Мемлекеттік тіл-рухани байлық.
Тіл-қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.
Тіл байлығы-әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруы тиіс. Қазақ тілі біздің ең басты рухани байлығымыз. Ана тіліміз ең ұлы тіл, ең тамаша тіл. Менің ана тілім-қазақ тілі, қазақ тілі-мемлекеттік тіл.
Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүре алмайды.Тілге деген құрмет –халыққа деген құрмет. Әлем таныған ел болу үшін рухани байлығымыз- мемлекеттік тіліміздің мәртебесін биіктетуге міндеттіміз.
Қазіргі таңда ХҚКО РМК ШҚО бойынша филиалының Зайсан аудандық бөлімінде іс жүргізу мемлекеттік тілде атқарылады. Қабылданған және берілетін құжаттардың барлығы мемлекеттік тілде беріледі.
«Қазақ тілі-рухани байлығымыздың қайнар бұлағы» деп бекер айтылмаса керек. Қазақ елінде, қазақ жерінде қазақ тілі өркендеуі тиіс. Ол үшін ана тіліміздің қадір қасиетін өзіміз білуіміз, дәріптеуіміз, насихаттауымыз керек. Туған тілдің абыройын асқақтату - әрбір адамзаттың абзал борышы.
Достарыңызбен бөлісу: |