Құюдың ерекше түрлері
Металды қалыпқа құю.
1-орталық өзек, 2-итергіш.
Кокильді құю əдісінің:
еңбек өнімділігінің жоғары болуы;
құйма өлшемдерінің дəлдігі жоғары болғандықтан, механикалық өңдеуге қалдырылатын запасы мөлшерінің аз болуы;
құйманың суыну жылдамдығы жоғары болғандықтан, оның сапасының артық болуы;
құю жүйесіне жұмсалатын металл шығынының аз болуы; қалып, өзекше қоспалары мен оларды дайындайтын машиналарды керек етпейтіндігі;
қалыптың құйманың бетіне күйіп жабысуы, құйманың металл емес заттармен былғануы азаятындығы;
құйылған құйманың өзіндік құнының арзан болуы; құю өндірісі-нің тазалығын арттыруға мүмкіндік беретіндігі сияқты артықшылықтары бар.
Қысыммен құю
Қысым арқылы құю машиналары металға қысым түсіру əдісіне байланысты поршеньді жəне компрессорлы машиналар болып екіге бөлінеді.
Түсті металдан майда құймалар құюда қолмен жұмыс істейтін ыстық камералы поршеньді машиналар қолданылады. 11-суретте балқу температурасы 450° С-қа дейін баратын металдарды құятын ыстық камералы поршеньді машинаның нобайы көрсетілген.
Қысым аркылы құятын камералы поршеньді машинаның нобайы:
1— балқығаи металл. 2— поршень,
3— қалып, 4 — қалып толтырушы металл
Компрессорлық құю машинасының нобайы:
1-қалып, 2-мундштук, 3-сопло, 4-ауа клапаны, 5-қысу камерасы, 6-шойын қазан
12-суретте қозғалмайтын қысу камерасы бар компрессорлы құю машинасының нобайы көрсетілген. Мундштук арқылы қысу камерасына металл шойын қазаннан өздігінен түседі.
Сонан кейін шарнирлі жетектің көмегімен қысу камерасы (5) көтеріліп, мундштук қалыптың тесігіне дəл келтіріледі. Ал қысу камерасының екінші аузы (сопло) ауа клапанымен беттеседі. Клапан арқылы қысылған (35-50 атм қысымда) ауа берілгенде, металл қысу камерасынан қалыпқа ұмтылады да, оны толтырады. Ауа беру тоқталған кезде, қысу камерасы төмен түседі де, металмен қайта толады; бұдан соң форма ашылады да, құйылған бұйым итеріліп шығарылады. Осыдан кейін операция қайта басталады. Машинаның күндік өнімділігі – 60-500 құйма.
Достарыңызбен бөлісу: |