ҚХА қолдауымен «Қазақстан» РТРК» АҚ-ға қарасты Қазақ радиосыөткізетін
«МЕНІҢ ЕЛІМ - МӘҢГІЛІК ЕЛ»
атты балалардың республикалық шығармашылық радиобайқауының
ЕРЕЖЕСІ
1. РАДИОБАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ
1.1. Қазақстан балаларын отансүйгіштік рухқа баулу;
1.2. Жас ұрпақты этносаралық үйлесім мен ұлттар татулығын, халықтар достығын сақтауға үйрету;
1.3. Талантты балаларды қолдау және балалар шығармашылығын дамыту;
1.4. Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011–2020 жылдарға
арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға ақпараттық қолдау көрсету;
2. РАДИОБАЙҚАУДЫҢ ШАРТЫ
2.1. Байқауға қатысуға ұлтына, тұрғылықты жеріне қарамастан, Қазақстан аумағындағы барлық мектеп оқушылары өтініш бере алады. Өтініш қағазында:
а) Оқушының аты-жөні,
ә) Мектебі мен сыныбы,
б) Тұрғылықты жері (облыс, аудан, ауыл) көрсетілуі тиіс.
2.2. Байқауға қатысушылар проза, поэзия жанрлары бойынша «Менің елім - Мәңгілік ел» тақырыбына авторлық материалдарын (новелла, эссе немесе өлең) мемлекеттік тілде ұсына алады;
2.3. Тапсырылатын шығарма көлемі А4 қағазына 14 шрифтпен компьютерде терілген 2 беттен аспауы тиіс және мәтіннің таспаға түсірілген аудионұсқасы болуы шарт (шығарма эфирден автордың өз дауысымен беріледі).
2.4. Аудиодисктің форматы mp3 болуы тиіс. Аудиодискі мен шығарманы, өтініш қағазымен қоса мына электрондық мекенжайға жіберулеріңізге болады: mkaz@kaztrk.kz
Егер қатысушының арнайы дыбыс жазу студиясында жазуға мүмкіншілігі болмаса, тыныш, жаңғырмайтын жерде сапалы телефон диктофонына жазып жіберуіне болады.
Ескерту: ғаламтордан немесе қандай да бір автордың шығармасынан көшіріп алынған туындылар байқауға қатыстырылмайды..
3. РАДИОБАЙҚАУДЫ ӨТКІЗУ БАРЫСЫ
3.1. Байқаудың басталатыны туралы хабарламалар мен БАЙҚАУ ЕРЕЖЕСІ Қазақстан халқы Асссамблеясының сайтында, әр облыстағы хатшылықтар сайттарында және Қазақ радиосының сайтында жарияланып, Қазақ радиосының эфирі арқылы хабарланады.
3.2.Байқауға қатысушылардың шығармалары 2015 жылдың 15 тамызынан бастап 1 қарашаға дейін қабылданады.
3.3.Байқауға алынған шығарма мәтіні мен мазмұнына, көркемдік ерекшеліктеріне, сөйлем құрылысы мен мән-мағынасына қарай іріктеліп, үздік шығармалар 10 қарашадан бастап күн сайын Қазақ радиосының эфирінен беріледі.
3.4.Жеңімпаздарды анықтау арнайы құрылған көркемдік кеңес арқылы жүзеге асырылады және үздіктер есімі мен шығармалары «Қазақстан» РТРК Қазақ радиосының www.kazradio.kaztrk.kz және Қазақстан халқы Асссамблеясының www.assembly.kz веб-сайттарында жарияланады.
3.5. Жеңімпаздарға Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына орай 20 жүлде мен арнайы дипломдар тағайындалады: 4 жүлделі орын (Бас жүлде және 1, 2, 3 - орындар) және 16 ынталандыру сыйлықтары.
Жоба: сыйлықтар қоры (келісім бойынша):
Бас жүлде (телевизор) -1,
1-орын (ноутбук) - 1,
2-орын (планшет (iPad) - 1,
3-орын (электронды кітап) - 1.
16 ынталандыру сыйлықтары - сенсорлы ұялы телефон -16.
3.6. Жүлделі орынға (бас жүлде, 1,2,3-орындар) ие болған жеңімпаздар – Халықаралық толеранттылық күні қарсаңында Астанада өтетін Этностық бұқаралық ақпарат құралдарының халықаралық медиа-форумы қарсаңында салтанатты марапаттауға шақырылады. Сыйлықтарды Қазақстан халқы Ассамблеясының көрнекті қайраткерлері келіп тапсырады.
Жеңімпаз оқушылардың ата-анасымен қоса алғандағы 8 адамның іссапар (жол, жатын орын) шығындары мен жүлде қоры қаражатына Қазақстан халқы Ассамблеясы қолдау көрсетеді.
Өтініш қабылданатын мекен-жай:
Астана қаласы Д.Қонаев көшесі, 4,
«Қазмедиа орталығы», 4-қабат,
Қазақ радиосы, Телефоны: 8 (7172) 55-37 -79, 87013990281
Электронды пошта: mkaz@kaztrk.kz
Веб-сайт: www.kazradio.kaztrk.kz
Жауапты редакторы: Қазақ радиосы Әдеби-сазды бағдарламалар редакциясының жетекшісі Ләззат Қапышева.
Достарыңызбен бөлісу: |