен қаралған және мүдделі ұйымдармен келісілген _____________________________________________
(құжаттаманың түрі мен атауын көрсету)
бойынша (бұдан әрі-Құжаттама)
сараптау қорытындысын бере отырып мемлекеттік сараптама жүргізуді өзіне алады.
2. Жұмысты орындау жері − қаласы. _________________________________________
(мемлекеттік сараптама жүргізу жері бойынша қаланы көрсету)
2. Шарттың бағасы және оны төлеу тәртібі
3. Тапсырысшы Шарттың 1 тармағында көрсетілген жұмыстар үшін Орындаушыға______________________теңгені, оның ішінде __________ % ҚҚС (бұдан әрі –Шарттың бағасы) төлеуге міндеттенеді. Шарттың бағасы Есебіне (Шарттың қосымшасына) сәйкес анықталды.
4. Тапсырысшы Шарт күшіне енген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Орындаушының есеп айрысу шотына аудару арқылы Шарт құнының 100 % (жүз пайыз) мөлшерінде алдын-ала төлем жүргізуге міндетті.
Төлем тапсырмасының төлем тағайындауын ресімдеу кезінде Орындаушы тіркеген Шарттың нөмірі мен төлеуге берген шотының нөмірін міндетті түрде көрсетуі тиіс.
* Мемлекеттік мекемелер үшін 4 тармағының редакциясы:
«4. Тапсырысшы Орындаушының есеп айрысу шотына ақша аудару арқылы келесідей тәртіппен төлем жүргізуге:
1) Шарт күшіне енген кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Шарт құнының 30% (отыз пайызы) мөлшерінде алдын-ала төлем жүргізуге.
2) жұмыс аяқталғаннан кейін және Тапсырысшы орындалған жұмыстың тапсыру-қабылдау актісіне қол қойғаннан (қабылдағаннан) кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Орындаушымен түпкілікті қаржылық есеп айрысуға міндетті.
Төлем тапсырмасының төлем тағайындауын ресімдеу кезінде Орындаушы тіркеген Шарттың нөмірі мен төлеуге берген шотының нөмірін міндетті түрде көрсетуі тиіс.».
5. Айлық есептік көрсеткіш, қосымша құн салығы өзгерген жағдайда, Құжаттама бойынша құрылыстың және/немесе жобалау-іздестіру жұмыстарының сметалық құны нақтыланған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте сараптау жұмысының бағалығы өзгерген жағдайда Шарттың бағасы өзгеруі мүмкін.
3. Тараптардың міндеттері мен құқықтары
6.Тапсырысшы:
1) құрамы бойынша мемлекеттік нормативтермен белгіленген талаптарға сәйкестендірілген жинақталған Құжаттаманы табыс еткеннен кейін, осы Шарт күшіне енген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Орындаушыға қосымша қағаз жеткізгіштегі Құжаттаманы кемінде 2 (екі) данада, сондай-ақ электронды жеткізгіштегі нұсқасын ұсынуға.
Құжаттама заңнамада белгіленген тәртіпте келісілген, мемлекеттік нормативтердің талаптарымен көзделген құрамда жинақталған болуы тиіс, Құжаттаманың жалпы бөлімі және әрбір тарауы бөлек ресімделуі тиіс;
*Техника-экономикалық негіздемеге арналған 6 тармақтың 1) тармақшасының редакциясы:
«6. Тапсырысшы:
1) Орындаушы құрамы бойынша мемлекеттік нормативтермен белгіленген талаптарға сәйкестендірілген Құжаттаманың жинақтылығын анықтағаннан кейін осы Шарт күшіне енген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Орындаушыға қосымша қағаз жеткізгіштегі Құжаттаманы кемінде 3 (үш) данада, сондай-ақ электронды жеткізгіштегі нұсқасын ұсынуға міндетті.
Құжаттама заңнамада белгіленген тәртіпте келісілген, мемлекеттік нормативтердің талаптарымен көзделген құрамда жинақталған болуы тиіс;»;
2) қаралып отырған Құжаттамаға объективті баға беру үшін (Орындаушының сұраухаты бойынша) қажетті қосымша құжаттарды Орындаушының сұраухатында көрсетілген мерзім ішінде ұсынуға;
3) мемлекеттік нормативтік құжаттарға сәйкес Орындаушының ескертпелері бойынша Құжаттамаға толық көлемде қажетті түзетулерді (пысықтауларды) енгізуге және құрылысқа арналған жобалау құжаттамасы жүйесінің стандарттарына (ЖҚЖС) сәйкес ресімделген түзетілген Құжаттаманы, Құжаттама бойынша бар ескертпелер мен ұсыныстарды Орындаушы ұсынған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күннен кешіктірмей ұсынуға;
4) Шарт ережелеріне сәйкес төлем жүргізуге;
5) Орындаушы берген ескертпелерді толық көлемде жойғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде сараптау қорытындысын дайындау үшін Құрылыс салуға арналған жобалау құжаттамасы жүйесінің стандарттарына (ЖҚЖС) сәйкес ресімделген Орындаушының толық көлемдегі ескертпелері мен ұсыныстары бойынша түзетілген (пысықталған) жинақталған Құжаттаманы толық көлемде Орындаушыға табыс етуге, бас инженердің тиісті жазбасымен сендірілген бір данадағы қағаз жеткізгіштегіні және электронды жеткізгіштегіні бір данада ұсынуға;
6) Шарт ережелеріне сәйкес сараптама қорытындысының тұжырымдарына қарамастан Құжаттама (сараптау қорытындысы) бойынша мемлекеттік сараптама нәтижесін қабылдауға міндетті.
7. Тапсырысшы:
1) Шарттың 18 тармағына сәйкес Шартты бұзуға;
2) Осы Шартта айтылған тәртіпте және ережеде Құжаттама бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысын (сараптау қорытыдысын) алуды талап етуге құқылы.
8. Орындаушы:
1) осы Шартта белгіленген мерзімде және тәртіпте Құжаттама бойынша мемлекеттік сараптама жүргізуге және Тапсырысшыға 2 (екі) данада сараптау қорытындысын беруге;
2) Қаралып отырған Құжаттама бойынша құпиялылықты сақтауға және коммерциялық құпияны қамтамасыз етуге міндетті.
9. Орындаушы:
1) Жүргізілген мемлекеттік сараптаманың нәтижелері бойынша Тапсырысшының сараптамаға ұсынған Құжаттамасын бекітуге ұсынуға, қабылдамай тастау немесе пысықтауға жіберуге ұсыныс жасауға;
2) Тапсырысшы оның тұжырымында айтылған шарттарды (талаптарды) орындамаған жағдайда, бұрын берілген оң қорытындыны кері қайтарып алуға;
3) қаралып отырған Құжаттаманың тапсырысшысынан (инвестордан) мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалар, сондай-ақ жобаны әзірлеуші арнайы мамандар атынан сараптаманы сапалы жүргізуге қажетті материалдар мен ақпараттарды заңнамада белгіленген тәртіпте сұратуға және алуға;
4) белгіленген тәртіпте сараптау комиссияларын құруға не сараптамаға қатыстыру үшін мамандар тартуға;
5) Шарт бойынша Құжаттаманың жобалау шешімдері мен негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерін қоспағанда, мемлекеттік сараптама жүргізу барысы туралы Орындаушының интернет-ресурсында ақпаратты орналастыруға (жариялауға);
6) Шарттың ережелеріне сәйкес біржақты тәртіпте Шартты бұзуға құқылы.
4. Ерекше шарттар
10. Орындаушы Құжаттаманы қарау нәтижелері бойынша Құжаттаманы пысықтауға қайтару туралы тұжырымдары бар жиынтық сараптау қорытындысын жасауға мына жағдайларда құқылы:
1) егер Орындаушы Тапсырысшы ұсынған ескертпелердің жауабы мен түзетілген Құжаттаманы қарау нәтижесінде ескертпелерді сапасыз түзеткені фактісін анықтаса (ұсынылып отырған түзетілген Құжаттама мемлекеттік нормативтік құжаттарға сай келмесе);
2) егер Тапсырысшы Шартта белгіленген мерзімде толық көлемде Орындаушының ескертпелерін жоймаса.
5. Сараптама жүргізу тәртібі мен мерзімі
11. Осы Шарт бойынша сараптау жұмысын бастау күні Тапсырысшының осы Шарт бойынша 4 тармағы және 6 тармағының 1) тармақшасы бойынша міндеттемелерін толық көлемде орындау күні болып табылады.
*Мемлекеттік мекемелер үшін 11 тармақтың редакциясы:
«Осы Шарт бойынша сараптау жұмысын бастау күні Тапсырысшының осы Шарт бойынша 4 тармағының 1) тармақшасы және 6 тармағының 1) тармақшасы бойынша міндеттемелерін толық көлемде орындау күні болып табылады.».
12. Орындаушы Шарт бойынша сараптау жұмыстары басталған күннен бастап, қажет болған жағдайда 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде қаралып отырған Құжаттама бойынша жазбаша ескертпелер береді.
13. Тапсырысшы мемлекеттік сараптаманың ескертпелері мен ұсыныстары бойынша толық көлемде түзетілген (пысықталған) және жинақталған Құжаттаманы ұсынған күннен бастап Орындаушы 10 (он) күнтізбелік күн ішінде құрылысқа арналған жобалау құжаттамасы жүйесінің стандарттарына сәйкес ресімделген сараптау қорытындысын әзірлейді және ресімдейді.
14. Шарттың 6 тармағының 3) тармақшасындағы мерзімін қоспағанда, жобаларға мемлекеттік сараптама жүргізудің мерзімі мен ұзақтығы Шарт бойынша сараптау жұмыстарын бастаған күннен бастап ___________ күнтізбелік күннен аспауы тиіс.
6. Жұмыстарды қабылдау және тапсыру тәртібі
15. Орындаушы аяқталған жұмысты (сараптау қорытындысын) Тапсырысшыға Шарт бағасын 100% төлегеннен кейін 2 (екі) данада атқарылған жұмысты тапсыру-қабылдау актісімен бірге жөнелтпе құжат бойынша сенімхат негізінде береді.
* Мемлекеттік мекемелер үшін 15 тармақтың редакциясы:
«15. Орындаушы аяқталған жұмысты (сараптау қорытындысын) 2 (екі) данада атқарылған жұмысты тапсыру-қабылдау актісімен бірге жөнелтпе құжат бойынша сенімхат негізінде Тапсырысшыға береді.».
16. Тапсырысшы атқарылған жұмысты тапсыру-қабылдау актісіне қол қоюға және оны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оның 1 (бір) данасын Орындаушыға қайтаруға немесе көрсетілген мерзімде Орындаушыға жазбаша себепті қарсылығын ұсынуға міндетті.
Көрсетілген 3 (үш) жұмыс күні ішінде атқарылған жұмыстарды тапсыру-қабылдау актісіне қол қоймаған және жазбаша себепті қарсылығын ұсынбаған жағдайда Тапсырысшы сараптау қорытындысын қарсылықсыз қабылдады деп саналады.
17. Тараптар Шартты орындау барысында атқарылған жұмыстардың аралық актілерін ресімдеуге құқылы.
Сонымен қатар атқарылған жұмыс көлемі Тараптардың уәкілетті өкілдерімен қол қойылған Орындаушының аралық актісімен расталады.
7. Шартты бұзу
18. Тапсырысшы келешекте Шартты орындау мақсатсыз деп тапса, Орындаушымен тиісті келісімге отыру арқылы кез келген уақытта Шартты бұзуға құқылы. Сонымен қатар, Тапсырысшы Шартты бұзу кезінде Тараптармен келісілген тәртіпте және мерзімде Орындаушының нақты атқарған жұмыстарына төлем жүргізуге, сондай-ақ Орындаушының талабы бойынша Шарттың 25 тармағына сәйкес айыпақы (өсімақы) төлеуге міндетті. Шарт бойынша Тапсырысшы бұрын ақшалай қаражат төлеп қойған жағдайда Орындаушы Шартты бұзғаннан кейін Тапсырысшының Орындаушыға төлеуге жататын сомасын шегеріп, оларды қайтарады.
19. Орындаушы Шарт бойынша өзінің басқа да құқықтарына кері әсерін тигізбестен Шарттан біржақты бас тарту жолымен Шартты бұзуға мына жағдайда құқылы:
1) Тапсырысшы Шарттың 4 тармағын бұзса;
2) Тапсырысшы Шарттың 6 тармағының 1) тармақшасы бойынша міндеттемелерін бұзса;
3) Тапсырысшы Құжаттама бойынша Шартпен белгіленген Орындаушының берген ескертпелерін жою мерзімін бұзса.
20. Шарттың 19 тармағына сәйкес Шартты орындаудан бас тартқан жағдайда:
1) Орындаушы Тапсырысшыны бұл туралы Шартты бұзған күнге дейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей нақты атқарылған жұмыс көлемі мен оның құны туралы актіні қоса жазбаша ескертеді (бұдан әрі-Акт);
Шартты бұзған күнге дейін Акт бойынша Тапсырысшыдан жазбаша себепті қарсылық түспеген жағдайда Тапсырысшы Актіні қабылдаған және келіскен болып саналады.
2) Тапсырысшы Шартты бұзу туралы хабарламаны алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні өткеннен кейін Шарт бұзылған болып саналады, Шарттың 20 тармағы 3) тармақшасына сәйкес Тапсырысшы Орындаушыға төлем бойынша міндеттемелерін тоқтатпайды;
3) Шартты бұзғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Тапсырысшы Орындаушыға оның нақты атқарған жұмысының Актісіне сәйкес төлем жүргізуге, сондай-ақ Орындаушының талап етуі бойынша Шарттың 25 тармағына сәйкес айыпақы (өсімақы) төлеуге міндетті.
4) Шарт бойынша Тапсырысшы бұрын ақшалай қаражат төлеп қойған жағдайда Орындаушы Шартты бұзғаннан кейін Шарттың 20 тармағының 3) тармақшасына сәйкес Тапсырысшының Орындаушыға төлеуге жататын сомасын шегеріп, оларды қайтарады, ал олар жетпеген жағдайда Тапсырысшы жетпеген соманы 10 (он) жұмыс күні ішінде төлейді.
8. Кепілдіктер
21. Тапсырысшы Құжаттама бойынша ұсынылған міндетті келісулердің болуын растайтын бастапқы материалдардағы (мәліметтердегі) және өзге де құжаттардағы ақпараттардың дұрыстығына кепілдік береді.
Тапсырысшы Қазақстан Республикасында қолданылатын заңнамаларға сәйкес жоғарыда көрсетілген кепілдіктер бойынша толық жауап береді.
9. Форс-мажор
22. Шарт бойынша міндеттемелерін тиісінше орындау тежеусіз күш жағдайларының, яғни осы жағдайлар кезіндегі төтенше және шарасыз жағдайлар – табиғи құбылыстар, әскери іс-қимылдар және т.б. (форс-мажор) салдарынан мүмкін болмаса, Тараптар жауапкершіліктен босатылады.
Бұл орайда тежеусіз күш жағдайларына сілтеме жасаушы Тарап Шарт бойынша міндеттемелерін тиісінше орындау тежеусіз күш жағдайларының салдарынан мүмкін болмағандығын және ол Шарт бойынша міндеттемелерін тиісінше орындау үшін өзіне байланысты шаралардың барлығын қабылдағанын дәлелдеуі тиіс.
Шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін нарыққа қажетті тауарлардың, жұмыстардың немесе қызметтердің болмауы мұндай міндеттемелер қатарына жатпайды.
23. Егер Тапсырысшының немесе Орындаушының еркінен тыс тежеусіз күш жағдайлары Шарттың орындалуын бұзса, Тараптар Шартты тоқтатуды куәландырады. Тапсырысшы Орындаушыға Шартты тоқтату күніне дейін орындалған жұмыстар көлемі үшін төлем жүргізеді.
24. Егер Шарттың 22 тармағында көрсетілген жағдайлар 1 (бір) айдан астам орын алатын болса, Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерін одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы. Бұл орайда Орындаушы Тапсырысшыға Шарт ережелеріне сай төленген соманы Шарт бойынша өзі орындаған жұмыстар құнын шегеріп қайтарады, ал ол жетпеген жағдайда, Тапсырысшы айырмасын өзінің меншікті қаражаты есебінен Тараптар келіскен мерзімде төлейді.
10. Тараптардың жауапкершілігі
25. Тапсырысшы Шарттың 4 тармағын, 6 тармағының 1) немесе 3) тармақшаларын бұзған жағдайда, міндеттемелерін толық орындаған кезге дейін мерзімі өтіп кеткен әрбір күн үшін Орындаушы Шарт бағасының 0,1% -ы мөлшерінде айыпақы (өсімақы) өндіртіп алуға құқылы.
26. Орындаушы Шарттың 8 тармағының 1) тармақшасын, оның кінәсінен бұзған жағдайда, міндеттемелерін толық орындаған кезге дейін мерзімі өтіп кеткен әрбір күн үшін Тапсырысшы Шарт бағасының 0,1%-ы, бірақ Шарт бағасының 10%-нан аспайтын мөлшерде айыпақы (өсімақы) өндіртіп алуға құқылы.
27. Айыпақы (өсімақы) төлеу Тараптарды Шарт бойынша міндеттемелерін орындаудан (Шарттың 22 тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда) босатпайды.
11. Келіспеушіліктерді шешу
28. Тапсырысшы және Орындаушы тікелей ресми емес келіссөздер кезінде Шарт бойынша араларында туындайтын немесе оларға қатысты барлық келіспеушіліктер мен дау-дамайларды бітімгершілік жолмен шешу үшін барлық жағдайды жасауы тиіс.
29. Егер Тапсырысшы мен Орындаушының арасында Шарт бойынша дауды бітімгершілік жолмен шешу мүмкін болмаған жағдайда, Тараптардың әрқайсысы бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотта шешуге құқылы.
12. Қорытынды жағдайлар
30. Шарт 2 данада жасалды, мемлекеттік және орыс тілдерінде бірдей заңдық күші бар және Тараптардың әрқайсысына бір данадан беріледі, Шарт Тараптардың уәкілетті өкілдері оған қол қойған кезден бастап күшіне енеді және Тараптар өз міндеттемелерін орындағанға дейін қолданылады.
*Мемлекеттік мекемелер үшін 30 тармағының редакциясы:
«30. Шарт 3 данада жасалды, мемлекеттік және орыс тілдерінде бірдей заңдық күші бар және Тараптардың әрқайсысына бір данадан беріледі, Шарт Тараптардың уәкілетті өкілдері оған қол қойған уақыттан және Қазынашылық органдарында тіркелген күнінен бастап күшіне енеді, _______________жылғы
(қаржы жылын көрсету)
31 желтоқсанға дейін қолданылады.».
31. Осы Шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар жазбаша түрде жүргізілуі және оған Тараптардың уәкілетті өкілдерінің қол қоюлары тиіс.
32. Тапсырысшы Құжаттама бойынша сараптау жұмыстары аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Орындаушыдан Шарт бойынша ұсынылған Құжаттаманы толық көлемде талап етуге және қабылдауға міндетті. Орындаушы көрсетілген мерзім өткеннен кейін Құжаттаманың сақталуына жауапты емес.
33. Осы Шартты орындауға сәйкес бағытталған барлық хабарламалар, хабарлаулар, ұсыныстар немесе осыған байланыстының бәрін Тараптардың бірінің екіншісіне жазбаша түрде жасауы тиіс және осы Шарттың 13 бөлімінде көрсетілген мекен-жайға курьермен, хабарламасы бар тапсырыс хатпен, экспресс-почтамен жіберген жағдайда тиісінше жеткізілген болып саналады.
34. Мекенжайының өзгергені туралы жазбаша түрде екінші Тарапты ескертпеген өзге Тарап кейіннен осы Шартты орындауға сәйкес немесе бір Тараптан екінші Тарапқа соған байланысты бағытталған тиісті хабарламаларды, хабарлауларды және өзге де құжаттарды алмағанына сілтеме жасау құқығынан айырылады.
13. Тараптардың заңды мекен-жайлары және банк деректемелері
|
Типовой договор
на проведение государственной экспертизы
____________________________________________________________________
(указать вид и наименование документации)
г.________ «___»_________20__ г.
_____________________________________
(полное наименование Заказчика)
именуемое в дальнейшем «Заказчик»,
в лице ________________________________
действующего на основании
_______________________________________
с одной стороны и ______________________
_______________________________________
(полное наименование Исполнителя)
именуемое в дальнейшем «Исполнитель», в лице_______________
действующего на основании__________
с другой стороны, совместно именуемые как «Стороны», на основании______________________________
(указать письмо-заявку на проведение государственной экспертизы)
и приложенного к нему комплекта документации на бумажном носителе, соответствующего по составу требованиям, установленным государственными нормативами, заключили настоящий договор (далее – Договор) о нижеследующем.
1. Предмет Договора
1. Заказчик поручает, а Исполнитель принимает на себя проведение государственной экспертизы с выдачей экспертного заключения по _______________________________________ (указать вид и наименование документации)
(далее – Документация), согласованной Заказчиком и с заинтересованными организациями.
2. Место выполнения работ – город ____________________________________ (указать город по месту проведения государственной экспертизы)
2. Цена Договора и порядок оплаты
3. За работу, указанную в пункте 1 Договора Заказчик обязуется оплатить Исполнителю___________________тенге, в том числе НДС _______% (далее – Цена Договора). Цена Договора определена согласно Расчета (приложение к Договору).
4. Заказчик обязан произвести предоплату в размере 100 % (сто процентов) от Цены Договора, путем перечисления на расчетный счет Исполнителя, в течение 5 (пяти) рабочих дней с даты вступления Договора в силу.
При оформлении платежного поручения в назначении платежа обязательно указать номер выставленного счета и номер Договора, зарегистрированный Исполнителем.
*Редакция пункта 4 для государственных учреждений:
«4. Заказчик обязан произвести оплату, путем перечисления на расчетный счет Исполнителя, в следующем порядке:
1) предоплату в размере 30% (тридцать процентов) от Цены Договора в течение 5 (пяти) рабочих дней с момента вступления Договора в силу;
2) окончательный финансовый расчет с Исполнителем в течение 10 (десяти) рабочих дней после завершения работ и подписания (принятия) Заказчиком акта сдачи-приемки выполненных работ.
При оформлении платежного поручения в назначении платежа обязательно указать номер выставленного счета и номер Договора, зарегистрированный Исполнителем.».
5. Цена Договора может быть изменена при изменении месячного расчетного показателя, налога на добавленную стоимость, при уточнении сметной стоимости строительства и/или проектно-изыскательских работ по Документации, а также в случае изменения расценок экспертных работ в порядке, установленном действующим законодательством Республики Казахстан.
3. Обязанности и права Сторон
6. Заказчик обязан:
1) после предоставления комплектной Документации, соответствующей по составу требованиям, установленным государственными нормативами, в течение 2-х (двух) рабочих дней с даты вступления в силу настоящего Договора предоставить Исполнителю дополнительно не менее 2-х (двух) экземпляров Документации на бумажном носителе, а также ее версию на электронном носителе.
Документация должна быть согласована в порядке, установленном законодательством, укомплектована в составе, предусмотренном требованиями государственных нормативов, общая часть и каждый раздел Документации должны быть оформлены отдельно;
* Редакция подпункта 1) пункта 6 для технико-экономического обоснования:
«6. Заказчик обязан:
1) после предоставления комплектной Документации, соответствующей по составу требованиям, установленным государственными нормативами, в течение 2-х (двух) рабочих дней с даты вступления в силу настоящего Договора предоставить Исполнителю дополнительно не менее 3-х (трех) экземпляров Документации на бумажном носителе, а также ее версию на электронном носителе.
Документация должна быть согласована в порядке, установленном законодательством, укомплектована в составе, предусмотренном требованиями государственных нормативов;»;
2) представить Исполнителю необходимые дополнительные документы для объективной оценки рассматриваемой Документации (по запросу Исполнителя) в срок указанный в запросе Исполнителя;
3) внести необходимые коррективы (доработки) в Документацию в полном объеме по замечаниям Исполнителя в соответствии с государственными нормативными документами и предоставить Исполнителю откорректированную Документацию, оформленную в соответствии со стандартами системы проектной документации для строительства (СПДС), в срок не более 10 (десяти) календарных дней, с даты представления Исполнителем имеющихся замечаний и предложений по Документации;
4) произвести оплату в соответствии с условиями Договора;
5) для подготовки экспертного заключения в течение 2 (двух) рабочих дней после устранения в полном объеме выданных Исполнителем замечаний представить Исполнителю комплектную Документацию откорректированную (доработанную) по замечаниям и предложениям Исполнителя в полном объеме, оформленную в соответствии со стандартами системы проектной документации для строительства (СПДС), один экземпляр на бумажном носителе, заверенный соответствующей записью главного инженера проекта и один экземпляр на электронном носителе;
6) принять результат государственной экспертизы по Документации (экспертное заключение) в соответствии с условиями Договора, вне зависимости от выводов экспертного заключения.
7. Заказчик имеет право:
1) расторгнуть Договор, в соответствии с пунктом 18 Договора;
2) требовать получения результата государственной экспертизы по Документации (экспертного заключения), в порядке и на условиях, оговоренных в настоящем Договоре.
8. Исполнитель обязан:
1) провести государственную экспертизу по Документации и выдать Заказчику экспертное заключение в 2-х (двух) экземплярах, в сроки и порядке установленные настоящим Договором;
2) соблюдать конфиденциальность и обеспечивать коммерческую тайну по рассматриваемой Документации.
9. Исполнитель имеет право:
1) по результатам проведенной государственной экспертизы рекомендовать к утверждению, отклонять или возвращать на доработку представленную Заказчиком на экспертизу Документацию;
2) отзывать ранее выданное положительное заключение при не выполнении Заказчиком, оговоренных в его выводах условий (требований);
3) запрашивать и получать в установленном законодательством порядке от заказчика (инвестора) рассматриваемой Документации в лице государственных органов и юридических лиц, а также отдельных специалистов - разработчиков Документации материалы и информацию, необходимую для качественного проведения экспертизы;
4) создавать в установленном порядке экспертные комиссии либо привлекать специалистов для участия в экспертизе;
5) размещать (опубликовывать) информацию о ходе проведения государственной экспертизы по Договору на интернет-ресурсах Исполнителя, за исключением данных о проектных решениях и основных технико-экономических показателях Документации;
6) расторгнуть Договор в одностороннем порядке в соответствии с условиями договора.
4. Особые условия
10. Исполнитель вправе по результатам рассмотрения Документации составить сводное экспертное заключение с выводами о возврате Документации на доработку в случаях:
1) если по результатам рассмотрения представленных Заказчиком ответов на замечания и откорректированной Документации, Исполнителем будет выявлен факт некачественного устранения замечаний (несоответствия представленной откорректированной Документации государственным нормативным документам);
2) если Заказчиком в установленный Договором срок не устранены замечания Исполнителя в полном объеме.
5. Порядок и срок проведения экспертизы
11. Датой начала экспертных работ по настоящему Договору является дата исполнения Заказчиком в полном объеме обязательств по пункту 4 и подпункту 1) пункта 6 настоящего Договора.
* Редакция пункта 11 для государственных учреждений:
«Датой начала экспертных работ по настоящему Договору является дата исполнения Заказчиком в полном объеме обязательств по подпункту 1) пункта 4 и подпункту 1) пункта 6 настоящего Договора.».
12. В течение 15 (пятнадцати) календарных дней с даты начала экспертных работ по Договору Исполнитель, при необходимости, выдает письменно замечания по рассмотренной Документации.
13. В течение 10 (десяти) календарных дней с даты представления Заказчиком откорректированной (доработанной) и комплектной Документации откорректированной (доработанной) по замечаниям и предложениям Исполнителя в полном объеме, оформленной в соответствии со стандартами системы проектной документации для строительства (СПДС), Исполнитель подготавливает и оформляет экспертное заключение.
14. Срок и продолжительность проведения экспертизы по Договору не должна превышать _________ календарных дней с даты начала экспертных работ, за исключением срока подпункта 3) пункта 6 Договора.
6. Порядок сдачи и приемки работ
15. Законченная работа (экспертное заключение) передается Исполнителем Заказчику на основании доверенности по накладной с актом сдачи-приемки выполненных работ в 2-х (двух) экземплярах после 100% оплаты Цены Договора.
*Редакция пункта 15 для государственных учреждений:
«15. Законченная работа (экспертное заключение) передается Исполнителем Заказчику на основании доверенности по накладной с актом сдачи-приемки выполненных работ в 2-х (двух) экземплярах.».
16. Заказчик обязан подписать акт сдачи-приемки выполненных работ и вернуть 1 (один) его экземпляр Исполнителю в течение 3 (трех) рабочих дней с даты его получения или в указанный срок предоставить письменное мотивированное возражение.
В случае не подписания акта и непредставления письменного мотивированного возражения в течение 3 (трех) рабочих дней акт сдачи-приемки выполненных работ и экспертное заключение считаются принятыми Заказчиком, без возражений.
17. Стороны вправе в ходе исполнения Договора оформлять промежуточные акты выполненных работ.
При этом выполненный объем работ Исполнителем подтверждается промежуточным актом подписанным уполномоченными представителями Сторон.
7. Расторжение Договора
18. Заказчик вправе в любое время расторгнуть Договор, в силу нецелесообразности его дальнейшего выполнения, путем заключения соответствующего соглашения с Исполнителем. При этом Заказчик обязан произвести оплату Исполнителю за фактически выполненные им работы на момент расторжения Договора, в порядке и сроки, согласованные Сторонами, а также по требованию Исполнителя оплатить, неустойку (пеню) в соответствии с пунктом 25 Договора. При наличии ранее оплаченных Заказчиком денежных средств по Договору, Исполнитель производит их возврат после расторжения Договора, за вычетом сумм подлежащих оплате Заказчиком Исполнителю.
19. Исполнитель вправе расторгнуть Договор без ущерба другим своим правам по Договору, в одностороннем порядке путем отказа от Договора, в случае:
1) нарушения Заказчиком пункта 4 Договора;
2) нарушения Заказчиком обязательств по подпункту 1) пункта 6 Договора;
3) нарушения Заказчиком установленного Договором срока для устранения выданных Исполнителем замечаний по Документации.
20. В случае отказа от исполнения Договора согласно пункту 19 Договора:
1) Исполнитель письменно предупреждает об этом Заказчика не позднее, чем за 10 (десять) рабочих дней до даты расторжения Договора с приложением акта о фактически выполненных объемах работ и их стоимости (далее – Акт);
В случае не представления от Заказчика письменного мотивированного возражения по Акту до даты расторжения Договора, Акт считается принятым и согласованным Заказчиком.
2) по истечении 10 (десяти) рабочих дней с даты получения Заказчиком уведомления о расторжении, Договор считается расторгнутым, что не прекращает обязательства Заказчика по оплате Исполнителю в соответствии с подпунктом 3) пункта 20 Договора;
3) в течение 10 (десяти) рабочих дней после расторжения Договора, Заказчик обязан произвести оплату Исполнителю за фактически выполненные им работы согласно Акту, а также по требованию Исполнителя выплатить неустойку (пеню) согласно пункту 25 Договора;
4) при наличии ранее оплаченных Заказчиком денежных средств по Договору, Исполнитель производит их возврат после расторжения Договора, за вычетом сумм подлежащих оплате Заказчиком Исполнителю согласно подпункту 3) пункта 20 Договора, а при их недостаточности Заказчик оплачивает недостающую сумму в течение 10 (десяти) рабочих дней после расторжения Договора.
8. Гарантии
21. Заказчик гарантирует достоверность информации содержащейся в исходных материалах (данных) и иных документах, подтверждающих наличие обязательных согласований представленных по Документации.
Заказчик несет полную ответственность по вышеуказанной гарантии в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
9. Форс-мажор
22. Стороны освобождаются от ответственности, когда надлежащее исполнение обязательств по Договору оказалось невозможным вследствие непреодолимой силы, то есть чрезвычайных и непредотвратимых при данных условиях обстоятельствах – стихийные явления, военные действия и т.п. (форс-мажор).
При этом Сторона ссылающаяся на форс-мажорные обстоятельства должна доказать, что надлежащее исполнение обязательств по Договору оказалось невозможным вследствие форс-мажорных обстоятельств и она приняла все зависящие от нее меры для надлежащего исполнения обязательств по Договору.
К таким обстоятельствам не относится, в частности, отсутствие на рынке нужных для исполнения обязательств по Договору товаров, работ или услуг.
23. Если форс-мажорное событие, не подконтрольное Заказчику или Исполнителю, срывает выполнение Договора, Стороны удостоверяют приостановку Договора. Заказчик производит оплату Исполнителю за объем работ, выполненный до даты приостановки Договора.
24. В случае, если указанные в пункте 22 Договора обстоятельства будут длиться более 1 (одного) месяца, Стороны вправе отказаться от дальнейшего выполнения обязательств по настоящему Договору. При этом Исполнитель возвращает Заказчику, оплаченную сумму согласно условий Договора, за вычетом стоимости выполненных им работ по Договору, в случае ее недостаточности Заказчик оплачивает разницу за счет собственных средств в сроки согласованные Сторонами.
10. Ответственность Сторон
25. За нарушение Заказчиком пункта 4, подпунктов 1) или 3) пункта 6 Договора, Исполнитель имеет право взыскать неустойку (пеню) в размере 0,1% от Цены Договора за каждый день просрочки до момента полного исполнения обязательства.
26. За нарушение Исполнителем подпункта 1) пункта 8 Договора, по его вине, Заказчик имеет право взыскать неустойку (пеню) в размере 0,1% от Цены Договора за каждый день просрочки до момента полного исполнения обязательства, но не более 10% от Цены Договора.
27. Уплата неустойки (пени) не освобождает Стороны от исполнения обязательств по настоящему Договору (кроме случаев указанных в пункте 22 Договора).
11. Разрешение разногласий
28. Заказчик и Исполнитель должны прилагать все усилия к тому, чтобы мирным путём разрешать в процессе прямых неофициальных переговоров все разногласия или споры, возникающие между ними по Договору или в связи с ним.
29. Если Заказчик и Исполнитель не могут мирным путём разрешить спор по Договору, любая из Сторон может потребовать решения этого вопроса в суде, в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
12. Заключительные положения
30. Договор составлен в 2-х экземплярах, каждый на государственном и русском языках, имеющих одинаковую юридическую силу, по одному для каждой из Сторон, вступает в силу с момента его подписания уполномоченными представителями Сторон и действует до исполнения Сторонами своих обязательств.
* Редакция пункта 30 для государственных учреждений:
«30. Договор составлен в 3-х экземплярах, каждый на государственном и русском языках, имеющих одинаковую юридическую силу, по одному для каждой из Сторон, вступает в силу с момента его подписания уполномоченными представителями Сторон и регистрации в органах Казначейства, действует до 31 декабря _________________________________года.».
(указать финансовый год)
31. Любые изменения и дополнения к настоящему Договору должны быть совершены в письменной форме и подписаны уполномоченными представителями Сторон.
32. Заказчик в течение 5-ти (пяти) рабочих дней после завершения экспертных работ по Документации обязан потребовать и принять от Исполнителя представленную по Договору Документацию в полном объеме.
Исполнитель не несет ответственность за сохранность Документации по истечении указанного срока.
33. Все извещения, уведомления, предложения направленные в соответствии с исполнением настоящего Договора или в связи с ним одной из Сторон другой Стороне, должны быть совершены в письменной форме и будут считаться поданными надлежащим образом, если они направлены по адресам, указанным в главе 13 настоящего Договора, курьером, заказным письмом с уведомлением, экспресс-почтой.
34. Сторона, не уведомившая другую Сторону в письменной форме об изменении адреса, лишается права в последующем ссылаться на не получение соответствующего извещения, уведомления и других документов, направленных в соответствии с исполнением настоящего Договора или в связи с ним одной из Сторон другой Стороне.
-
Юридические адреса и банковские реквизиты Сторон
|