Мемлекеттік тілді дамыту бөлімі



Дата04.03.2016
өлшемі213.31 Kb.
#37286


С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ


КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІ

БӨЛІМ ЕРЕЖЕСІ




БЕКІТЕМІН:

___________________________

РМК «С.Ж.Асфендияров» атындағы

ҚазҰМУ ректоры А.Ақанов
«____»_______________ 2010 жыл.


«С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» РМК
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ ЕРЕЖЕСІ


Лауазымы

Қолы

Аты-жөні

Әзірлеген:







Мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің бастығы




Ж.Әбдіжәділқызы


Келісілген:








Тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректор




А.Қаракушикова

Қызметкерлерді басқару бөлімі




Е.Амирдинова

Заң бөлімінің бастығы




Н.Лобанова




Құжаттың пайдалану мерзімі
20 ж.«___» _______бастап
20 ж.«___» ________дейін
«___» _________20__жылға дейін ұзартылды

Мәртебесі:
Заңдық күші бар
Көнерген



Редакция:

№_______дана


№_______көшірме

________________________

Құжатты тарату барысында құжаттаманы басқарудағы жауапты тұлғаның түп нұсқа қолы

Алматы 2010 ж.



МАЗМҰНЫ


  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ ..........................................................................................................................

  2. БӨЛІМНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ...........................................................................................................

  3. БАСҚАРУ ЖӘНЕ БАҒЫНУШЫЛЫҚ........................................................................................

  4. БӨЛІМ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ ..........................................................

  5. БӨЛІМ ҚЫЗМЕТІ........................................................................................................................

  6. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕ................................................................................................................


1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


    1. Мемлекеттік тілді дамыту бөлімі «С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» РМК-ның өзіндік құрылымдық бөлімі болып табылады, әрі қарай мәтін бойынша «Бөлім» деп аталады.

    2. Мемлекеттік тілді дамыту бөлімі Университет ректорының бұйрығымен құрылған және осы ереже негізінде әрі Университет басқармасының жарғысы мен құрылымына сәйкес әрекет етеді.

    3. Бөлім Ғылыми Кеңестің (23.02.2010ж. №6 хаттама) шешімінің негізінде ректор бұйрығымен құрылады және Университет Жарғысы мен осы ережені негізге алады.

    4. Бөлімді тарату Университеттің өзге құрылымдық бөлімшелері арасында бөлімнің жеке қызметтерін бөлу және қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес бөлімнің қызметкерлерін басқа жұмысқа ауыстыру немесе қызметкерлер штатын қысқарту туралы Ғылыми кеңестің шешімі негізінде ректордың бұйрығына сәйкес жүзеге асады.

1.5 Бөлім заңды тұлға болып табылмайды.

Қызметтерін орындау барысында Бөлім қызметкерлері төмендегілерді басшылыққа алады:



  • Университет жарғысын;

  • Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің қызметіне қатысты мәселелер бойынша қолданыстағы стандарттарды, халықаралық нормаларды, нормативтік құжаттарды және әдістемелік материалдарды;

  • Мемлекеттік тілді дамыту бөлімнің қызметіне қатысты мәселелер бойынша Университеттің үшінші тұлғалар алдындағы келісімдік міндеттерін;

  • жұмыс нәтижелеріне қойылған талаптарды: жоспарларды, сметаларды және т.б.;

  • ұжымдық келісім-шартты;

  • Ішкі еңбек тәртібі ережелерін;

  • Ішкі оқу тәртібі ережелерін;

  • Университеттің бекітілген сапа менеджменті жүйесі құжаттарын және өзге де ішкі нормативтік құжаттарын (ережелерді, нұсқаулықтарды, стандарттарды және т.б.);

  • Университеттің Ғылыми кеңесінің шешімдерін;

  • Университет ректорының бұйрықтары мен өкімдерін;

  • лауазымы жоғары басшының және Университет қызметінің сәйкес бағыттары жөніндегі проректорлардың өкімдерін және нұсқауларын;

  • мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының ұйғарымдарын;

  • Мемлекеттік тілді дамыту бөлімі «С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» РМК-сының жеке құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

  • Бөлім Ғылыми Кеңестің (23.02.2010ж. №6 хаттама) шешімімен бекітілген Университеттің ұйымдастырушылық құрылымына сәйкес құрылады және Университет Жарғысы мен осы ережені негізге алады.

  • Бөлімнің жекелеген қызметтерін Университеттің басқа да құрылымдық бөлімшелері арасында бөлу және бөлімше қызметкерлерін басқа жұмысқа ауыстыру немесе заңдық күші бар еңбек заңнамасына сәйкес жұмыскерлер штатын қысқарту арқылы Ғылыми Кеңестің шешімінің негізінде ректор бұйрығына сәйкес таратылады.

  • Бөлім өз жұмысында ҚР «Білім туралы» Заңын, Университет Жарғысын, Мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің Ережесін және ҚР «Тіл туралы» Заңын, «Мемлекеттік тілді қолдану мен дамыту» туралы 2001-2010 жылдарға арналған бағдарламасын ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 31.12.2009 жылғы «Іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіру» туралы №887 бұйрығын, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың Жарғысын, Ғылыми Кеңес шешімін, ректор мен проректордың бұйрықтары мен жарлықтарын басшылыққа алады.

  • Бөлімнің сандық және сапалық құрамы штаттық кестемен анықталады.

  • Осы ережені басшылыққа алады.

    1. Бөлімнің жеке символикасы, өзінің атауы жазылған мөрі болуы мүмкін.

Осы ереже С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің құрамын, қызметін, қызмет ету ауқымын және оның жұмысының ұйымдастырылуын қарастырады.
2. БӨЛІМНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ


    1. Бөлім Университеттің негізделген құрылымдық бөлімі болып табылады.

    2. Бөлімнің құрылымына Университеттің жеке құрылымдық бөлімшелерінің құқығы негізінде құрылған мемлекеттік тілді дамыту секторы бірлігіне кіреді.

    3. Бөлімнің ұйымдастырушылық құрылымындағы өзгерістер заңдық күші бар еңбек заңнамасына сәйкес және осы ережеге сәйкес өзгерістерді енгізу арқылы қажет жағдайда жұмыскерлер штатын жинақтау, өзгерту немесе қысқартуға қатысты іс-шараларды жүргізу арқылы Ғылыми кеңестің шешімі негізінде ректор бұйрығымен жүзеге асырылады.

    4. Бөлім университет құрылымына кіреді және оның ішкі қызметі мен бөлімшелері болмайды.

    5. Бөлім университет құрылымына кіреді және оның құрамында нақты міндеттерді шешу үшін фукнционалдық белгілері бойынша құрылған жеке құрылымдық бөлімше болып табылмайтын жекелеген ішкі құрылымдық бірліктер (топтар, секторлар және т.с.с.) болады.

    6. Бөлімдегі лауазымдардың құрамы мен жұмыскерлердің сандық құрамы немесе Университеттің өндірістік қызметінің спецификасы мен ерекшеліктерін, бөлімнің атқаратын жұмыс көлемін есепке ала отырып, тікелей қарамағына алатын проректордың ұсынуы бойынша ректор анықтайды және штаттық кестеде бекітіледі.

    7. Бөлім басшысының және бөлім құрылымына кіретін әрбір лауазымдық санаттың тағайындалуы, біліктілік сипаттамалары, лауазымдық міндеттері, құқықтары мен жауапкершілігі сәйкес лауазымдық нұсқаулықтармен анықталады.


3. БАСҚАРУ ЖӘНЕ БАҒЫНУШЫЛЫҚ


    1. Бөлім ұсынысы бойынша заңдық күші бар еңбек заңнамасында және Университеттің ішкі нормативтік құжаттарында белгіленген тәртіп бойынша ректор немесе бұйрығымен қызметке тағайындалып, қызметінен босатылатын бөлімнің тікелей басшысы жүзеге асырады.

    2. Бөлім Тәрбие және ғылыми істер жөніндегі проректорға бағынады.

    3. Бөлімге қатысты басқару және бөлімше қызметінің саласына байланысты қызметтерді іске асыратын жоғары басшы болып табылатын басшыға тікелей бағынады.

    4. Бөлім өз жұмысы бойынша төмендегі лауазымдық тұлғаларға есеп береді:

    5. Бөлім қызметіне қатысты мәселелер төңірегінде ректор мен қарамағына алып отырған проректорға;

    6. университет қызметінің сәйкес бағыттары бойынша проректорларға;

    7. Ғылыми кеңестің құзіретіне кіретін білім беру үдерісін ұйымдастыру және басқа да мәселелер бойынша Университеттің Ғылыми кеңесіне.

    8. Жоғарыдағы басшылық пен проректорлардың өз құзіреті аясында шығарған нұсқаулары мен жарлықтары бөлім жұмыскерлері үшін міндетті болып табылады.

    9. Ректор Университетті жалпы басқару ісін жүзеге асыратын және оның барлық құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіретін Университеттің бірінші басшысы болып табылады.

    10. Ректордың жарлықтары мен нұсқаулары Университеттің басқа кез келген лауазымдық тұлғасының жарлықтары мен нұсқауларына қарағанда басымдылығы жоғары және Университеттің барлық құрылымдық бөлімшелері мен жұмыскерлері үшін іске асырылуға міндетті.

    11. Ішкі есеп беру үлгілері мен ақпаратты (мәліметті) ұсыну форматы, оларды өткізу тәртібі мен мерзімі ректормен бекітіледі және Университеттің барлық құрылымдық бөлімшелері мен жұмыскерлері үшін іске асырылуға міндетті.


4. БӨЛІМ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ


    1. Бөлімнің масаттары мен міндеттерін анықтау барысында төмендегі негізгі талаптар сақталуы тиіс:

  • жетістігі;

  • құрылымдылығы;

  • Университеттің ортақ мақсаттары және міндеттерімен келісілімділігі

  • Нақтылығы

    1. Бөлім қызметінің негізгі мақсаттары:

  • Университет қөлемінде мемлекеттік тілді насихаттау және қолдану аясын кеңейту;

  • Университет аясындағы мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесін жетілдіру және сапасын арттыру;

  • Ұлттық медицина аясындағы қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру және жүйеге келтіру.

    1. Бөлім қызметінің негізгі міндеттері:

4.3.1 ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 31.12.2009ж «Іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіру» туралы №887 бұйрығын іске асыру;

      1. Университетте мемлекеттік тілдің ресми тіл ретінде қолданылуын қамтамасыз ету;

      2. Университет аясында жүргізілетін іс-қағаздарының қазақша үлгілерін дайындау;

      3. Алматы қаласы әкімінің «Тіл саясатын жетілдірудің басты бағыттары» атты № 2/357 қаулысына сай университеттегі барлық іс-шаралардың қазақша өткізілуіне көмек көрсету;

      4. Университет ұжымы мен студенттер бойынша мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілік, құрмет сезімдерін қалыптастыру;

      5. Қазақстан Республикасының Тілдері күніне арналған мерекелік шара ұйымдастыру;

      6. Профессор-оқытушылар құрамына қазақ тілін жетік меңгеріп шығуы үшін, арнайы курстар ұйымдастыру;

      7. Қазақ тілінің көркем сөзін Ұлттық медицинаның қолданыс аясына енгізу үшін профессор-оқытушылар құрамына ай сайын «шешендік өнер» шеберлік мектебін өткізу;

      8. С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде білім алу беделділігін, университет дәстүрлерінің тұрақтылығын, тарихын, рәміздерін насихаттау және сақтау.


5. БӨЛІМ ҚЫЗМЕТІ


    1. Бөлімнің алдына қойған мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырумен байланысты заңдық күші бар заңнамада, Университеттің ішкі нормативтік құжаттары мен әкімшілігінің ұйымдастырушылық-тәртіптік актілерінде анықталған басқа да қызметтерді іске асырады.

    2. Бөлім өзінің қызметтерінің құрамына кіретін жеке бөлімшелердің сәйкес ережелерде анықталған мақсаттары, міндеттері және қызметтерін жүзеге асырады.

    3. Мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің басшысы қоластындағы қызметкерлердің тікелей басшысы болып табылады және бөлімнің жетекші жұмыскерлерінің арасында қызметтік міндеттерін бөледі.

    4. Бөлімнің Университеттің басқа да құрылымдық бөлімшелермен өзара байланыс тәртібі Университеттің ішкі нормативтік құжаттарымен және әкімшілігінің ұйымдастырушылық-тәртіптік актілерімен анықталады.




  1. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕ




    1. Осы ереже «С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» РМК-дағы қызметкерлермен жұмысты

ұйымдастырудың бір бөлігі болып табылады.

    1. Осы ережеде Бекітілген тәртіп бойынша шығарылған Университеттің жалпы құрылымындағы бөлімнің Университет қызметінің өндірістік-шаруашылық үдерісі барысында өзгертілуі, нақтылануы немесе толықтырылуы мүмкін құқықтық орнын және қызметтік саласын айқындайтын негізгі нормалар берілген.

    2. Осы ереженің орындалуын бақылау оны қоластындағы жұмыскерлеріне және Университеттің басқа да мүдделі лауазымдық тұлғаларына жүргіздіру және ереженің орындалуы мен уақтылы өзектендірілуі мемлекеттік тілді дамыту бөліміне міндеттеледі.

    3. Осы ережеге өзгертулер мен толықтырулар ректордың немесе Университеттің басқа да уәкілетті тұлғасының бұйрығы негізінде бөлімшелер туралы ережелерді жаңадан редакциялап, немесе осы ережеге қосымша ретінде өзгертулер (толықтырулар) жасау жолымен енгізіледі және бөлім жұмыскерлері мен басқа да Университеттің басқа да мүдделі лауазымдық тұлғаларына хабарланады.

    4. Осы ереже белгіленген тәртіп бойынша ректормен немесе Университеттің басқа да уәкілетті лауазымдық тұлғасымен бекітілген күннен бастап күшіне енеді және өз күшін жойғанша заңдық күшіне ие болады.


Өзгерістерді тіркеу парағы

3№

Бөлім атауы

Өзгеріс нөмірі


Өзгеріс енгізілген күн

Өзгеріс енгізушінің аты-жөні

Өзгерісті енгізген тұлғаның қолы

1













































































































































































































































































































































































































































































































































































Мемлекеттік тілді дамыту бөлімі ережесінің

таныстыру парағы





Лауазымы

Аты-жөні

Таныстырылған күні

Қолы

1













2













3













4













5













6













7













8






































































































































































































































































































































































































































Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет